Экономика | Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы және оның бағыттары

 Экономика | Қазақстан  Республикасының  экономикалық дамуы  және оның бағыттары

Мазмұны
Кіріспе:
І тарау. Экономикалық реформаға көзқарас.-------------------------------------------------------------4
1.1. Нарықтық қатынастардың дамуы.--------------------------------------------------------------------5-10
1.2. Қазақстандағы экономикалық реформалардың жайы және барысы.--------------------------11-13
Негізгі бөлім:
ІІ тарау. Нарықтық экономиканың жаңа бағыттары.
2.1. Экономиканы дағдарыстан шығару.------------------------------------------------------------------14-16
2.2. Жекешелендіру саясаты.---------------------------------------------------------------------------------17-19
ІІІ Қортынды.-------------------------------------------------------------------------------------------20
Пайдаланылған әдебиеттер.------------------------------------------------------------------------------------21

КІРІСПЕ.
Соңғы жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және дағдарыстармен ұласатынын және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті. Нарықты жарлықпен немесе декретпен енгізуге болмайды, нарыққа көшу үшін, ұзақ уақыт керек. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжірбиесі айқын дәлелдейді.
Өткен жылдардың қорытындылары оптимистік тұжырымдар жасау үшін негіз бермейді. Кезінде жарияланған мақсаттар мен бағыттар тым қарама-қайшы жүзеге асырылуда, қат-қабат әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың орын алып отырғаны айқын.
Мұның өзі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-экономикалық реформалаудың объективті мүмкіндіктері мен шектерінің өз кезінде аяғына дейін ұғынылмауына, реформаны жүзеге асырудың уақытша параметрлері мен кезеңдерінің дұрыс анықталмауына байланысты. Сөз бен істің арасында алшақтық көп болды.
Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездің оң жетістіктері мен тенденцияларын сақтау, мемлекеттің қауіпсіздігін және халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшеліктерін қамтамасыз ету принциптеріне негізделген түбегейлі шаралардың біртұтас жүйесін қажет ететіні айқын болды.
Ел экономикасы ХХІ ғасыр шебінде тұр. Мәселе ХХІ ғасырдың табалдырығынан қандай нарықтық жетістікпен, қандай дайындықпен аттағалы отырғанымызда. Монография авторы экономикалық реформаның барысын, оның жетістіктері мен кемшіліктерін ашық көрсетуге тырысты.
Соның негізінде автор отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету басты мақсаты болып табылатын жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) концепциялық негізін әзірледі. Экономикалық реформаның түрлі салалары, жолдары осы ЖЭС концепциясымен негізделуге, онымен байланыстыруға тиіс. Кітаптің бүкіл мазмұнына осы идея өзек болған. Нарықтық экономиканы басқаруды реформалау жөніндегі жаңа тәсілдер, Қазақстан Республикасының экономикасын дағдарыстан шығарудың әдістері мен жолдары ұсынылған.
Экономикалық реформаға көзқарас.
1.1.Нарықтық қатынастардың дамуы.
Соңғы жылдарда Қазақстан экономикасында дәуірлік мәні бар, бірақ керағар оқиғалар болып жатыр. Қазақстан 1992 жылдан бастап түбегейлі экономикалық реформаларды жүзеге асыруға кіріскен болатын. Содан бері өткен жылдардың нәтижелеріне қарағанда, нарықтық экономикада республикада тиімді жүріп жатыр деп айта алмаймыз. Реформалардың кезінде жарияланған мақсаттары мен бағыттары тым керағар жүзеге асырылуда, жан-жақты түгел қамтыған әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың күшейіп келе жатқаны айқын байқалуда. Себебі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-экономикалық реформалаудың нақты мүмкіндіктері мен шектерінің өз кезінде жете ұғынылмауына, реформа жүзеге асырудың уақытша параметрлерінің дұрыс белгіленбеуіне байланысты. [1].
Алайда, нарыққа көшу кезінде «қоғамдық жарасымдылықты» қамтамасыз ету жөніндегі шараларды методологиямен бірінші кезекте негіздеу керек. Қазіргі кезеңде бізге ең қажеттісі міне осы. Өйткені бізді қоршаған дүние-табиғаты әртүрлі элементтердің жиынтығы болып табылатын қарапайым да күрделі жүйелер шоғыры. Жүйелердің қатар өмір сүруінің қажетті шарттары- оларды құрайтын бөліктердің балансы, тепе-теңдігі, үйлесімділігі, жарасымдылығы. Экономикалық жүйелерде балансқа экономикалық нысандар мен әдістерді іріктеу, олардың бірін талдау жолымен қол жететіні мәлім. Осыған орай оқиғалардың өрбуіне дұрыс бағыт-бағдар беретін қабілетіне экономикалық тұтқаларды мақсатты түрде келісе және салмақтай отырып іске қосу жөніндегі күш-жігерлердің маңызы ерекше зор.
Экономикалық жүйелердің «үйлесімділік», «баланс», «тепе-теңдік» категориялары жөнінде өз өлшемдері бар. Экономикалық жүйенің кең мағынадағы мақсаты- адам үшін, қоғам үшін материалдық және рухани игіліктер жасау. Бұл жерде өндіріс пен тұтыну, сұраныс пен ұсыныс, кіріс пен шығыс, ақша массасы мен тауар және қызмет айналымы, ғылыми-техникалық прогресс пен инвестициялауға арналған қаржы ресурстары сияқты проблемалар алдыңғы орында тұр.
Қандай да болсын ағымдағы және болашақтағы жетілдірулерді келісіп алу, яғни дер кезінде көздеп, жүйеге енгізу, сол арқылы оның тіршілік-тынысын кеңістік пен уақыт тұрғысынан теңдестіру өте қиын. Мұның өзі экономикалық жүйелердің ерекшеліктеріне байланысты. Олардың өз табиғаты жағынан тұрақты емес екені, бірегей екені және нақты бір жағдайларда қандай сипат алатынын болжауға болмайтыны, яғни оларға өз параметрлерінің құбылмалылығы, схоластикалылығы тән екені мәлім. Олар өз құрылымын мақсатты түрде өзгертуге, түр-сипаттығының тұтастығын және нұсқалығын сақтауға, бүлдіруші әсерлерге қарсы тұруға, ішкі-және сыртқы кедергілер жөнінде құбылмалы жағдайларға бейімдеуге қабілетті.
Экономикалық жүйеде салыстырмалы балансқа жетуді қиындататын нәрсе – қоғам үлесіне қашанда болсын ресурстардың шектеулі мөлшері ғана тиеді, бұл көптеген факторларға, соның ішінде жинақталған білім деңгейіне, технология мен техниканың даму дәрежесіне, еңбек өнімділігінің артуы деңгейіне байланысты.
Экономикалық жүйеде салыстырмалы балансқа оның басты субъектілері (кәсіпорын, өз бюджетімен қоса отбасы, мемлекет) тарапынан толассыз, саналы іс-қимылдар жасалуы барысында қол жетеді, олардың әрқайсысы бұл процесте өз мүдделерін білдіруші болып табылады. Экономикалық жүйе субъектілерінің өзара іс-қимылы және теңдестіру жолдарын іздеу қалай болса солай емес, ол қоғам қабылдаған, өнім өндіру , айырбастау, бөлу және тұтыну кезеңдерінде экономикалық айналымдағы олардың түр-сипатының негізгі принцптерін белгілейтін конпенция-модельге сәйкес жүзеге асырылады.
Өркениетті дамыту тарихынан экономикалық жүйелердің тіршілік-тынысын үйлестіруге бағытталған ұтымды қоғамдық-экономикалық концепцияларды көптеп келтіруге болады (Компанелла, Сен-Симон, Рикардо, Адам Смит, Маркс). Олардың әрқайсысы үйлесімділікке жетудің өз үлгілері мен құралдарын ұсынды. Солардың ішінде екі концепция ғана нақты жүзеге асырылды: орталықтандырылған шаруашылық жүйесі мен нарықтық жүйе.
КСРО-дағы орталықтандырылған шаруашылық концепциясының негізін қалаған маркстік модельдің басты идеясы тепе-теңдікке, балансқа, демек, гүлденуге меншік туралы мәселені шешкен жағдайда ғана қол жетуі мүмкін деген пайымдау болғаны мәлім. Бұл модельге сәйкес бар бәле мынада: өндіріс құралдары буржуазияның қолында болып, ол жалдамалы қызметкерлерді қанайды, олардың еңбегінің нәтижелерін иеленеді. Пролетариат өзінің саяси үстемдігін буржуазиядан бүкіл капиталды тартып алып, бүкіл еңбек құралын мемлекет қолында орталықтандыру, сол арқылы өндіргіш күштердің санын неғұрлым тезірек көбейту үшін пайдаланады. Бұл жерде негізгі үйлестіруші әсер орталықтан реттелетін жалпыға бірдей молшылық орнайды деген идеалистік қағидаға негізделген еді, алайда оның өзі, уақыттың көрсеткеніндей, елде ауыр зардаптарға әкеліп соқты.
Осы теория негізінде үйлесімділікке жету мен дамудың социалистік моделі қалыптасып, қолданыла бастады. Оған сәйкес макро-және микродеңгейдегі экономикалық жүйе субъектілері іс-қимылының бүкіл сценарийі осы саладағы барлық құбылыстар мен процестерді мемлекеттің реттеуіне негізделіп, бұған, өз тарапынан:
-өндіріс құралдарын жаппай мемлекеттендіру;
- еңбек ұйымдастырудың әкімшілік әдістерін орнықтыру;
-экономикалық процестердің өзінен-өзі реттелуінен бас тарту есебінен қол жетті.
Бұл жағдайларда экономикалық жүйенің тіршілік-тынысын үйлестіру функциясы тек қана мемлекеттің ерекше құзіретінде болып, ол бұл функцияны көптеген директивалы көрсеткіштер,
нормативтік актілер және т.т. арқылы өктемдік, әкімшілік құралдармен жүзеге асырды. Мемлекет кәсіпорындарға ие болып, оларға барлық негізгі және айналым қорларын өзі беріп отырғандықтан кәсіпорындар қызметінің ұзақ мерзімді саясатын да өзі белгіледі. Кәсіпорындар дербестігі тек қысқа мерзімді шұғыл-техникалық шешімдерге ғана қатысты болды. Ұзақ мезімді шешімдердің бәрі тек жоғарыдан берілетін.
КСРО-да соңғы жылдарда болған оқиғалардың қатаң логикасы экономиканың тіршілік-тынысын үйлесімді етудің ең дұрыс жолы ретінде экономикалық жүйенің нарықтық концепциясын тануды қажет етті. Орталықтандырылған шаруашылық концепциясынан айырмашылық-нарықтық экономикада үйлесімділікке жету процесі мемлекеттік аппараттың күш-жігерімен емес, ал жүйенің бір-бірімен экономикалық тұрғыдан өзара іс-қимыл жасаушы екі субъектісі-өндіруші ретінде кәсіпорын және тұтынушы ретінде отбасы тарапынан қамтамасыз етіледі.
Дамудың экономикалық концепциясын таңдау туралы мәселе Батыс Германия үшін де принципті маңызды болғанын атап өту керек, онда отызыншы жылдардан 1948 жылға дейін, яғни 10 жыл бойы, іс жүзінде жоспарлы шаруашылық болды (шикізат пен материалдарды рациондау, шығарылатын тауарлардың номенклатурасын регламенттеу, бағаны және жалақының жоғары деңгейін қаржыландыру, экспорт пен импорт саласындағы мемлекеттік реттеу).
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «Қазіргі өнеркәсіп қоғамына жұмыс істеуге қабілетті және сонымен бірге адам баласына лайық құрылым сипатын қалайша беруге болады?» деген сұрақ немістер үшін саясаттың құрылымды айқындайтын және бақылайтын басты элементіне айналды. Бұл сұраққа жауап әлеуметтік-нарықтық шаруашылық концепциясынан табылды, ол «рынокта болып жатқан процестердің сөзсіз екенін түсіну мен нарықтық шаруашылықтың бұл ұйымдық құрылымын әлеуметтік және қоғамдық прогреспен ұштастыруға тырысу арасындағы синтезге жету» әрекеті деп саналды. [2].
Экономикалық саясаттың концепциясы ретінде әлеуметтік-нарықтық шаруашылық экономика мен қоғамның еркін, экономикалық жағынан тиімді, берік, әлеуметтік және әділ құрылымына жетуге бағытталған. Ол ХІХ ғасырдағы және ХХ ғасырдың бас кезіндегі жүгенсіз капитализм мен КСРО типі бойынша экономика орталықтан басқарылатын жүйелер арасындағы «үшінші жол» деп саналады.
Алайда әдеуметтік-нарықтық шаруашылықтың осы мұрат-моделі Германияда әлі де болса толық көлемінде жүзеге асырылған жоқ. Динамикаға және құрылымдық қосымша құралға байланысты проблемалар әрдайым орын алып келеді (соның ішінде, нақты айтқанда, мына салаларда: өндіріс факторларының рыноктары мен тауарлар рыногындағы қатаң құрылым, жәрдемақының тым көп бөлінуі, рынок күштеріне бөгет жасайтын реттеулердің көптігі және, атап
айтқанда, мемлекет тарапынан әлеуметтік өнімнің тым көп пайдаланылуы). Оған тән барлық қасиеттерді жүзеге асыру бағыты экономикалық саясаттың тұрақты міндеті күйінде қалып отыр.
Егер шешімдер қабылданған кезде нарықтық реформаларды жүзеге асырудың дүниежүзілік тәжірибесі ескерілсе, реформалау нәтижелеріне талдау жасалса және оларды (реформаларды) жүзеге асыру тактикасына шұғыл түрде түзетулер енгізілген болса, біздің нарыққа көшу практикамыз үшін мұның өзі пайда болған көптеген проблемаларға жол бермеуге болатынын білдіреді. Алайда экономиканы реформалаудың және оның дүниежүзілік жүйеге енуінің Қазақстан Республикасы Үкіметі айқын мәлімдеген саясаты әзірше жоқ. Іс жүзінде капитализмнің жаңғыртылып жатқанын ғана көруге болады. Меншікті жекешелендіру және акционерлендіру жолымен ауыстыру, отандық тәжірибеміздің көрсеткеніндей, келеңсіз зардаптарға әкеліп соқты, оларды түзеу көптеген жылдар бойы теріс әсерін тигізетін болады. Бұған істің жүйесіздікпен қолға алынуы, экономиканы реформалау артықшылықтарының, несие-ақша саясатының, меншікті бағалаудың нарықтық механизмдерінің, өндірісті дамытудың дәлелді себептерінің жоқтығы себеп болды. Сондықтан жекешелендірілген кәсіпорындардың көпшілігі ескірген және тозған жабдықтар көп, айналым қаражаты мен қатаң салық саясаты жоқ жағдайда қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдалана алады деп ойлауға болмайды.
Нарыққа көшу процесін барлық өзгерістер мен нәтижелер туралы нақты ақпарат, елдің және оның халқының әлеуметтік, экономикалық дамуының айқын белгіленген концепциясы жоқ жағдайда міндеттер мен бағдарларды жиі ауыстыра жүзеге асыруға болмайтыны және оның бұлай жүзеге асырылуға тиісті емес екені мүлдем айқын болып отыр. Алайда уақыт күтпейді.
Бұл салада кешігу өте қауіпті, өйткені әлеуметтік тосын өзгерістерге әкеліп соғуы мүмкін. Өтпелі процестің көптеген элементтерін жеделдете түзеуге тура келді. Жалпы алғанда, нарықтық қатынастарда дамытуда әрдайым сәтті болмаса да, белгілі бір тиянақты қадамдар қазірдің өзінде жасалды. Алайда экономика субъектісінің мүдделерін көздейтін реттегіш ретінде мемлекеттің іс-қимыл тұтастығына жету проблемасы шешілмеген күйінде қалып отыр. Батыл шаралар қажет. Экономиканы реформалау кезінде «қоғамдық жарасымдылық» концепциясын тіпті де «кабинет» режімімен емес, ол елдің таяудағы жылдарда және ұзақ болашақта экономикалық және әлеуметтік дамуының сценарийін әзірлеу мен жан-жақты талқылау, талдап алынған саясатты, баға жүйесін, салық және несие саясатын, халықтың әлеуметтік кепілдіктерін негіздеу жолымен әзірлеуге болады.
Сценарий әзірлеу алгоритмі жалпы алғанда мынадай болуы мүмкін:
1. Экономиканы реформалаудың басты мақсатын талқылау мен талдау, соның ішінде елді дамытудың экономикалық және саяси жүйесін талдау.
2. Қолда бар табиғи ресурстарды, ғылым мен техниканың басым дамытылуын, еңбек ресурстарының бар екенін және өндіргіш күштердің орналастырылуын ескере, нарықтық экономиканың жұмыс істеу жүйесін ауызша сипаттау.
3. Экономиканы дамытудың экзогендік және эндогендік факторларын белгілеу.
4. Өндірісті дамытудың құрылымдық саясатын негіздеу.
5. Макроэкономикалық көрсеткіштерді белгілеу.
6. Қаржы мен салық саясатын, сондай-ақ мемлекет қарамағындағы экономика секторларын белгілеу.
Экономиканы реформалаудың келешектегі концепциялық негіздерін әзірлеумен қатар экономика субъектілерінің өтпелі кезеңде аман қалуының мәселесі де өткір қойылып отыр, оны жүйеде тепе-теңдіктің жол беруге болатын ең төменгі деңгейі деуге болады, ол тепе-теңдік бұзылған жағдайда жүйе-жүйе болудан қалады.
Дағдарысқа қарсы күресу мәселесі бүгінде экономиканың барлық салаларын қамтып отыр. Түрлі деңгейдегі шаруашылық буындарының жаңа шаруашылық жағдайларын көбінесе қайткенде де бейімделуіне тура келіп отыр.
Аман қалуды бағдар еткен жүйеде салыстырмалы тепе-теңдік жасау жолдарын іздестіру қазіргі жағдайларда өте күрделі. Өйткені жаңа тұрпаттағы кәсіпорындар қазірдің өзінде қалыптасып, жұмыс істеуде, олар өздерінің экономикалық мәні жағынан алғанда социалистік те нарықтық та емес. Кәсіпорындар нарықтық үлгідегі ұйымдық құрылымның ресми құқықтық мәртебесін алып, өз жұмысының жалғастырылуын көбінесе өте тұрақсыз жағдайларда кез келген, тіпті де нарықтық емес әдістермен қамтамасыз етуде.
Нарыққа өту жағдайларында үкімет алдында тұрған басты проблема – бүкіл дерлік ұлттық байлықтың мемлекет меншігінде болып отырғанында. [3].
Көптеген адамдардың ойынша, жедел жекешелендіруге, мемлекет меншігінен алуға үміт артуға болады. Шынында да, экономикасы дамыған түрлі елдердің тәжірибесі мемлекеттік меншіктің үлес алмағы 10-30 проценттен аспауға тиіс екенін көрсетеді. Алайда, біріншіден, бұл процес қалағанымыздай шапшаң болмайды, екіншіден, экономиканың қожырауы және кең көлемді жеке кәсіпкерлік тәжірибесінің болмауы жағдайында біз олай істей алмаймыз. «Идеологиялық тазалықты» сақтауға байланысты емес, ол көлікте , энергетикада, өндіру және өңдеу салаларында тұрақты жұмыс істеу қажет екеніне байланысты.
Кәсіпкелер үшін бастапқы жағдайлар жасау, нарықтық инфрақұрылымды дамыту мемлекеттің аса маңызды міндеті болуға тиіс, өткені экономикалық реформаның қазіргі кезеңгі жекешелендіру белгісімен өтуге тиіс.
Мемлекеттің қатысуынсыз кәсіпкерлік қызметті банк және қаржы-кредит жүйесінде мемлекеттік секторды, капиталдың банктер, инвестициялық және холдинг компаниялары,........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!