Алғашқы жыныстық қатынас қыздарға неге қиындық тудырады? (+18)

Алғашқы жыныстық қатынас қыздарға неге қиындық тудырады? (+18)

«Қыздық пердені» табиғаттың жасаған тартымды сыйы деп те айтып жатады. Ол қыздың абыройы, қорғанышы. Сонымен қатар, дүниеге келгеннен бастап өзгермейтін, көлемін сақтап қалатын жалғыз орган болса керек. Пішіні мен тесіктің мөлшеріне қарай

• Жүзіктәріздес;
• Жарты ай сияқты;
• Түтік тәрізді;
• Ерін сынды;
• Білік тәріздес;
• Кішкене бейнелі;
• Соқыр тәріздес.

деп әр түрге бөлініп, түрлері, пішіндері, көлемдеріне сәйкес жыныстық қатынас барысында әркімге әр түрлі әсер етеді екен. Дегенмен, Қыз баласы үшін «қыздықты» жоғалту үлкен жаупкершілік, ең маңызды кезең. Ал оның ауыртпашылығы өз алдына. Алғашқы жыныстық қатынас қыз балаға неге қиындық тудырады? Кез-келген қыз-келіншіктің көкейінде жүрген, көпшілігін алаңдатар сұрақ.Сол себепті аталмыш сауал төңірегінде Жоғары санатты гинеколог дәрігер,медицина ғылымдарының кандидаты
Байтурина Нұрия Мажитқызының пікіріне құлақ астық.

Алғашқы жыныстық қатынас қыздарға неге қиындық тудырады? (+18)

Біріншіден, қыз баланың «қыздық пердесі» жарылғанда ауыруы
Екіншіден, «қыздық перде» жарылған кезде қан болмауы (кейбір қыздарда)

«Қыздық пердеден» айрылғанда қыз баланың ауыруы

Әйел затының қыздық жарғақшасында жүйкеге зиян келтіретін нерв клеткалары өмір сүреді. Алғашқы жыныстық қатынаста қыздық жарғақшасымен бірге нерв клеткалары да жарылып, қарқынды әсерін береді . Осының салдарынан қыз балаларға алғашқы жыныстық қатынаста қиын түседі және қатты ауырады.
«Қыздық перде» жарылған кезде қан болмауы
Алғашқы жыныстық қатынас барысында қыз бала да міндетті түрде қан ағуы керек. Бірақ, бүгінгі күні қан ақпай жататын жағдайларды да жиі кездестіреміз. Неліктен? Себебі, ол қыздық пердешенің созылуының салдарынан болады. Яғни, қыздық пердеше иілгіш, созылғыш және жіңішке. Және алғашқы жыныстық қатынас кезінде қан тамырлары жоқ орындарында жарылып кетуі әбден мүмкін. Бұл бір болса, екіншіден, қыз тұрмыс құрмай тұрып етеккірге арналған түрлі тампондар пайдаланса, кері әсерін береді. Демек, тампон құрғақ, кішкентай болғанда бірден кіріп кетеді. Ал қан толып кеткенде тампон ұлғая түседі, тампонды алған кезде әлсін-әлсін «қыздық пердеше» жыртыла бастайды. Осының салдарынан кейде қыздар қыздықтарынан айрылып жатады. Сондықтан, әйел болмай тұрып оны пайдаланудың қажеті жоқ.

Үшіншіден, алғашқы жыныстық қатынастың қыздарға тудырар қиындығы.
Қыз екенін білдіретін айрықша белгінің бар жоғын бақылаудан өткізуі. Айта кетерлік жайт, Өзбекстанда тұрмысқа шығатын қызды тексеретін арнайы комиссия құралған екен. Ал Түркиядан бұл заңның жойылуын негізге алды. Өзбек елімен шекаралас жатқан өзіміздің Оңтүстік Қазақстан облысында да жаңа үйленген жас жұбайлар жатқан төсекті сыртқа іліп қоятын дәстүр әлі жойылмаған деседі. Бұл түрлі пікірлер мен көзқарастардың тууына себеп. Бірінде мұндай салт бар, бірінде жоқ, бірінің санасына сіңіп, сақталып қалған, бірінде “сенімнің” барынан секемдік тумайды. Бастысы, тегінің тәрбиесі деп бағаланады, келген еліңнің абыройы болса керек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады