Саясаттану | КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДЛРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЬІҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

 Саясаттану | КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДЛРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЬІҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

Мазмұны

1. Кәмелетке толмағандардың қыцлмыстық жауапшылығы
2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының
түсінігі және жалпы сипаттамасы.
3. Кәмелетке толмағандардың тағайындалатын жаза түрлері және
оларды жауаптылық пен жазадан босату
4. Кәмелетке жасы толмағандардың соттылығын жоюдың
Ерекшеліктері.....


КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Жаңа Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген.
Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттік және ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының керінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір оңтайлы жолы болып табылады. Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарга қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын кеңінен қолдануды белгілеген.
Қылмыстық кодекстің 78-бабының 1-бөлігіне сәйкес "Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он тертке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады". Яғни, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын ең төменгі жас 14-ке толу.
Ресейдің, Австрияның, Германияның, Жапонияның қылмыстық заңдарында да осылай көрсетілген. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы Францияның қылмыстық кодексінде — 13, Нидерландыда, Португалияда — 12, Жаңа Зеландияда — 10, Ирландия құқығында — 7 жас деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша 14-ке толмаған адамдар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. 14-ке толмаған жасөспірімдер өзінің істеген іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін, мәнін жете түсінбейді және өзінің іс-әрекетін басқара алмайды.
Егер кәмелетке толмаған адам Қылмыстық кодексте көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуьша байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті емес (15-бап, 3-бөлігі).
Егер кәмелетке толмаған адамның (14,16 жас) есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуы оларды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды, бірақ бұл мән-жайды сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай ретінде ескереді және ол Қылмыстық заңда көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз болады (ҚК-тің 17-бабы, 1, 2-бөліктері).
Қылмыс жасаған кезде 18-ге толған адам кәмелетке толмаған деген атаққа ие бола алмайды. Бірақ та Қылмыстық кодекстің 87-бабының талабына сәйкес он сегіз бен жиырма жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған әрекетінің сипатын және жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда оларға кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу, тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды қоспағанда, осы бөлімнің ережелерін қолдана алады. Мұндай ретте қоғамға қауіпті істелген іс-әрекетгің мәні 18 бен 20 жас аралығындағы адамның жас мөлшеріне байланысты және психикалық жете дамымауынан болуы қажет.
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН
ЖАЗА ТҮРЛЕРІ
Кәмелетке толмағандардың психикалық жағдайы мен жас ерекшеліктеріне байланысты оларға тағайындалған жаза түрлері де ересектерге карағанда жеңіл болып белгіленген. Кәмелетке толмағандарға қатаң қылмыстық шаралар (өлім жазасы, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазалары) тағайындалмайды. Кәмелетке жасы толмағандардың статусының ерекшеліктеріне байланысты оларға белгілі бір лауазым атқару құқығынан айыру; мүлікті тәркілеу; бас бостандығынан немесе әскери қызметінен шектеу сияқты жазалар тағайындалмайды. Төменде Қылмыстық кодекстің 79-бабын келтіріп отырмыз.
1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:
а) айыппұл;
б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) қамау;
е) бас бостандығынан айыру болып табылады
2. Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе езге табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезеңдегі мөлшерінде тағайындалады.
З. Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
4. Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетін жұмысты орындауы болып табылады және ол оны окудан немесе негізгі жұмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрін орындауының ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауы керек.
5. Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмай: сотталған адамдарға бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
6.Қамау сот үкім шығарған кезде он алты жаска жеткен кәмелетке толмай сотталған адамдарға бір айдан төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады.
7. Кәмелетке толмай сотталған адамды бас бостандығынан айыру он жылдан, ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін—он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Он төрт жастан он алты жасқа дейін ікішігірім ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
8.Кәмелетке толмай сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды:
а) бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар—жалпы режимдегі тәрбиелеу колонияларында;
б) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар - күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтейді.
9.Қоғамдық қауіптілік сипатына және дәрежесіне кінәлі адамның жеке басына және басқа да мән-жайларға қарай сот қабылданған шешімнің себебін керсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас бостандығынан айыруды жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында өтеуін тағайындауы мүмкін.
10. Сот жазаны орындаушы органға кәмелетке толмай сотталған адаммен қарым-қатынас кезінде оның жеке басының белгілі бір ерекшеліктерін ескеру туралы нұсқау беруі мүмкін.
Мұндай ерекшеліктерге жасы кәмелетке толмағанның психикалық өзгешелігі: денсаулығының нашарлығы, белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілігі, белгілі бір мамандыққа баулу қажеттіліктері жатады. Қылмыстық кодекстің 79-бабында жазаны өтеуден қасақана жалтарған ретте жазаның бұл түрін екіншісімен ауыстыру туралы арнайы көрсетпеген. Кәмелетке жасы толмағандарға мұндай ретте жазаны ауыстыру жалпы негізде Қылмыстық кодекстің 40, 42, 43-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамдарға жаза тағайындаудың ерекшеліктері Қылмыстық кодекстің 80-бабында көзделген. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде осы Кодекстің 52-бабында көзделген мән-жайлардан басқа, оның өмірі мек тәрбиесінің жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының езге де ерекшеліктері, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалы ескеріледі.
Кәмелетке толмаған жас жеңілдететін мән-жай ретінде басқа да жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта ескеріледі. Кәмелетке толмаған адамға тағайындалған жаза әділ болуы керек. Әділ жаза деп кәмелетке толмағандардың түзелуіне тікелей әсер ететін жазаны айтамыз.
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату жалпы және арнаулы қылмыстық-құқылық нормалар арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқықтың жалпы нормасы бойынша кәмелетке толмағандар шын өкінуіне байланысты (65-бап); қажетті қорғану шегінен асқан кезде (66-бап), жәбірленушімен татуласуына байланысты (67-бап), жағдайдың өзгеруіне байланысты (68-бап), ескіру мерзімінің өтуіне байланысты (69-бап) қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қылмыстық кодекстің 89-бабына сәйкес Қылмыстық кодекстің 69 және 75-баптарында көзделген ескіру мерзімі кәмелетке толмағандар қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын етеуден босату кезінде тең жартысына қысқартылады.
Қылмыстық кодекстің 69-бабының 5-белігіне сәйкес жасалған қылмысы үшін осы Кодекс бойынша өлім жазасының тағайындалуы мүмкін адамға ескіру мерзімі туралы мәселені сот шешеді. Бұл норма жасы кәмелетке толмағандарға қолданылмайды, өйткені заң бойынша мұндай адамдарға өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмайды. Қылмыстық кодекстің 69-бабының 5-бөлігі жасы кәмелетке толмағандарға қолданылмайды, өйткені бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар үшін жасы кәмелетке толмағандар жауапқа тартылмайды. Жасы кәмелетке толмағандар өніндегі Қылмыстық кодекстің 85-бабында көрсетілген қысқартылған ескіру мерзімдері Қылмыстық кодекстің 87-бабында көрсетілген негіздер бойынша 18 бен 20 жас аралығындағы адамдарға да қолданылады. Он сегіз бен жиырма жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған әрекетінің сипатын және жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда оларға кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды қоспағанда, осы бөлімнің ережелерін қолдана алады (ҚК-тің 87-бабы). Жасы кәмелетке толмағандар қылмыстық жазадан жалпы қылмыстық құқылық норманың негізінде шартты түрде соттау (63, 64-баптар); жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату (70-бап), жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру (71-бап) ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (73-бап), жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жаза етеуін кейінге қалдыру (72-бап) айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босатылады. Қылмыстық кодекстің 84-бабы кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың тәртібін белгілеген.
Кәмелетке толмағандарды жалпы тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудын, негіздерімен бірге олар жайында қылмыстық занда мынадай арнаулы негіздер де бар:
1) кәмелетке толмағандарды мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жазадан босату (81-бап);
2) тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жазадан босату (82, 83-бап).
Кәмелетке жасы толмағандарды арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыру арқылы жазадан босату (83-бап, 6-белігі). Қылмыстық кодекстің 81-бабына сәйкес бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмаған адам, егер оны түзеуге осы Кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады ғой деп танылса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Бұл баптың нормасын қолдану үшін 1) кәмелетке толмаған адамның кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты істеуі; 2) осы қылмыстарды істегені үшін кәмелетке толмағандардың сотталуы; 3) олардың түзелуі үшін Қылмыстық кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары жеткілікті деп танылса ғана жол беріледі. Мұндай ретте 82-бапты қолданған дұрыс болады.
Сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік әсері барынадай мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін:
а) ескерту;
б) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
в) келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;
г) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу;
д) кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыру.
2. Кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік әсеріә бар бірнеше тәрбиелеу шаралары тағайындалуы мүмкін».
Қылмыстық Кодекстің 83-бабының 1-4-бөліктеріне сәйкес тәрбиелік әсері бар осы шаралардың мазмұны төмендегідей:
1.Ескерту кәмелетке толмаған адамға оның әрекеті мен келтірілген .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі