Қылмыстық заң | ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ
Мазмұны
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Қылмыстық заң
ә) Қылмыстық заңның түсінігі
б) Қылмыстың заңдық құрылымы
в) Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы
г) Қылмыстық заңның белгілі уақытта қолданылуы
д) Қылмыстық заңды түсіндіру.
ІІІ Қорытынды.
ІV Пайдаланған әдебиеттер.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ
Қылмыстық заң — Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады.
Қылмыстық заңның міндеттері — бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылыктан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық жауаптылықтың негіздерін белгілейді. Жеке адамға, мемлекетке немесе қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қандайы қылмыс болып табылатынын айқындайды. Қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын белгілейді.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тыйым салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады. Қылмыстық заң сонымен қатар тиісті органдарға және лауазымды адамдарға іс-әрекетінде қыл¬мыс белгісі бар кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе көрсетілген негізге сүйеніп, оларды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды міндеттейді. Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде тыйым салушы және міндеттеуші нормалар болып табылады. Бұл нормалардың тағы да сақтандырушылық және тәрбиелік мәнібар.
Қылмыстық құқықтық норманың сақтандырушылық функциясы—істелген іс-әрекеті үшін тиісті баптардың санкциясында көрсетілген жазаны кінәлі адамға тағайындау мүмкіндігі аркылы өз көрінісін табады, осы арқылы барлық азаматтарды қылмыс істеуден күні бұрын сақтандыру арқылы тәрбиелік ықпал ету шарасы жүзеге асырылады. Қылмыстық-құқықтық норма, соны¬мен бірге кез келген азаматарды заңды бұлжытпай орындауға тәрбиелеумен бірге, оларды қылмыс істегендермен ымырасыз күрес жүргізу рухына баулиды. Қылмыстық құқықтық норма қоғамдық қатынастарды қорғап қана қоймайды, ол сонымен бірге мұндай қатынастарды ретке келтіреді, өйткені қоғамдық қатынастарды қорғаудың өзі соны ретке келтіру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық белгілі бір қоғамдық мінез-құлық өрелерін белгілеумен бірге, осы өрелерді бұзушыларға қарсы қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану арқылы өз міндеттерін жүзеге асырады. Қылмыстық құқықтық норма өзінің реттеушілік ықпалымен, кез келген азаматтарды қылмысты құбылысқа төзімсіз болуға, олармен ымырасыз күрес жүргізуте бау¬лу арқылы іске асырады.
Қылмыстық заң — қылмыстық құқықтың ең негізгі көзі. Сот үкімі, ұйғаруы немесе қаулысы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Сондай-ақ Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшы қаулылары да құқық нормасы болып табылады. Мұндай қаулылар белгілі бір қылмыстық-құқылық норманың түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді. Сондықтанда ондай қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Сот прецеденті біздің Республикамызда құқық нормасы болып са-налмайды. Ол Ұлыбритания, Канада сияқты мемлекеттерде ғана құкық нормасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 52-бабында сот айыпты-деп танылған адамға жазаны Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің ережелеріне сәйкес істелген қылмысы үшін жауаптылық қаралған Ерекше бөлімнің тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды деп белгіленген. Жаза тағайындағанда сот істелген қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басының ерекшеліктерін, мінез-құлқын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, соңдай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын толық есепке алады. Қылмыс істеген адамға оның түзелуіне немесе жаңа қылмыс істеуден сақтандыруына қажетті және жеткілікті әділ жаза та-ғайындауы керек. Мұның өзі соттың жаза тағайындауында заң талаптарымен қоса өзінің құқықтық сана-сезімін басшылққа алатынын көрсетеді. Алайда, құқықтық сана-сезім құқық нормасы болып табылмайды. Ол сотқа тек қана қылмыстық құқықтық норманың мазмұнын дұрыс түсінуге жөн сілтейді. Қылмыстық заң, басқа заңдар сияқты барлық лауазым адамдары, азаматтар, "' заңды тұлғалар үшін міндетті күші бар заң нормасы болып табылады. Оны қандай да бір болмасын сылтаумен бұзуға немесе орындамауға жол берілмейді. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық норманы білдірудің нысаны, ал оның нормасы оның мазмұнының көрінісі болып табылады.
Қазақстан Республикасында қылмыспен күрес жүргізу қылмыстық құқық норма ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Заң¬ды күшіне енген үкім бойынша тағаындалған қылмыстық жазалардың орындалуы қылмыстық атқару кодексімен реттеледі. Кейбір реттерде жекелеген жазалардың орындалуы баскадай арнайы заңдылық актіменде белгіленуі мүмкін. Қазақстан Рес-публикасының 1993 жылы 15 қазанда бекітілген «Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы» заңына сәйкес «төтенше жағдай кезінде істелген қылмыс үшін сот ісін жүргізудің төтенше түрлерін енгізуге жол берілмейді» деп белгіленген. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес қылмыстық заңдар Республика Парламентінде қабылданады. Қазақстан Республикасы Констн-туциясының 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару, оның ішінде қылмыстық заң шығару бастамасы құқығы да Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады. Ұсынылған заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және қарау мәжілістің ерекше қарауында болады (56-бап, 1-тармақ). Рес¬публика Конституциясының 54-бабының 1)-тармақшасына сәйкес заңдар Парламент Палаталарының бөлек отырысында әуелі Мәжілісте, одан кейін Сенатта өз кезегімен қаралып қабылданады.
Президент Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды не¬месе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады (44-бап, 2)-тармақша). Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заң баптары бойынша ол қарсылық жіберген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Парла¬мент әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрынғы қабылданған шешімді растайтын болса, Президент жеті күн ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданады деп есептелінеді. (53-бап, 3)-тармақша). Конституцияның 53-бабының 4)-тармақшасында көзделген ретте Республика Президенті заңдар шығарады, ал 61-баптың 2-тармағында көзделген ретте Республиканың заң күші бар Жарлықтары шығарылады. Бұрын қолданылған Қазақ ССР Қылмыстық кодексі 1959жылы қабылданған еді. Жаңа Қылмыстық кодекс 1997 жылы 16 шілдеде қабылданды. Қылмыстық ко¬декс дегеніміз барлық қылмыстық заңдардың белгілі бір жүйеге келтірілген жиынтығы болып табылады. Кодексте қылмыстық құқықтың жалпы ережелері мен принциптері, қылмыстық-құқықтық қатынастарды реттейтін және қандай қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қылмыс болып табылатынын анықтайтын ұғым-дар, қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін жазалар белгіленеді. Қылмыстық кодекс Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде жоғарыда айтылған қылмыстық құқықтың жалпы ережелері, міндеттері, қыл¬мыс пен жазаның түсінігі, қылмыс пен жазаны жоятын мән-жайлар, т. б. мәселелер қарастырылады. Жалпы бөлімнің баптары өзара бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар жаза тағайындауда және шартты жазаны қолдануда міндетті түрде есепке алынады.
Ерекше бөлімде жекеленген нақты қылмыс түрлері үшін жауаптылық және жаза белгіленген. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі бірнеше тарауларға бөлінген. Әр тарауға бір объектінің маңыздылығына қарай тиісінше орын берілген. Қылмыстық заңның заң шығарушының еркін білдіретін белгілі бір техникалық ережелерге негізделген өзіндік құрылымы бар. Қылмыстық-құқылық нормалар мазмұнына қарай үш түрлі топқа бөлінеді:
I.Декларативті — яғни, қылмыстық құқықтың жалпы міндеттерін айқындайтын нормалар (Қылмыстық кодекстің 2-бабы).
II. Анықтаушы — яғни, қылмыстық құқықтың түсінігі мен жекеленген институттарына айқындама беретін нормалар (Қыл¬мыстық кодекстің 9-бабы — қылмыс ұғымы).
III. Арнаулы — яғни, нақты қылмыс құрамына және оған тағайындайтын жазаға сипаттама беретін нормалар (мысалы. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі, барлық нақты, жекелеген қылмыс құрамдары). Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің бабы өзінің құрылысы жағынан Ерекше бөлімдегі баптың құрылысынан өзгеше болады. Жалпы бөлімнің бабы тек қана диспозициядан құралса, ал Ерекше бөлімнің бабында диспозицияға қоса санкцияда болады.
Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің баптары топтық және түрлік болып екіге бөлінеді. Топтық баптар біртектес қылмыстардың ортақ және соларға тән белгілерін анықтайды. Мыса¬лы, Қылмыстық кодекстің 366-бабында—әскери қылмыстардың түсінігі берілген. 307-бапта лауазым адамының түсінігі айтылған. Топтық баптардың түсінігі әр түрлі тарауда орналасқан, әр түрлі қылмыс топтарын бір-бірінен жіктеуге мүмкіндік береді. Түрлік баптар бойынша заңда көрсетілген жекелеген қылмыстың белгілері және осы қылмысты істегенде қандай жаза тағайындалу керек екендігі көрсетіледі. Қылмыстық кодекстің Epeкшe бөлімінің баптары диспозициядан және санкциядан құралады. Кодекстің Ерекше бөлімі бабындағы қылмыстың атауын және оның белгілеріне сипаттама беретін жағын диспозиция деп атай-мыз. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 120-бабындағы әйелді зорлаудың диспозициясы былай: «зорлау, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау» деп көрсетілген. Диспозицияның төрт түрі бар:
I. Жай диспозиция. Жай диспозиция қылмыстық - әрекеттің атын ғана айтып қояды, оның нақты белгілерін ашып көрсетпейді. Жай диспозиция қылмысты іс-әрекеттің мазмұны оның белгілерін ашып көрсетілмегеннің өзінде жеткілікті түрде түсінікті болған жағдайда қолданылады. Мысалы, 96-баптағы «Адам өлтіру», 175-баптағы «Ұрлық».
II. Сипаттамалы диспозиция. Қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде нақтылап көрсететін диспозицияны сипаттамалы диспозиция деп атаймыз. Жай диспозицияға қарағанда қылмыс құрамын айқындайтын сипаттамалы диспозицияның артықшылығында дау жоқ.
Сипаттамалы диспозицияға 166-бапта көрсетілген шпиондық жасау құрамы мысал бола алады. Мұнда шпиондық жасау аталып қана қоймай, оған «мемлекеттік немесе әскери құпияны құрайтын мәліметтерді шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзгеде мәліметтерді Қазақстан Республикасының сыртқыі қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін беру немесе жинау, егер осы әрекеттерді шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса» деп толық түсінікті сипаттама беріп отыр.
III. Бланкеттік диспозиция. Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыстың құрамын анықтау үшін басқка заңдарға немесе нормативті актілерге, үкімет қаулылары мен жарлықтарына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгіну кажет. Яғни, қылмыстық заңның талаптарының бұзылуы орын алғандығы туралы мәселені шешу басқа заңдармен немесе нормативті актілермен анықталады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 295-бабындағы темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзуы. Бұл қылмыс құрамын анықтау үшін көлік кұралдарының осы түрлерінің қауіпсіздігі мен пайдалану ережесін реттейтін тиісті нормативті актіні басшылықка алу қажет. Егер осы сияқты бланкеттің нормаларды ҚК-тің өзінде тізіп көрсете берсек, сонда кодекстің баптарының көлемі тым ұлғайып, оны пайдаланудың өзі қиынға түсер еді. Мысалы, тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзудың (245-бап) өзі осы баптың диспозициясына көптеген қиын әрі күрделі ережелер мен бұйрықтарды көрсететін жазуды талап етер еді. Сондықтан да заң шығарушы мұндай реттерде бланкеттік диспозици¬яны пайдаланудың тиімділігіне жол беріп отыр.
IV. Сілтемелі диспозиция нақты қылмыс құрамын анықтайды. Бұл диспозиция бойынша қайталап жатпау үшін қылмыстың осы құрамын анықтаған қылмыстық заңның тиісті бабына, баптың тармағына сілтеме жасайды. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-бөлігіндегі кісі өлтіруді алайық. Оңда «Н» тармағында осы Кодекстің 97—100-баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру делінген. Бұл жерде бұрын адам өлтірген деген ұғымға қатысы болатын құрамдарды қайталап жатпас үшін, заң шығарушы сол ұғымдарға анықтама берілген баптарға тиісінше сілтеме жасап отыр.......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?