Күн сәулесінің ағзаға пайдасы


Күн сәулесінің ағзаға пайдасы.
Күн сәулесінің жас балалардың денсаулығына тигізер пайдасы мол, ал кейде зияны да бар. Оны көпшілік күнделікті тұрмыста көріп те жүр. Мәселен, жас балалар жаз кезінде көбіне далада ойнайды, оның денесінің өсіп жетілуі де тез болады. Жазғытұрым туған бала мешелмен ауырмайды дедік. Мұның бәрі күн сәулесінің пайдасын дәлелдейді. Баланың бойы да жаз айларында көбірек өседі.

Ал күн сәулесінің зияны – баланың ағзасына күн өтуі. Балаға қатты күн өтсе ауруға шалдығады. Мынандай жағдайды айта кеткен жөн болар деп есептеймін. Күн сәулесі жер бетіне жеткенде, үшке бөлінеді: жылылық сәулесі, көзге көрінетін ақ сәуле және көзге көрінбейтін ультра - күлгін сәуле. Бұлардың проценттік қатынасы жыл мезгіліне, тәулік уақытына, географиялық орнына қарай өзгеріп отырады. Қарашадан бастап ақпан айына дейін біздің Қазақстанда ультра - күлгін сәуле жоққа жақын. Наурыз айынан бастап ол сәуле молая береді де, маусым, шілде айларында көбею шегіне жетеді. Одан кейін керісінше азаяды. Тәулік ішінде сағат 10 - нан бастап сағат 13 - ке дейін көп болады да, 15 сағаттан бастап азаяды.

Ультра - күлгін сәуле баланың денсаулығын күшейтіп, шынықтырады. Сол сәуленің нәтижесінде өсіп келе жатқан баланың денесіне өте қажетті фосфор мен кальций минералдары сіңеді. Ал бұл минералдар – бала сүйегінің негізгі құрамы. Бұлар жетпеген жағдайда олардан мешел аурыу пайда болады.

Жас баланы күннің көзіне сағат 10 - 12 - нің аралығында шығару керек. Далаға шығаруды алғашқыда сәуірден қыркүйектің аяғына дейінгі аралықта күн сайын 5 минуттан қосып отыру керек, ал қазаннан наурыздың аяғына дейінгі аралықта күн сайын 2 минуттан ұзарту жөн. Күнбе - күн осындай мөлшерде көбейте отырып, 2 - 3 сағатқа жеткізу керек.

Күн сәулесінің пайдасы. Д дәруменінің тағы бірегей қасиеті ол – адамның ұзақ өмір сүруіне әсер етеді. Бұл дәруменнің мөлшері шамадан төмен болуынан адам мезгілінен бұрын өмірден кететіндер көп екені анықталған.

Күн сәулесі демікпе (астма) дертімен ауыратын адамдар үшін де пайдалы.

Күн сәулесі кейір тері ауруларына да пайдалы. Теміреткі, қышыма сияқты ауру түрлерінің қоздырғыштары күн сәулесіне төзімсіз болып келеді.

Күн сәулесінің әсерінен көңіл - күй көтеріліп жүйке жүйесінің қызметі жақсарады. Күн сәулесінің әсерінен ағзада серотинин мен эндрофин бөліне бастайды. Эндрофин – қуаныш пен бақыт гормоны деп аталады. Зерттеулерге қарағанда оңтүстікке қарағанда солтүстіктің адамдары депрессияға көп шалдығады екен, бұл күн сәулесінің әсері болуы ықтимал. Күн көзінің тапшылығы жүйкенің әлсіреуі мен ақыл - ойдың төмендеуіне әкеледі. Сондай - ақ Серотонин қуаныш гормоны аталады, ол жыныстық ынталандыру мен қанның ұюын қалыпты ұстау және аллергия болдырмауға қатысады.

Күн сәулесінде көп жүретін баламен күн тапшылығында өскен балаларды салыстырғанда күн ваннасын қабылдаған баланың есте сақтау қабілетін анағұрлым жоғары болады екен. Күн көзінде өскен адам есейген шақта да ұмытшақтықпен ауырмайтын болады.

Денің сау болу үшін күннің де пайдасы өте зор екен, алайда зияны да жоқ емес. Өзіңізге жайлы уақытта таза ауаға, күн көзіне шығуды ұмытпаңыз! Деніңіз сау болсын!

Пайдалы кеңесіңіз болса поштаға жолдауға болады, сайтта жарияланады.
Дайындаған: Жадыра


Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу