Қылмыстық құқық | Қылмыстардың көптігі

 Қылмыстық құқық | Қылмыстардың көптігі

Мазмұны
I Кіріспе
II Негізгі бөлім 1.1. Қылмыстың көптігінің түсінігі;
1.2. Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі
1.3. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы:
а) Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы;
б) Қылмыстардың жиынтығы;
в) Қылмыстардың қайталануы.
III Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.
Заң әдебиеттерінде қылмыстық құқықтың тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыратындығы туралы пікірлер айтылған. Біздің мұнымен келісуміз керек. Себебі: азаматтардың бойына заң құрметтешілік дағдысын, мораль талаптарына жауап беретін тәртіп қалыптастыру барлық құқық салаларының алдында тұрған міндет. Сондықтан, қылмысты құқық – азаматтық, әкімшілік тағы басқа да құқық салаларындай тәрбиелік мәні бар әсер ету шаралары қолдануы қажет.
Жалпы бұл жұмыста, қылмыстардың көптігінің түсігіні, оның жекелеген қылмыстардан ерекшелігі, ажыратылуы туралы айтылып кеткен.
Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқыққа қылмыстардың көптігі деп танылады. Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы – қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердің бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық – құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді.
Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дұрыс саралануы мәселесін де туындатады.
Қылмыстардың көптігі 3 түрге ажыратылады:
1) қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;
2) қылмыстардың жиынтығы;
3) қылмыстың қайталануы.
Қылмыстардың көптігін жекелеген қылмыстан, яғни қылмыстың бір ғана құрамының белгілерінен тұратын әрекеттен ажырата білу керек. Егер де жасалған қылмыс қарапайым құрамның белгілерінен тұратын қылмысты қылықтың бір ғана көрінісі болса, әрине, жекелеген қылмыс түрін қылмыстардың көптігінен ажыратып алу, әдетте, қиынға соқпайды.
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Қылмыстардың көптігінің түсінігі
Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы – қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердің бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық – құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді.
Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дұрыс саралануы мәселесін де туындатады.
Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқыққа қылмыстардың көптігі деп танылады. Қазіргі қылмыстық заңдар бойынша қылмыстардың көптігінің төмендегідей түрлері айқындалып, ажыратылады:
1) қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;
2) қылмыстардың жиынтығы;
3) қылмыстың қайталануы.
Қылмыстардың көптігінің өзіне тән белгісі – бір тұлғаның кемінде екі рет қылмыс, яғни қылмыстардың дербес құрамдарының белгілері бар әрекеттер (немесе жиынтықталған бір әрекет) жасауы. Ал әкімшілік құқық бұзушылық, тәртіпке қарсы қылық, азаматтық – құқықтық тәртіп бұзушылық, сол сияқты, ҚК-тің 9-бабының екінші бөлігінде қарастырылған іс - әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың көптігіне жатпайды.
Қылмыстық жауаптылықтың ескеру мерзімі өтіп кеткен немесе соттылығы жойылған (алынып тасталған) заң бұзушылықтар да қылмыстың көптігіне жатпайды. Бұл туралы қылмыстың бірнеше мәрте жасалуына қатысты ҚК-тің 11-бабының үшінші бөлігінде анық айтылған.
Сонымен қатар, қылмыстық – құқықтық салдар жоққа шығарылған әрекеттер де қылмыстардың көптігіне жатпайды. Ол жағдайлар, атап айтқанда мыналар:
шын өкінуіне (ҚК-тің 65-бабы), қажетті қорғанудың шегінен асуына (ҚК-тің 66-бабы), жәбірленушімен татуласуына (ҚК-тің 67-бабы) байланысты немесе рақымшылық жасау актісі негізінде (ҚК-тің 76-бабының екінші бөлігі) немесе ҚК-тің Ерекше бөлімінде көрсетілген жағдайларға орай (125, 165, 231, 233, 312 және басқа баптарда кездесетін ескертулер) қылмыс жасаған тұлғаның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы немесе босатылуға тиістілігі.
1.2. Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі
Қылмыстардың көптігін жекелеген қылмыстан, яғни қылмыстың бір ғана құрамының белгілерінен тұратын әрекеттен ажырата білу керек. Егер де жасалған қылмыс қарапайым құрамның белгілерінен тұратын қылмысты қылықтың бір ғана көрінісі болса, әрине, жекелеген қылмыс түрін қылмыстардың көптігінен ажыратып алу, әдетте, қиынға соқпайды.
Алайда, сот тәжіребесінде сырттай қарағанда жекелеген қылмыстардың қылмыстың көптігіне өте ұқсас болып келетін жағдайлар да ұшырасады. Бұл күрделі (құрамдас), созылмалы, жалғаспалы қылмыстар жасағанда орын алады.
Жеке алғанда әрқайсысының өзі қылмыстың дербес құрамының белгілерінен тұра алатын, алайда ішкі тұтастығына қарай бір қылмыс ретінде қарастырылушыекі немесе бірнеше әрекеттерден құралатын қылмыстар күрделі (құрамдас) қылмыстар деп танылады.
Мұндай қылмыстардың ең кең тараған түрі ретінде бөтен мүлікті иелену мақсатымен жәбірленушінің өміріне не денсаулығына қауіпті болып табылатын күш қолдану арқылы қол жеткізетін қарақшылықты мысалға алуға болады.
Жекелеген күрделі қылмыстардың қатарына екі әрекеттен, соның ішінде балама әрекеттерден де тұратын қылмыстар жатады. ҚК-тің 202-бабында төмендегідей балама әрекеттерден тұруы мүмкін бір ған қылмыс туралы сөз болады: құнды қағаздарды эмиссиялау жобасын оның жалған ақпараттардан тұратынын біле тұра бекіту, сонымен бірге, құнды қағаздарды шығару жөніндегі есептің жалған екендігінбіле тұра оны бекіту. Кінәлі адам осы аталған әрекеттердің тек біреуін ғана жасаса да, бірнешеуін жасаса да оның ісі, бәрібір, қылмыстың бір құрамынан тұрады деп есептеледі.
Белгілі бір қылмысты әрекет құрамын үзбестен жүзег асырып отыру – созылмалы қылмыс болып табылады. Атап айтқанда ол – заңмен қылмыстық қудалану қаупін төндіре отырып кінәлінің мойнына артқан міндеттердің өп уақыт бойына орындалмауына келіп тірелетін әрекет немесе әрекетсіздік.
Айталық, П. өзінің ұлын асырауға қажетті, сот шешімі арқылы белгіленген қаржыны төлеуден бір жарым жыл бойы қасақана бас тартты. Бұл уақыт аралығында ол өзінің жұмыс орнын сегіз рет өзгертіп, бір қаладан екінші қалаға көшумен болды. Қылмысты қылығының осыншама уақытта созылмағанына қарамастан, П-ның ісі қылмыстың көптігіне жатпайды, ол созылмалы жалғыз ғана қылмыс болып табылады.
Созылмалы қылмыстар қатарына, сонымен қатар, қашқындық (ҚК-тің 373-бабы), несиелі берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚК-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (ҚК-тің 213-бабы) және т.б.
ҚК-тің 11-бабының бірінші бөлігіне сәйкес – жалғаспалы қылмыс ортақ ниетпен және мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда, бірдей қылмыстық әрекеттер қатарынан тұрады. Әдетте, жалғаспалы қылмыстар әрекеттерден туындайды, бірақ әрекетсіздіктен де тұруы мүмкін (ҚК-тің 315-бабындағы қызметтік әрекетсіздік). Барлығын тұтас алғанда жалғаспалы қылмысты құраушы әрекеттердің әрқайсысы жеке алғанда дербес қылмыс болуы да, болмауы да мүмкін (әкімшілік немесе тәптіптік жауаптылықпен байланысты немесе тіпті ешқандай заң жауаптылығына байланыссыз). Алайда, кез-келген жағдайда да, мұндай әрекеттердің әрқайсысы заң тұрғасынан өз алдына жеке сараланбауы тиіс, себебі, ол жалғаспалы қылмыс болып табылатын тұтас әрекеттің бір кезеңі ғана. Мысал ретінде жалғаспалы ұрлықты алуға болады. Егер де кінәлі деп танылған адам қоймадағы азық – түлікті белгілі бір уақыт аралығында азғантай мөлшерде алып шығып ұрлап отырса, оның әрекеттерінде қылмыстың көптігі болмайды. Бұл орайда, қылмыскердің әр кезде ұрлап шығарған мүлкінің мөлшерінің маңызы жоқ. Әр жолғы ұрланған мүлік мөлшері әртүрлі болып келтірілген залал бір жолы айтарлықтай келесі бір жолы елеусіз болғандықтан қоғамдық қауіптілікке жатпайтын және ҚК-тің 9-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыс болып табылмайтын күнде де бұл ұрлықтың – жалғаспалы деп танылғаны орынды.
Ұрлықпен бірге тұтынушыларды алдау (ҚК-тің 223-бабы), азаптау (ҚК-тің 107-бабы), ұрып – соғу (ҚК-тің 106-бабы) және басқа да қылмыстар жалғаспалы қылмыстар қатарында жиі ұшырасады.
1.3. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы
Қазіргі қылмыстық заңдар бойынша қылмыстардың көптігінің төмендегідей түрлері айқындалып, ажыратылады:
1) қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;
2) қылмыстардың жиынтығы;
3) қылмыстың қайталануы.
а) Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы дегеннің мағанасына тереңірек үңілер болсақ, ол – бір тұлғаның екі немесе одан да көп қылмыстар жасауы. Бұл әрекеттері үшін тұлғаның сотталған – сотталмағандығы ескерілмейді.
Теория жүзінде де, практика жүзінде де қылмысты бірнеше рет жасау екі түрге бөлінеді: жалпы және арнайы.
Қылмыстардың қайталануының кез келген түрі, оның қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне қарамастан жалпы бірнеше рет қайталану деп табылады. Жалпы бірнеше рет қайталану қылмыстардың саралануына ықпал жасамайды, бірақ жаза тағайындау кезінде сот бұл жағдайды жауаптылықты ауырлататын мән – жай ретінде ескеруі мүмкін. (ҚК-тің 54-бабының бірінші бөлігінің “а” тармағы).
Кінәлі тұлғаның ұқсас немесе біртекті екі немесе одан да көп қылмыс жасауы арнайы бернеше рет жасалу деп танылады. ҚК-тің 11-бабының бірінші бөлігінде дәл осындай бірнеше рет жасалу туралы айтылған: «Осы Кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан көп әрекетті жасау – қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп танылады».
Нақты жағдайлар тұрғысынан өзара айырмашылықтары болғанымен, бірдей қылмыс құрамының белгілерінен тұратын қылмыстар, ұқсас (бірдей) қылмыстар деп есептеледі.
Мысалы, бір тұлғаның кісі өлтіру қылмысын екі рет жасауының бір – бірінен қылмыстың жасалған уақыты, орны және басқа да нақты жағдайлары тұрғысынан өзара айырмашылығы болуы мүмкін, бірақ бұл ҚК-тің 96-бабында қарастырылған қылмыс құрамының белгілері бойынша ұқсас (бірдей) болып келеді.
ҚК-тің ерекше бөлімінің бірқатар нормаларында ұқсас қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуының орын алуы саралаушы мән-жайлар болып табылады. (ҚК-тің 96-бабының екінші бөлігінің “а” тармағы; 120-бабының екінші бөлігі және т.б.).
Заңмен тікелей қарастырылған жағдайларда біртекті қылмыстардың да бірнеше мәрте жасалуы ескеріледі. Белгілі бір объектіге немесе оған ұқсас объектіге қайталап қиянат келтіруші, кінәнің түрі бірдей және басқа да объективтік және субъективті ұқсас белгілерден тұратын қылмыстар (мысалы, ұрлық, тонау, қарақшылық, т.б.) біртекті қылмыстар деп танылады. Біртекті қылмыстарды есепке алу мүмкіндігі ҚК-тің 175-бабына қатысты 3-ші ескертуде тікелей қарастырылған, атап айтқанда онда былай делінген: «Осы Кодекстің 175-181-баптарындағы бірнеше рет жасалған қылмыс деп осы бапта, сондай-ақ осы Кодекстің 248, 255, 260-баптарында көзделген бір немесе одан да көп қылмыстардан кейін жасалған қылмыс танылады». Осыған орай, бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы, бұған дейін де мүлік ұрланғандықтан ғана емес, сонымен қатар, кінәлі тұлға жоғарыда аталған қылмыстардың бірін бұрын жасаған жағдайда да бірнеше рет жасалған деп танылатын болады.
Бірнеше рет жасалу ұғымы, кінәлі тұлғаның сотты болған қылмыстарымен қатар, оның қылмыстық жауаптылыққа әлі тартылмаған әрекеттерін де қамтиды. Аяқталған немесе аяқталмаған қылмыс деп саралануына, кінәлі тұлғаның бұл қылмыстардың орындаушысы немесе оған бірлесіп қатысушы болуына қарамастан, бұл әрекеттер – бірнеше рет жасалған деп танылады.
Бірнеше рет қайталанудың заң тұрғысынан алғандағы мәні мынада: біріншіден, жоғарыда айтылғанындай ҚК-тің 54-бабының бірінші бөлігінің “а” тармағына сәйкес сот оны жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдай ретінде қарастырылатындығында. Екіншіден, ҚК-тің 11-бабының бесінші бөлігіне орай «Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретінде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстің Ерекше бөлімінің қылмыстарды бірнеше мірте жасағаны үшін жазалауды көздейтін бабының тиісті бөлігі бойынша айқындалады» деп көрсетілетіндігінде.
б) Қылмыстардың жиынтығы.
ҚК-тің 12-бабының бірінші бөлігінде айтылғандай «ҚК-тің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады». Қылмыстардың жиынтығында адам, егер жасалған әрекеттердің белгілері ҚК-тің бір бабының немесе бабының бір бөлігінің неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін нормасымен қамтылмаған болса әрбір жасалған қылмыс үшін ҚК-тің тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
Басқаша айтқанда, кінәлі тұлғаның жасаған қоғамдық қауіпті әрекеттерінің жиынтығы кезінде, қылмыстың екі немесе одан да көп құрамдары орын алады. Және де ескерілетін жай – кінәлінің жасаған істері ҚК-тің Ерекше бөлімінің түрлі баптарында немесе бір бабының әр түрлі бөліктері мен тармақтарында қарастырылған қылмыстардың белгілеріне сай болуы керек. Тұлғаның біртекті әрекеттер жасауы, ол әрекеттердің кейбіреулері аяқталған қылмыс, қалғандары қылмыс жасауға даярлану, оқталу немесе бірлесіп қатысу сияқты болып сараланса да – қылмыстардың жиынтығы болып табылады. Құрамына кіретін істердің ешқайсысы үшін тұлға бұрын сотталмаған жағдайда ғана қылмыстар жиынтығы орын алады. Ал бұдан өзге жағдайларда ол қылмыстың жиынтығы емес, қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы немесе қайталануы болады. Іс жүзінде, субъектінің қылығында қылмыстың көптігінің бірнеше түрлері, атап айтқанда, қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы мен жиынтығы, қылмыстардың жиынтығы мен қайталануы бірден байқалатындығы жиі ұшырасады. Қылмыстардың жиынтығының түрлерінің әрқайсысының заңды салдары дербес туындайды. Бұдан басқа, жиынтықтың құрамына енетін қылмыстар бойынша, жоғарыда айтылғанындай, қылмыстық жауаптылыққа тартылудың ескіру мерзімінің өтіп кетпеуі, осы қылмыстардың біреуі бойынша қылмыстық жауаптылықтан заң жүзінде тағайындалған негіздер арқылы бұрын босатылмағандықтан болуы қажет.
Қылмыстар жиынтығының екі түрі болады: идеалды және нақты.
Кінәлі тұлға өзінің бір ғана әрекеті арқылы, қылмыстық заңның әртүрлі баптары бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыс жасаған жағдайда идеалды жиынтық орын алады. Қылмыстар жиынтығының бұл түрі ҚК-тің 12-бабының екінші бөлігінде тікелей қарастырылған. Идеалды жиынтық әрекеттермен қатар, әрекетсіздіктен де құралуы мүмкін. Идеалды жиынтық үшін кінәлінің жасаған ісінің бір-ақ рет орын алуының, немесе ол істің әжептәуір ұзақ уақыт аралығында жасалып келгендігінің еш маңызы жоқ1.
Үйдің ішіндегі адамды өлтіру мақсатымен сол үйді өртеп жіберу – идеалды жиынтықтың айқын, нақты үлгісі. Бұл мысалда жалғыз әрекет арқылы бірден екі қылмыс, яғни бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 187-бабының екінші бөлігі), әрі кісі өлтіру (ҚК-тің 96-бабы) жасалып отыр. Бұл жерде, кінәлі адамның үйдің ішіндегі болу-болмауы істің айқындаушысы болып табылады. Егер де кісі өлтіру жөнінде ниет болмаған жағдайда, бұл іс өзіне тиісті жағдайларға қарай бір ғана қылмыс ретінде сараланады, атап айтқанда, бөтен мүлікті қасаөана жою немесе бүлдірудің абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыруы (ҚК-тің 187-бабының үшінші бөлігі).
Тұлғаның өзінің әртүрлі әрекеттері арқылы қылмыстық заңның түрлі баптарына (бір баптың бөліктері мен тармақтарына) сай келетін бірнеше қылмыс жасауы нақты жиынтық деп қарастырылады. Мысалы, адам алдымен ұрлық, содан кейін құрақшылық жабуыл жасайды.
Нақты жиынтықтың идеалды жиынтықтан айырмашылығы – тұлғаның жасаған қылмыстарының арасында уақыт үзілісінің болу – болмауында. Бұл үзіліс тіпті азғандай ғана болып, бір қылмысқа екінші қылмыс ұласып отыруы мүмкін.
Қылмыстар жиынтығының идеалды және нақты болып бөлінуінің теориялық ғана емес, практикалық тұрғыдан да маңызы зор.
Біріншіден, нақты жиынтықтың болуы, әдетте, қылмыс жасаған адамның қоғам үшін анағұрлым қауіпті екендігін дәлелдейді. Ал мұның өзі жаза тағайындау кезінде соттың неғұрлым қатаң шара қолдануына әкеліп соқтырады, себебі алғашқы қылмыстың жасалуы екінші қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде ауырлатушы жағдай ретінде танылуы мүмкін (ҚК-тің 54-бабының бірінші бөлігінің “а” тармағы).
Екіншіден, қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі идеалды және нақты жиынтық кезінде әрқалай есептеледі....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі