Қылмыстық заң | Қылмыстың обьективтік жағының түсінігі мен маңызы

Кіріспе
1. Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы
Қылмыс құрамының обьективтік жағы қылмыстық- құқықтық нормаларының диспозицияларында көрсетілген қылмыстық әрекеттердің сыртқы белгілерінің жиынтығында тұжырымдалады.
Адам жасаған кез- келген әрекетте көптеген ішкі және сыртқыбелгілері болады.
Нақтылы қылмыстық- жазаланатын әрекеттер әркезде де жеке- дара сипатта болады. Бұл жерде адамның жай дене қозғалысын емес, оның саналы қызмет-әрекетінің қарастыруымыз керек. Адамның мұндай қызметі- егер онда оның ойы, сезімі немесе көңіл-күйі емес, тек қимыл-әрекетті нақты көрініс тапқан жағдайда ғана қандай да бір қылмыстық заң нормасына сәйкес келеді және сол норманың ықпалында болады.
Қылмыстық нақты құрамының обьективтік жағы- оны қоғамға қауіпті және қылмыстық құқыққа қарсы дап тануға, сондай-ақ оны қылмыстың аралас құрамдарынан ажратуға қажетті белгілердің ғана жиынтығын құрайды.
Мысалы, ұрлықтың обьективтік жағы (ҚК-тің 175-бабы)- бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау; зорлаудікі- күш қолдану арқылы жыныстық қатынас жасау, жәбірленуші немесе жәбірленушінің дәрменсіздік жағдайын пайдаланып (ҚК-тің 120-бабы); бұзақылықтікі- қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық (ҚК-тің 257-бабы), және т.б.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық заң | Қылмыстық заңның дамуы

Кіріспе
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңының тарихын жазу кезек күттірмейтін аса келелі мәселе, еліміздің абыройлы міндеті. Әрісі дүние жүзі, берісі өз республикамыздың заңгерлері үшін қазақ елінің әлімсақтан келе жатқан сот істері мен билер үкімін тарихи тұрғыдан танып білу – аса қажет нәрсе. Біздің дәуірге дейінгі жыл санауды және одан кейінгі дәуірлердегі, жалпы, жер бетіндегі мемлекеттердің дамуы, қалыптасуы бір-бірімен етене аралас өркен жағынан тарих теріске шығармайды. Ендеше мемлекетіміздегі үшінші Әлем жұртшылығының алдында осы кезге дейін қазақ халқы көшпенді, өз алдына мемлекет, ел билеу заңы жоқ жабайы халық ретінде сипатталып келді. Бұл әрине ақиқатты тарихты бұрмалаушылық еді. Тарих деректеріне жүгінсек, қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет құрғалы бері бірнеше заңдар жинақтарын қабылдаған. Мұндай заңдар қатарына алдымен 16-ғасырдың бірінші ширегіндегі Қасымхан (1511-1520 ж.ж.) дәуірінде қабылданған "Қасым ханның қасқа жолын" жатқызуға болады. 16-ғасырдың аяғыңца 17-ғасырдың басында билік құрған Есімханның (1548-1628 ж.ж.) "Есім ханның ескі жолы" деп аталатын заңдар жинағы болғаны тағы белгілі. 17-ғасырдың аяғында 18-ғасырдың басында Тәуке хан тұсыңда (1680-1718 ж.ж.) атақты "Жеті жарғы" деп аталатын конституциялық құжат жасалды. "Жеті жарғыға" сол кездегі қазақтың тұрмыс, әдеп ғұрпына, өміріне тән қоғамдық қатынастардың негізгі салалары енген. Бұл құжат жеті саланы: жер дауын; жесір дауын; құн дауын; бала тәрбиесі мен неке қатынасын, қылмысқа жауапкершілікті, руаралық дауды және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тәртіптеген (оның жазба толық нұсқасы әлі табылған жоқ, бізге ұрпақтан-ұрпаққа ауызша ауысқан түрі ғана жеткен).....
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық заң | Қылмыстық заң құрылымы, жүйесі

[quoteI. КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдық қатынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет. Заң талаптарың құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы.] .... [/quote]
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық заң | ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ
Қылмыстық заң — Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады.
Қылмыстық заңның міндеттері — бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылыктан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық жауаптылықтың негіздерін белгілейді. Жеке адамға, мемлекетке немесе қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қандайы қылмыс болып табылатынын айқындайды. Қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын белгілейді. Қылмыстық заң жазалау қатерімен тыйым салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады. Қылмыстық заң сонымен қатар тиісті органдарға және лауазымды адамдарға іс-әрекетінде қыл¬мыс белгісі бар кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе көрсетілген негізге сүйеніп, оларды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды міндеттейді. Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде тыйым салушы және міндеттеуші нормалар болып табылады. Бұл нормалардың тағы да сақтандырушылық және тәрбиелік мәнібар.....
Курстық жұмыстар
Толық