Педагогика | ШАҒЫН МЕКТЕПТЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 Педагогика | ШАҒЫН МЕКТЕПТЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мазмұны
І. КІРІСПЕ
І ТАРАУ. ШАҒЫН МЕКТЕПТЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың мәні, маңызы, ерекшеліктері
1.2. Шағын мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастырудағы мұғалімнің алатын ролі.
ІІ ТАРАУ. ШАҒЫН МЕКТЕПТЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Қазіргі білім беру жағдайындағы шағын мектептің көкейкесті мәселелері және оны шешу жолдары.
2.2. Қазіргі шағын мектептердегі педагогикалық процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты: Шағын мектептерде педагогикалық процестің маңыздылығын анықтау.
Кез келген қоғамның өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орнын алуы оның білім деңгейіне байланысты. Сондықтан Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап білім беру ісін реформалауға кірісті. «Білім туралы» Заң қабылданып, жалпы білім беру жүйесіне бағытталған тұжырымдамалар, мемлекеттік білім стандарты, бағдарламалар және төл оқулықтардың жазылуы - орта мектеп өміріне қатысты реформалардың жүргізіліп жатқандығының айқын куәсі.
Қазіргі кезде, яғни, өтпелі кезеңде өмір сүріп отырған республикамыз әлеуметтік-экономикалық дағдарысты басынан кешіруде. Бұл дағдарыс білім беру жүйесіне, әсіресе, ауыл мектептеріндегі білім сапасына кері әсерін тигізбей отырған жоқ. Бұрынғы ірі шаруашылықтар ұсақ кооператив, фермерлік шаруа қожалықтарына ұласуына байланысты ауыл тұрғындары жұмыссыздыққа ұшырап, қалалы жерлерге қоныс аударуда. Соның салдарынан орта мектептердің көпшілігі шағын жинақталған мектептерге айналды.
Соңғы алынған мәліметтер бойынша республикамызда жалпы орта білім беретін 8246 мектептің 3906-сы шағын жинақталған мектеп. Осы айтылып отырған «шағын жинақталған» мектепке мынадай түсінік беруімізге болады:
1) оқушы саны өте аз мектеп;
2) қатар оқитын сыныбы жоқ мектеп;
3) оқушы саны аз болғандықтан, әр деңгейдегі сынып оқушылары біріктірілген мектеп.
Шағын жинақталған мектептердегі мұғалімнің жұмысы орта мектепте бір сыныппен жұмыс істейтін мұғалімге қарағанда әрі ауыр, әрі қиын екендігі белгілі. Сол себепті мұндай мектептерде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру аса шеберлікті қажет етеді. Соңғы кездердегі ғалым-әдіскерлеріміздің жүргізген зерттеулеріне жүгінсек, шағын жинақталған мектептердегі бір мезгілде қатарынан оқылған әр деңгейдегі сынып оқушыларының білім деңгейі жалаң оқыған сыныптың оқушыларына қарағанда тиянақты да терең екендігі байқалады. Өйткені қатар оқылған сыныптардағы оқушылар тапсырманы өз бетінше істейді және теорияны тәжірибемен байланыстырады. Олар мұғалімнің басшылығымен әр түрлі өздігінен істейтін жұмыстың түрлеріне төселіп алады.
Шағын жинақталған мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын ертеректен бері жүргізіп келе жатқан шетелдіктердің, атап айтсақ Батыс Еуропа, Австралия, АҚШ, Канада, Қытай, Жапон, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінің іс-тәжірибелерімен таныса отырып, шағын жинақталған мектептерге «жаңа педагогикалық технологияның»аса қажет екендігіне көз жеткіздік.
Сыныптардағы оқытуды «көлденең» және «тік» түрінде ұйымдастыруға болады. Мысалы, бір сыныпта мазмұны ұқсас тақырыптарды біріктіріп отырып жүргізеді немесе әр деңгейдегі оқушылар жұптаса отырып әр пәндердегі ұқсас тақырыптарды біріктіре жұмыс жасайды. «Көлденең» және «тік» бағыттарда оқытуды ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігін аса қажет етеді. Мұның түрлі тәсілдерін қарастыруға болады. Химия пәні бойынша қазіргі оқытылып жатқан аударма оқулықтарда «тапсырманы алмастыру» әдісі арқылы 8-11 сынып оқушыларына «Периодтық заң, Атомның құрылысы» тақырыптарына «тік» бағытының бір вариантын қолдануға болады. Сегізінші сынып оқушылары тақырыпқа талдау жүргізеді, ал 11-сынып оқушылары бұл тақырыптарды қайталайды. Сабақты жүргізу барысында дидактиканың түрлі міндеттері: жаңа материалды түсіндіру, тақырыптағы берілген маңызды түсініктермен жұмыс жасау, жалпы оқыту және оқушылардың пәндік біліктілігі, сонымен қатар химиялық есептеулер мен сара мандық біліктері мұғалімнің басшылығымен шешіледі.
Қазіргі кездегі заман талабына байланысты шағын жинақталған мектептерге сабақ беретін мамандарды даярлау - кезек күттірмейтін істің бірі.
І ТАРАУ. ШАҒЫН МЕКТЕПТЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың мәні, маңызы, ерекшеліктері
Қазақ мектебінің мәселесі - қазақ елдігінің ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі ең басты мәселесі. Ұлы жазушы М.Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», -деген ұлағатты сөзінің мәні ерекше.
Қазақтың дарынды, таңғажайып талантты ақыны М.Жұмабаев: «Әрбір елдің келешегіне негіз - балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебінде салмақ». Бір елдің тағдыры мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе. Бұл ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін шындық. Тарихты ақтарған кісі мұны біледі.
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. «Мектебімізді таза, сау, берік, хәм өз жанымызға, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт».
Осы сөздерді оқып отырып, ұлылардың ұлылығының өзі - осылай өз заманының шегінде қалып қоймай, әр дәуір, әр кезеңде қайта жаңғырып жаңа ой, жаңа соз айтуында, кейінгі буынның көкейіндегісін, көңіліндегісін табуында ғой деп ойлайсың. Ғасыр басында айтылған Мағжандай ақынның, ел азаматының сөзі бүгінгі күні де көкейіміздегі ойды тап басып тұр.
Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық негізін қалыптастырып, дамытудағы, оны жалпы адамзаттық мән-мазмұнымен байыта түсуге бағытталған, әлеуметтік жаңа ахуал қалыптасып келеді. Бір кездерде идеологиялық институтқа айналдырылған мектеп қазіргі мәдениеттің шамшырағының қасиеттерін өз бойына жинақтай бастады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жалпы адамзаттық өркениет пен ұлттық мәдениетке бағытталған мектептің негізінде халқымыздың сан алуан жылдар бойы арман-мүддесін жүзеге асыратын мемлекеттік саясат қажет.
Білім беру саласында мемлекет үшін жеке адамның, әрбір азаматтың мүддесін жоғары қою идеясы іргелі қағида болуы тиіс. Жеке тұлға мүддесінің жоғары тұратындығы - әрбір азамат өзінің мәдениетін түлетуі, сақтап дамытуы. Сондықтан мектеп қандай болуы керек? Қандай бағытта ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеу керек, деген сұрақ туады.
Жаңа кезеңде бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек. Бала тәрбиесі бір өнер. Сондықтан ұлттық мәдениетті- ұлттық педагогиканы, әдет-ғұрып, халық мұрасын пайдалану арқылы имандылық пен ізгілікті, рухани байлықты қастерлейтін, Отанын қадірлейтін адам тәрбиелеу. Ол үшін білім беретін мектебімізді жаңа типпен, білім беруді жаңаша әдіс-тәсілмен жүргізуіміз керек. Мектеп бұрынғыша үш сатылы болып қалғанмен, оның әрқайсысына жүктелгеи міндеттерінің өзгеруіне байланысты жаңа құрылымды оқу орнына айналуда.
Білім мазмұнындағы басты жаңалық - білім беруді ізгілендіруде саралап оқыту. Яғни, баланың талантына, дарынына, талап-тілегіне қарай ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, бабалар тарихын негізге ала отырып, жеке тұлға қалыптастыруға бағыттау. Басты мақсатымыз: баланы әуелі мейір, шапағатқа, онан соң ақыл-парасатқа, ақырында еңбекке баулу болып отыр. Өйткені, адамзат өміріндегі жинақталған әлеуметтік тәжірибе - мәдени мұра десек, білім мазмұнын оның психологиялық-педагогикалық заңдылықтары негізінде іріктеліп, оқушының танымдық мүмкіндігіне бейімделіп берілген.
Сондықтан оқушыларды қабілетіне сай топтап оқыту, мемлекеттік білім мазмұнын сақтай отырып, жоғары сыныптарды гуманитарлық, политехникалық және көркемдік-эстетикалык бағыттарға жіктеп оқыту, сондай-ақ төменгі сыныптарға риториканы енгізу, шешендік сөз, логиканы оқыту, бастауыш сыныптардан бастап компьютермен таныстыру, информатиканы оқытудың мәні ерекше. Әсіресе, нарықтық қатынасқа көшуге байланысты еңбекке тәрбиелеудің жаңа мазмұны мен әдістемесіне нақты өзгерістер енгізу дағдылары мен икемділікті қалыптастыру, мамандықты саналы таңдау адамның адамгершілік және интеллектуалдық жағынан қалыптасуына игі қадамдар жасау. Еңбек тәрбиесіне, оқушылардың бойында жерге, өндіріске, қоғамдық пайдалы еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, нарық қатынасы, шаруашылық есеп, еңбек өнімділігі, өнімнің өзіндік құны туралы түсініктер беру, оларды жалпы бизнеске баулу болып отыр. «Мектеп кәсіпкерлер ассоциациясы» құрылып жұмыс істей бастады. Жаңа экономикалық жағдайда «маркетинг» және «менеджмент» курсы ұйымдастырылып, жүргізілуде.
Жалпы адамның сана-сезімі, көзқарасы, оның дүииетанымы әлемдегі шешуші факторлардың бірі болып келе жатқаны сөзсіз. Демек, мектепте психология пәнін оқытудың маңызы өте зор, біз оқушыларды күнделікті өмірде болып жатқан құбылыстарды дұрыс талдауға, қоғамдық-әлеуметтік және саяси оқиғаларды сараптауға үйрету үшін мектептерде жеке пән ретінде оқыту - бүгінгі күннің басты талабы. Себебі: өзіңді тани білу, өзіңді-өзің тәрбиелеуге ықпал етсе, өмірде орныңды адаспай, қателеспей тануға септігін тигізсе, жолдастарымен дұрыс қарым-қатынаста болуға мүмкіндік берері сөзсіз. Сондықтан ұлы ойшыл Сократтың айтуынша, «Өзіңді таны» деген қағидасында телегей-теңіз мағына бар. Әлемдік өркениетке ұмытылған сәтте бұл уәж алдымыздан шығып отыр. Өйткені біз, ең алдымен, ұлттық ерекшеліктеріміз халықтық психологияны терең біліп алмай, іргелі мемлекеттермен терезе теңестіре алмаймыз.
Сонымен егемен еліміздің мектебі өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басуда. Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктерімен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымее байи түсуде.
Сабақтардың сапасын жетілдіру мен көтере түсу үшін сыныптан тыс жұмыс және факультативтік оқуларды жүргізу тиімді болып отыр.
Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным-мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырды. Адамзат қоғамының, ғылым -білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та бар. Оның себебі, педагогика орта және жоғары дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысы мен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелерін зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас пікірлер, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұрғыда айтылып келеді. Өйткені, оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі анықтамалардың өзі авторлар арасында бірыңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Әрине, термин жөніндегі мұндай талас пікірлер педагогика ғылымының дамуына игі әсерін» тигізбейді.
Қазіргі кезеңде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан кеңейе түсуде. Осыған орай, педагогиканы тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы — тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтан педагогика жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие — жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық-тарихи тәжірибені үйрету процесі.
Педагогика пәнін және оны зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда мұндай ұғымдарды болмыс, материя, қозғалыс, экономикалық теорияларда — қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары, ал педагогикада — тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Ұғымдар (категориялар) — объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің санамыздың сатылары.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогикада «мақсат», «құрал», «тәсіл», «даму» және «қалыптасу» сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ, олар барлық ғылымдарға ортақ ұғымдар. Біз оларға да оқу, тәрбие тақырыптарына сәйкес тоқталамыз.
Педагогикалық ұғымдардың бірі — тәрбие. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл жағдайда бала пассивті объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасау рөлін атқармайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі. Бұл жерде балаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің рөлі бүркемеленіп, елеусіз қалып отыр.
Кейбіреулер тәрбиені практикалық тұрғыдан бір жақты жалаң тәжірибеге сүйеніп түсіндірмекші. Мұндай пікірді қуаттаушылар прагматистер. Олардың айтуынша тәрбие баланы тұрмыс қалпына бейімдейді, сондықтан ол өзінің күнін көруге пайдасы бар білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруі қажет. Осы жағдайда бала жеке басының қамын ойлап, өзімшілдік мүддесін қанағаттандырады деп дәлелдейді.
Педагогика ғылыми тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория, өйткені тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан қарастырып түсіндіреді. Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспай, бір жерде тұра берген болар еді деді В. И. Ленин. Сондықтанда Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп тұжырымдайды.
Тәрбие жайында К. Д. Ушинский: «...мектеп, тәрбиеші не ұстаздар — адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес оның сонша күшті, ал мүмкін және әлде қайда күшті тәрбиешілері: табиғат, үйелмен, қоғам, халық... және оның тілі болады, — деді.
Ушинскийдің түсінуі бойынша бұл факторлардың әсері педагогикалық талаптардан басқа (әр түрлі дәстүр, үйелмен ішіндегі қарым-қатынас және т. б.) себептерге де байланысты. «Тәрбие» терминің әрдайым тар мағынада «тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада өмір тәрбиелейді» деп қолданады. Мұның тәрбие жайындағы жалпы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тар мағынада тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине, тәрбие жұмыстарымен бір ғана мұғалім және ата-аналар шұғылданып қоймайды. Тәрбие — көптің ісі. Сондықтан тәрбие мәселелерімен кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық мекемелер, еңбек ұжымдары және бүкіл жұртшылық болып айналысады. Олай болса тәрбиені кең мағынада табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсіну керек.
Оқыту – қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білімін, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту - қоғамдық құбылыс түріндегі мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі - өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері.
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатқа ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа незілделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:
- білім беру - бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, денелік және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:
- тәрбиелеу - әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылыгын және әлеуметті кемелденген жогары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және оқыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педагогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретінде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін ''қызмет'' ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі окыту процесінін мәнін сипаттайды.
Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама мәндісі - оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі). Оқытудың екінші қызметі - оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тәрбиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыту қызметі атқарылады (дамыту қызметі).
Адамның дамуы - бұл оның денесінің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың профориентациялау қызметінің де мәні зор....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?