Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІДЕ ЕСЕП ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ

Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде  ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІДЕ ЕСЕП ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ казакша Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде  ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІДЕ ЕСЕП ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРАСТЫРЫЛУ ПРИНЦИПІ.

1.1 АҚ «Қазақстан Халық Банкіде» бухгалтерлік есеп пен аудиттің құрастырылу принципі
1.2 Аудит түсінігі және түрлері

2. ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІДЕ ЕСЕП, ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ.

2.1 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» жарғылық капиталының есебі және талдауы
2.2 Тауарлы-материалдық қорлардың есебі, талдауы және аудиті
2.3 Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті
2.4 Ақша қаражаттарының есебі, талдауы және аудиті

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
1.1 АҚ «Қазақстан Халық Банкіде» бухгалтерлік есеп пен аудиттің құрастырылу принципі

АҚ «Қазақстан Халық Банкі» өз алдына есеп саясатын жүргізеді және бухгалтерияның басқару формасын құрады.
Операцияларды орындау барысында олардың заңды болуына, бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына банктің басшылары және бас бухгалтер жауап береді.
Бас бухгалтердің құрылымдық бөлімшелерді тағайындау мен субъектінің бухгалтерлік есебі жүзеге асырылады. Бас бухгалтердің орнына арнайы жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.
Тауарлы-материалдық қорларға, есеп айырысу және кредиттік міндеттемелерге, ведомстволарға, материалды жауапкершілік туралы келісім-шарттарға, төлем тапсырмаларына, ақша қаражаттарын беру және қабылдап алу құжаттарына Бас бухгалтер қол қоюға құқығы бар.
Бухгалтерлік жұмыстың мақсаты банктің ішінде болып жатқан шаруашылық процестердің және қаржылық нәтижелердің ақпараттарын қолдану мақсатында, барлық ақпараттарды пайдаланушы тұлғаларға анық, түсінікті және толық ақпараттармен қамтамасыз ету.
Бухгалтерия келесілерді орындайды:
- бухгалтерлік есеп формаларының құрастырылуын;
- пайда және еңбек ақы қорының есебін;
- банк қызметкерлерімен есеп айырысу;
- ақша қаражаттарының қозғалысының есебін.

Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарына сәйкес АҚ «Қазақстан Халық Банкі» бухгалтерлік есеп стандартының барлық келісілген тәртібі бойынша есебін жүргізеді және қаржылық есептіліктің дұрыс жүргізілуіне жауап береді.
Бухгалтерлік есептің барлық жүйесі келесі принциптерден тұрады: құжаттау, инвентар жүргізу, шоттардың топтастырылуы, екі жақты жазу, баланс және есептілік.
Бухгалтерлік есептің жүру жолы:
1) алғашқы құжаттардың барлығы ведомстволардағы операциялардан, журнал ордерлер, тіркемелер және т.б. арқылы жиналады.
2) Есеп жүйесіндегі жазулар жұмыс жоспарының шоттар классификациясымен сәйкес келуі және бас кітапта көрсетілуі керек.
Бухгалтерлік есепті жүргізу процесінде АҚ «Қазақстан Халық Банкі» өзінің есеп саясатының дұрыс жүргізілуін сақтайды.
Есеп саясаты – кәсіпорындардың шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылатын, банктің таңдап алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз.
Есеп саясаты қаржылық, салықтық және статистикалық есептіліктердің дайындау процесінде құрылады.
Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінде есеп саясатының принципі оның көрсетілмеген, бірақ банкінің практикалық қызметінде қолданылады және күші бар.
Есеп саясатының мақсаты – бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмалау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, материалдық активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.
Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде есептің мынандай принциптерін сақтау керек:
1. Есептеу – кәсіпорынның кірістері мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
2. Үздіксіздік – яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады.
Оның таратылуына немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамдалады.
3. Түсініктілік принципі – қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
4. маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауы және кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпараттар маңызды болуы керек.
5. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметтерді жіберіп алсақ немесе дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпараттарды пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
6. Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ юолса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
7. Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
8. Сақтық., яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін, ал міндеттеме немесе шығын белгісіздік жағдайында кем бағаланбас үшін шешім қабылдаған кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.
9. Аяқталмағандық. Растықты қамтамасыз ету үшін есепті кезеңдегі ақпарат толығымен аяқталмаған болуы тиіс.
10. Салыстырмалылық. Қаржылық ақпарат бұрынғы есеп кезеңдердегі ақпаратпен салыстырмалы болуға тиіс.
11. Дәйектілік. Субъекті таңдап алған есеп саясаты мен әдістері, объектілер бір есепті кезеңнен келесі есептік кезеңге дәйекті түрде қолдануы керек. Егер біз бір есеп саясатын таңдап алып, келесі жылы басқа есеп саясатын таңдайтын болсақ, онда мұндай жағдайда түсіндірме жазулар болуға тиіс, біз оларды негіздеуге тиіспіз.
12. Күмәнсіз және риясыз ұсынба. Қаржылық есептеме оны пайдаланушылардың қаржы жағдайы, қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы күмәнсіз және риясыз көзқарас туғызуы керек.
№30 БЕС бойынша (5 пункт) қаржылық есептілік өзімен бірге қаржылық жағдайы туралы, қызметтің нәтижесін және ұйымның қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттарды ұсынады.

