Білім

 Білім

Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.

Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.

Білім гауһар, бағасы жоқ.
Надандық кесел, дауасы жоқ.

Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.

Күш - білімде, білім - кітапта.

Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.

Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.

Ақыл - тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.

Білім арзан, білу қымбат.

Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей,
Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей.

Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.

Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.

Оқымаған бір бала,
Оқыса екі бала.

Ұстаздан шәкірт озар.

Алтын алма, білім ал.

Ғылым - теңіз, білім - қайық.

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір

Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі

Білімді өлсе,
Қағазда аты қалар.
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар.

Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Ілім - жанып тұрған шырақ.

Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.

Жердің сәні - егін,
Ердің сәні - білім.


Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.

Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.

Ілім - бұлақ
Білім - шырақ.

Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.

Оқу инемен құдық қазғандай.

Оқу түбі тоқу.

Ойнада күл,
Оқыда біл.

Білім - ер азығы,
Ер - ел азығы.

Оқу - білім азығы,
Білім - ырыс қазығы.

Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.

Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні қаріп.

Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.

Көргеннен көрмегенің көп.
Білгеннен білмегенің көп.

Білім алып құрасын,
Еңбек етіп сұрасын.

Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.

Біреу білмегеңді, біреу білер,
Біреу жылайтынға, біреу күлер.

Туа білмейді, жүре біледі.

Білімдіден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.

Қарғыстың ең жаманы:
Өзің білме, білгеннің тілін алма.

Қой асығы демей-ақ
Қолыңа толса, сақа тұт,
Жасы кіші демей-ақ
Ақылы асса, аға тұт.

Қолдағы бар алтынның қадірі жоқ

Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.

Сақтықты соқырдан үйрен,
Кішілікті түйеден үйрен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 5
  1. Смайыл Бахашбай
    8 + 3 -
    жақсы керемет!!!
  2. Жасмин Нуршина
    Жасмин Нуршина 27.02.2015 12:35
    6 + 1 -
    Жаксы
  3. Aноним
    Aноним 07.01.2015 17:00
    3 + 2 -
    жақсы
  4. Арсен Багитжанов
    4 + 1 -
    маған қарама -қарсы мақал-мәтелдер мен жұмбактар керек
  5. Гулнура
    Гулнура 29.10.2020 16:50
    3 + 1 -
    3 сынып жаратылыстану

Ілмектер: Мақал-мәтелдер Пословицы на казахском языке Білім туралы Об образовании, Мақал-мәтелдер Білім туралы, Пословицы на казахском языке Об образовании, Қазақша Мақал - Мәтел: Білім, Қазақша Мақал - Мәтел, Білім казакша макал мател, билим туралы макал мател казакша, білім туралы макал мателдер, білім туралы мақал-мәтелдер қазақша, пословицы на казахском о знаниях, пословицы об образовании на казахском языке, билим туралы макал мателдер казакша, пословицы на казахском языке о знаниях, пословицы про знания и учебу на казахском языке