Экономика | Банк өтімділігінің тәуекелділігін басқару әдістері

 Экономика | Банк өтімділігінің тәуекелділігін басқару әдістері

Мазмұны
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 БАНКТІК ӨТІМДІЛІКТІ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІ
1.1 Банктік өтімділікті басқарудың теориялық негіздері ………………………….
1.2 Өтімділікті шешу жолдары ....................................................................................
1.3 Өтімділік тәуекелділігі: маңызы, сипаттамасы және негізгі түсініктері ..........
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ӨТІМДІЛІК БАСҚАРУЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының банктік секторының жағдайы .............................
2.2 Екінші деңгейдегі банктер үшін өтімділікті басқару әдістері ...........................
2.3 Банк мысалында өтімділікті басқаруды талдаудың сапасы ...............................
3 БАНК ӨТІМДІЛІГІНІҢ ТӘУЕКЕЛДІЛІГІН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІНІҢ ДАМЫП ЖЕТІЛУІ
3.1 Стресс-тестілеу екінші дәрежедегі банктердің банк мысалындағы өтімділік тәуекелділігіне ұрынуының сценариі сияқты ............................................................
3.2 Өтімділік тәуекелділігі кезіндегі банк іс-шараларының жоспары ....................
ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................................
ҚОСЫМША ................................................................................................................

1 ТАРАУ. БАНКТІК ӨТІМДІЛІКТІ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІ
1.1 Банктік өтімділікті басқарудың теориялық негіздері
Көптеген ЕДБ үшін өтімділікті басқару міндеті маңызды болып табылады. Өтімділік бойынша туындайтын мәселелер жоғары пайда түсіретін банктерде де болуы мүмкін.
Банк ұжымының тіршілігі үшін ең маңыздысы тімділік немесе активтер көбеюін қаржылыландыру мүмкіндігі және мерзімі келуі бойынша міндетін орындау болып табылады. Сондықтан, өтімділікті басқару – банкте жасалатын ең маңызды жұмыстың бірі.[1]
Өтімділік – бұл өте күрделі және ең негізгі факторлардың бірі. Ол банктердің сенімділігін және қаржылық жағдайын анықтайды, сонымен қатар банктердің өз міндеттемелерін қажетті мерзімде, өз уақытында жабуды қамтамасыз ете алатын қабілетін анықтайды.
Өтімділік термині – жеңіл өтімділік, сату, материалдық құндылықтың ақшалай құндылыққа айналуы және Коммерциялық банктің «Тіршілігі»- нің негізі ең алдымен оның өтімділігінде. Өтімділік нарықта нарық бағасымен қанша мөлшерде актив сатылатынын көрсетеді. Өтімділік нарығы - нарыққа қатысушылар нарық бағасына еш айтарлықтай ықпалсыз қыруар көп және тез арада жұмыс бекіте алатын нарық. [2]
Осылайша, екінші деңгейлі банктің өтімділігінің негізі ретінде банктің аздап кешігіп, өзінің қаржылық қажеттіліктерін өз уақытында қамтамасыз ету қабілеті барын түсіну керек. Банк өтіміділігі банкке тартылған активтер мен пассивтер орналасу мерзімдерінің сәйкестігі және актив пен пассивтердің баланстылығымен анықталады. Сонымен қатар өтімділік активтерін сату мүмкіндігімен және қысқа мерзім ішінде өте аз шығынмен, әртүрлі қаржы құралын салып ақша қаржысын алуды ойластыру.
«Төлемқабілеттілік» - термині банктің өз міндеттемелері бойынша дәл өз уақытында және толық көлемде жауап беру қабілеті. Өтімділік қажетті және міндетті, сонымен қатар төлемқабілеттілік мемлекеттен немесе аймақтардағы саяси экономикалық жағдай факторларына, ақша және құнды қағаз нарығы жағдайы, банк серіктестері мен клиенттерінің сенімділігі, менеджмент деңгейі және банк өнімі диверсификациясы мен қызмет көрсету, тағы да сол сияқты факторларға тәуелді болады. [3]
Банк жұмыс практикасында өтімділік қаржысына сұраныс пен ұсыныс ережесі бойынша мерзімге үйлеспейді, нәтижесінде өтімділіктің артылып қалуына немесе жетіспеушілігіне әкеліп соғады. Бұл жағдайлар, егер тез арада реттеп не қаржы тартпаған жағдайда банк түсімді жоғалтуы мүмкін немесе төлемқабілетсіздігіне әкеліп соғады. Екінші жағынан мерзім бойынша активтер мен пассивтердің толық балансталуы да банктің пайда табуын шектеуі мүмкін. Яғни, активтер мен міндеттемелер бойынша баланс сәйкессіздігіне әкелуі банкте қаржы жеткіліктілігі мен жетіспеушілігі түрінде көрінеді, мұны қалыпты жағдай деп те қарастыруға болады. Осылайша тартылған ресурстар өтімділік қаржы сұранысын қамтамасыз етуге бағытталады, ал оның қалған бөлігі түсім активтеріне бөлінетіндіктен, ЕДБ әруақытта өтімділікпен түсім арасында дилемма болады.
Банктік өтімділік екі негізгі функцияны орындайды: банктік қарыз сұранысын және ақша қаржысын алып салымшылардың тілегін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, банк өтімділігін қамтамасыз етудің өзіне тән бірқатар өзіндік функциялары:
- нарыққа банк «тәуекелсіз» екендігін және сонымен бірге тартылған қаржыны өз уақытында жаба алатынын көрсете білу;
- Банкке мақсат-міндеттік бойынша жауап беру және клиенттердің кредиттік сұранысын қанағаттандыру;
- Банкке активтерін шығынсыз сатуға мүмкіндік беру;
- Негізсіз қарызданбауға мүмкіндік беру.
Осылайша, өтімділік экономды және тиімді түрде депозит пен басқа да міндеттемелердегі жауапкершілікті азайтады, сонымен қатар активтің көбеюін қамтамасыз етеді. Банктің қажетті уақытта және тиімді бағамен жеткілікті ресурсы болған уақытта өтімділігінің потенциалы болады. Барлық банктер үшін өтімділік қажетті элемент болып саналады және күтілетін не күтілмейтін баланс ауытқуын толықтырып және ары қарай өсуге ресурспен қамтамасыз етіп отырады.
Ал, өтімділікті жоғалту ЕДБ –нің төлемқабілеттілігін жоғалтып, банкротқа ұшырауына әкеліп соғады. Дұрыс шешім қабылдауда ЕДБ өтімділікті басқарудың әртүрлі әдістерін қолданады.
Осылайша біз, өтімділікті жаңаша анықтауға көштік:
Өтімділік - бұл ЕДБ -нің қысқа мерзімді міндеттемелерін қанағаттандыру мүмкіндігі, сонымен қатар оның өз функцияларын тиімді орындауына, шығынсыз нақты қаржы есебі, банктегі бар активтерді сату немесе басқалай жолмен ресурстар тарту сияқты күтпеген жағдай.
Күтпеген талаптар ( 1 сурет) банктің өзі туралы теріс ақпараттар немесе толықтай банктік жүйесі жөнінде және осы таратылған ақпарат рас па, өтірік пе белгісіз таралу нәтижесінде шығуы мүмкін.
Банк бұрын-соңды болмаған сұраныстар күшіне, өтімділіктегі күтпеген талаптардың туындауына дайын болуы тиіс.
1-сурет. Банк өтімділігіне ықпалын тигізетін бұрын-соңды болмаған талаптар
Өтімділіктің өзінің құны бар, ол баланстық есеп беруде көрінгендей, нарық конъюнктурасы, пайыздық деңгей және кредиттік тәуелділіктің функциясы болып табылады. Егер өтімділік қаражатының сұранысы жоғары сапалы, қысқа мерзімді активтерді игерумен қамтамасыз етілсе, онда мұндай өтімділіктің құны төмен сапалы немесе банк ұзақ мерзімді активтерді иеленбеуден, іске аспаған пайда болып қалады. Егер, өтімділік қаржысына сұраныс активтерді иелену арқылы орындамаса, онда банк оны нарықтық тиімсіз конъюнктурада жоғары пайызбен қосымша міндеттемелер арқылы алуға мәжбүр болады.
ЕДБ-дің тәжірибелік қызметінде, өтімділік баланстың құнымен анықталады: баланс өтімді болып, актив бойынша қаржыларды тез өткізіп, міндеттемелерді пассив бойынша жабуды айтамыз. Осылайша, банк өтімділігінің деңгейіне алдымен сол баланстағы активтердің өзі және соған сәйкес құрамы мен активтік операциялардың түрлері ықпал етеді. Осылайша активтік баланстарда бір активтің өтімділігі неғұрлым жоғары болса оның түсімі соғұрлым төмен және керісінше болады.
Белгілі бір банктің өтімділік деңгейін бағалай отырып, белгілі бір активтердің потенциалды түсім мүмкіндігінің есебін ғана санамай соған сәйкес активті операция бойынша банк қаржысының қайтпауымен байланысты қауіп деңгейін де есепке алу керек. Егер актив қаржысы тез өтіп пассив бойынша тез аралық қарыз міндеттемелерін жапқан жағдайда банк өтімді болып есептеледі.
Келеңсіз жағдайды шешу жетістігі банктегі активтер мен пассивтерді басқару стратегиясына байланысты. Осы өзара байланыс мынындай:
- Пайда табуды көздеу мақсатымен белсенді операцияларды жүзеге асыру үшін банкке ақша ресурстары қажет;
- Пассивті операцияларды жүзеге асыру арқылы ақша ресурстарын өзіне тарта отырып, банк белгілі бір уақыт ішінде өзінің қарыздық міндеттемелерімен есеп айыруы керек;
- Банк өзінің қарыздық міндеттемелерімен есеп айыруды жүзеге асыру үшін, түсімі мол және төлемқабілетті болуы керек. Олай болмаған жағдайда, банк жұмысының экономикалық мәні жоғалады;
- Банк мол түсімді және төлемқабілетті болу үшін мол түсім әкелетін акциялар жүргізу керек, бірақ ол үшін өтімділікпен қамтамасыз ету керек.
Өтімділікпен қамтамасыз етуді шешу үшін бүкіл әлемдік банк ісінде “портфельді жол табу” дегенді банк балансын басқару үшін кеңінен қолданады.
Портфельді жол табу – дегеніміз банк активі мен пассивін, өтімділіктің жетістігін, мол түсімділігі мен төлемдік қабілеттігін, жалпы оның жұмысындағы тұрақтылық пен сенімділігін қадағалап басқару. Банктің портфельді басқаруының негізгі аспектісі болып өтімділік пен мол түсімнің арасында үнемі баланстың болуы деп саналады.
Банк активтеріне деген портфельді жол табу резервтерін қолдануға негізделген. Ол активтер тобының өтімділік деңгейі бойынша тобын көрсетеді. Осы топ негізінде активтердің өтімділігі мен түсімі арасындағы экономикалық тәуекелділік жатыр – актив түсімі неғұрлым жоғары болса, өтімділік соғұрлым төмен және керісінше. Активтер тобы резервтер бойынша олардың өтімділігінің және түсімінің өсу деңгейі бойынша жүзеге асады.
Банк активтерінің бірінші тобы - бірінші реттік резервтер түсім әкелмейді, бірақ толығымен өтімді:
- банктегі нақты ақшалар;
- орталық банк есепшотындағы қалған ақша, чектар және т.б.
Бірінші реттік резервтерді басқару, банктің қажетті міндеттемелерін өз уақытында орындауда жеткілікті болатындай құндылық жағдайда ұстап тұруда болып табылады.
Банк активтерінің екінші тобына екінші реттік резервтер – ол жоғары өтімді, онша көп емес түсімді активтер. Олар өздерінің аз уақыт кідіріспен және құнын жоғалтудың аздаған тәуекелділігімен нақты ақшаға немесе банк өзінің қажетті міндеттемелерін жабатын төлем қаржысына айналуы мүмкін.
Екінші реттік резервтерді ұсыну дегеніміз – міндетті резервтер деңгейінің төмендеуі кезінде сонымен қатар толығымен банк портфелін басқарудың маңызды бір бөлігін көрсете отырып бірінші реттік резервтерді толықтыру көзі болып қызмет атқарады.
Банк активтерінің үшінші тобы, бірінші және екінші реттік резервке де, ссудаға да жатпайды – бұл жеткілікті өтімділігі жоқ, бірақ кредит бойынша ссудадан да кем және екінші реттік резервтен көп түсім әкелетін құнды қағаздар. Банк активтерінің осы топ құрамына мына құнды қағаздардың түрлері кіре алады – ол қазына векселі, облигация және үкіметтік құнды қағаздар, сонымен қатар орындаушы органдар құзырының облигациялары.
Банктік істе құнды қағазға салынған қаржы инвестиция ал оларды тарату операциясы – инвестициялық деп аталады. Банктік істің әлемдік практикасы, БҚ-дағы банктердің инвестиция түсімі бойынша банктің екінші табыс көзі болып табылады да, активті операция табысының 1\4 бөлігін құрайтынын көрсетеді.
Қаржылық талдаудың әлемдік теориясында өтімділік сипаттамасының екі жолы бар. Өтімділікті қор немесе ағым деп түсінуге болады. Қазіргі уақытта қор қағидасы бойынша бірінші жолы анағұрлым көп тараған.
Өтімділік “қор” ретінде – компанияның белгіленген нақты уақыт сәтінде клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін, активтер құрылымын оның жоғары өтімділік пайдасына осы саладағы пайдаланылмаған резервтердің есебінен өзгерту мүмкіндігінің деңгейін анықтау. Оған мыналар тән:
- белгілі бір уақытта активтер мен пассивтер балансының қалдық жөніндегі мәліметтері негізіндегі өтімділікті анықтау;
- белгілі бір уақытта өтімділік қаржыға сұраныспен нақты өтімділік активтері қорына салыстырмалы түрде іске асатын, өтімділік қаржысына айналдыруға болатын активтердің ғана бағасын шамалайтын өтімділік өлшемі;
- өткен кезеңге жататын, тек баланс мәліметі бойынша өтімділік бағасы.
Өтімділік “ағым” ретінде – динамикада талданады, яғни белгілі бір уақыт кезеңінде өтімділікте болған келеңсіз деңгейін өзгерту немесе өтімділіктің кері кеткен деңгейін активтер мен пассивтерге сәйкес баптарын тиімді басқару арқылы қосымша заемдық қаржы тарту, компанияның қаржылық тұрақтылығын табысты көбейту жолымен көтеру арқылы болдырмау жолдары.
Ағым қағидасы бойынша өтімділіктің талдауы өтімділік деңгейі анағұрлым терең баға береді. Бұл жағдайда өтімділік талдауы үздіксіз жүреді де баланс талдауына сай келмейді. Банктің қарыз алу қабілетін есепке алу мүмкіндігі туады, барлық жасалған операциялық істерден түскен нақты ақша ағымымен қамтамасыз ету. Осындай талдау, өз уақытында қайтару, ақша нарығының жағдайы және т.б. банктің өткен кезеңдегі түсім динамикасы жөніндегі мәліметтер анағұрлым кең ақпаратты пайдалануды жобалайды.
ЕДБ-де өтімділікті қамтамасыз ету көзінің екі жолы бар: ішкі және сыртқы. Ішкі өтімділік тез таралатын активтердің белгілі түрлерінде жүзеге асырылған, олар үшін тұрақты нарық бар және олар ақша орналастыруда сенімді объект болып табылады. Ішкі көздер өз кезегінде дискрециондық болып бөлінеді, оның инициаторы банк, және дискрециондық емес – ол қаржысын көбейтуде ешқандай банк шешіміне жүгінбейді. Ішкі өтімділік нарықта банкке алу жолымен өзінің өтімділік қаржы қорын көбейтетін міндеттемелерге жетуі мүмкін. [4]
Өтімділік пен табыстылық операциялары арасындағы оптималды қолдау көрсету әр банктің негізгі міндеті. Ал өтімділікті қолдау талаптары активтер бірлігінің жоғары табысы міндетімен қарама – қайшылыққа соғады. Сондықтан банк операцияларында табыстылықты қамтамасыз етумен бірге іс әрекет сенімділігінің оптималды үйлесімі маңызды. Осылайша, енді өтімділікті басқару теориясы екінші реттік банктерде қаралады.
Өтімділікті басқару – банктің жұмысы, оған банк өтімділігін қамтамасыз ету, кез-келген сәтте міндеттемелермен есеп айырысу мүмкіндігін жасау, қаржыны жайластыру жатады. Бұл іс-әрекет компания активтерінің өзімен-өзі болуын қамтамасыз етудегі міндеттерін өз уақытында төлеуге мүмкіндік береді. Бұл жеке капиталдың жеткілікті нақты шешімімен және уақыт сәйкестігін есепке алып, баланстың актив пен пассив бабы бойынша қаржыны оптималды жайластыруы.
Өтімділікті басқарудың негізгі мақсаттары:
- банктің өз міндеттемелерін жабу уақыты келгенде төлеу мүмкіндігіне қолдау көрсету;
- банктің ағымдағы міндеттерін орындау үшін тиімді бағамен тез арада нақты және нақты емес түрде ақша алу мүмкіндігін басқару;
- банктің өтімділік қаржыға сұраныстарын өтеу.
Өтімділікті басқару процесіндегі шешілетін негізгі міндеттері:
- өтімділіктің құлдырауын куәландыратын, шындық не потенциалды кері тенденцияларын, болуы мүмкін қауіп жағдайын анықтау;
- банктің өтімділік жағдайы туралы шешімдердің құрылуы;
- теріс тенденциялар туғызатын факторлар талдауы және күтілетін шығын масштабына баға;
- күтілетін тәуекелділік деңгейін анықтау;
- қауіптің алдын алу шараларын іздестіру немесе оны қалпына келтіру мүмкіндігі;
- банк ұсыныстарын талдау нәтижесі және өтімділікті тексеру бойынша анықтау.
Өтімділік банктің өз активтерін қаржыландыруда тәуелді болатын және актив өсуінің ынталандыру учаскелерін бағалауға мүмкіндік береді.
Өтімділік қаржысының сомасы мен төлем міндеттерінің арасындағы айырмашылық банктің ағымдағы өтімділік позициясын анықтайды. Оның теріс мағынасы өтімділік қаржысының жетіспейтінін, оң мағынасы артылатынын болжайды. Банктің күнделікті ағымдағы өтімділік позициясының есебі банк өтімділігінің жағдайын және ақша дефицитінің алдын ала ескеруін анықтау үшін жүргізіледі.
Өтімділікті басқару процесін екінші суретте қарастырамыз.
2-сурет. өтімділікті басқару процесі
Мониторинг және өтімділік деңгейін басқару, есеп жүйесін талдау мен ағымдағы төлем позициясын басқаруды және баланс өтімділігін өзіне енгізеді.
Ағымдағы төлем позициясын басқару, оң төлем позициясын валютаның барлық түрі бойынша анағұрлым шынайы таратуда қолдау көрсетуге бағытталған.
Мониторинг жүзеге асуы мен банктік ағымдағы төлем позициясын басқарудың негізгі құралы мыналар:
- ағымдағы өтімділік картасын құру және талдау;
- есептің оперативті мәліметіне талдау.
Өтімділік ағымының картасында мына ақпараттар бар:
- банктің корреспонденттік есепшотындағы ертеңгіге деген қалдық;
- бір күндегі операциялық жобадан түсетін түсім;
- бір күндегі операциялық жобамен есептеп шығару;
- кассаның жобадағы қалдығы;
- минимальды резервтік талап нормасы;
- банктің корреспонденттік есепшотындағы жобаланған қалдық.
Ағымдағы өтімділік картасында күні бойғы ақшаның барлық қозғалысы көрініп тұрады, кешке ақша қозғалысы қажетті реттеу орперацияларынан өтіп, қалған ақшалар есептеледі.
Қаржыны қайта таратуда нақты ақша және тиімді жүйенің болуы, міндеттемелерді жылдам орындауға мүмкіндік береді, сонымен қатар ішкі қаржы ағымының оптимизациясын туғызады - ол дегеніміз, қаржылық банктің өтімділігін жоғарылатады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!