Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (С әрпі бойынша ат қою)

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (С әрпі бойынша ат қою)

САҒИДА - араб тілінен — бақытты, табысты болу, рахат өмір сүруші, ауқатты.

САҒИРА - араб тілінен — тіл алғыш, құрметті, кіші, кішкене.

САҒИЯ - араб тілінен алынған — сагийе — қыз бала.

САДИДА - араб тілінен - нағыз, дұрыс, пайдалы; лайықты.

САЙДА - араб тілінен алынған сейид , саид — мырза, бастық, әкім; құрметті.

САЙЛАУГҮЛ - сайлау күні туған қыз бала.

САЙРА - араб тілінен алынған сайера — жұлдыздар, яки жұлдызы жарқырап туған қыз.

САҚЫП - араб тілінен алынған сахиб — серік, жолдас, дос; таныс.

САҚЫПЖАМАЛ - араб тілінен алынған - сұлу, көркем, әдемі. Сұлулық серігі деген мағынада.

САЛТАНАТ - араб тілінен алынған — сұлтандық, патшалық; мақтаныш, абырой, тәкаппарлық, байлық; әсемдік, асқан әдемілік, сән-салтанат.

САНДУҒАШ - көне түркі тілінен сандувач — бұл-бұл.

САРА - иран тілінен алынған — ең таңдаулы, ең салы, аса жақсы; араб тілінен — ханым, әйел; көне еврей тілінен сарра — атақты, данқты, ақсүйек.

САРИЯ - араб тілінен алынған сари — атақты, асыл, мейірімді.

САФУРА - араб тілінен — шыдамды, төзімді, мықты.

СӘБИҒА - араб тілінен алынған сәбәхат — Көркем, сұлу қыз.

СӘБИЛА - араб тілінен — жол, сапар.

СӘБИРА - араб тілінен алынған сабир — төзімді, шыдамды, бекем, сабырлы.

СӘЖИДА - араб тілінен - ибадат қылушы.

СӘЛИМА - араб тілінен алынған салим — сау, бүтін, толық, аман-есен; нағыз, тыныш; қарапайым, шынайы, әділ.

СӘНИЯ - араб тілінен алынған — екінші бала (сан жағынан үйдегі екінші туған бала).

СӘНӘМАЙ - қыз бала көркем, әдемі, әсем де сұлу болсын деп қойылған есім.

СӘПИНА - араб тілінен — үлкен қойма, қазына.

СӘРУАР – иран тілінен — басшы, бастық, жетекші.

СӘУЛЕ - таңғы жарық, шапақ.

СӘУЛЕТ - араб тілінен — келбет, ажар, айбын, мақтаныш.

СҰЛУ - өте әдемі, аса көркем.

СҰЛУКЕ сұлу-ак, әдемі-ақ, көркем.

СҰЛУХАН - аса көркем, өте әдемі ханым.

СҰЛУШАШ - әдемі қолаң қара шаш. Түрі — Гүлшаш.

СҮИІНБАЛА - көңіл тойып, сүйсінерлік қыз бала.

СЫМБАТ - көрік, кескін, келбет.

СЫНДЫБАЛА - көрікті, кескінді, келбетті қыз бала.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі