👈 қаріп өлшемі 👉

музыка 1 сынып 2022


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Музыка 1-сынып

Құрметті мұғалім!

 Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.

 Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.

 Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

 Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

Мазмұны

    • тоқсан

Ортақ тақырып «Өзім туралы»

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.1Музыканы тыңдау және талдау

Оқу мақсаты

1.1.1.1Есту қабілетіне сүйеніп таныс музыканы, дыбыстарды тану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Таныс музыка мен дыбыстарды анықтайды
  • Тыңдаған музыкалық шығармасын талқылауда музыкалық терминдерді қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

1. В.А. Моцарттың «Twinkle twinkle little star» (Кішкентай жұлдыз жарқырайды) әнін тыңдайды және оның атын атайды.

  • Музыканың көңіл-күйін сипаттап айт.
  • Тыңдалған музыкаға сәйкес келетін суретті белгіле.

Дескриптор

Білім алушы

  • музыкалық шығарманың көңіл-күйін анықтайды;
  • музыкалық шығарманы сипаттайды;
  • тыңдалған музыкаға сәйкес суретті табады.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.1 Музыканы тыңдау және талдау

Оқу мақсаты

1.1.1.2 Шулы және музыкалық дыбыстарды ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шулы және музыкалық дыбыстарды анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

Дыбыстарды тыңда және оны анықта.

Айтыңдаршы дыбыстардың қайсысы шулыға, қайсысы музыкалық дыбыстарға жатады

Дескриптор

Білім алушы

  • шулы дыбыстарды анықтайды;
  • музыкалық дыбыстарды дұрыс анықтайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.1 Музыканы тыңдау және талдау

Оқу мақсаты

1.1.1.2 Шулы және музыкалық дыбыстарды ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шулы және музыкалық дыбыстарды анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Тапсырма

«Сәлем» әнін,әндету ережелеріне сәйкес орында.

Сәлем!

(музыкасы: А. Танидікі; сөзі: А. Естеновтікі)

Сәлем, привет, hello! Қайырлы болсын балақан, Арайлап атқан жаңа таң! Қайырлы болсын жаңа таң! Арайлап атқан жаңа таң!

Қайырлы болсын жаңа таң!

Сәлем, привет, hello! Басталған мына жаңа таң! Жүрейік сәлем берісіп, Алысып ыстық алақан.

Жүрейік сәлем берісіп, Алысып ыстық алақан.

Дескриптор

Білім алушы

  • әннің әуенін сақтап орындайды;
  • әнді ережеге сәйкес орындайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.2 Музыкалық-орындаушылық іс- әрекет

Оқу мақсаты

1.1.2.2 Музыкалық аспаптардың көмегімен шығармаларды сүйемелдеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ұрмалымузыкалықаспаптардақарапайым ырғақтық суреттемені орындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

1. Суреттен ұрмалы аспапты анықта.

  • Төмендегі ырғақтық суреттемені ұрмалы аспапта орындап көрсет.

Дескриптор

Білім алушы

  • ұрмалы аспапты анықтайды;
  • ырғақтық суреттемені нақты орындайды.

2. Суреттен қазақ халқының ұрмалы аспабын анықта.

Ырғақтық суреттемені қазақ халқының ұрмалы аспабында орында.

Дескриптор

Білім алушы

  • қазақ халқының ұрмалы аспабын анықтайды;
  • ырғақтық суреттемені нақты орындайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.3 Музыкалық сауаттылық

Оқу мақсаты

1.1.3.1 Әннің құрылымын ажырату: шумақ, шумақ - қайырма

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыңдаған әнінің құрылымын ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

«Мен талапты баламын» әнін тыңда. https://www.youtube.com/watch?v=zBRMnlmzF08

  • Әннің құрылымын анықта.
  • Ән неше шумақтан тұрады?
  • Қайырмасы қанша рет айтылады?

Дескриптор

Білім алушы

  • тыңдаған әнінің құрылымын анықтайды;
  • шумақты ажыратады;
  • қайырмасының қанша рет қайталанатындығын айтады.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

2.1 Музыкалық сауаттылық

Оқу мақсаты

1.1.3.2 Музыкалық аспаптардың дыбысталуын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыңдаған щығармадан музыкалық аспаптар дыбысын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

«Кеңес» күйін тыңда және қандай музыкалық аспапта орындалып тұрғандығын анықта.

Дескриптор

Білім алушы

  • күйді тыңдайды;
  • музыкалық аспапты анықтайды.

Бөлім Бөлімше

Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

2.1 Музыкалық шығармашылық

Оқу мақсаты

1.2.1.1Музыкалықшығармашылықжұмысарқылы шығарманың сипатын жеткізу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өзі шығарған әуеннің сипатын жеткізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

 Өзіңе ұнайтын шулы аспаптың бірін таңда және сол аспапты қолданып, қарапайым ырғақты ойлап тап. Ойлап тапқан ырғағыңды сипаттап жеткіз.

Дескриптор

Білім алушы

  • шулы аспаптарды ажыратады және таңдайды;
  • шулы аспаптар арқылы қарапайым ырғақ құрастырады;
  • өзі құрастырған ырғақты шулы аспапта сипатын жеткізе,ойнап көрсетеді.

Ортақ тақырып «Менің мектебім»

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.1 Музыка тыңдау және талдау

Оқу мақсаты

1.1.1.1 Есту қабілетіне сүйеніп таныс музыканы, дыбыстарды тану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыңдау арқылы таныс дыбыстарды атайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

1. Берілген музыкалық аспаптардың дыбысын тыңда. Естілген дыбыс бойынша аспапты анықта және ата.

Дескриптор

Білім алушы

  • шулы аспаптың дыбысын анықтайды және сипаттайды;
  • ұрмалы аспаптың дыбысын анықтайды;
  • аспаптың атауын дұрыс айтады.

2. Берілген дыбыстарды мұқият тыңда. http://deti-online.com/pesni/zvuki-prirody/

http://boobooka.com/zvuki/zvuki-shkoly/zvuk-shkolnogo-zvonka/

Дыбыстарға сәйкес суретті ата және дыбысты сипатта.

Дескриптор

Білім алушы

  • естіген таныс дыбысты атайды;
  • дыбысқа сәйкес суретті көрсетеді;
  • анықтаған таныс дыбыстарды сипаттайды.

Бөлім Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

Оқу мақсаты

1.1.2.1 Ән айтуда, әндету ережелеріне сәйкес орындау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Музыкасы А. Тани, сөзі А. Естеновтың «Ұстазды кім білмейді» әнін, әндету ережелеріне сәйкес орында.

Қанатыңа дем беріп,Байытып ой-өрісін,

Талабыңды ұштаған.Ізгі бағыт-бағдары.

Мінезіңді меңгеріп,Мәпелеген жемісін

Тіл табуға ұста адам.Ұлы өмірдің бағбаны.

Қайырмасы:Қайырмасы:

Жаны шуақ, гүл мейіріЖаны шуақ, гүл мейірі

Ұстазды кім білмейді.Ұстазды кім білмейді.

Дескриптор

Білім алушы

-әнді әндету ережелеріне сәйкес орындайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

Оқу мақсаты

1.1.2.2 Музыкалық аспаптардың көмегімен шығармаларды сүйемелдеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Музыкасы А. Тани, сөзі А. Естеновтың «Сәлемдесу» әнін орында.

«Ассалаумағалейкум!»-деп,Айналдырар әдетке,

Сәлем берем қарттарға.Тәрбиесі мол кісі.

«Сәлем!» дейді Айқынбек,Сәлемдесу – әдеппен,

Күнде көрер Саттарға.Ізеттілік белгісі.

Қайырмасы:Қайырмасы:

«Сәлем - сөздің анасы»«Сәлем - сөздің анасы»

Деген біздің бабалар.Деген біздің бабалар.

Сәлем -әдеп сарасы,Сәлем - әдеп сарасы,

Сәлемет пе, балалар!Сәлемет пе, балалар!

  • Жұптық жұмыс.

Әнге сүйемелдеу жасау үшін қандай аспаптар қажет болатынын талқыла.

  • Топтық жұмыс.

Әнге музыкалық аспаптармен сүйемелдеу ойлап тап.

  • «Сәлемдесу» әнін музыкалық-шулы аспаптармен сүйемелдей отырып, топпен орында.

Дескриптор

Білім алушы

  • әнді орындайды;
  • әнді орындау үшін қандай аспаптар қажет екенін топта талқылайды;
  • әнді музыкалық аспаптармен сүйемелдейді;
  • әнді ұрмалы және шулы аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.3 Музыкалық сауаттылық

Оқу мақсаты

1.1.3.2 Музыкалық аспаптардың дыбысталуын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыңдаған музыкасындағы аспаптарды анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

  • М. Глинканың «Руслан и Людмила» операсынан «Марш Черномора» музыкалық шығармасын тыңда.https://www.youtube.com/watch?v=9Dq-3hsvcs4
  • Шығарма қандай аспапта орындалып тұрғандығын анықта.

Дескриптор

Білім алушы

  • музыкалық шығарманы тыңдайды;
  • тыңдаған шығармасыныдағы музыкалық аспапты анықтайды.

Бөлім Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.3 Музыкалық сауаттылық

Оқу мақсаты

1.1.3.3 Нота сауаттылығының негіздерін білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сегіздік және төрттік ноталарды қолдана отырып, ырғақтық суреттеме құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Берілген ырғақтықтарды қолданып, өз ырғақтық суреттемеңді құрастыр.

Құрастырған ырғақты шулы немесе ұрмалы аспапта орындап көрсет.

Дескриптор

Білім алушы

  • берілген ырғақтардан өз ырғақтық суреттемесін құрастырады;
  • ырғақтарды музыкалық аспапта орындайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

2.1 Музыкалық шығармашылық

Оқу мақсаты

1.2.1.1Музыкалықшығармашылықжұмысарқылы шығарманың сипатын жеткізу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ырғақ құрастырады
  • Шығармасының сипатын жеткізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Өз ойыңнан шағын ырғақ құрастыр. Ол үшін:

  • Мектеп туралы бірнеше сөз ойлап тап. Сол сөздерді буынға бөл.
  • Әр сөзге қанша нота қажет екенін анықта.
  • Мектеп туралы сөздерді ырғақпен орында.

Дескриптор

Білім алушы

  • тақырыпқа байланысты сөздер ойлап табады;
  • сөздерді буынға бөледі және әр сөзге қажетті нота санын анықтайды;
  • сөздерді ырғақпен орындап, сипатын жеткізеді.

Бөлім

Бөлімше

Музыкалық-шығармашылықжұмыстыкөрсетужәне бағалау

3.1 Музыканы көрсету және бағалау

Оқу мақсаты

1.3.1.1 Шығармашылық жұмысын көрсете білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өз шығармашылық жұмысын таныстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Топтық жұмыс.

  • «Менің мектебім» бөлімінде үйренген музыкасы А. Тани, сөзі А. Естеновтың

«Ұстазды кім білмейді» әнін еске түсір.

  • Әннің сипаты мен көңіл күйін жеткізе отырып, топпен бірге орында.

Топта талқыла:

  • Жұмыстарыңның қай тұсы сәтті шықты?
  • Нені жақсартуға болар еді?

Дескриптор

Білім алушы

  • үйренген әнді көңіл-күйі мен сипатын жеткізе отырып орындайды;
  • өз жұмысына қатысты пікірін білдіреді.
    • тоқсан

Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым»

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.1 Музыканы тыңдау және талдау

Оқу мақсаты

1.1.1.1Естуқабілетінесүйеніптанысмузыканы, дыбыстарды тану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыңдалғаншығармадағытанысдыбыстарды анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

Қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауындағы Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйінің (http://music.nur.kz/1057949-otirar-sazi-ata-tolfaui-ntilendiev) бастапқы бөлігін тыңда.

Суреттен күйде ойналған аспапты белгіле.

Күйді екінші рет тыңдай отырып, ойналған аспаптардың суретін көрсет.

Дескриптор

Білім алушы

  • тұяқтас аспабын анықтайды;
  • тыңдалған дыбысқа сәйкес аспаптардың суретін көрсетеді.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

Оқу мақсаты

1.1.2.1 Ән айтуда, әндету ережелеріне сәйкес орындау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әнді әндету ережелеріне сәйкес орындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Берілген әнді әндету ережелеріне сәйкес орындаңыз.

Өнерпаздар отбасы

(музыкасы: А.Танидікі, сөзі: А.Естеновтікі)

Тамылжыта шырқатып,Буырқантып, бұрқанта,

Ән салғанда анамыз.Күй төккенде әкеміз.

Құйылғандай нұр бақытЖүректерді бұлқынта

Желпініп бір қаламыз.Көкке самғап кетеміз.

Қайырмасы:Қайырмасы:

Ха-лә-лә-ку, ләйлім-айХа-лә-лә-ку, ләйлім-ай

Ли-лә-лә-ку ләйлім-айЛи-лә-лә-ку ләйлім-ай

Даң-даң-даң-даңДаң-даң-даң-даң

Даң-даң-даң.Даң-даң-даң.

Дескриптор

Білім алушы

-әнді әндету ережелеріне сәйкес орындайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

Оқу мақсаты

1.1.2.2 Музыкалық аспаптардың көмегімен шығармаларды сүйемелдеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Сөзі мен әні Б.Бейсенованың «Достарым» әнін музыкалық жазбаға қосылып орында. Достарым-ай, достарым,Достарым-ай, достарым,

Сағындым ғой сендерді.Туған жердің төрінде.

Достарым-ай, достарым,Сәуле шашқан алтын күн,

Ауылға көктем келді.Жарқырасын көгіңде.

Достарым-ай, достарым,Достарым-ай, достарым,

Бір жүрейік шаттанып,Тек қуаныш көңілде,

Достарым-ай, достарым,Достардың көп болғаны,

Би билейік, ән салып.Қандай жақсы өмірде.

Қайырмасы:Қайырмасы:

Достарым менің, достарым,Достарым менің, достарым,

Қосылды бүгін бастарың.Қосылды бүгін бастарың.

Достарға арнап әдемі,Достарға арнап әдемі,

Осынау әнді бастадым.Осынау әнді бастадым.

Әнге музыкалық аспаптармен сүйемелдеу дайында. Әнді аспаптарда сүйемелдей отырып орында.

Дескриптор

Білім алушы

  • әнді музыкалық жазбаға қосылып орындайды;
  • музыкалық аспаптармен сүйемелдеу дайындайды;
  • әнді музыкалық аспаптармен сүйемелдеп орындайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.3 Музыкалық сауаттылық

Оқу мақсаты

1.1.3.1 Әннің құрылымын ажырату: шұмақ, шумақ – қайырма

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыңдаған әнінің құрылымын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

«Біз балдырған баламыз» әнін тыңда. https://www.youtube.com/watch?v=oYKJvdJhQVc

  • Әннің құрылымын анықта.
  • Ән неше шумақтан тұрады?

Дескриптор

Білім алушы

  • әнді тыңдайды;
  • әннің құрылымын анықтайды;
  • әннің неше шумақтан тұратынын айтады.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.3 Музыкалық сауаттылық

Оқу мақсаты

1.1.3.3 Нота сауаттылығының негіздерін білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ноталық сауатты

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

Жұптық жұмыс.

Жұптаса отырып, берілген екі ырғақты біріктіріп, орындап көрсет.

  • ырғақ.
  • ырғақ.

Дескриптор

Білім алушы

  • ноталар ұзақтығын ажыратады;
  • ырғақты соғады;
  • ырғақтарды орындап көрсетеді.

Бөлім

Бөлімше

Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

2.1 Музыкалық шығармашылық

Оқу мақсаты

1.2.1.1Музыкалықшығармашылықжұмысарқылы шығарманың сипатын жеткізу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Музыкалық фразалар шығару үшін өз идеясын ұсынады
  • Ырғақтық карталарды қолдана отырып, өз ырғағын құрастырады және орындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Суреттегі жануарлардың дыбыстарын сипатта.

Топтық жұмыс.

  • Берілген кейіпкерлердің дауысын дыбыстау үшін қандай аспаптар сәйкес келетінін талқыла.
  • Кейіпкерлердің дауысын төменде берілген аспаптар арқылы дыбыстап көрсет.

Дескриптор

Білім алушы

  • жануардың дауысын сипаттап, регистрін анықтайды;
  • жануардың дауысын келтіру үшін сәйкес аспапты таңдайды;
  • аспаптарды қолдана отырып, сәйкес дыбыс шығарады.

Ортық тақырып «Бізді қоршаған әлем»

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.1 Музыканы тыңдау және талдау

Оқу мақсаты

1.1.1.1Естуқабілетінесүйеніптанысмузыканы, дыбыстарды тану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыңдалғанмузыкалықшығармадағытаныс музыканы анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Л.В.Бетховеннің«Весело-грустно»(Көңілді-көңілсіз)музыкалықшығармасын (https://www.youtube.com/watch?v=dXIERIq3giM) тыңда.

Тыңдау барысында шығарманың көңіл-күйіне сәйкес суретті көтер.

Дескриптор

Білім алушы

  • музыканың көңілді және мұңды ойналған жерлерін анықтайды;
  • музыканың көңіл-күйіне сәйкес суретті көрсетеді.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

Оқу мақсаты

1.1.2.1 Ән айтуда, әндету ережелеріне сәйкес орындау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әнді әндету ережелеріне сәйкес орындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

1. Б. Бейсенованың «Туған жердей жер болмас» әнін (http://music.nur.kz/1142514-bota- bejsenova-tufan-zherdej-zher-bolmas) тыңда.

Әнді топпен бірігіп, әндету ережелеріне сәйкес орында.

Дескриптор

Білім алушы

  • әннің әуенін дұрыс орындайды;
  • әнді әндету ережелеріне сәйкес орындайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

Оқу мақсаты

1.1.2.2 Музыкалық аспаптардың көмегімен шығармаларды сүйемелдеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әндімузыкалық аспаптардың көмегімен сүйемелдеп орындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Музыкасы: Ә. Әбдінұров, сөзі: Ж.Әбдірашевтің «Жаңа жылға жаңа жыр» әнін тыңда. Әнді музыкалық аспаптардың көмегімен сүйемелдеп орында.

Даланың да, қаланыңНұрландырсын әзілің,

Думандатып от басын,Наз айтып кел, Жаңа жыл!

Тағы, міне, Жаңа жылӘжелердің әжімін

Қақты уақыт қақпасын!Азайтып кел, Жаңа жыл!

Жоламасын елге мұң,Бар баланы бір жасқа

Жаңғырып кел, Жаңа жыл!Өсіріп кел, Жаңа жыл!

Әкелердің еңбегін«Беспен» жаңа сыныпқа

Жандырып кел, Жаңа жыл!Көшіріп кел, Жаңа жыл!

Қайырмасы:Қайырмасы:

Жаңа жылды бар тілде –Жаңа жылды бар тілде –

Жаңа жырға балайды.Жаңа жырға балайды.

Жаңа жылға әркім деЖаңа жылға әркім де

Жақсы үмітпен қарайды!Жақсы үмітпен қарайды!

Дескриптор

Білім алушы

- әнді әуенін сақтай отырып, сүйемелдеуге ілесіп орындайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.1 Музыкалық сауаттылық

Оқу мақсаты

1.1.3.2 Музыкалық аспаптардың дыбысталуын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыңдағаншығармаданмузыкалықаспаптарды анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

Суреттегі балалардың қолындағы таныс аспаптарды ата.

Берілген дыбыстарды тыңдай отырып, қай аспаптың дыбысы екенін анықта.

«Салтанат» күйіhttp://music.nur.kz/search?q=%D0%BA%D2%AF%D0%B9

Ескерту: бубен және дауылпаз аспабын мұғалім ойнап көрсетеді.

Дескриптор

Білім алушы

  • аспаптардың атауын дұрыс айтады;
  • тыңдалған шығармадағы аспапты анықтайды;
  • бубен аспабын анықтайды;
  • дауылпаз аспабын анықтайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.1 Музыкалық сауаттылық

Оқу мақсаты

1.1.3.3 Нота сауаттылығының негіздерін білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Нота сауаттылығының негіздерін ұғынады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

Мұғалімнің орындауындағы соль және ми ноталары қайталанып ойналатын шағын әуенді тыңда. Жоғары және төмен ноталарды анықтап, тиісті қол белгісімен көрсетіп отыр.

Дескриптор

Білім алушы

  • соль және ми ноталарының биіктігін дұрыс анықтайды;
  • жоғары және төмен ноталарды қол белгілері арқылы көрсетеді.

Бөлім

Бөлімше

Музыкалық-шығармашылықжұмыстыбағалаужәне көрсету

2.1 Музыкалық шығармашылық

Оқу мақсаты

1.2.1.2Қарапайыммузыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Музыкалық –шығармашылық жұмыс жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Суреттегі табиғат құбылыстарының дыбысын музыкалық аспаптар арқылы қалай жаңғыртуға болады?

  • Суреттердің бірін таңдап алып, топта ой бөліс.
  • Табиғат құбылысын жаңғыртуға сәйкес аспаптарды таңда.
  • Аспаппен табиғат құбылысының дыбысын шығар.

Дескриптор

Білім алушы

  • табиғат құбылыстарын жаңғыртуға сәйкес келетін аспаптарды анықтайды;
  • табиғат құбылыстарының дыбыстарын музыкалық аспаптар арқылы шығарады.

Бөлім

Бөлімше

Музыкалық-шығармашылықжұмыстыкөрсетужәне бағалау

3.1 Музыканы көрсету және бағалау

Оқу мақсаты

1.3.1.1 Шығармашылық жұмысын көрсете білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өзінің шығармашылық жұмысын көрсетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Топтық жұмыс.

Үйренген әндерді қайталай отырып, бір әнді таңдап алыңдар және сыныпқа орындап көрсетіңдер.

Топта талқыла:

  • Біздің жұмысымызда не сәтті шықты?
  • Жұмысымызда нені жақсартуға болар еді?

Дескриптор

Білім алушы

  • топтық орындауға дұрыс ілеседі;
  • өз жұмыстарының сәтті/сәтсіз тұстарын анықтайды.
    • тоқсан

Ортақ тақырып «Саяхат»

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.1 Музыка тыңдау және талдау

Оқу мақсаты

1.1.1.1Естуқабілетінесүйеніптанысмузыканы, дыбыстарды тану

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Музыканы тыңдау барысында таныс дыбыстарды ажыратады

Білу және түс іну

Тапсырма

Құрманғазының «Сарыарқа» күйін (http://music.nur.kz/1319734-kyrmanfazi-orkestri-sariarka) тыңда.

  • Берілген суреттерден күйге сәйкес суретті таңда.
  • Сізге қандай дыбыстар таныс.
  • Таңдау себебіңді түсіндір.

Дескриптор

Білім алушы

  • күйге сәйкес суретті анықтайды және себебін түсіндіреді;
  • күйдегі таныс аспаптардың дыбыстарын анықтайды;
  • дыбысы таныс аспаптың суретін салады.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.1 Музыка тыңдау және талдау

Оқу мақсаты

1.1.1.2 Шулы және музыкалық дыбыстарды ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Музыканы тыңдап, шулы және музыкалық дыбыстарды ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

Құрманғазының «Сарыарқа» күйін домбыраның және халық аспаптар оркестрінің орындауындағы бейнероликтерде қара. https://www.youtube.com/watch?v=wt6OLV0nEcY - оркестрдің орындауында https://www.youtube.com/watch?v=wkS5wHFC7fI – домбырамен орындауда

  • Екі түрлі орындауда қандай айырмашылық бар?
  • Күйді тыңдау барысында өзіңе дыбысы таныс аспаптардың атын жаз.

1.

2.

3.

Дескриптор

Білім алушы

  • екі түрлі орындаудың айырмашылығын сипаттайды;
  • таныс аспаптарды анықтайды және атауын жазады.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

Оқу мақсаты

        • Ән айтуда, әндету ережелеріне сәйкес орындау
        • Әнді музыкалық аспаптардың көмегімен сүйемелдеп орындайды

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әнді әндету ережелеріне сәйкес орындайды
  • Әнді аспаптардың көмегімен сүйемелдеп орындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  • Б. Бейсенованың «Тұлпарым» әнін тыңда.
  • Әнді әндету ережелеріне сәйкес орында.
  • Әнді шулы аспаптардың сүйемелдеуімен орында.

Тұлпарым

Ақ боз атпен келемін ауыл қашық

Ата-анамды көруге болдым асық.(2 рет)

 Қайырмасы: Менің жүйрік тұлпарым Самғап ұшар сұңқарым. Туып-өскен жеріме Жеткіз мені тұлпарым! Ей,Тұлпарым!

 Ақ боз атым-серігім, қамшым қолда, Жалықпаймын зерігіп ұзақ жолда.(2 рет)

Қайырмасы:

Ер жігіттің, сен менің қанатымсың

Күш-жігері, қайраты, қуатымсың.(2 рет)

Дескриптор

Білім алушы

  • әннің сөзі мен әуенін дұрыс орындайды;
  • әнді әндету ережелеріне сәйкес орындайды;
  • әнді шулы аспаптармен сүйемелдей отырып орындайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

Оқу мақсаты

1.1.3.1Әнніңқұрылымынажырату:шұмақ,шумақ– қайырма

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әнді тыңдап, құрылымын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Музыкасы А. Тани, сөзі А. Естеновтың «Көңілді отарба» әнін тыңда және әннің құрылымын анықта.

 Көңілді отарба

Жүрдек пойыз көңілді, Асулардан асады.

Әнге бөлеп өңірді, Әуеніне басады.

Қайырмасы:

Тақ-тұқ, тақ-тұқ, бөп-бө-бөп, Болма бізге көп бөгет.

Жүзден жүйрік дарабоз! Бұл көңілді паровоз.

Жел естіріп алдыңан, Зымырайды, зырлайды. Ақша бұлттар қалғыған, Әсем әнін тыңдайды.

Дескриптор

Білім алушы

  • әнді тыңдайды;
  • әннің құрылымын анықтайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

Оқу мақсаты

1.1.3.2 Музыкалық аспаптардың дыбысталуын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыңдағаншығармаданмузыкалықаспаптарды анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Музыканы тыңда. https://www.youtube.com/watch?v=mxhd3idboAw Тыңдаған шығарма қандай аспапта орындалып тұр?

Аспаптың суретін сал.

Дескриптор

Білім алушы

  • музыканы тыңдайды;
  • музыкалық аспапты анықтайды;
  • аспаптың суретін салады.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

Оқу мақсаты

1.1.3.3 Нота сауаттылығының негіздерін білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Нота сауаттылығын ұғынады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Берілген ырғақтарды өз қалауыңша орналастырып, ырғақ құрастыр.

Құрастырған ырғақты кез келген шулы немесе ұрмалы аспапта орындап бер.

Дескриптор

Білім алушы

  • берілген ырғақтардан өз ырғағын құрастырады;
  • өзі құрастырған ырғақты шулы немесе ұрмалы аспапта нақты орындайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыкалық- шығармашылық жұмыстар құру

2.1 Музыкалық шығармашылық

Оқу мақсаты

1.2.1.1 Музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығармашылық жұмысын көрсетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Құрманғазының «Сарыарқа» күйіне қимыл-қозғалыс ойлап тап.

  • Сыныптасыңмен жұптасып, қимыл-қозғалысты бірнеше рет қайтала.
  • Сынып алдында жұбыңмен бірге шығармашылық жұмысыңды көрсет.

Дескриптор

Білім алушы

  • күйге сәйкес қимыл-қозғалыстар ойлап табады;
  • шығарманың сипатын қимыл арқылы жеткізеді;
  • шығармашылық жұмысын сынып алдында көрсетеді.

Бөлім

Бөлімше

Музыкалық-шығармашылық жұмысты бағалау және көрсету

3.1 Музыканы көрсету және бағалау

Оқу мақсаты

1.3.1.1 Шығармашылық жұмысын көрсете білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өз шығармашылық жұмысын таныстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Музыкасы А. Тани, сөзі А. Естеновтың «Көңілді отарба» әнін қайтала.

Топтық жұмыс.

  • Әнді аспаптармен сүйемелдей отырып, орындауға дайындал.
  • Әнді топпен бірге орында.
  • Орындау сәтті шықты ма?
  • Аспапта сүйемелдеп орындаған қиын болды ма? Неліктен?

Дескриптор

Білім алушы

  • музыкалық аспаптармен әнге сүйемелдеу ойлап табады;
  • өз сүйемелдеуін топпен бірге орындап көрсетеді;
  • өз жұмысына түсініктеме береді.

Ортақ тақырып «Салт дәстүр және ауыз әдебиеті»

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.1 Музыканы тыңдау және талдау

Оқу мақсаты

1.1.1.1Естуқабілетінесүйеніптанысмузыканы, дыбыстарды тану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Музыканы тыңдау барысында таныс музыканы анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Әр түрлі би музыкасының үзінділерін тыңда. https://www.youtube.com/watch?v=7FlX_1F4Gdk - «Қамажай» биі https://www.youtube.com/watch?v=tq13BXmL5fk - «Вальс» биі

  • Тыңдаған би музыкасынан таныс музыканы анықта.
  • «Қамажай» биіне сәйкес суретті көрсет.

Дескриптор

Білім алушы

  • музыкалық үзінділерді дұрыс атайды;
  • анықтаған музыканы өз сөзімен сипаттайды;
  • биге сәйкес суретті дұрыс көрсетеді.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.1 Музыканы тыңдау және талдау

Оқу мақсаты

        • Ән айтуда, әндету ережелеріне сәйкес орындау
        • Музыкалық аспаптардың көмегімен шығармаларды сүйемелдеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әнді, әндету ережелеріне сәйкес орындайды
  • Әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  • «Бесік жыры» әнін әндету ережелеріне сәйкес мұғаліммен қосылып орында.
  • Әнді музыкалық аспаптармен сүйемелдеп орында.

 Әй-әй, бөпем, әй, бөпем, Ән айтайын, бал бөпем!

Ән тыңдағың келсе егер, Және айтайын, жан көкем.

 Бөпем менің ай ма екен? Шекер ме екен, бал ма екен? Ойнақтап бір бәйгеден, Озып келер тай ме екен?!

 Тас бұлақтар тауда екен, Жас құрақтар сайда екен. Көлбең-көлбең ұшатын, Көбелектер қайда екен?!

Дескриптор

Білім алушы

  • әнді таза интонациямен орындайды;

әнді, әндету ережелеріне сәйкес орындайды;

  • әннің әуенін сақтайды;
  • әнді сүйемелдей отырып орындайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

Оқу мақсаты

1.1.3.1 Әннің құрылымын ажырату: шумақ, шумақ – қайырма

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Музыкасы Ә. Бейсеуов, сөзі Н. Арынованың «Бауырсақ» әнін тыңда. Әннің құрылымын анықта.

 Әжем келді ауылдан,Ақ қалтасын ақтарып,Түсіме де енеді-ау, Алақай-ау, алақай!Қос қолымен уыстап,Әжем берген бауырсақ. Әже бары жақсы ғой,Базарлығым, балам,-депЕске аламыз әрдайым, Қуанышты балақай.Төгіп жатыр бауырсақ.Біз әжемді сағынсақ.

Дескриптор

Білім алушы

  • әнді тыңдайды;
  • әннің құрылымын анықтайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

2.1 Музыкалық шығармашылық

Оқу мақсаты

1.2.1.1Музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Музыкалық шығармашылық жұмыс жасайды
  • Шығарманың сипатын жеткізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Қазақ халқының «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін (https://www.youtube.com/watch?v=KyB4-0OMsCs) тыңда.

Ертегіні негізге ала отырып, кейіпкерлерге музыкалық сүйемелдеу ойлап тап.

Оны музыкалық шулы аспаптармен немесе дауыспен көркемдеп, шығарманың сипатын жеткізе орында.

Дескриптор

Білім алушы

  • ертегі кейіпкерлеріне сәйкес сүйемелдеу ойлап табады;
  • құрастырған ырғағын аспаптарда орындап көрсетеді;
  • шығарманың сипатын жеткізеді.

Бөлім

Бөлімше

Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

2.1 Музыкалық шығармашылық

Оқу мақсаты

1.2.1.2Қарапайыммузыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Музыкалық шығармашылық жұмыс жасайды
  • Музыка шығарады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Суреттерге сүйеніп, Наурыз мерекесіне байланысты сөздер ойлап тап.

  • Әр сөзге ырғақ ойлап тап.
  • Сөздерден Наурыз туралы қысқа сөйлемдер құрастыр.
  • Әр сөйлемді ырғақпен және музыкалық аспаптарда сүйемелдей отырып орында.

Дескриптор

Білім алушы

  • Наурыз туралы сөздер мен қарапайым сөйлемдер құрастырады;
  • құрастырған сөйлемдерді ырғақпен орындайды;
  • өз ырғағын музыкалық аспаптарда сүйемелдей отырып орындайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау

3.1 Музыканы көрсету және бағалау

Оқу мақсаты

1.3.1.1 Шығармашылық жұмысын көрсете білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өзінің шығармашылық жұмысын таныстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

 1. Музыкасы Ә. Бейсеуов, сөзі Н. Арынованың «Бауырсақ» әнін қайтала. Әнді музыкалық аспаптармен сүйемелдей отырып, орындап көрсет.

Өз орындауыңа түсініктеме бер.

Дескриптор

Білім алушы

  • үйренген әнді сүйемелдей отырып орындайды;
  • өз орындауына түсініктеме береді.

Топтық жұмыс.

2. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісіндегі кейіпкерлерге ойлап тапқан сүйемелдеуіңді еске түсір.

  • Бір кейіпкерге арналған аспаптық сүйемелдеуді орында.
  • Өз орындауыңды бағала.
  • Сүйемелдеуің ертегі кейіпкеріне сай болды ма? Неліктен?

Дескриптор

Білім алушы

  • музыкалық аспап арқылы кейіпкердің образын жеткізеді;
  • өзін-өзі бағалайды;
  • өз жұмысын сынып алдында көрсетеді.
    • тоқсан

Ортақ тақырып «Тағам және сусын»

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.1 Музыканы тыңдау және талдау

Оқу мақсаты

1.1.1.2 Шулы және музыкалық дыбыстарды ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыңдалғанмузыкалықшығармадағышулыжәне музыкалық дыбыстарды анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

А.Құдайбергеновтің «Балдырған» күйін (http://www.youtube.com/watch?v=Xtdhwjt1MDw)тыңда.

  • Күй қандай аспапта орындалған?
  • Ол қандай аспап түріне (шулы/ музыкалық) жатады?
  • Күйдің екпіні қандай?

Дескриптор

Білім алушы

  • музыкалық шығарманы тыңдайды;
  • музыкалық аспапты анықтайды;
  • аспаптың қай түріне жататынын ажыратады;

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

Оқу мақсаты

        • Ән айтуда, әндету ережелеріне сәйкес орындау
        • Музыкалық аспаптардың көмегімен шығармаларды сүйемелдеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әнді,әндету ережелеріне сәйкес орындайды
  • Әнді музыкалық аспаптардың көмегімен сүйемелдейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  • Сөзі М.Адибаев, музыкасы А.Танидің «Жарайсың» әнін тыңда.
  • Әнді, әндету ережелеріне сәйкес және ұрмалы, шулы музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орында.

Жарайсың!

Үздік шықтың сабақта Бәрекелді, жарайсың! Талабы зор талантқа Басын иер талай шың.

Very good! Молодец! Жарайсың!

Біліктілік өресі

Ой-санаңды жақсы күт. Сабақта да келесі, Серік болсын сәттілік!

Вперед!

All the best!

Сәттілік!

Дескриптор

Білім алушы

  • әннің ырғағын сақтап орындайды;
  • әнді музыкалық аспаптармен сүйемелдеп орындайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

Оқу мақсаты

1.1.3.1Әнніңқұрылымынажырату:шумақ,шумақ– қайырма

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыңдаған әнінің құрылымын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Музыкасы А.Тани, сөзі А. Естеновтың «Жемістер концерті» әнін тыңда және әннің құрылымын анықта.

 Шие ойнап органда,Қобыз тартқан Шабдалы, Концерт берді орманда.Достарынан қалмады.

Алма бұлбұл сайрады,Төкпе күйді Алмұрт та,

Сауын айтып сол маңға.Домбырада жалғады.

Қайырмасы:Қайырмасы:

Әсем саздан ән өріп,Әсем саздан ән өріп,

Шырқап берді Сары өрік.Шырқап берді Сары өрік.

Би билейді Жүзімдер,Би билейді Жүзімдер,

Бойы балқып, тәні еріп.Бойы балқып, тәні еріп.

Дескриптор

Білім алушы

  • әнді тыңдайды;
  • «əннің құрылымын дұрыс анықтайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.3 Музыкалық сауаттылық

Оқу мақсаты

1.1.3.2 Музыкалық аспаптардың дыбысталуын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Музыкалық аспаптардың дыбысталуын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

Берілген аспаптардың дыбысын тыңда және қай аспап екенін анықта.

Суреттерді қиып алып, тиісті бағанға орналастыр.

Шулы аспаптарҰрмалы аспаптар

Дескриптор

Білім алушы

  • қазақ халқының ұрмалы аспаптарын анықтайды;
  • қазақ халқының шулы аспаптарын анықтайды;
  • аспаптардың атауын дұрыс орналастырады.

Бөлім

Бөлімше

Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

1.3 Музыкалық сауаттылық

Оқу мақсаты

1.1.3.3 Нота сауаттылығының негіздерін білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Нота сауаттылығын ұғынады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Соль және ми ноталарынан отбасы мүшелерінің есімдеріне музыкалық фраза құрастыр.

  • Құрастырған музыкалық фразаны отбасы мүшелерінің есімдеріне салып орында.
  • Музыкалық фразаны қол белгілерін көрсете отырып, дауыспен орында.

Дескриптор

Білім алушы

  • отбасы мүшелерінің есімдеріне әуен құрастырады;
  • музыкалық фразаны қол белгілерін көрсете отырып, дауыспен орындайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

2.1 Музыкалық шығармашылық

Оқу мақсаты

1.2.1.2 Қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Музыкалық-шығармашылық жұмыс жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Топтық жұмыс.

Берілген ырғақты, ұсынылған аспаптарда орында.

Дескриптор

Білім алушы

  • ырғақтық суреттемені орындайды;
  • ырғақты шулы немесе ұрмалы аспапта орындайды;
  • топтық орындауда өз аспабының партиясын сақтайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

3.1 Музыканы көрсету және бағалау

Оқу мақсаты

1.3.1.1 Шығармашылық жұмысын көрсете білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өзінің шығармашылық жұмысын таныстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Топтық жұмыс.

Берілген мақал-мәтелдерді оқы.

Егін ексең тыңға,Нан – тамақтың атасы,

Шықтым дей бер шыңға.Ынтымақ – көптің батасы.

Қырман басы – береке,Тістем нанныңқадірін,

Көп жүрген жер – мереке.Тарыққанда білерсің.

  • Мақал-мәтелдердің ішінен біреуін таңда.
  • Мақал-мәтелге сай ырғақ ойлап тап.
  • Мақал-мәтелді ырғақпен орында.

Дескриптор

Білім алушы

  • мақал-мәтелге сай ырғақ құрастырады;
  • өз фразасын ырғақпен орындайды;
  • өз жұмысын сынып алдында көрсетеді.

Ортақ тақырып «Дені саудың - жаны сау»

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.1 Музыка тыңдау және талдау

Оқу мақсаты

1.1.1.1Естуқабілетінесүйеніптанысмузыканы, дыбыстарды тану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыңдалғанмузыкалықшығармадағытаныс музыканы анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

М.И Глинканың «Полька» музыкалық шығармасын тыңда.

  • Бұл қандай музыка?
  • Музыкалық шығарманың көңіл-күйі мен екпінін сипатта.
  • Бұл шығармаға сай қандай қимылдар жасауға болады?

Дескриптор

Білім алушы

-музыкалық шығарманың көңіл-күйі мен екпінін анықтайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

Оқу мақсаты

1.1.2.1 Ән айтуда, әндету ережелеріне сәйкес орындау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әнді, әндету ережелеріне сәйкес орындайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Сөзі А.Естенов, музыкасы А.Танидің «Шаңырақ» әнін екі топқа бөлініп әндету ережелеріне сәйкес орында.

  • Бірінші топ әнді орындайды, екінші топ музыкалық сүйемелдеу жасайды.
  • Рөлдерімен ауысып, әнді екінші рет орында.

Жұлдыз алқа тағып ап,Ату үшін күліп таң, Тұрар әр кез жадырап,Жүк түсірмей иықтан. Төбемізде көк аспан,Сол шаңырақ біздерді, Біздің үкен шаңырақ.Татулыққа ұйытқан

 Қайырмасы:Қайырмасы: Шаңырақта сәніміз,Шаңырақта сәніміз, Шаңырақта әніміз.Шаңырақта әніміз. Бір шаңырақ астында,Бір шаңырақ астында Шаттанамыз бәріміз.Шаттанамыз бәріміз.

Дескриптор

Білім алушы

  • топта әнге музыкалық сүйемелдеу жасайды;
  • әнді топпен бірге таза интонациямен орындайды;
  • әнді әндету ережелеріне сәйкес орындайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

2.1 Музыкалық шығармашылық

Оқу мақсаты

1.2.1.1 Музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Музыкалық шығармашылық жұмыс жасайды
  • Шығарманың сипатын жеткізе орындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Қандай спорт түрлері бейнеленген?

Топтық жұмыс. Берілген шулы және ұрмалы аспаптарды қолдана отырып, суреттегі іс- әрекеттерді сипатын жеткізе дыбыста.

Дескриптор

Білім алушы

  • суреттегі іс-әрекеттерді дыбыстау үшін идея ұсынады;
  • іс-әрекеттерді шулы және ұрмалы аспаптардың көмегімен сипатын жеткізе дыбыстап көрсетеді.

Бөлім

Бөлімше

Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

2.1 Музыкалық шығармашылық

Оқу мақсаты

1.2.1.2Қарапайыммузыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Музыкалық –шығармашылық жұмыс жасайды
  • Өздаусыменмузыкалықаспаптарарқылы музыкалық фраза шығарады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Топтық жұмыс.

Берілген суреттер бойынша бірнеше сөйлем құрастыр.

Сөйлемдерді соль және ми ноталарына салып, дауыспен орында.

Әуенді металлофон аспабында ойнай отырып, құрастырған сөйлемдерді орында.

Дескриптор

Білім алушы

  • тақырыпқа сай сөйлем құрастырады;
  • сөйлемдерді нотаға салып дауыспен орындайды;
  • құрастырған сөйлемдерді музыкалық аспапта сүйемелдей отырып орындайды.

Бөлім

Бөлімше

Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау

3.1 Музыканы көрсету және бағалау

Оқу мақсаты

1.3.1.1 Шығармашылық жұмысын көрсете білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өзінің шығармашылық жұмысын таныстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

1. Музыкасы А. Тани, сөзі А. Естеновтың «Таңертеңгі жаттығу» әніне ырғақтық қимылдар мен аспаптық сүйемелдеу қосып орында.

  • Өз шығармашылық жұмысыңды бағала.
  • Орындау кезінде қай тұсы жақсы шықты?
  • Нені жақсарту керек деп ойлайсың?

Дескриптор

Білім алушы

  • әнге ырғақтық қимылдар мен аспаптық сүйемелдеу ойлап табады;
  • өз жұмысын көрсетеді және бағалайды.
  • Жұптық жұмыс.

М.Глинканың «Полька» музыкалық шығармасына би қимылдарын ойлап тап.

    • Өз биіңді сыныпқа орындап көрсет.
    • Өз орындауыңды жұпта талқыла.

Дескриптор

Білім алушы

  • әнге ырғақтық қимылдар мен аспаптық сүйемелдеу ойлап табады;
  • өз жұмысын көрсетеді және бағалайды.

Суреттердің сілтемелері:


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы