Алғашқы медициналық көмек көрсету принциптері » ZHARAR © 2016 | алгашкы комек корсету ережелер, алгашкы комек көрсету, алғашқы медициналық көмек көрсету түрлері, жарақаттардың түрлері оларға алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері, алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері




  • »

Алғашқы медициналық көмек көрсету принциптері

Алғашқы медициналық көмек көрсету принциптері казакша Алғашқы медициналық көмек көрсету принциптері на казахском языке

Алғашқы медициналық көмек көрсету принциптері мыналардан құралады:
1) оқиға орнын қарау;
2) бірінші рет қарау, көмек көрсету;
3) жедел жәрдем шақыру;
4) екінші рет қарау.

Оқиға орнын қарау
* Сіз үшін қауіпті емес пе?
* Не болды?
* Зардап шеккендер қанша?
* Айналаңыздағылардың сізге көмек көрсететін жағдайы бар ма? Қарау кезінде әрбір нәрсеге назар аударыңыз. Бұл оқиғаның немесе жарақаттың бастапқы себептерін көрсетеді. Егер зардап шеккен адам ес-түссіз болса, ал куәгерлер болмаса, түбегейлі қарау өте маңызды.

Бірінші рет қарау, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету (бірінші кезекте, өмірлік маңызды органдарға төнген қауіпті анықтауға бағытталған) ол:

1) есін тексеру (ми жүйесі);
2) тыныс жолдарының демалысын тексеру;
3) тыныс алудың болуын тексеру (өкпе);
4) пульсін тексеру (жүректің жұмысын).

Есін тексеру
- Зардап шегушінің есінен айырылмағанын анықтаңыз.
- Егер ол қатты айқай, иығынан жұлқылау сияқты сыртқы тітіркендіргіштерді сезбесе, оны көмек көрсетуге келісті деп есептеңіз.

Сіздің келесі әрекеттеріңіз:

Тыныс жолдарының демалысын тексеру
Пульсін тексеру

Жедел жәрдем шақыру
Жедел жәрдемді келесі кез келген жағдайларда шақыру керек:

- ес-түссіз немесе ес деңгейінің өзгермелілігі;
- тыныс алудағы қиындықтар (тыныс алудың қиындауы немесе болмауы);
- үздіксіз ауру сезімі немесе кеудедегі қысымды сезіну;
- пульстің болмауы;
- көп қан кетуі;
- іштің қатты ауыруы;
- қан құсу немесе қанның бөлінулер (зәрмен, қақырықпен) шығуы;
- улану;
- сіңір тартылу, қатты ауыру немесе түсініксіз сөйлеу;
- бастың, мойынның немесе арқаның жарақаты, сүйек сыну ықтималдығы.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан, дереккөзі, сурет


Санат: KZ портал » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы | | 2 364
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .