Тартымды адамдардың қағидалары

Тартымды адамдардың қағидалары

Кейбір адамдардың қалтасында қыруар қаржысы болмаса да, әрқашан айналасына қуаныш сыйлап жүреді. Өйткені олардың жан дүниелері өте бай. Олар қандай жерде болса да өз-өздерін қалай ұстау керектігін біледі. Ондай адамдарға ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ. Олар өздеріне сенімді әрі белгілі бір тәртіппен өмір сүреді екен. Біз бұл жазбамызда жүрегіңізді бірден жаулап алатын жарқын жандардың өмірлік ұстанымдары мен қағидаларына тоқталып өткіміз келіп отыр.

1. Олар бәріне бірдей сыйластықпен қарайды.

Оларға кіммен сөйлесіп тұрғаны емес, қалай сөйлесіп тұрғаны маңызды. Алдарында бастығы тұрса да, қарапайым қызметші тұрса да өте сыпайы сөйлесесді. Олар өздерін ешкімнен артық санамайды. Тек әңгіме барысында әдепті, тәртіпті және жылы жүзді болуы керектігін жете түсінеді.

2. Олар бос әңгімені ұнатпайды.

Он күнәнің тоғызы тілден екенін жақсы білетін шығарсыздар. Олар бұл аталы сөзге көп мән береді. Сондықтан бос сөйлеп, қадір-қасиетін қашырғанды ұнатпайды. Керісінше қызықты әңгімелерімен, ұтымды жауаптарымен сөйлесіп отырған адамдарына ерекше әсер қалдырады. «Жақсылармен өткізген жарты сағат, жаманның өтіп кеткен ғұмырындай» деген сөз осындай адамдарға айтылған.

3. Олар қоршаған ортасымен өте тығыз қарым-қатынас орнатады.

Мұндай адамдарды өздерінен бұрын айналасындағылары қызықтырады. Сол себепті олар уақыттарының көп бөлігін достарына, тума-туыстарына арнайды. Олармен сөйлесу барысында әңгімеге кедергі келтіретін ұялы телефон, планшет секілді заттарды өздерінен алысқа қояды. Оның өзі әңгімелесушіге сый-құрмет деп біледі.

4. Олар өзгелерге қатты ұнауға тырыспайды.

Өздері туралы өзгелерге мақтаулар айтып, өздерін тым жоғары ұстағанды ұнатпайды. Тіпті ондайды олар ойларына да алмайды.

5. Олар белгілі бір факт пен пікірдің айырмашылығын көре алады.

Бұл адамдар дау-дамай, ұрыс-керіс кезінде өз-өздерін өте сабырлы ұстайды. Олар өздерінің ойларын айтудан еш қорықпайды. Алайда ол тек өзіндік пікірі екенін еске салады. Әлемде көптеген ақылды адам бар. Әркімнің өз ойы бар екенін ұмытпау керек.

6. Олар шынайы.

Олар барлық жерде де бірдей. Ешқашан екіжүзділікке салынбайды. Сондықтан мұндай жандардың жақын жолдастары да көп болады.

7. Олар тек қана шындықпен өмір сүреді.

Әрдайым ақиқатпен өмір сүру оңай емес. Ол үшін біреулер туралы дұрыс пікір айтып, жалпы қай жерде не айту керектігін білу керек. Ал бұрыс пікір бақытқа бастар жол емес.

8. Олар күлімдейді.

Егер қасыңыздағы адамның көңілін баурап алғыңыз келсе, жай ғана күлімдеңіз. Ол міндетті түрде сізге жымиып жауабын қайтарады.

9. Олар әрқашан әдемі көрінуге тырысады.

Мұндай адамдар сырт көз сыншы екенін қайда жүрсе де ескеріп жүреді. Мысалы, қонақ келер кезде үйді қалай жинастырып қою керектігіне дейін мән береді. Өйткені ол дегеніміз қонаққа деген құрмет.

10. Олар өмірді сүйеді.

Олардың ешқашан іші пыспайды. Өйткені олар өмірді шын мәнінде де сүйеді. Әрине олардың да басына небір ауыртпашылықтар түседі. Бірақ олар қайғы келсе қарсы тұрып, оны жай ғана уақытша қиындықтар деп түсінеді. Сонымен қатар бүгін ертеңгі күннен әлдеқайда жақсы өтетініне сенеді.

Дайындаған: Жасұлан Исакаев, дереккөзі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады