Қылмыстық құқық | Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі

 Қылмыстық құқық | Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі

Мазмұны
І.Кіріспе
1. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі .
II.Негізгі бөлім
1.Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түрлері.
2. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
3. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату
4. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
5. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
6. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
7. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
8. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру
9. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазасын өтеуін кейінге қалдыру
10. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату
11. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру
12. Айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату
13. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату
III. Қорытынды

Кіріспе .
Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады .Қазақстан Республикасы жоғары Соты Пленумының "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықтарды сақтауы туралы"1999 жылғы 30 сәуірдегі қаулысында : Қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған , бірақ қоғамға елеулі қауіп келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай – ақ , олардың түзелетіндігімен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені талқылап , негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚК – тің 65-68 – баптарында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс.Соттың адамды қылмыстық жаза шараларын қолданбай – ақ түзеуге болатындығы туралы тұжырымы істің жан – жақты , толық және обьективті түрде зерттелген мән – жайларына және сотталушының жеке басы туралы мәліметтерге негізделуі қажет ,- деп атап көрсетілген. Осыған орай кейбір реттерде қылмыстықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай – ақ немесе оған жаза тағайындап , бірақ оны жазаны нақты өқтеуден босату арқылы ,өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін .
Осыған байланйсты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазаиен айырбастау туралы институтты белгілейді . Сонымен бірге ескертілетін жағдай қылмыстық жауаптылықтан , жазадан босатылуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар . Бұл институтты практикада жиі қолдану қылмыстық құқықтағы жауаптылықтың сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады .Сондықтанда көрсетілген мәселелерді қолдану заңға негізделген және тиімді болған жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны қолданбай – ақ жүзегек асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет .
Қ.Р – ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: " Құқық қолдану іс тәжірибесін жетілдіру және құқық тәртібін нығайту .Ашық , демократиялық қоғамның іргесін дәйекті нығайта отырып ,біз демократия мен құқық тәртібі - ажырағысыз ұғымдар екенін , бірінсіз бірінің өмір сүре алмайтындығын естен шығармауымыз керек .
Біріншіден , құқық қорғау мен басқа мемлекеттік органдардың құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы ұйымдық және заңнамалық шарасын жетілдіру жөніндегі іс қимылын үйлестіруді күшейтуі қажет Екіншіден , Өз назарымызды жас өспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі проблемасына акударып , мұны кеміту шараларін қолдануы міндет.
Үшіншіден , өзіміздің құқық қорғау органдарымызға есірткі қылмысы мен еларалық қылмыс секілді қателерге қарсы күресу үшін қосымша ресурстар мен құралдар беруіміз қажет.
Төртіншіден , елімізде құқық бұзушылықтың алдын алудың жалпы мемлекеттік жүйесінің жасақталып , жұмыс істеуін қамтамасыз ету ,бұл іске жұртшылық мен халықты кеңінен тарту керек." деп айтылған .
Қылмыстық заң бойынша қылмыстқ жауаптылықтан босотудыңу мынадай туорлері көрсетілген :
1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату .
2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босату.
4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты жауаптылықтан босату.
5. Ескіру мерзімінің өтуіне
6. Рақымшылық немесе кешірім жасыру актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату.
Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі түрде шартсыз жүзеге асырылады .
Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден
жазаны өтеуді жалғастырудан босатылу немесе оның жазасының жеңілірек жазамен ауыстырылуы мүмкін .
Қылмыстық заң бойынша жазадан босатылу мынадай негіздер бойынша жүзеге асырыдады :
1.Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату ;
2.Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату ;
3.Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру ;
4.Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдерді жазаны өтеуден кейінге қалдыру ;
5. Төтенше мән - жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру ;
6.Айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату :
7.Рахымшылық немесе кеншірім жасау актісі негізінде жазадан босату .
Қылмыстық жауаптылықтан босату ,жазадан босату немесе жазаны одан әрі өтеуден босатудың бір – бірінен айырмашылығы оларды қолдану негіздеріне байланысты болады . Әдетте қылмыстық жауаптылықтан босату істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі онша көп болмаған және оны істеген адаманың түзелуі , жаза қолданбай – ақ мүмкін болған жағдайларда қолданылады. Мұндай жазадавн босату тек заңда белгіленген тәртіппен сот арқылы ғана жүзеге асырылады .
Қылмыстық құқық саласындағы қылмыстық жазадан босату институты қылмыстық атқару құқымен ұштасып отырады. Бірақта, бұл салада жазадан босату институты толық қамтылмайды. Жазадан босату жазаны өтегеннен кейін немесе жазадан босату туралы ұсыныстан кейін орындалады.
Қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылудың кейбір түрлері жұртшылық өкілдерінің қатысуы арқылы жүзеге асырылады .Мысалы ,жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босакту жазаны өтеу мекемесінің және бақылау комиссиясының бірлескен ұсынысы болған жағдайда ғана сот арқылы жүзеге асырылады .Қылмыстық жауаптылыққа тартудың мерзімі ескіруге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату , айыптау үкімін орындаудың мерзімі ескіруге байланысты жазадан босату (69 ,75 – баптар ) жұртшы - лық өкілінің пікірін ескермей – ақ қолданыла береді .
Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза қолдану (ҚК-тің 55-бабының бірінші бөлігі) және шартты түрде соттау (ҚК-тің 63-бабы) міндетті белгілер ретінде саналады яғни қылмыстық жазадан босату институтымен әсіресе осындай жаза тағайындауда тығыз байланыста болады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату — адамның әрекетінің қоғамға қауіптілігі аз, онша қауіпті болмауы және адамға қылмыстық жазаны қолданбай-ақ түзелуі мүмкін болған жағдайларда қолданылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау институтын орнықтырған.
1. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі және түрлер
Қылмыстық жауаптылықтан босату — қылмыстық заңдарға және қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес қылмыс жасаған адамға мемлекет органының қылмыстық-құқықтық шараларды қолданудан бас тартуы болып табылады. Қылмыстық жауаптылықтан босату институтында сонымен қатар әділеттілік, ізгілік, жеке кінәлі жауаптылық, азаматтардың заң алдындағы теңдігі қағидаттары міндетті түрде бірге жүзеге асырылып отырады. Кейбір жағдайларда кінәлі болып қалған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы көзделген міндеттерді орындап тиісті мақсатқа жетуге болады. Құқық қолдану органдары қызметкерлері осы мәселелерді шешу барысында қылмыстың жасалуының қоғамға қауіптілігін ескеруі, кінәлінің жеке басына оның қылмыс жасағанға дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі әрекеттеріне мән беруі керек (шын өкінуі, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға жәрдемдесуі т.б.).
Қылмыстық жауаптылықтан босату — адамның әрекетінің қоғамға қауіптілігі аз, онша қауіпті болмауы және адамға қылмыстық жазаны қолданбай-ақ түзелуі мүмкін болған жағдайларда қолданылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау институтын орнықтырған.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері мыналар болып табылады:
- шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-тің 65-бабы);
- қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-тің 66-бабы);
- жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-тің 67-бабы);
- жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-тің 68-бабы);
- ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-тің 69-бабы);
- рақымшылық жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-тің 76-бабы);
- Арнайы белгілерге байланысты кейбір жеке қылмыстардың санаттары бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері қарастырылған (ҚК-тің 125 165, 231, 233, 234, 236, 251, 252, 259, 297, 312, 326, 352, 358, 372, 373, 375, 376, 377, 378, 379, 381-баптарының ескертулері).
Жоғарыда көрсетілген қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері міндетті және факультативтік болып бөлінеді. Қылмыстық жауаптылықтан м і н д е т т і босатылу болып ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатылу (бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардан және қылмысы үшін өлім жазасы тағайыңдалған жағдайлардан басқа) танылады.
Арнайы белгілерге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ҚК-тің Ерекше бөлімінің 125, 165, 231, 233, 234, 236, 251, 252, 259, 297, 312, 326, 352, 358-баптарының ескертулерінде көрсетілген. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың басқа түрлері ф а к у л ь т а т и в т і к белгілерді қамтиды, яғни заңмен қарастырылған жағдайларда формальды негізді қолдану міндеттілікті тудырмайды. Қандай да болмасын қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрі қылмыс құрамының белгілері, қылмыстық жауаптылықтың негізі бар болған жағдайда ғана қолданылады. Сот, прокурор, тергеу, анықтау органдары қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарын негізге ала отырып қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімге келеді. Қылмыстық жауаптылықтан босату тек қана адамның қылмыстық жазалануға жататын әрекеттері болған жағдайда ғана қарастырылады.
Қылмыстық жазадан босатудың түсінігі және түрлері.
Қылмыстық құқықтағы қылмыстық жазадан босату институты, белгілі бір санаттағы қылмыс жасаған адамға тиімді бола отырып мемлекет атынан болатын әлеуметтік сипаттағы қатынастарды реттеуге бағытталған. Қылмыстық жазадан, рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде босатуды қоспағанда, қылмыстық жазадан заңда көрсетілген негіздер мен тәртіптерге сай босату, сонымен қатар тағайындалған жазаның жеңілірек болуы тек қана соттың құзыретімен жүзеге асады деп айтуға болады.
Қылмыстық құқық саласындағы қылмыстық жазадан босату институты қылмыстық атқару құқымен ұштасып отырады. Бірақта, бұл салада жазадан босату институты толық қамтылмайды. Жазадан босату жазаны өтегеннен кейін немесе жазадан босату туралы ұсыныстан кейін орындалады.
Жазадан босатудың материалдық негізі сотталған адамға оның денсаулығына қатысты, немесе басқа мән-жайлардың болуымен байланысты немесе кінәлінің түзелуі үшін жазаны толық өтеуінің қажет еместігі болып табылады.
Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза қолдану (ҚК-тің 55-бабының бірінші бөлігі) және шартты түрде соттау (ҚК-тің 63-бабы) міндетті белгілер ретінде саналады яғни қылмыстық жазадан босату институтымен әсіресе осындай жаза тағайындауда тығыз байланыста болады.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі алдыңғы заңдармен салыстырғанда, белгілі бір қылмысы үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза қолданудың, шартты түрде соттаудың нақты ұғымына талдау жасай отырып оларды жазадан босату институтының қатарына қоспайды.
Заңда белгіленген негіздерге сәйкес сотталған адам:
1) сотпен тағайындалған жазаны өтеуден;
2) жазаның өтелмеген бөлігін шартты түрде мерзімінен бұрын өтеуден босатылады.
Бұл жалпы негіздердің жазадан босатудың әрбір түрін қолдануда маңызды байланысы бар.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі жазадан босатудың мынадай түрлерін қарастырады:
- жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату (ҚК-тің 70-бабы);
- ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (ҚК-тің 73-бабы);
- төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру (ҚК-тің 74-бабы);
- айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату (ҚК -тің 75-бабы);
- рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату (ҚК-тің 76-бабы);
- кәмелетке толмағандарды жазадан босату (ҚК-тің 81-бабы);
- жазаны жоятын немесе жеңілдететін заңның қабылдануы және оның заңды күшіне енгеннен кейін, жазасын өтеп жүрген адамға қолданылуы.
Қарастырылып отырған жазадан босатудың түрлері өзінің табиғи заңдылықтарына байланысты сараланады.
Саралаудың анықтамаларына қарай жазадан босатуды міндетті және факультативтік деп екі түрге бөлуге болады.
Жазадан босатудың міндетті белгілеріне, соттың қарауына жатпайтын және деформальды шешімді талап етпейтін жағдайларды қамту (ескіру мерзімі, рақымшылық немесе кешірім етуі, психикалық ауруға шалдығуы, заңның жазаны жеңілдететін жағына қарай өзгеріп, егер заңды күшіне енсе сотталған адамның жазаны өтеуден босатылуы) жатады.
Тек соттың қарауымен жазадан босату мәселелері шешілетін жазаның қалған түрлері факулътативтік белгілері деп аталады.
Жазадан босату, мерзімінен бұрын шартты түрде немесе түпкілікті босату болып табылады (мерзімнің өтуі).
Уақыт бойынша, жазадан босатуды қолдануды былайша бөлуге болады:
жазаның іске асырылуы кезінде қолдану (мерзімінен бұрын шартты түрде босату);
жазаның тағайыңдалуы кезеңінде (төтенше мән-жайлардың салдарынан) қолдану.
Кәмелетке толмағандарды жазадан босату мәселелері арнайы, 20-тарауда сондай-ақ жазалылықты жоятын заңның қабылдануы салдарынан жазаны өтеуден босатуда тиісті тарауда қарастырылғандықтан бұл тарауда ол мәселелер қамтылмады.
2. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылық-тан босату.
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату негізі — кінәлінің қылмыс жасағаннан кейінгі қоғамға тигізген зардабының қауіптілігі аз мөлшерде болуы. Кінәлінің шын өкінуі, қылмыстық жауаптылықпен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде Қылмыстық кодекстің 53-бабының "к" және "д" тармақтарында қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 65-бабы қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейді.
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заңға сай талаптарға сүйеніп соған байланысты орындалады.
Бірінші peт кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. (ҚК-тің 65-бабын бірінші бөлігі). Бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған немесе сотталмаған, сонымен қатар қылмыстық жауаптылыққа тартылса да қылмыстық қудалау заң негізінде қысқартылған азаматты бірінші peт қылмыс жасағандар қатарына жатқыза aлaмыз.
Егер басқа да қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылса немесе тергеуден, соттан бұлтарса, сотталған я болмаса соттылығы жойылған немесе соттылығы алынып тасталған болса онда мұндай адамдарды бірінші рет қылмыс жасағандар деп айта алмаймыз. (ҚК-тің 77-бабы). Шын өкінуде — қылмысы үшін кінәлі адамның кінәсін мойындап, өз еркімен келуі, шын жүректен өкінуі, қылмысты ашуға жәрдемдесуі және келтірілген зиянның орнын толтыруы белгілері болуы шарт. Кінәсін мойындап келу деп — кінәлінің қылмыс жасағандығы үшін, яғни қылмыс жасағаннан кейін тергеу, прокуратура, анықтау тағы басқа да мемлекеттік органдарға өз еркімен арыз беруін айтуға болады. Кінәсін ............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!