Қаржылық есептілік бұл мақсатқа жету үшін келесі көрсеткіштер туралы ақпараттарды ұсынады:
1) ақша қозғалысы туралы есеп;
2) табыстар мен шығындар есебі, негізгі емес қызметтен түскен табыстар мен шығындарды қоса;
3) меншікті капиталдың өзгеруі туралы есеп.
Қаржылық есептіліктің элементтері болып:
Активтер – бұл бағаланған мүліктік бағасы бар және мүліктік емес субъектінің өз құқығы.
Міндеттеме – бұл басқа бір тұлғаға ықпал ету арқылы пайда келтіру мақсатында белгілі бір қызметті тұлғаның орындау міндеті, мүлік беру, жұмысын орындау және т.б.
Меншікті капитал – бұл міндеттемелерді алып тастағаннан кейінгі қалған субъектінің активтері.
Қаржылық көрсеткіштердің элементі болып:
Табыстар – бұл есепті мерзімдегі активтердің өсуі немесе міндеттемелердің азаюы.
Шығындар – бұл есептілік мерзіміндегі активтердің азаюы немесе міндеттемелердің көбеюі.

1.2 Аудит түсінігі және түрлері.

Қазақстан Республикасының заңы бойынша 20 қарашада 1998 жылы №304-I «Аудиторлық қызмет туралы» ( 10 шілде 2003 жылғы №483-II өзгертулерімен) заңы бойынша аудит – бұл қаржылық есептіліктің объективті құрастырылуының және тәуелсіз пікірді жеткізу мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептіліктерін тексеру б.т.
Аудит түрлері:
Міндетті – міндетті жылдық аудитқа мыналар жатады: банктер, кредиттік серіктестіктер, банктік операциялардың басқа да түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, зейнет ақы активтерін басқаратын компаниялар, инвестициялық қорлар, шетелдік қатысуы бар кәсіпорындар, халықтық акционерлік қоғамдар.
Аудитордың жұмысы – бұл қаржылық есептіліктің ұқыптылығын және есептің орнатылған дәрежеге сай келуі мақсатында профессионалды аудиторлық қорытынды жасау.
Аудит қызметінің негізгі принциптері мыналар болып табылады:
- Тәуелсіздік;
- Объективтілік;
- Ұқыптылық;
- Құпиялылық.
Аудиторлық тексерудің нәтижелеріне байланысты аудит стандартына сәйкес келетін аудиторлық есеп құрылады.


2. Практикалық аспектіде есеп, талдау және аудит.
2.1 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» меншікті капиталынның есебі және талдауы.

Меншікті капитал мыналардан тұрады:
- жарғылық капитал – бұл ұйымның құрылу барысында ұйымдастырушулар мен қатысушылардың ұйымның жарғылық қорына ақшалай және заттай қосқан үлесі.
- Резервтік капитал. Бұл бап бойынша кәсіпорында қалыптасқан резервтік капиталдың қалдығы көрсетіледі.
- Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян).
Жарғылық капитал типтік шоттар жоспарының 503 «Салымдар және пайлар» шотында жүргізіледі.
АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» меншікті капиталы 01.01.2006 жылы баланс бойынша 60 275 млн тенгені құрады және 01.01.2005 жылдың балансымен салыстырғанда 25 920 мың теңгеге (75%) өсті.
Резервтік капитал – таза табыстың аударымынан пайда болған меншікті капитал құрамының бөлігі.
Резервтік капитал субъектінің өткен жылдардың және есепті жылдың шығындарын жабу үшін құрылады.
Резервтік капитал есебі типтік шоттар жоспарының 55 «Резервтік капитал» бөлімінің 551 «Заңмен белгіленген резервтік капитал» және 552 «Өзге де резервтік капитал» шотында жүргізіледі.
Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) есепті жылғы есебі типтік шоттар жоспарының 56 бөлімінің 561 «Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны) шотында жүргізіледі. Бұл шот есепті жылы пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянның нақты сомаларының қозғалысы туралы ақпараттарды ашып көрсетуге арналған.
Өткен жылдардың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны) есебі типтік шоттар жоспарының 562 «Өткен жылдардың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» шотында жүргізіледі және бұл шотта өткен жылдарда пайда болған бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны) сомаларының нақты қозғалысы туралы ақпараттарды ашуға арналған.
Жиынтық кіріс (зиян) есебі. Есепті жылғы жиынтық кіріс (зиян) есебін жүргізу үшін типтік шоттар жоспарының 571 «Жиынтық кіріс (зиян)» шоты қолданылады.
Меншікті капиталдың талдауы.

Кәсіпорынның өзінің меншікті құрамының пайда болуының қайнар көзі меншікті капитал болып табылады (баланс пассивінің I бөлімі). Меншікті капиталды талдау барысында иммобилді құндылықтарға қосылмаған және көбірек немесе азырақ түрлене алатын, формада болатын меншікті капиталдың сол бөлігін орнату керек.
Меншікті айналым құралдарының абсолютті өсімін анықтайық. Ол меншікті капитал – баланстағы активтің I бөліміне тең болады.

МК – А I бөлімі = 60 275 047 – 32 749 313 = +27 525 734(жыл басы)
60 275 047 – 18 954 490 = +41 320 557(жыл соңы)
Алынған көрсеткіштерге қарағанда меншікті капитал динамикасының өте жақсы өскенін көрсетіп тұр.
Меншікті капиталдың мобилділігін анықтайтын жұмсау(моневрлық) коэффициентіне есеп жүргізейік.

Кжұмсау = меншікті айналым капиталы
МК
Кж = 32 749 313 : 60 275 047 = 0,5 (жыл басы)
Кж = 18 954 490 : 60 275 047 = 0,3 (жыл соңы)
Тауарлы-маиериалдық қорлардың қамтамасыз ету коэффициентінің есебін жүргізейік.


Кк/қ = Мак / Ктм.
Мұндағы: Кк/қ - тауарлы-маиериалдық қорлардың қамтамасыз ету
коэффициенті;......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык АҚ Қазақстан Халық Банкіде ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІДЕ ЕСЕП ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Банк ісі курстық жұмыстар, АҚ Қазақстан Халық Банкіде ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІДЕ ЕСЕП ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ, курстык АҚ Қазақстан Халық Банкіде ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІДЕ ЕСЕП ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайы, Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІДЕ ЕСЕП ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін