Саясаттану | Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар

 Саясаттану | Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар

Мазмұны

І-тарау. Кәмелетке толмаған қылмыскерлермен жасалатын қылмыстардың мәні және мінездемесі
1.1. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың сипаты
1.2. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың негізгі себептері
1.3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстарының алдын-алуға бағытталған шаралар
ІІ-тарау. Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаудың түсінігі мен мәні.
2.1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын қылмыстық жаза түрлері
2.2. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары және оның мазмұны
2.3. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату мәселері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.....


І-тарау. Кәмелетке толмаған қылмыскерлермен жасалатын қылмыстардың мәні және мінездемесі.
1.1. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың сипаты.

Өзінің тәуелсіздігімен мемлекеттілігінің қалыптасу жолындағы ең алғашқы күндерінен бастап, Қазақстан Республикасы интеграциялық процестерге жай ғана қатысушы болып келе жатқан жоқ, сонымен бірге қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында елдерді біріктірудің бас инициоторларының бірі ретінде танылып келеді. Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңесін құрудың инициаторы болып табылады және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру процесінде де негізгі рөлге ие.
Осындай әлемдік ауқымды мәселелерді өз міндетіне алып отырған мемлекетімізде сан-алуан қылмыстардың жасалуы, соның ішінде қылмыстардың кәмелетке толмағандармен жасалуы қоғамыздағы елең еткізер өзекті мәселердің бірі болып қалып отыр.
Жастар ісі бойынша атқарылатын мемлекеттік шаралар көптің ісі болып қоғамда өзінің орнын алуы тиіс. Мемлекет тарапынан бұл іске қаражат бөлінбек, ол ендігі жерде жоспарлы түрде жұмсалып, жетімдерге, жағдайы нашар отбасына, көп балалы аналарға және аула клубтарын ашуға және басқа да жастарға арналған тәрбиелік шараларға бағытталуы тиіс.
-Қазір қаңғыбас балалардың кездесуі жаңалық болмай қалды. Сонда бұлар кім? Жастайынан тағдыр тәлкегені қалай ұшырайды?
-Көшеде тентіреп, бұрыш-бұрышты сағалап, жылу жүйелерінің қуысына түнеген қаңғыбас қамқорсыз қалған балалар кездеседі. Олардың бірі тұл жетім болса, бірі нарық қаспағына шыдамай арақтың арбауына түскен ата-анасынан жеріген балалар немесе үйінен, балалар үйінен қашқан қиын жасөспірімдер. Біздің полиция қызметкерлері жұмасына екі рет осындай жасөспірімдерді жинап, аудандық ішкі істер бөліміне әкеліп, тексеріп, мектептерден мінездеме аламыды. Егер олардың ата-аналары ұрпақ тәрбиелеу жауапкершілігінен ауытқып, азғындық жолға түскен жағдайда ата-ана құқығынан айырып, ал жасөспірімдерді балалар үйіне тапсыруды. Ұсталған жасөспірімдердің бір бөлігін қамқорлау орталығына тапсырады. Басқа жерден келген жасөспірімдер болса, ата-аналарымен хабарласып, анықтау жұмысы жүргізіледі, жетім болса мектеп интернаттарға жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес елімізде Неке және отбасы, ана мен әке, және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы, әрі парызы.
Бұл-басты қағида. Алайда жеке адамның өмірі кейде тек сол Негізгі Заңда жазылған қағидаларға сәйкес келе бермейді. Ұрпақты өмірге келтіргенмен, оны өсіріп тәрбиелемек түгелі, өзінің қара басын алып жүре алмайтын ата-аналардың бары ащы шындық. Мұндайда мемлекет конституциялық міндеттемесін атқаруға кіріседі.
Азғындық жолға түсіп,балаларды тағдыр тәлкегіне салған ересектерді ата-ана құқығына сот арқылы айырып,баланы заңды түрде туысқандарының тәрбиесіне көшіруге, немесе мемлекеттің қамқоршылық органдарының қарамығына алдыруға тура келеді.
Өйткені, бізде қазір қамқорлыққа алу комитеті бар. Аталған комитет жасөспірімдердің болашағын ойлап,жетім қалған жасөспірімнің, ең алдымен үй мүлкін тексереді. Егер үйі бар болса, прокурорға қатынас қағазымен шығып, әлгі үй заңдастырылады. Үй мүлік жағдайы шешілгеннен кейін ғана бала комиссия арқылы балалар үйіне тапсырылады. Бұрын жетім қалған көптеген баланы үй мүлікі талай ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткені жасырын емес. Өйткені, оны кезінде ешкім тіркемеген, ондай жасөспірімдердің ертең басында баспанасы, не барар жері жоқ болатыны тағы түсінікті. Сондықтан біздің құқық қорғау органдары бұл мәселені қатаң назарда ұстап отыр.
Білім-білімге жетелейтін орталықтардың күннен-күнге келіп, жабылып жатқандығы, ұстаздардың мардымсыз жалақыларын сылтауратып, оқушылардың тәрбиесіне селқос қарайтындығы балалар өмірінде теріс көрініс табуда.
Мемлекетіміздің болашағы, тірегі жасөспірімдер дейтін болсақ, не алатын сапалы білімі, не тиянақты тәлім-тәрбиесі болмаса, олардан не қайыр, не үміт? Осындай кәмелетке толмаған жасөспірімдер еліміздегі тұрғындардың он бесінші бөлігін құраса да, бүкіл қылмысты әрекеттердің бестен бірін жасайды екен.
Бүгінде қай жерде болсын теледидар экранынан, баспасөз беттерінен жасөспірімдер колониясындағы балалар өмірін суреттейтін материалдар көп беріліп жүр. Жас қылмыскер өмірі жайлы шындықты оқыған, көрген сайын жағаңды ұстайсың, таңданасың, бүгініміз бен болашағымызды ойлап қорқасың. Өмірге келген сәбиді ертең қылмыскер, қанішер болып өседі деп кім ойлар.
Ересек субъектілердің қылмыс жасауы кәмелетке толмағандарға белгілі болған жағдайда мұндай мән-жайлар кері өнеге алуға кәмелетке толмағандарды баулайды. Ересек қылмыскерлердің қылмыс жасауы туралы әңгімелерді суреттеп, көркемдеп айтуы жастар психологиясында қылмыс жасауға деген құштарлық сезім оятады. Сондықтан кәмелетке толмағандардың ересек қылмыскерлермен, соның ішінде бұрын сотталғандармен жиі араласуы оларға қылмыстық тәжірибе және қылмысқа деген құштарлық әкеледі. Ал, ҚР-ның қылмыстық кодексінің 131,132-ші баптары бойынша кәмелетке толмағандарды қылмыстық іс-әрекеттерге тартумен байланысты қылмыстардың жасалуы өмірімізде кездесіп жатады. Кәмелетке толмағандарды алдау, қызықтыру, қорқыту, күш қолдану, есірткі немесе ішімдік заттар қолдану арқылы оларды қылмысқа тарту қоғамға қауіпті қылмыстық болып табылады. Кәмелетке толмағандар бұндай қылмыстарды жасауға ата-аналарының, педагогтарының басқа да тәрбие ұйымдарының адамдарының қылмысқа тартуы ерекше жоғары көлемде зардаптар әкеледі. Бұндай қылмыстар жасауда кәмелетке толмағандар ерекше құштарлықпен, ынтамен, сенімділікпен қылмыстық іс-әрекеттерге барады. Жоғары көрсетілген субъектілерге бұндай қылмыстар жасағаны үшін қатаң жаза қолдану белгіленгенімен бұндай қылмыстардың ерекше зардаптары бар. әрине бұндай қылмыстарды болдырмау қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бірі.
Бірақ, өкінішке орай, сол кешегі кішкентай ғана балақай бүгін аса қауіпті баскесерге айналып жатады. Бұл біздің балаға жеткілікті мән бермейтінімізді, өз дәрежесінде тәрбиелемейтінімізді айғақтайды.
Құқықтық тәрбие жасөспірімдердің бойында құқықтық талаптарды құрметтеу сезімін қалыптастырып, азаматтардың санасына құқық пен міндеттің бірлігін сездіреді, олардың қоғамда өзін-өзі дұрыс ұстап, әсіресе жасөспірімдер арасындағы қылмыстық әрекеттерді алдын алуы мүмкіндік туғызады. Десек те, бүгінде жасөспірімдерге жан-жақты құқықтық тәрбие беретін жеткіншектерді дер кезінде тәртіпке шақырып, толыққанды тәлім-тәрбие беріп отыратын мектептер азайып барады, бұрынғыдан балалардың басын қосатын себептермен соңғы кездері жасөспірімдердің қылмысқа ұрынулары күрт көбейіп кетті.
Кәмелетке жасы толмаған адам деп қылмыс жасаған кезге қарай он төрт жасқа толған, бірақ он сегіз жасқа толмаған адамды айтамыз. Бүгінгі таңда жастар арасындағы криминалды белсенділік өте жоғары деңгейде. Әсіресе кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылықтың өсуі алаңдатады, өйткені олар ересектерге қарағанда, тәжірибесі мен білімінің жеткіліксіздігінен көптеген проблемаларды шеше алмайды.
Кәмелетке жасы толмағандар қылмысты жекелей де топ болып ұйымдасып та жасайды. Мұның өзі қоғам және оның болашағы үшін үлкен қатер.
Жасөспірімдердің қауіпті жолға түсуі барып тұрған қасіретті құбылыс. Жасөспірімдер қылмыс жасай отырып өз басына ғана емес қоғамға өз отандастарының мүддесіне, өзінің туған туысқандарына үлкен зиян жасайды. Жасөспірім - қылмыскер ең бірінші кезекте өзінің отбасына қасірет болып табылады.Оларды қылмыстық жолға түсірмеу халықтық іс,себебі болашақта дұрыс азаматтар тәрбиелеу алдымызға қойылған талаптардың маңыздысы.

1.2. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың негізгі себептері.

Біздің өзімізді қоршаған қоғамның қалай өзгеретінін көріп-білуге қабілетіміз кәміл жетеді, оның есесіне, кейде өзіміздің қалай өзгеретінімізді аңғара бермейміз. Біз өзімізше мынау жаңадан пайда болыпты немесе бұрынғылар көзден ғайып болды ғой дейтініміз бар. Себебі, еліміздегі әр түрлі жан түршігерлік қылмыстық оқиғалар болып жатқандығын ақпарат беттерінен көріп жатамыз. Соның ішінде қылмыстардың кәмелетке толмағандармен жасалуы олардың жасалу себептеріне түпкілікті, анығырақ зеріктеу қажеттілігі керекті деген ой тудырады.
Қылмыс жасау тәсілі қылмыстың криминалдық сипаттамасының негізгі элементі ретінде екі түрлі – ішкі және сыртқы факторлар арқылы анықталатыны белгілі. Жалпы қоғамдағы және қылмыс құрамы мен дамуындағы өзгерістер қоғамдағы және қылмыс құрамы мен дамуындағы өзгерістер жекелеген қылмыс түрлерін жүзеге асыру тәсілдерінеенген өзгерістер туралы сөз қозғауға мүмкіндік беретін сияқты.
Балалар, жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар көбіне–көп уақыттарын үйде, ата-аналармен бірге өткізеді. Жанұя олар үшін өмірдің ең алғашқы мектебі. үлкен өмірге құлаш ұрып, ұшып шығатын алтын ұясы іспеттес. Әдетте балалар мен жасөспірімдер ата-аналарының бойындағы қасиеттерді бойына дарыта, соларға еліктейді. Ата-аналары бірін-бірін сыйлай біле ме, көршілермен ағайын-тумалармен тату ма, жұмыс орында беделі қандай? Міне, бала осының бәрін көріп, біліп өседі.
Өкінішке орай, әрбір жанұя және ата-ана осы бір маңызды мәселе-балалар тәрбиелеу ісіне көп көңіл бөле бермейді. Баларларға жайлы өмір жасаймыз, олардың бетінен қақпаймыз, солар балалық шақтарын қызықты өткізсін деген мақсатпен көпшілік ата-аналар қателікке ұрынады. Осы қателіктің салдарынан ата-аналар опық жейді.Сондықтан осындай ата-аналардың ,,Баланы жастан тәрбиеле,, деген аталы сөзді жадыларында ұстағаны абзал.
Ата-аналардың осындай қамқорлығына сүйеніп, көптеген кәмелетке толмағандар түрлі қылмыстарға барады. Ал, ата-аналар ше? Олар болса өз балаларын қызғыштай қорып, кінәні басқа біреуге аударуға бейім тұрады. Бұл секілді орынсыз қорғаштаудың баланың мінез-құлқына кері әсері ететіндігі сөзсіз. Жекелеген ата-аналар өз балаларына шамадан тыс еркіндік беріп қояды, олардың бос уақыттарын қалай өткізіп жүретіндіктеріне, түнделетіп көше жүретіндіктеріне, араласып жүрген достарымен, ортасының қандай екендігіне оншалық мән бермейді. Бұл секілді жанұяда балалар ешқандай бақылаусыз, өз бетімен жіберіледі. Енді бір ата-аналар қатал ұстау, ұру, таяқтау, ұрсу дұрыс деп түсінеді.
Сот-тергеу тәжірибесінде көп жағдайда мұндай жанұяларда балалардың үйден қашып кетіп, кезбелікке салынып, түрлі қылмыс жасайтындықтары анықталды.
Жанұяның тұрақсыз болуы, ата-аналардың аяқ астынан ажырасуы да балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқына кері әсерін тигізеді. Олардың көңілін мұң торлап, ата-анаға деген сенімсіздігі арта түседі. Жанұяның шырқы бұзылған соң баланың бақылаусыз қалатындығы белгілі. Нәтижесінде олар теріс жүріске бой алдырып, түрлі қылмыстар жасауға дейін барады. Жанұя берекетсіздігінің, оның шаңырағының шайқалуының әкелетін зияны осындай. Өмірде келтірілген қылмыстық оқиғаларға жүгінсек, жазаға тартылған кәмелетке толмағандардың ата-аналар ажырасып, от басы шырқы бұзылған.
,,Бала тәрбиесі-бесіктен,, -деген ұлағатты сөз бар халқымызда жас ұрпақтар тәрбиелеуде ең алдымен олардың бойына адамгершілік заң силап, құрмет тұту, адалдық, шындыққа баулау сияқты ізгі қасиеттерді дарыта білу қажет.
Кәмелетке толмағандар көбіне тонау және қарақшылық шабуыл жасау тәсілдерін қолданады. Қылмыстық істерді зерттеу барысында мынадай жалпы тенденция анықталды.
Ол – кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс түрлері көп жағдайларда азаматтардың жеке меншігіне бағытталады екен.
Сонымен кәмелетке толмағандар жасайтын тонау және қарақшылық шабуыл әрекетерінің ең әйгілісі, былайша айтқанда “классикалық” түрі–жұлып алып кету. Сондай-ақ азаматтардың пәтерлері мен саяжайларын тонау да өз қарқынын беруде.
Алматы қаласында жасөспірімдер қылмысымен күрес және оларды қайта тәрбиелеу жөнінде Қалалық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер бөлімшесі айналысады. Қалада жалпы есеп бойынша 1200-ге жуық жасөспірімдер осында тіркелген. Өкінішке орай бүгінгі таңда жасөспірімдер қылмысымен күресте тек қана кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлері айналысады.
Норкологиялық орталықтың статистикалық көрсеткіштеріне сүйенсек, учётте 5500-ге жуық Алматы қаласының кәмелетке толмағандары тіркелген. Олардың 70 пайызына жуығы орта білім оқу және кәсіби техникалық мектептердің оқушылары. Бұл мекемелерде дәрілік препараттар ақылы болғандықтан, наркомания мен таксикоманияға шалдыққандардың көбісінің дәрі-дәрмектерді сатып алуға жағдайлары көтермейді.
Қалалық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер істері жөніндегі бөлімшесінің полиция аға лейтенанты Әлия Жанәділқызы Иманғалиеваның айтуынша қазір орта білім алу мектептеріндегі медициналық пунктің құрамына жасөспірімдердің наркоманиясы мен алкоголимзның алдын-алу үшін наркологтар мен психиатрларды кіргізуін ұсынып отыр.
Тағы да бір басты проблема – бұл жасөспірімдердің еңбек қамтылуы. Кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссия мен еңбекпен қамту орталығы бұл мәселені әзірше шеше алмай отыр. Әсіресе еңбекке бас бостандығынан айыру мекемесіне оралған жасөспірімдер мұқтаж дейді. Оларға өмір сүру үшін қаражат керек. Осындай түпкілікті жағдайда олар тағы да қылмыс істеу –жолына түсуі мүмкін. Кездесетін қиыншылықтарға қарамастан кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлім қызметкерлері өзінің міндеттерін нақты және толық көлемде орындауға тырысады.
Құқық қорғау органдарында тергеушілердің профилактикалық жұмысы қылмыстың алдын алуда бірегей әлеуметтік процестің құрамды бір бөлігі болып табылады.
Жалпы, жастар арасында тәртіп бұзуға, қылмыс жасауға қарсы профилактикалық жұмыс мемлекет органдары мен қоғамдық ұйымдардың еңбек ұжымдары және оқу орындарымен, сондай-ақ бұқарамен бірлесе отырып бұзақылықтың себептерін жоюға, қылмыскерлікті азайтуға, оларды барынша әділетті жолмен, зор жауапкершілікпен түзеуге бағытталған шаралар кешені ретінде көрінеді.
Тергеуші қызметінде тергеу сипаты тән немесе жай профилактикалық шараларды жүргізумен бірге жасөспірімдердің санасына қылмысты ашу туралы тергеу органдарының жұмысындағы құқықтық нормалардың, негізгі мүддеден ауытқымаушылықтың тиімділігі жөнінде жалпы мағлұмат қалыптастыру маңызды орын алады. Бұл тұрғыда И.И.Карпецтің: “жеткіншектер мен жастар арасындағы қылмысты қандай да бір жағымсыз адамдармен бейнеленгеннен гөрі онымен күресті тәрбиелік шаралар мен ескерту сипатындағы әрекеттермен жүргізу әлдеқайда тиімділік танытпау” дейтін қағидасы көңілге әбден қанады.
Ал, облыстық прокуратураның 2001 жылдың 3 тоқсанындағы жұмыс жоспарына сай, 2001 жылдың 1 жарты жылдығында соттармен жасөспірімдерге жаза тағайындау заңдылығына прокурорлық қадағалау дәрежесіне талдау жүргізіледі.
Талдау барысында, 2001 жылдың 6 айын өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жасөспірімдермен жасалған қылмыс 14,9 пайызға өскендігі анықталды. Қылмыстың өсуі Алматы қаласында, Кербұлақ, Қарасай, Райымбек аудандарында көбейген.
“Тоқсан сөздің тобықтай түйіні” болатыны сияқты, менің дипломдық жұмысымның түпкі нәтижесі, қорытындысы болуы керек. Әрине, басты мәселенің бірі-айыпталушының орнында кәмелетке толмаған, яғни көзқарастары жетілмеген жасөспірім болса, бұл жауапкершілік арта түседі.
Психологтардың және педагогтардың сипаттауы бойынша он төрт жас пен он сегіз жасқа дейінгі жас ерекшілік балалық шақтан ерексектік шаққа өту кезеңі болып табылады, яғни осы кезде организмде психологиялық және физиологиялық өзгерістердің болуы үлкен әсерін тигізеді.
Ендігі бір мәселе, заң әдебиетінің тапшылығы, әсіресе мемлекеттік тілде жазылған әдебиеттердің жоқтығы. Сондықтан әдебиеттен гөрі, газет-журналдарды пайдалануға тура келеді. Өйткені, шыққан заңдар мен жаңалықтар газет-журналдардан жарияланады.
Осы сұрақты қортындылайтын болсақ кәмлетке толмағандардың қылмыстылығының негізгі себептері сан алуан,дұрыс тәрбие бермеу,ата-аналар тарапнан қадағалаудың болмауы,қоршаған ортаның әсері,нашақорлық,ішімдікке салыну,жұмыссыздық және т.б.

1.3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстарының алдын-алуға бағытталған шаралар.

Еліміздегі қылмысқа қарсы күрестегі басты шаралардың бірі кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы қылмыстардың алдын-алу жұмыстарын негізінен ішкі-істер органдары жүргізеді.
Бұл қызметтің құқықтық негізін “Бала құқығы жөніндегі” Конвенция, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің 21 желтоқсан 1995 жылғы “Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы” Заң күші бар жарлығы, сондай-ақ басқа да кәмелетке толмағандардың құқығы және мүдделерін қорғау жөніндегі нормативтік актілер құрайды.
Ішкі істер органдары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшесінің кадрларымен ұйымдастыр жұмысыкелесі тәртіпте жүзеге асырылады: кәмелетке толмағандардың істері жөніндегібөлімнің басқарма бастығының, ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторларының, ішкі істер министрлігі, қалалық ішкі істер бөлімі аппаратының аға инспекторлары мен инспекторы, сондай-ақ ішкі істер органының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшенің бастығының қызметіне жоғары заң немесе педогогикалық білімі бар адамдар тағайындалады.
Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Учаскелік аға инспектор және учаскелік полиция ниспекторының қызметіне жоғары заң немесе педогокалық білімі, сондай-ақ арнаулы орта білімі (заң және педагогикалық) бар адамдар тағайындала алады.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшенің қызметкерлеріне негізгі мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет:
1) құқық бұзушы жасөспірісдерді, заңға қарсы бағытталған кәмелетке толмағандардың тотарын табу; қылмыстық, құқық бұзушылықтың, бақылауда болмаудың әлеуметтік адаптация және реабилитация жұмыстарының әдістері мен формаларын қолдану жолымен алдын-алу және қылмыстық жолын кесу, сондай-ақ азаматтық құқықтық және әкімшілік әрекеттік шаралар қолдану;
2) құқық бұзушылыққа және балалар мен жасөспірісдердің бақылауда болмауына, қылмыс жасауға мүмкіндік туғызатын ересек ұйымдастырушы және көмектесушіні, ата-ананы немесе оларды ауыстырушы адамдарды табу; кәмелетке толмағандардың бостандығы, көзқарастары және құқығын қорғауды қарастыратын қылмыстық, отбасылық, азаматтық құқық заңдарында көрсетілген баптардың талаптарының әсеріне сәйкес заңға қайшы қол сұғушылықтарды болдырмау;
3) жергілікті тұрғындарға кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын-алу, құқық бұзушылық және олардың бақылауда болмауы сияқты мәселелерге құқықтық көмек көрсету.
Кәмелекетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшенің қызметкерлері көрсетілген мәселерді орындау үшін жүйелі түрде мына шараларды өткізеді:
1) заң актілерінің талаптарына сәйкес жасөспірімдер мен балалардың топ болып жүретін жерлерінде құқық бұзушылықты және олардың қоғамға қарсы әрекеттерін табу мақсатынедла рейдтік алдын-алу жұмыстарын және операцияларды ұйымдастырады және жүргізеді;
2) қылмыстық жауаптылыққа тартуға жасы толмағандарды және қылмыстық жазалаушылық әрекет жасаған адамдарды кәмелетке толмағандарды реабилитациялау, адаптациялау және уақытша изоляциялау орталығына алып келу және осында ұстау; тергеу және криминалды полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, осы жасөспірімдерге арнап сот және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктің принциптерінің сақталуы мақсатындағы кәмелетке толмағанның құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына материалдар дайындайды.
3) қылмыс жасауға,құқық бұзуға бейімді жасөспірімдер, ата-аналаврға немесе оларды ауытырушы адамдар туралы оларға кері әсерін тигізетіндер туралы, құқыққа қарсы әрекеттің себептері мен шарттарын белгілеу ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?