Босанғаннан кейін қалай қауіпсіз арықтауға болады

Босанғаннан кейін қалай қауіпсіз арықтауға болады казакша Босанғаннан кейін қалай қауіпсіз арықтауға болады на казахском языке

Босанған келіншектер кешегі қыз күніндегі әдемі мүсінін жоғалтқандарына қатты уайымдап жатады. Тезірек арықтап, қалпына келуі үшін артық салмақтан арылудың жолдарын қарастыра бастайды. Бірақ түрлі диеталар, дәріханаларда сатылатын арықтататын дәрілер мен шайлардан көп жағдайда оң нәтиже болмай, тіпті кері әсерлері де тиіп жататыны өтірік емес немесе ойдағы межеге жету үшін олардың кейбіреуін айлап ішу де қажет.
Сондықтан да арықтағысы келетін жандар, әсіресе, босанғандарына көп бола қоймаған келіншектер мұндай диетелар мен дәрі-дәрмектен аулақ болғандары жөн. Өйткені босанғаннан кейін әлі толықтай орнына келе қоймаған олардың организмдеріне бұл дәрілер мен диеталардан төнер қауіп көп. Ендеше, қауіпсіз арықтаудың бірнеше жолымен танысыңыздар.

Дұрыс тамақтану
«Аяғы ауыр әйел қай уақытта, қанша мөлшерде, не жесе де, жеуі керек. Ауызы құрғамағаны ештеңе емес, тәбеті болса, болды! Бұл – оның организмінің қалауы, ішіндегі баланың қалауы» деп жатады. Десе де, осынау қатып қалған қағиданың кемшін тұстары көп. Жүкті келіншек не жесе де, оны қаншалықты жегісі келетінін, оның қандай пайдасы не зияны барын ойлап алып қана жеуі керек. Өйткені босанғаннан кейін де өмір бар! Ал жүкті кезінде ананы бір жалап, мынаны бір тістеп жүретіні кейін әдет болып қалыптасады. Жегісі келсін-келмесін, қарны ашсын-ашпасын, ауру қалса да, әдет қалмайды. Осылайша, артық жеп қойғанын ол білмей де қалады. Мұның салдары тек артық салмақ қана емес, түрлі ауруларға да алып келеді. Сондықтан дұрыс тамақтанудың орны бөлек.

Мақсат қоя білу де – диета
Не үшін арықтағыңыз келеді? Жалпы, арықтағыңыз келе ме? Қанша салмақ тастағыңыз келеді? Осы сұрақтарға жауап беріп, алдыңызға нақты мақсат қойыңыз. Мақсаты бар адам қашан да нәтижеге қол жеткізеді. Демек, мақсат кез келген диета мен арықтататын дәрі-дәрмектен де күшті, әрі нәтижелі.

Баланы омыраудан шығармаңыз
Емшек емген бала шымыр, дені сау болып өседі. Тиісінше, босанғаннан кейін организмнің тезірек қайта қалпына келуі үшін баланы омыраудан шығармаудың маңызы мол. Организмнің жұмысы қалпына келсе, ешқандай гормондық өзгерістер орын алмаса, артық салмақ та болмасы анық. Емшек еметін балаға сүт керек. Демек, оның анасы да тамақты тойып жеуі керек. Сондықтан дұрыс тамақтанудың жөні бөлек: аз-аздан ботқалардың түр-түрін жасап ішіңіз.

Белсенділік, қозғалыс
Балалы келіншектің қозғалыссыз жатпасы бесенеден белгілі. Бала бағудың оңай шаруа еместігін ескерсек, босанған әйелдің бір бөлменің ішінде-ақ күнделікті қанша шақырым жол жүріп тастайтыны да анық. Ал бұл қозғалыстың жай ғана баланың артынан жүгіру емес, дене жаттығуы болуы үшін әр күніңізді дұрыс жоспарлауды үйреніңіз. Үй жұмыстарын тезірек бітіріп, баламен таза ауада серуендеуді әдетке айналдырыңыз, арнайы уақыт бөліп, өзіңіз үшін де, балаңыз үшін де пайдалы түрлі дене жаттығуларын жасаңыз.
Осы айтылғандарды есіңізде ұстасаңыз, ағзаңызды да тазалап, сұлу сымбатыңызды да қайтара аласыз. Бәрі де өз қолыңызда!




KZ / Пайдалы кеңес жинағы, пайдалы Босанғаннан кейін қалай қауіпсіз арықтауға болады кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Босанғаннан кейін қалай қауіпсіз арықтауға болады, пайдалы Босанғаннан кейін қалай қауіпсіз арықтауға болады кеңес кенестер советы на казахском пайдалы кенестер кыздарга полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер кенес кенестер жігіттерге ерлерге денсаулыкка арналған к, Босанғаннан кейін қалай қауіпсіз арықтауға болады пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге