Белгілі депутат өзін сынаған журналистті зорлатып тастаймын деп қорқытты (аудио)

Белгілі депутат өзін сынаған журналистті зорлатып тастаймын деп қорқытты (аудио) казакша Белгілі депутат өзін сынаған журналистті зорлатып тастаймын деп қорқытты (аудио) на казахском языке

Bia.kg сайтының редакторы мен "Алиби" газетінің журналисі Упел Анаркулова ЖК-ның қандай да бір депутаты өзін 10 еркекке зорлатамын деп қорқытып жүргенін әлеуметтік желіде жазды деп хабарлайды zanoza.kg сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Мұндай даудың себебі - депутатқа қатысты газетке шыққан мақала болып отыр. Халық қалаулысының есімі басында белгісіз болған, кейіннен БАҚ өкілімен бұған дейін де телефон арқылы Жұлдыз Мұсабекованың тілдескені анықталды.

Екінші мамыр күні Упел депутатпен сөйлескен аудионының бірінші бөлімін жариялады. Онда сайлау алдында үш баланың анасы, үлгілі жар ретінде таныстырылған Жұлдыз Мұсабекова журналист қызға аузына келгенді айтып, қоқан-лоқы көрсетеді.

"Мен сенің бетіңді адам танымастай етемін, теріңді тірідей сыпырамын", - дейді ол.

Аудиожазба астына Упел бұл істі соңына дейін апаратынын жазып, мемлекеттік ұйым мен биліктен әділдікті талап еткен.

"Бұл біздің әңгімеміздің әдептен аспаған бірінші бөлімі ғана. Жақында бұдан да өткен екінші бөлімін саламын", - деген ол.

Атап өтейік, Жұлдыз Мұсабекова бұған дейін көпшілік Атамбаевтікі деп санайтын "Фабула" журналының бас редакторы болған. "Алиби" газетінің редакторы Бабырбек Жээнбеков – оппозициялы саясаткер Равшан Жээнбековтың әкесі.





KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, редакторы, Жұлдыз, газетінің, дейін, Алиби, жасап, сілтеме, сайтына, zanoza, бірінші, бұған, Мұсабекова, сайтының, бөлімін, болған, хабарлайды, еркекке, зорлатамын, депутаты, қандай, редакторы, Жұлдыз, газетінің, дейін, Алиби, жасап, сілтеме, сайтына, zanoza, бірінші, бұған, Мұсабекова, сайтының, бөлімін, болған, хабарлайды, еркекке, зорлатамын, депутаты, қандай, Белгілі депутат өзін сынаған журналистті зорлатып тастаймын деп қорқытты (аудио), Белгілі депутат өзін сынаған журналистті зорлатып тастаймын деп қорқытты (аудио)