Президентке жағынбақ болғандар желіде күлкіге қалды (фото)

Президентке жағынбақ болғандар желіде күлкіге қалды (фото)

Журналист Әсия Бағдәулетқызы өзінің Facebook-тегі парақшасына ерекше баннердің суретін жариялады. Желі қолданушылары елбасына жағымпаздық жасағандардың бұл әрекетін мазақ етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Сурет жария бола салысымен оған қатысты жағымсыз пікірлер легі ағыла бастады.

"Нұржағымпаздық", "Нұрмасқара", "Нұрсұмдық" деген желі қолданушылары бұл баннерге қатысты басқа айтар сөз таппай жатыр.

Фотоны көріп, өз көзіне өзі сенбей жатқан адамдар да бар.

Бұл суреттен баннердің авторы шығыс қазақстандықтар екенін аңғаруға болады.

Айта кетейік, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында 21-25 шілде күндері Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының мәдени күндері жоспарланған. Бұл баннердің сол шараға арнайы дайындалуы мүмкін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады