Қаржы | Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары

  Қаржы |  Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………….. 3

1. ЛИЗИНГТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ, ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Лизингтің тарихи алғы шарттары. Өндірістік күштердің дамуы лизингтік қатынастардың пайда болуы негізі ретінде…………………...7
1.2. Лизингке шолу жасау және оның дамуын талдау……….……………….11
1.3. Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері…………………………19

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1. Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық
реттелуі……………………………………………………………..………..26
2.2. Лизинг түрлерін дәрежелеу, лизингтің арендадан
айырмашылығы……………………………………………………….……..32
2.3. Дамыған елдерде қаржылық лизингке сипаттама беретін
негізгі ерекшеліктер (халықаралық лизинг)…………………….………..40

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДЕ ЛИЗИНГ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1. Қазақстан Республикасындағы лизинг…………………….………….....48
3.2. Лизинг мәмілесін жасаудағы негізгі кезеңдер…………………………..53
3.3. Лизинг мәмілесін жасауға дайындық және оның
тиімділігін талдау………………………………………………………....54

Қорытынды…………………………………………………………………….58

Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………..62

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6 ақпанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында: «Елдің қаржы жүйесінің, әсіресе, банк секторының бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуға тиіс. Мемлекеттік қолдау біржақты болмайды, сондықтан банктер тәуекелдің өздеріне тиесілі бөлігін өз мойындарына алуға тиіс. Егер банктердің акционерлері өздерін дамыту үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілітсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қабылдауға дайын болуы керек» деп айта кетті[1].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Қазақстан әлемдік экономиканың өскелең турбуленттілігіне жедел үн қатқан және алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай¬тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес¬керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды.» деп айта кетті [2].
Дүниежүзілік экономикада Қазақстан Республикасының интеграциялау процесі шарасыз. Бірақ дамыған капиталистік елдердің қаржылай қолдауынсыз бұл процесс баяу жылжиды. Қазіргі таңда барлық елдер, даму деңгейіне қарамай, сырттан қаржыландыру процестерін қолдануда. Олар мынадай:
- объектілерді қаржыландыру; трансакцияларды қаржыландыру; жобалық қаржыландыру; халықаралық лизинг және тағы басқалар. Халықаралық қаржыландырудың барлық түрлері инвестициялау қызметтің жалпы түсінігіне кіреді. Бірақ соның ішінде бір ғана қаржы операциясы, яғни лизинг механизмі.
- шетел валютасының ауытқуымен байланысты туатын валюттік қауіптен;
- көлік тасымалдаумен байланысты (тауардың бұзылуы, жойылуы) пайда болатын қауіптерден;
- моральдық тозған жабдықтар мен техниканы, технологияны алу қаупінен;
- пасық қызметтестермен жұмыс істеу қаупінен сақтамайды.
Мысалы халықаралық экономикалық қызметтесу мақсатында еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Интеграция, бизнес, прогресс” ұранымен өткен Еуразиялық экономикалық одақтастың бірінші экономикалық форумына қатысты. Ол өз сөзінде ЕврАзЭС шеңберіндегі интеграция мәселелерін, Қазақстанның экономикалық жағдайы мен бизнес жасау мүмкіндіктерін талқылады.
Сондықтан лизинг инвестициялық қызметтің тиімді құралы болып табылады және ол “Инвестициялық қызметті дамыту және Қазақстан Республикасына шетел инвесторларын тарту туралы” ҚР Үкіметінің қабылдаған кешендік бағдарламасында көрсетіліп, сол бойынша жүзеге асырылуда. Лизинг инвестициялаудың әдеттегі формаларымен қатар өзіне тән мүмкіндіктерінің арқасында техниканы қайта қаруландыруға қажетті өнеркәсіп кәсіпорындарын құруға және экономика құрылымын қайта құруға септігін тигізеді.
Қазіргі уақытта лизинг өнеркәсіптік кәсіпорындарға инвестицияларды жұмылдырудың жалғыз ғана тәсілі болып табылады.
Осыған байланысты Қазақстан жоғары оқу орындарының оқу жоспарында “Лизинг” арнайы пәні пайда болды. Лизинг Қазақстанның экономикасын өркендетуге атсалысады. Сонымен қатар лизинг өндірістің дамуына ықпал жасайды.
Стенфорд зерттеу институтының зерттеу нәтижелеріне сәйкес, лизингтің болашағы зор. Лизинг несие арқылы жабдықтарды сатып алу, сату шартынан бірқатар айырмашылықтары бар. Бұл лизинг алушыларды лизинг бизнесіне қатысуға тартады. Лизингтің бірқатар артықшылықтары мынадай:
- мүлікті жоғалту қаупі лизинг берушінің мойнында болады;
- қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын лизинг беруші жүзеге асырады;
- лизинг мүлкін ауыстырып алуға және ең жаңа, қазіргі шығарылған жабдықтармен пайдалануға болады;
- лизинг төлемдерін мүлікті пайдалана бастағаннан кейін де жүзеге асыруға болады;
- лизинг шартында алдын-ала қарастырылған шарт аяқталған соң лизинг алушының символикалық бағамен мүлікті меншігіне сатып алу лизинг алушы үшін өте тиімді.
Лизинг алушының әртүрлі талаптарына бейімделе алатындар үшін де тиімді. Мысалы лизинг төлемдерін өтемақы негізінде де жүзеге асыруға болады (мысалы, сыра өндіру үшін алынған лизинг жабдығының құнын, осы жабдықта өндірілген сыра өтеуге болады).
Лизингтік құқықтық реттелуінзаңмен және нормативті акттармен реттелетін құқықтық-азаматтық мәміле ретінде қарастыра отырып, оның кейде алаңдатушылық туғызатынын айта кеткен жөн. Өйткені әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық құқықтық процестердің даму мен күрделену кезеңінде бізге балама емес, нақты реттейтін Заң қажет. Жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы ”Салық және бюджетке иіндетті төлемдер туралы”, “Банктермен банк қызметі туралы”, “Қаржы лизингі туралы” Заңдарға Азаматтық Кодекске сәйкес өзгерістермен қосымшалар енгізуді талап етеді.
“Оперативті лизинг туралы”, “Банк лизингі туралы” заңдар талқыланып, қабылдану керек. Мысалы, қаржы потенциалы мол екінші деңгейдегі банктер лизинг беруші бола алады. Кіші және орта бизнесті қолдау үшін Қазақстан Республикасының Президентінің “Кіші және орта кәсіпкерліктің субъектілерінің қызметіне мараторий туралы” (Мемлекеттік органдар жағынан субъектілер қызметіне заңсыз араласуына және тексеруіне жол бермеу туралы) жариясына сәйкес, лизингтік компанияларын жан-жақты қолдау, салық, несие, амортизация жеңілдіктерін және кеден, салық, банк туралы заңдар саласындағы лизинг қатынастарына қатысушылар үшін преференция-ларды қарастырып, заңды ету керек.
“Қаржы лизингі туралы” заңды талдай отырып және оған баға бере отырып, осы заң актісіне енгізуге қажетті өзгерістерді көрсеткім келеді.
Бірінші: Заңның 12-баптағы 1-тармағының 4-бөлігіне сәйкес лизинг беруші біржақты лизинг шартын бұзған жағдайда, лизинг алушының аванс ретінде төлеген төлемдерін және басқада сомасын қайтарып алуға құқы бар. Бірақ лизингтің қай төлемін аванс ретінде санау керектігін және төлемді қай мерзімге дейін аванс ретінде санау керектігі белгісіз.
Аванс ретінде төленген төлем аванс төлемінің статусын лизинг шартының толық мерзімі ішінде сақтайды. Мұнда лизинг берушінің инициативасымен лизинг шарты бұзылған жағдайда, аванс ретінде төлемдерді жүзеге асырып жүрген лизинг алушы төлемдердің барлығын қайтарып алуға құқы бар. Лизинг алушы лизинг мүлкін пайдаланғандықтан бұл ережені біз дұрыс деп санамаймыз.
Сондықтан біздің ойымызша Заңның 1-тармағындағы 4-бөлімін лизинг алушы мүлікті нақты иеленіп, пайдаланған жағдайда ғана лизинг төлемдерін қайтарып алуға құқы бар деген өзгерістер енгізуге келеді.
Бұл қосымша белгісіздік пен лизинг алушының қиянатшылдығынан сақтайды.
Екіншісі: Заңдағы 15-баптың 2-тармағы 10-бөлігінің негізінде лизинг мүлкінің сақтандырылуы жүзеге асырылады. Заңдағы 20-баптың 2-тармағы бойынша лизинг мүлкін лизинг алушы немесе лизинг беруші сақтандыруы мүмкін, осыдан келе лизинг мүлкін екі жақта сақтандырмауы мүмкін, яғни лизингке қатысушылар лизинг мүлкін сақтандыру жөнінде өз бетінше шешім қабылдаулары мүмкін.
“Астық жинау лизинг компаниясы” жауапкершілігі шектелген серіктестігі Ресей өндірісінің астық жинау комбайындары мен тракторларын жетекші сақтандыру немесе қайта сақтандыру компанияларының сыйлық ставкасы мүлікті сақтандыру ерекшеліктерін есепке алғанда жылдық табыстың 2,5%-тен 6%-ке дейін құрады. Сақтандыру шарты бір жылға жасалады, сақтандыру сыйлығының ставкасы жыл аяқталған соң анықталады.
11-бөлігінің талаптарына сай лизинг келісімінің тағы бір шарты – бұл лизинг мүлкін мемлекеттік тіркеуден өткізу міндетін екі жақтың біреуіне жүктеу.
Егер лизинг нысанасы мемлекеттік тіркеуден өткізуге міндеттелмейтін мүлік болса, онда бұл шарт орындалмай қалуы мүмкін, осыған орай лизинг шартыда жасалмай қалады.
Үшіншісі: Егер лизинг алушы қиянат жасаса лизинг берушінің лизинг мүлкін лизинг алушыдан соттың көмегінсіз алып қоюға, лизинг мүлкін басқа лизинг алушыға беруге құқы жоқ. Бұл лизинг туралы қазіргі заңның тауқыметті мәселесі болып отыр. Біздің ойымызша, осы мәселені шешу үшін Заңның 17, 24-баптарына өзгерістер енгізу керек. Яғни лизинг берушіге лизинг алушы қиянат жасаған кезде, мүлікті өз бетінше соттың көмегінсіз алып қойып, басқа лизинг алушыға беру құқын қарастыру керек. Бұл біріншіден уақытты үнемдеуге, екіншіден мемлекеттік баж төлеудегі шығындар жасамауға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңдағы лизинг процестері өте күрделі. Оның дамуын талқылау үшін әр түрлі ұйымдық-экономикалық аспектілерімен айналысатын мамандар керек. Қазақстан экономикасының жаңа күрделі кезеңі модернизацияландырылған, ғылыми негізделген өндірістік, техникалық жабдықтарды, машиналарды, аппараттарды шетелден алу арқылы экономикалық, аграрлық, индустриялық-инновациялық саясатын жетілдіруде лизинг нарығында жұмыс істеудің тәсілдерін жетік білетін мамандар дайындауды талап етеді.
Лизинг идеясының дамуына ескішілдік бөгет жасады. Бірақ лизингті несиелік қаржыландырумен салыстыру нәтижелері және де лизинг артықшылықтарының насихаты оны экономикада қолдауға мүмкінді берді (Стенфордтік зерттеу институтының жұмыстарының нәтижелері бойынша.) Мәселен, қазіргі уақытта еуропалық лизингтік қоғамдар Бірлестігіне (штаб-пәтері Брюсселде) 17 еуропалық мемлекеттердің қоғамдар мен одақтары мүше болуда. 1987 ж. олардың операцияларының көлемі 58,5 млрд. доллар, сонымен қатар қозғалатын мүлік бойынша 50 млрд. долларға дейін жетті. Ал АҚШ-та, Азия аумағында және Австралияда лизингтік көрсеткіштер еуропалықтардан айтарлықтай асып түседі.
Қорыта келе лизингке біздің республикамызда технологиялық жаңа жолдарды ашуға және халықаралық сауда қатынастары жүйесіне енуге мүмкіндік беретін экономикалық қызметтің құралы ретінде баға бергім келеді.


1. ЛИЗИНГТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ, ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.2 Лизингтің тарихи алғы шарттары. Өндірістік күштердің дамуы лизингтік қатынастардың пайда болуы негізі ретінде.

Лизинг идеясы біз үшін жаңалық емес, бірақ “лизинг” термині бүрын бізде қолданылмаған. Лизинг шартының мәнін ашу Аристотель заманына (б. д. д. ІVғ.) келіп тіреледі. Байлық меншікті иелену құқынан емес, сол меншікті пайдалана білу құқынан тұрады. Бұл – Аристотельдің сөзі. Сонымен мүліктің иесі оны иемденіп қана қоймай, сол мүлікті пайдалану нәтижесінде табыс табуы қажет.
Лизинг (to lease, lease) ағылшын тілінен аударғанда “аренда, арендовать” – “жал, жалға беру” деген мағына білдіреді. Лизинг түсінігі отанымыздың және шетелдердің кәсіпкерлік қызметінде кеңінен қолданады. Лизингке байланысты қатынастардың күрделенуі лизингтің мәні жөнінде әртүрлі көзқарастардың пайда болуына себеп болып отыр.
Лизингтің қаржылық-коммерциялық, құқықтық және техникалық аспектілері бар. Лизинг терминінің дәл қай уақытта пайда болғаны анықталмаған. Австриялық зерттеуші В. Хойер “Еуропада бизнесті қалай жасау керек” кітабында “лизинг” терминінің қолданылуын XІX ғасырдың соңғы ширегіне жатқызады. Мұны 1887 жылы “Белл” телефон компаниясы өз телефон аппараттарын сатпай, оларды арендаға беру туралы шешім қабылдаған оқиғамен байланыстырады. Оның пікірі бойынша, 1952 жылы Сан-Францискода “Юнайтед стейтс лизинг корпорейшн” атты бірінші лизинг қоғамының құрылуы лизингтің дамуына күшті себеп болды.
Орыс тілінде “лизинг” терминінің тура аналогы жоқ. Көбіне ли¬зингті өндірісте қолданылатын машиналардың, жабдықтардың, көлік құралдары мен құрылыстардың ұзақ уақыттық арендасы деп түсінеді. Францияның, Бельгия мен Италияның лизинг туралы заң актілерінде credіt-taіl (несие – аренда) locatіon fіnancement (аренданы қаржыландыру) operazіon dі locazіone fіnansіatіvo - қаржылық арендасы жөніндегі операциялар деген терминдер қолданылады. Бірақ біздің ойымызша, бұлардың барлығы лизингтің мәнін толық айтпайды.
Лизингтің экономикалық тура мағынасы мүлікті уақытша пайда-лануға берумен байланысты пайда болған мүліктік қатынастардың кешені ретінде түсіндірілуді. Бұл кешен лизинг шартынан бөлек басқа да шарттарды енгізеді, соның ішінде сатып алу – сату шарты мен несие шарттары (займ) кіреді. Лизингке осы шарттардың күрделі үйлесімділігі тән.
Мүлікті уақытша пайдалануға өткізу кезіндегі қатынастар лизингте өзекті және негізгі қатынастар болып саналады. Мүлікті сатып алу – сату жөніндегі қатынастар көмекші роль атқарады. Бұл қатынастар шарттың басында ғана роль атқарып қоймай, лизинг шарты біткен соң пайдаланушы мүлікті өз меншігіне алу кезінде лизинг қатынастарының толық кешенін аяқтай алады.
Сонымен лизингті мүлікті меншікке сатушыдан сатып алумен және ақыға уақытша пайдалануға берумен байланысты пайда болған қоғамдық қатынастардың кешені деп қарау керек.
Осындай түсіндірме ретінде лизинг шетелдер мен отанымыздың теориясы мен машығында қолданылып келеді.
Сонымен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 1999 жылғы 1 шілдедегі жаңа жобасының (ерекше бөлім 565 бабында “лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға міндеттенеді” деп лизингке түсініктеме берілген).
Лизингтің қарама-қайшы екі жақты мәні бар. Экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, біріншіден лизингті қаржыларды негізгі капиталға қайтару мақсатымен жұмсау деп түсінуге болады. Яғни меншік иесі (лизинг беруші) бекітілген уақытта қайтарып алатын қаржыны белгілі бір мерзімге береді. Лизинг беруші өзінің атқарған қызметі үшін қаржылай марапатталады. Осыған қарай өзінің мазмұны бойынша лизинг несиелік қатынастарға сәйкес келеді және несиелік шарттардың мәнін сақтайды. Екінші жағынан, несие беруші мен несие алушы капиталмен ақша түрінде емес, тауар түрінде іс жүргізетіндіктен лизинг инвестициялауға ұқсас келеді. Лизингті тауарлық несие деп те айтуға болады.
Сондықтан қаржы шарты, нақтылап айтқанда несие операциясы, лизинг шарттарының өзегі болып табылады. Мүліктің иесі пайдаланушыға, яғни лизинг беруші лизинг алушыға қаржылай қызмет көрсетеді: лизинг беруші мүлікті өз меншігіне толық бағасына сатушыдан сатып алып, лизинг алушының аммортизациялық төлемдері есебінен мүліктің бағасын өтеп алады.
Сонымен, егер лизингті мүлікті уақытша ақы төлетіп пайдалануға беру ретінде қарастырсақ, онда оған негізгі қорлардағы тауарлық несие ретінде баға беруге болады.
Несие қатынастарының субьектілеріне қарыз беруші ретінде лизинг беруші, қарыз алушы ретінде лизинг алушы жатады. Лизинг беруші (лизинг компаниялары, банктер, кәсіпорындар және т. б.) лизинг шарты бойынша мүлікті лизинг алушыға (заңды тұлға бола алатын кез-келген мемлекеттік акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі қоғамдар және т. б.) жалға береді. Ал несие обьектілеріне машиналар, жабдықтар, көлік құралдары және т. б. жатады. Қарыз (несие) құнын ұйымдастыру түрі бойынша лизинг коммерциялық кредитке ұқсас болғанмен, олардың арасында айырмашылық та бар.
Ең алдымен бұл коммерциялық несие мен лизингтегі мүлікті иелену қатынастарын қамтиды. Коммерциялық несие беру кезінде уақытша пайдалануға алынған шарт обьектісі несие алушының меншігінде қалады.
Лизинг беру кезінде лизинг алушының мүлікті пайдалануға құқы болғанымен, оны меншіктенуге құқы жоқ. Яғни мүлікті иелену құқы лизинг берушіде қалады да, оны пайдалану құқы лизинг алушыға өтеді. Лизинг алушы осы құқықты иемдену үшін лизинг берушіге лизинг төлемдерін жүзеге ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?