Халық емі : Дәрісіз ем

Халық емі : Дәрісіз ем

Халық емі
Дәрісіз ем

Аяқ табандарында бүкіл ағзаның дұрыс жұмыс жасауына жауап беретін негізгі нүктелер орналасқан. Табанды уқалау бүкіл ағзадағы қан айналымын жақсартады. Шаршағанды басады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Жүйкені тынықтырады. Небәрі 5 - 10 минуттық массаждың кереметі көп.
Егер бас жиі ауыратын болса, аяқтың ұштарын уқалаңыз. Солай ми қызметін де жақсартуға болады.
Мойын омыртқасы тартылып, желкесі құрысатындар көп қой. Олар үлкен бақайдың айналасын жарты сағаттай уқалап тұрса, соған тікелей әсер ететін рефлекстық нүкте арқылы жағдайды жеңілдете алады.
Өкпе ауруымен күресу үшін табанның орта жағын уқалау керек екен. Осылай бронхит кезінде патологиялық жағдайды жеңілдетіп, ентігуді басуға болады.
Жүрегі ауыратын адамдар үлкен бақайдан аздап төмен орналасқан аймақты күніне 30 - 40 минут уқалап тұрғаны дұрыс деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті.
Табанда дөңес бар. Соның ішкі жағын уқаласаңыз, бауырға түскен күшті азайтып, оның жұмысы жақсаруына көмек бересіз.
Өкшені уқаласа бел ауруы басылады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала жүктелуде...