» » » Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты казакша Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе 1. Бухгалтерлік есептің жалпы мәселесін ұйымдастыру.
1.1. Шаруашылық етуші субъектілердің түрлері және олардың қызметін ұйымдастыру.
1.2. Шауашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты.
1.3. Ұйымдардың есеп саясаты.
2. Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері.
2.1. Туристік қызмет көрсетулер және олардың мәні.
2.2. Турбизнес кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
2.3. Шағын құрамы және туристік азық-түліктердің өзіндік құндарын калькуляциялау.
2.4. Туристік азық-түліктерді өткізуден түскен табыстар мен шығындар есебі.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері,ережелері мен қағидалары белгіленген,онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына,олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған. Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы,құндық өлшемдері,ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс.Басқаша айтқанда,есептік саясат-бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі. Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген. Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны жөн: -кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы; -толассыз қызметі; -есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі; -шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы. Пайдаланатын есеп саясатының басты мақсаты мен негізгі арналымы-кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету,іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, обьективті және шынайы ақпаратпен қаптастыру. Ол есеп процесінің барлық тараптарын қамтуы керек: әдістемелік, техникалық, ұйымдық жақтарын: Әдістемелік аспектісі деп кәспорында өнімнің өзіндік құнын есептеу, амортизацияны шығару,міндеттеме мен мүлікті бағалау үшін пайдаланатын әдістерін айтады;
техникалық деп осы әдістердің синтетикалық шоттарында көрсету сызбасы есеп регистрлерінде осы әдістің қалай жүзеге асқандығын айтады;
ұйымдық деп осы әдістердің бухгалтерлік қызмет тұрысынан жүзеге асқандығын,оның кәсіпорында басқару құрылымындағы алатын орнын айтады. Шаруашылық жүргізуші субъектісі өзінің нақты жағдайына,көлеміне және қызмет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады: бухгалтрлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді; есптік саясатын қалыптастырады; қаржылық пен өндірістік есептері бойынша қызмет ету аясын белгілейді; шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді,сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқа да қажет шешімдерді жасайды. Субъектіде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға,шаруашылық операцияларын орындаған кезде оның заңдылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып келеді. Субъектінің құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге асыруға кәсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді.Егер де кәсіпорынның дербес бухгалтерлік қызметі болмаса,онда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру арнайы мамандандырылған фирмалардың немесе келісімшарттың негізінде жұмыс істейтін мамандардың көмегімен жүзеге асырылады. Бас бухгалтерді қызметтен босатқан кезде ол жаңадан тағайындалған бас бухгалтерге субъектінің басшысы бекіткен тәртіпке сай істерді өткізіп береді,өткізу барысында бухгалтерлік есептің жағдайына және есеп мәліметтерінің дұрыстығына тиісті актілер жасалады. Субъект активтердің,меншік капиталының,міндеттемелерінің және олармен жасалатын шаруашылық операцияларының қосарлана немесе екі жақты жазылатын жазу тәсілімен бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарымен сәйкестендіріліп бухгалтерлік есебін жүргізеді. Бухгалтерлік қызметтің басты мақсаты субъектіні жедел басқару үшін қажет ақпараттармен,субектінің қаржылық нәтижесі мен шаруашылық процестері туралы дұрыс және толық ақпараттармен қамтамасыз ету,сондай-ақ инвесторларға,жабдықтаушыларға,сатып алушыларға, кредиторларға,мемлекеттік органдарға,банктерге және басқа да мүдделі тұлғаларға бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес қаржылық есеп беруді жасау болып табылады. Осы курстық жұмысымның бөлімдері,тараулары мен тармақтары 2 бөлім негізінде жазылды: Бірінші бөлімде-ұйым шеңберінде іске асырылатын есеп саясатын жасау мен қалыптастыру, бухгалтерлік есептің жалпы мәселесін ұйымдастыру,есеп саясатының негізгі міндеттері мен мақсаттары туралы ; Екінші бөлімде-қазіргі кезде жиі кездесетін және өзекті мәселе ретінде қарастырылатын туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері туралы жазып кеттім. Сонымен есеп саясаты деп-ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылатын,таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз.
Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу,фактілерді бұрмаламау,ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау,шаруашылық қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету,материалды активтерді бағалау мен есептен шығару,таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.
1. Бухгалтерлік есептің жалпы мәселесін ұйымдастыру. 1.1. Шаруашылық етуші субъектілердің түрлері және олардың қызметін ұйымдастыру. Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана алатын,өз алдынан жеке мүліктік құқын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз қалауынша оперативтік тұрғыда басқара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды немесе солай деп танылады. Филиалдар бұл заңды тұлғалардың тұрған жерінен тыс жерде орналасқан және оның барлық немесе кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыратын дараланған бөлімшелері болып табылады, оның ішіне өкілдік қызметі де кіреді. Филиал да, өкілдікте заңды тұлға боп табылмайды. Заңды тұлға коммерциялық та, коммерциялық емес те болуы мүмкін, біріншісінің мақсаты барынша табыс табу және оны өз қалауынша тарата алады, ал екіншісінің өз қалауынша табыс табу мүмкіндігі де және таза табысын өз қатысушыларының арасында болу жағдайында шектелген. Коммерциялық ұйымдар тек келесідей нысанда құрылуы мүмкін: -шаруашылық серіктестіктер; -акционерлік қоғамдар; -өндірістік кооперативтер; -мемлекеттік кәсіпорындар. Коммерциялық емес ұйымдар заң актілерімен қаралған діни бірлестіктерден, қоғамдық қорлардан, тұтыну кооперативтерінен, акционерлік қоғамдардан, қоғамдық бірлестіктерден және тағы басқа
ұйымдық нысандандарынан құрылуы мүмкін. 1.Шаруашылық серіктестіктер.Құрылтайшылардың қосқан үлесі бөліп көрсетілген жарлық капиталы бар, коммерциялық ұйымдар шаруашылдық серіктестігі болып табылады. Құылтайшылардың салымдарының есебінен құрылған, сондай-ақ серіктестіктің шаруашылдық қызметінде шығарылған және сатып алынған мүліктер серіктестіктердің меншігіне жатады.
Қазіргі кезде шаруашылық серіктестіктер толық және коммандиттік серіктестіктер болып құрылады.
Толық серіктестік- серіктестіктің қатысушылары толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікке ортақ жауапкершілікте болады.
Коммандиттік серіктестік –серіктестік міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен қосымша жауап беретін толық серіктестіктерден және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына араласпайтын, жауапкершілігі серіктестік мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін қатысушылардан тұрады. Коммандиттік серіктестіктердің қызметіне араласатын толық серіктестіктің құқылы ережесі және олардың міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің құқылы ережесі және олардың міедеттемелері бойынша жауапкершілігі толық сріктестіктің тәртібімен анықталады.
2.Қосымша және жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС ).ЖШС жарлық капиталы бір немесе бірнеше серіктестік деп танылады , олардың қосқан үлесі құрылтайшылардың құжаттарында бөліп көрсетіледі; олар өздерінің қосқан салымдардың құны шегінде ғана алған міндеттемесі мен тәуекелділік залалы бойынша жауап береді. Серіктестікке қатысушылардың саны елуден аспауы керек. Олбір ғана тұлғадан тұратын, басқа да серіктестіктердің жалғыз қатысушысы ретінде болуына болмайды.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік. Мұндай серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталдағы салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда –қосымша өздері еселеген мөлшерінде салған салымдармен өздеріне тиесілі мүлкіне жауап береді.
3.Акционерлік қоғам - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында акция шығарумен айналысатын заңды тұлға. Қоғам акционерлері өзінің міндеттемесі бойынша жауап бермейді және олардың қызметімен байланысты өздеріне жарататын акцияларының құнының шегінде тәуекелділіктен алған зиянды шегеді. Акционерлік қоғам ашық, жабық және ашық халықтық қоғам болып бөлінуі мүмкін.
Ашық акционерлік қоғам- өздерінің шығарған акциясын ашық,жеке,жабық түрде орналастыруына құқығы бар.Мұндай қоғамның қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен шығара алады.
Жабық акционерлік қоғам.Мұндай қоғамның акциялары тек қана өз құрылтайшылары ішінде немесе алдын ала белгіленген тұлғалар шеңберінде таратылады.Егер де жабық акционерлік қоғамның акционелерінің саны жүзден асып кетсе,онда келесі үш айдың барысында акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның типін өзгертуге,яғни ашық акционерлік қоғамға айналуына шешім қабылдауына болады.
Ашық қоғамның акциялары,бағалы қағаздардың нарығына қарап бағаланады және ондағы активтердің құны екі жүз мың айлық есепті көрсеткішті құраса және акционерлердің саны бес жүзден кем болса,онда ол ашық халықтық қоғам болып табылады.
4.Өндірістік кооператив-бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізінде,олар өзінің еңбек етуімен тікелей қатысуының негізінде және мүліктік пайларын мүшесі ретінде біріктірудің негізінде құрылған азаматтық ерікті бірлестік.Кооператив мүшесі екіден кем болмауы тиіс.Кооператив мүшелері заңда қаралған тәртіп пен деңгейде қосымша міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.
5.Мемлекеттік кәсіпорын.Мемлекеттік кәсіпорынға жататындар:
-шаруашылықты жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорын.Ол өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікке жауап береді,бірақ мемлекет міндеттемелері үшін жауапты болмайды;
-ағымдағы басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорын,Қазақстан Республикасы үкіметінің немесе жергілікті атқару органының шешімімен құрылады.Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі оның Жарғысында көрсетілген мақсаттармен және міндеттермен анықталады.Қазақстан Республикасы немесе жергілікті әкімшілік-аумақтық бөлініс қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жәрдем беру жауапкершілігін өз мойнына алады.
6.Комерциялық емес ұйымдар.Оларға:мекемелер,қоғамдық бірлестіктер,қоғамдық қорлар,тұтыну кооперативтері,діни бірлестіктер,қауымдастық нысанындағы бірлестіктер жатады.
Шаруашылық жүргізуші субъект қызметінің мақсаттарын оның меншік иесі белгілейді.Ол егер заңмен тыйым салынбаса және субъектінің жарғысына жауап беретін болса,онда ол кез келген қызмет түрін жүзеге асыруына болады.
Мемлекеттік мүлікті басқаруға уәкілетті органдар,басқа заңды және жеке тұлғалар субъектінің құрылтайшылары бола алады.Шаруашылық жүргізуші субъектіні бір немесе бірнеше құрылтайшылар құрып,ол мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлға құқығына ие болуы мүмкін.Меншік иесінің рұқсатымен шаруашылық жүргізуші субъект заңды тұлға құқығы бар еншілес субъектілерді,сондай-ақ филиалдар,өкілдіктер,бөлімдер және басқа да ерекшеленген бөлімшелер құра алады.
Субъектінің құрылтайшылары бекіткен жарғы негізінде қызмет етеді.Жарғының мазмұны заңға қайшы келмеуі керек.Жарғыда шаруашылық жүргізуші субъектілерінің түрлері,оның атауы,орналасқан жері,қызметінің мәні мен мақсаттары,басшысының өкілеттіктері,басқару және бақылау органдары,олардың қабілеттілігі,субъектінің мүлікті қалыптастыру және табысты бөлу тәртібі,қайта құру және қызметін тоқтату тәртібі белгіленеді.
Негізгі қорлар мен айналым қаражаттары,сондай-ақ субъектінің дербес балансында көрсетілетін құндылықтары субъектінің мүлкін құрайды.
Субъектінің мүлкін қалыптастырушы көзі болып мыналар саналады:құрылтайшылардың ақшалай,материалдық және басқа да жарналары;қызмет нәтижесінен алынған табыстары;бағалы қағаздардан түскен табыстары;банктер мен басқа несие берушілердің кредиттері;бюджеттен берілген күрделі салымдары және демеу қаражаттары;қайтарусыз немесе қайырымдылық жарналары;ұйымдардың,кәсіпорындардың және азаматтардың құрбандықтары;Қазақстан Республикасы заңдары тыйым салмайтын өзге де табыс көздері.
1.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты
Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан,олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп Стандартының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап алу жолымен қалыптасады.Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе,онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес,кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірлей алады.
Кәсіп бухгалтерлік есептің келесідей ережелерін өз бетінше шешуіне болады:
-келіп түскен негізгі құралдар объектісін бағалау-бухгалтерлік есептің №6-шы «Негізгі құралдардың есебінің» стандарттарындағы әдістемелік ұсынысына сәйкес, пайдалануға берілген және кәсіпорынның сатып алуға нақты шығындар негізінде, негізгі құралдар объектісінің бастапқы нүктесі анықталады; құрылтайшылардың берген объектілері-олардың өзара келісім бойынша; тегін берілген объектілер-эксперттік жолмен немесе алыс-беріс актілерінің мәліметі бойынша; ал кәсіпорынның өзі дайындаған объектілерінің-нақты өзіндік құны бойынша; айырбас нәтижесінде алынған объектілері- ағымдағы бағалары бойынша анықталады;
-негізгі құралдың амортизатциясы-бухгалтерлік есептің №6-шы «Негізгі құралдардың есебінің» стандарындағы әдістемелік ұсынысына сәйкес, амортизацияны есептеудің келесідей тәсілдерінің бірін немесе бірнешеуін пайдалануына болады:құнын есептен шығарудың бірқалыпты әдісі;құнын есептен шығару үшін орындалған жұмыстардың пропорционалды түрде есептелінетін әдісі;құнын есептен шығарудың сандық сомасы бойынша есептелінетін әдісі;қалдық құнын азайтатын әдісі.Екі және одан да көп әдісті пайдаланған кезде, амортизацияны есептейтін тәсілін және негізгі құралдың қандай түрі бойынша пайдаланатындығын көрсету керек.Негізгі құралдың бір түрі бойынша амортизацияны есептеудің бір ғана әдісі пайдаланады;негізгі құралдың бір түрі бойынша амортизациялаудың әртүрлі әдісін пайдалануға болмайды;пайдалы қызмет ету мерзімі-кезеңі,негізгі құралды пайдаланудан алынатын экономикалық олжаны жобалау кезеңі;жою құны-есептен шығарылуымен байланысты шығындары,негізгі құралды жою барысында алынған запас бөлшектердің,қайтып пайдалануға жарайтын құндылықтардың құнын алып тастағаннан шығады;
-негізгі құралдарды жөндеу-жөндеу жұмысын жүргізудің кезеңдегі мен жөндеу жұмысының мерзімі;негізгі құралды жөндеуге арналған резерв қорларын жасауы;жөндеуді жүргізудің тәсілі туралы мәселені кәсіпорынның өзі шешеді;
-материалдық емес активтердің амортизациясы-әрбір материалдық емес активтердің әрбір түрінің пайдалануына қарап пайдалы мерзімі және амортизацияны есептеу әдісін әрбір кәсіпорын өз бетінше анықтай алады;
-болашақ кезеңнің шығыстары-кезеңдері нақты анықталмаған жағдайда,кезең барысында ол өнімнің өзіндік құнына жатқызылуы мүмкін,немесе басқа да көздерінің есебінен есептен шығарылуы мүмкін,бірақ аталған жағдайлардың барлығы да,яғни олардың кезеңін және есептеп шығару тәртібін кәсіпорынның өзі анықтайды;
-алдағы шығыстар мен төлем резервтері-кәсіпорын қандай резервтерді және қандай көлемде құруды және олардың пайдалану тәртібін анықтап өзі шешеді,
-күмәнді қарыздар бойынша резервтері- кәсінорын түгендеу мәліметтерінің негізінде дебиторлық қарыздардың қандайы күмәнді болып табылмайтындығын,резервтерді құрудың әдісін және резервтеуге жататын шығындарын өзі таңдай алады;
-қаржылық инвестиция-кәсіпорын ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны есепке алудың жолдарын өзі қарастырады;қайта бағаланатын құнын ескере отырып, сатып алу құны бойынша немесе ағымдағы мен сатып алу құндарынан алынған ең кіші бағасы бойынша;ұзақ мерзімді инвестицияның қайта бағаланған сомасын қалай көрсетудің мәселесін шешеді:демек ол табыс ретінде де,немесе таратылмаған табыс ретінде болуы мүмкін.
Еншілес,тәуелді және бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің инвестициясын есептеудің әдісін кәсіпорынның өзі таңдайды:үлестік қатысу әдісін немесе құндық әдісін.
-табысты тану-№5 «Табыс» деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес табыстар келесідей жағдайларды сақтаған кезде танылады:табыс сомасы бойынша дәлденген деңгейі бойынша бағаланады;экономикалық олжа дасалған мәмілемен байланысты,сондықтан оны алу ықтималдығы бар болса ғана,оны субъекті алады.Жалпы қағидасымен қатар,кейбір операциялары бойынша табысты танудың қосымша жағдайлары қарастырылуы мүмкін:
-тауарды сату бойынша-субъектінің сатып алушыға меншік құқығын беру;мәміле бойынша күтілетін немесе нақты шығыстар, барынша дәлденген деңгейде бағалануы мүмкін;
- көрсетілген қызметі бойынша-есептік күнге жасалған мәміленің біту сатысын барынша дәлденген деңгейде анықталады;мәмілені жүргізу кезіндегі жасалған мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары барынша дәлденген деңгейде анықталады;
-дивиденттер,пайыздар түріндегі табыстар-пайыздар активтерден алынатын нақты табыстарды ескеріп уақытша қатынастық негізде танылуы тиіс;роялтилер келісім-шарттың мазмұнына сәйкес есептелген әдісі бойынша танылуы тиіс;дивиденттер акционерлер оны алу құқын белгілнеген жағдайда ғана танылуы тиіс.Жоғарыда аталған барлық жағдайда табысты тек есептеу әдісі бойынша танылатындығы қарастырылған.Есеп саясатының техникалық бөлігін әзірлеген кезде келесідей мәселелер қарастырылуы тиіс:.............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 29 | 15.02.2019


Загрузка...
Читайте также
Реферат: Экономика | Бүхгалтерліқ есеп
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Бүхгалтерліқ есеп
Реферат: Экономика | Бүхгалтерліқ есеп және негізгі түсінігі
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Бүхгалтерліқ есеп және негізгі түсінігі
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ЕСЕП РЕГИСТРЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ЕСЕП РЕГИСТРЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік және қаржылық есеп жүйелерін ұйымдастыру
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік және қаржылық есеп жүйелерін ұйымдастыру
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есепке алу туралы Қазақстан  Республикасының заңы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есепке алу туралы Қазақстан Республикасының заңы
Курстық жұмыс: Экономика | БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Дипломдық жұмыс:  Есеп және аудит  |  Бухгалтерлік есеп саясаты мен  аудитті жетілдіру мәселелері
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Бухгалтерлік есеп саясаты мен аудитті жетілдіру мәселелері
Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде  ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІДЕ ЕСЕП ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІДЕ ЕСЕП ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар бухгалтерлік есеп жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар бухгалт, Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін