Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар » ZHARAR © 2017 | Қазақстан, Қазақстанның, жылдары, мемлекеттік, болып, Мәдениет, тағайындалды, министрі, министрлігінің, Төтенше, хатшысы, істері, Қазақ, спорт, орынбасары, Оңтүстік, аптада, университетін, жауапты, жылғы




  • »

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар казакша Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар на казахском языке

Осы аптада Қазақстанның орталық атқарушы және жергілікті органдарында ауыс-түйістер орын алды. ҚазАқпарат апта ішіндегі кадрлық тағайындауларға шолу жасайды.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстанның Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындалды.

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов 1964 жылы туған. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Санкт-Петербор мемлекеттік экономика және қаржы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Норильск тау-кен металлургия комбинатының мыс қорытатын зауытында балқытушы болып бастады, 1985-1991 жылдары Шымкент қорғасын зауытында металл балқытушы, ауысым шебері, инженер-технолог, жетекші инженер болып жұмыс істеді. 1991-2006 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.

2006-2012 жылдары дипломатиялық қызметте болды. Қазақстанның Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Индонезиядағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппиндегі Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы болып тағайындалған.

2012 жылғы қазаннан Қазақстан Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, 2014 жылғы тамыздан Қазақстан Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы болған.

2015 жылғы 8 тамыздан - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін бітірген.

1980-1993 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент.

1993-1994 жылдары - Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы.

1997-1999 жылдары - Қазақстан президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстанның Ыстамбұл қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары - президент протоколының бастығы, 2004-2006 жылдары - Қазақстан президенті протоколының бастығы - Қазақстан президентінің кеңесшісі.

2006-2007 жылдары - Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2007 жылы 19 қаңтарда Білім және ғылым министрі болып тағайындалды.

2010 жылы 7 қазанда Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2011 жылғы 3 наурыздан Қазақстанның Албаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарып келді.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы

Осы аптада мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Марат Әзілханов 1965 жылы дүниеге келген. Қарағанды қаласының мемлекеттік медициналық университетін (1988 ж.), Қазақстан Ұлттық академиясын (2000 ж.) тәмамдаған. Еңбек жолын 1988 жылы бастады. 1988-1992 жылдар аралығында Қызылорда қаласының қалалық ауруханасының интерн-дәрігері, Қызылорда қаласының №5 емханасының хирург-дәрігері лауазымдарын атқарған. 2013-2014 жылдар аралығынде Дін істері агенттігінің төрағасы. Ал 2014 жылдың тамызынан Қазақстанның Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.

Мәдениет және спорт вице-министрі

Бұл аптаның басында үкімет қаулысы бойынша Ақтоты Райымқұлова Қазақстанның Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.

Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «композиция және фортепиано» мамандығы бойынша тәмамдаған. Көптеген музыкалық туындылардың авторы.

Әр жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы, концертмейстері, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының оқытушысы болып қызмет етті.

Мәдениет министрлігі Мәдениет және өнер істері жөніндегі комитет төрайымы болған.

2014 жылдан бастап Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры міндетін атқарды.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары

Бұл аптада «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Әнуар Омарходжаев холдингтің басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі болып сайланды.

Әнуар Омарходжаев Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «инженер-механик» мамандығы және Бермен институтын «өнеркәсіптік техника инженері» мамандығы бойынша үздік бітірген. Көп жыл бойы халықаралық қатынастар және мемлекеттік қызмет салаларында жұмыс істеді. Қазақстан президентінің әкімшілігі және премьер-министрдің кеңсесі, Сыртқы істер министрлігі және дипломатиялық өкілдіктерінде түрлі лауазымдарда қызмет етті.

Әр жылдары президент протоколының бас инспекторы, премьер-министр хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, протокол қызметінің басшысы, президент әкімшілігі басшысының хатшылығы меңгерушісі, премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болды.

«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» және «Қазақстанның Конституциясына 20 жыл» медальдарымен марапатталды.

ФОТО: BUSINESS-VECTOR.INFO


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 295
Жаңалық айдары: Саясат, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .