Дипломдық жұмыс: Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары

Дипломдық жұмыс: Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары казакша Дипломдық жұмыс: Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе
1 Жергілікті бюджетті қаржыландыру негіздеріндегі мәселелер
1.1 Жергілікті бюджетті қаржыландырудың экономикалық мәні мен маңызы
1.2 Жергілікті бюджетті қаржыландыру көздері
1.3 Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін әзірлеу, қарау және бекіту жүйесі
1.4 Жергілікті бюджет кірісін қаржыландыруды болжау тәртібі
1.5 Жергілікті бюджетті қаржыландырудағы шетелдік тәжірибе
2 Жамбыл облыстық қаржы басқармасының 2009-2010 жылғы бюджетті қаржыландыру денгейі бағалау
2.1 Жамбыл облысы қаржы басқармасы қызметіне жалпы сипаттама
2.2 Жергілікті бюджеттің кірістерін қаржыландыру деңгейін талдау
2.3 Жергілікті бюджетті қаржыландырудағы салықтық түсімдерді
2.4 Жергілікті бюджетті қаржыландырудағы салықтан тыс түсімдерді талдау
2.5 Жергілікті бюджетті қаржыландырудағы негізгі капиталды сатудан және трансферттік түсімдердің орындалуы
2.6 Жергілікті бюджеттен қаржыландыру деңгейін бағалау
3 Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін жетілдіру бағыттары
3.1 Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін жетілдіру мәселелері
3.2 Жергілікті бюджетті кірісі мен шығысын теңестіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бюджеттік құралдардың қалыптасу ,бөлісу және пайдалану процестерін басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарда,яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен оларды негізгі мақсаттарда, әрі қарай тереңдетуге,білім мен денсаулық сақтауды дамытуға ,индустралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар-бюджетті құрғанда көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді.Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметті-экономикалық даму бағдарламасы табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бастап тәуелсіз еліміздің әлеуметтік экономикалық жағдайын өсірудің бірден бір саласы бюджет екеніне көз жеткізе түсінгендей болып отыр, десекте сол бюджеттің нарық талабына сай қызмет етуіне баса назар аударып жетілдіру үстінде. Қазақстан бюджетін дамыту жүйесін қолға алып әлемдік дамыған мемлекеттердің даму деңгейіне сүйене отырып, мемлекеттік бюджеттің экономиканы реттеудегі рөлі зор екендігіне баса назар аударуда.
Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақтан Республикасының бюджет жүйесі мен салық жұйесінің жылдан жылға жаңаруы, бюджет кодексі мен салық кодексіне жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне себеп болып отыр. Ол дегеніміз мемлекетіміз бір орында тұрмай экономиканың бір ыңғай немесе үнемі қозғалыста болғанының белгісі, экономикамыз іштей және сырттай дамуы ол халқымыздың әл ауқатының түзелуі мен мемлекетіміздің тыныштығы деп білем.
Жалпы нарықтық экономика жағдайында бюджет жүйесіндегі кірістері мен шығыстарының бөлінуі экономикалық және әлеуметтік салалардың барлық жақтарын қамтиды.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Жергілікті бюджет – ел бюджеті ұлттық экономиканы басқарудың ең маңызды құралы болып табылады. Жергілікті бюджет белгілі бір аймақтың экономикалық және әдеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында құрылған орталықтандырылған ақша қоры. Кез-келген реформаны жүргізу және экономиканы дамыту орасан зор қаржыны талап етеді. Бюджет - қоғам өмірінің барлық саласын: халық шаруашылығын әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру, білім беру, ғылым, мәдениет, өнер денсаулық сақтау, қорғаныспен басқаруды қамтитын экономикалық реформаны жүргізуге мемлекеттің сыртқы және ішкі ресурстарын жасақтап әрі шоғырландыруға қабілетті. Осыған байланысты таңдап алған диплом жұмысымның тақырыбы өзекті.
Мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мені мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалды. Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтын табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастырудың теориялық-әдістемелік және тәжірибелік ережесін анықтап, жергілікті бюджеттердің кірістерін экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру, жергілікті бюджеттер арасындағы салықтарды үлестіру, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс тәжірибелік ұсыныстарын жасау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- жергілікті бюджеттің экономикалық мәні мен маңызын;
- жергілікті бюджеттердің кірістерінің қалыптасу көздерін;
- жергілікті бюджетті әзірлеу, қарау, және бекіту жүйесін;
- жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастыру мен пайдалануда қолданылатын әдістерін;
- жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастыруда шетелдік тәжірибені қарау.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі. «Жамбыл облысы қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы негізгі 3 бөлімнен тұрады.
Дипломдық жұмыстың нормативтік-ақпараттық базасы. Диплом жұмысының негізгі ақпараттық базасын, экономикалық оқулықтар, оқу құралдары, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Бюджет кодексі, Республиканың статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері, Жамбыл облысы қаржы басқармасының мәліметтері қолданылды.
1 Жергілікті бюджетті қаржыландыру негіздеріндегі мәселелер


1.1 Жергілікті бюджетті қаржыландырудың экономикалық мәні мен маңызы

Бюджет – ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекшк тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен жеке және заңды тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыруы мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.
ҚР Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет – ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы- қаржылық жоспар, материалдық негізі-орталықтандырылған қор, экономикалық негізі- жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі- заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға обьективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар оларбір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория де дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және осыған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде «қаржы» жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда «бюджет» өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды қалыптастыру және пайдалау процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет – ол қаржылық жоспар; бюджет- ол басқарушылық жоспар; бюджет – ол заңнамалық құжат; бюджет-ол коммуникация құралы; бюджет – ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат деген. Бірақ; бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары; мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.
«Бюджет» деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады: [1]
- ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
- ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
- ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм арқылы);
- ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
- ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде орындайтын заң.
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен обьективті түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын обьективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.Сондықтан Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген- ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині- мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджетті қор мағынасында да пайдаланады.
Бүгінгі күні мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.
Жергілікті қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі.
Жергілікті бюджет – бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және қызметтер көрсету салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің экономикалық мазмұны олардың мынандай арналымдарында көрінеді: [2]
билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;
бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.
Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомстваға қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтың экономикалық әлуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып, пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар экономика жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на каз, Дипломдық жұмыс: Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін