Курстық жұмыс: Педагогика | Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты

Курстық жұмыс: Педагогика | Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты казакша Курстық жұмыс: Педагогика | Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты на казахском языке

Мазмұны
.
Кіріспе...........................................................................................................3-4

І ТАРАУ Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактикадағы оқыту мен дамытудың негіздері
І.1 Оқуты мен дамытудың теориялық негізі .................................................5-6
ІІ.2. Оқытудың әдіснамалық негіздері ........................................................7-10

ІІ Тарау. Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактикадағы оқыту мен дамытудың технологиялары
2.1. Оқыту технологияларының түрлері....................................................11-18
2.2. Модульдік – блоктік оқыту технологиясы …....................................19-20
2.3. Саралап және топтап оқыту технологиялары....................................21-22

ІІІ. Қорытынды..........................................................................................23-24

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................25-26

І ТАРАУ Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактикадағы оқыту мен дамытудың негіздері
Оқыту-қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын , білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту - қоғамдық құбылыс түріндегі мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықгы қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі - өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері.
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатқа ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:
-білім беру - бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, денелік және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:
-тәрбиелеу - әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және оқыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педегоғикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретінде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін "қызмет" ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипаттайды.
Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі). Оқытудың екінші қызметі — оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тәрбиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыту қызметі атқарылады (дамыту қызметі).
Адамның дамуы - бұл оның денесінін физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың профориентациялау қызметінің де мәні зор.
Үздіксіз білім беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық қарым-к,атынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалык іс-әрекетке дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креактивтілік қызметі тұлғаның жан-жактылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқыту процесі — түрлі реттегі және деңгейдегі зандар мен заңдылықтар арнайы айқындалатын заңдылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар объективті, мәнді қажетті, жалпы, тұрақты және белгілі бір жағдайларда қайталанып отыратын өзара байланыстарды бейнелейді. Феноменнің мәнінің қатаң түрде айқындалған ерекшеліктері — заңдарды құрайды.

2. Оқытудың әдіснамалық негіздері
Оқытудың әдіснамалық негіздері. Оқытудың жалпы ұйымдасуын формалары мен әдістерін таңдауды белгілейтін ұстанымдық ережелері педагогикалық процесстің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқытудың оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты болғандықтан, оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет.
Бихевиризм және прагматизм-оқып білудің тәсілдерін (тетіктерін) түсіндіруге мүмкіндік жасайтын, оқытудың кең таралған тұжырымдамалары. Бұл бағыттарға экзистенцализм және неотомизмде қосылады. Олар оқытудың ролін төмендетіп, сезімді тәрбиелеуге ақыл -ойды дамытуды тәуелдендіреді, бұл позицияның мәні тек жеке дәйектерді тануға, олардың заңдылықтарын ұғынуға болады деген зандылықтардан шығады.
Жаңа бағыттардың ішінде ерекше назар аударуға тұратыны: Д.Бруннер (АҚШ) жасаған "жаңалық ашу арқылы оқыту" тұжырымдамасы. Д.Бруннердің тұжырымдамасына сәйкес оқушылар дүниені, олардан барлық танымдық күштерін талап ететін және саналы ойлауға қаблетін дамытуға тікелей әсер ететін, өз бетінше жаңалық ашулары арқылы тануға білімді меңгеруге тиіс. Шығармашылықта оқытуға тән ерекшелік, Д.Бруннердің пікірі бойынша, белгілі бір тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, бағалау және осы негізде тиісті қортындыны жасау ғана емес сонымен қатар, оқылып отырған материалдың шеңберінен тыс заңдылықтарды да анықтау.
Ұстанымы тәжірбиелік педагогикалық іс-әрекетінің негізінде жатқан, қазіргі таңдағы дидактиканы төмендегі ерекшеліктері сипаттайды:
І.Оның әдіснамалық негізін таным философиясының объективті заңдылықтары құрайды.
2.Материалистік диалектика негізінде жасалған, қазіргі таңдағы дидактикалық жүйедегі оқытудың мәні мен оқушыларға дайын білімді беруді. не қыйыншылықтарды өз бетінше жеңулеріне, не болмаса оқушылардың өзбеттерінше жеке жаңалық апта оқуларына сәйкес келмейді. Оның айырмашылығы оқушылардың жеке пікірлері мен тәуелсіздігі, белсенділіктерінің, педагогикалық басқарымның саналы үйлесімділігінде.
Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені танудың арнайы түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардын, іс-әрекеттерінде оқуды салыстыру арқылы түсіндіруге болады.
Ғылым объективті жананы, ал оқушы — субъективті жаңаны таниды, бірақ қандайда бір ғылыми жаңалықты ашпайды, тек ғана ғылым жинақтаған ғылыми түсініктерді, ұғымдарды, зандарды, теорияларды, ғылыми дәйектерді меңгереді.
Ғалымның танымын эксперемент, ғылыми ойлау, сараптау, қателіктер, теориялық пікірлер құрайды, ал оқушының танымы мұғалім шеберлігінін көмегімен біршама жылдам және жеңіл түрде өтеді. Оқу танымы тікелей және жанама түрдегі оқушының көмегін міндетті түрде пайдаланады, ал ғылым тұлға аралық өзара әрекеттің көмегінсіз таниды. ғалым мен оқушы танымының арасындағы осы зор айырмашылыққа қарамастан бұл процестер негізін ұқсас яғни, әдіснамалық негіздері бірдей.
Оқыту процесін танымның арнайы процесі ретінде оның үнемі қозғалыстағы, дамушы процесс ретінде қарама-қайшылықтарында түсіндіру керек. Осыған байланысты мұғалім ешқандай тікелей түзуліктің шындық жолында тұрақты қозғалыс тетіктерінің болмайтынын және керісінше үлкенді кішілі серпілістердің, құлдыраудың күтпеген ойлардын, туындайтынын, толғаныстарын болатынын білу керек. Таным бейнемен беріле отырып, қайшылықтардан пайда болады. Онда логикалық талдау, индукцйя да, мәндісі де, мәнсізі де болады.
Негізгі қайшылықтар оқыту процесінің қозғалыс күші, себебі таным процесі, ол да сарқылмайтын құбылыс. М.А.Данилов оны оқытудың қозғалыстағы қадамдары танымдық және практикалық міндеттермен оқушылардың білімдерінің, іскерліктерінің және дағдыларының деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің дамуы мен қатынастарының арасындағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді.
Педагогикалық процестің қозғаушы күшін, М.А.Данилов тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарымен байланыстырады. Педагогикалық процестің ішкі қозғаушы күші танымдық еңбек, практикалық қоғамдық сипаттағы талаптар мен оларды іске асырудағы оқушылардың іс жүзіндегі мүмкіндіктерінің арасындағы қарама-қайшылықтар, яғни, әрбір жеке тұлғаның оқытудың қозғаушы күші — бір жағынан оған қойылатын талаптар мен екінші жағындағы оның құралдары мен мотивтерінің арасындағы қарама-қайшылықтар. Қажеттілік мотивсіз жасалмайды. Сондықтан оқушылардың мотивациясы, жеке тұлға мен ұжымды оқытудың қозғаушы күшін құрайтын қарама-қайшылық маңызды компоненті болып есептеледі.
Қарама-қайшылық мазмұнды болған жағдайда ғана оқушылар үшін мәнді болып, оқытудың қозғаушы күші бола алады, ал, қарама-қайшылықтың шешімі — олардың анық ұғынулары керек қажеттілік. Оқытудың қозғаушы күші ретінде қарама-қайшылықтың болуы шартты — оқушылардың танымдық өрісіне сәйкестігі. Оқушылардың білімді тек қана "ұстап қалмауы", соған "тіреліп" қалмас үшін және өз беттеріне шешу тәсілдерін табу үшін, оқу процесінің барысында логикаға сәйкес қайшылықтар алдын-ала әзірленуі маңызды.
Сонымен, жалпы білім беретін мектептердегі оқыту процесінің әдіснамалық негізі төмендегі әдіснамалық ережелерді біріктіреді: танымның жлпы әдісі ретінде диалектикалық әдіс; объективті ақиқаттың құбылыстарын сараптаудың тарихи тәсілі, қарама-қайшылықтың қозғалысындағы, дамуындағы процесті қарастыратын таным теориясы; диалектикалық ойлау; абстрактілік және нақтылық; объективтілік және субъективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, анықтылық және белгісіздік, шектеулік және шамалық; қарама-қайшылықтың рөлі мен мәні; оқыту теориясындағы тарихилық және логикалық; мән мен құбылыс; мазмұн мен форма: мақсат пен құралдың үйлесімділігі; мүмкіншілік пен ақиқат: оқыту теориясының сапалық және сандық қатынастары;
Оқытудың психологиялық негіздері. Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған Я.А.Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми неізін іздестіру басталған, соның негізінде әрбір оқушынын жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған. Бұл мәселеге орыс педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинскийде назар аударған. Ол өзінің «Адам тәрбие пән» атты еңбегінде, баланың түрлі жас ерекшеліғі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.
Оқыту мен тәрбиелеудің арақатынасы жөніндегі мәселе одан бергі уақытта да, өз өзктілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л.С.Выготскийде зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:
-оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;
-оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;

ІІ ТАРАУ.
2.1. Оқыту технологияларының түрлері
Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар.
Қазіргі кезендегі психологиялық педагогикалық әдебиетгер ғылыми-технологоиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына "жаңа компьютерлік технологияларды" енгізуімен бірге келген "технология" деген ұғым жиі кездеседі. ұылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт XX ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.
Барлық жасалған және қазіргі күнде адамның қолданып жүрген технологияларды екі түрге бөлуге болады: өңдірістік және әлеуметтік, өндірістік технологияларга үлігі ретінде табиғат шикізатын қайта өндеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп бастапқы материалды өнім "шығуында" белгілі бір алдын ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен қайта өңдеу процесі деп айтады.
Әлеуметтік технология деп, онда бастапқыда соңғы нәтиже болатын адам болады, ал негізгі оның көрсеткіші өзгеріп тұратын бір немесе бірнеше оның қасиеттері болады. Әлеуметтік технологияға классикалық үлгі ретінде жұмысшыларды өз мамандықтарына оқыту қызмет етуі мүмкін. Әлеуметтік технологня ол өндірісте қолданатын технологиядан принципиалды түрде өзгешелігі бар. Әлеуметтік технологиялар ұйымдастыру мен жүзеге асыру жағынан өте күрделі және оралымды. Әлеуметгік технология бұл өте жоғары деңгейдегі ұйымдастырылған технологиялар деуге болады, себебі адам әлеуметтік технологияның объектісі, ал .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Педагогика курстық жұмыстар, Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты, курстык Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курс, Курстық жұмыс: Педагогика | Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін