Журналистика | 31 арнадағы Информбюро ақпараттық қызметі

 Журналистика | 31 арнадағы Информбюро ақпараттық қызметі

Мазмұны

1. Кіріспе...........................................................................................бет
2. Негізгі бөлім.
1-тарау. «31-телеарна» және ақпараттық бағдарламалар.............бет
2- тарау. «Информбюро» ақпараттық бағдарламасы: ақпарат әзірлеудегі өзіндік ұстанымдар мен хабарлар дайындаудағы ерекшеліктер..........................................................................................бет
3. Қорытынды................................................................................бет
4. Сілтемелер..................................................................................бет
5. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................бет

Журналистика қоғамымыздағы «төртінші билік» деп танылып, өміріміздің айрылмас бөлшегіне айналды. Ахмет Байтұрсынов айтқандай, «Халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» болып, қалың көпшіліктің мұң-мұқтажының жоқтаушысы қызметін атқару, яғни билік пен халықтың арасындағы дәнекерші болу. Дегенмен, заман талабына орай журналистиканың қоғамда атқаратын қызметтері де айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырады. Бүгінгі таңда жұртшылықтың ақпаратқа деген сұраныстары артып келеді, яғни БАҚ-тың ақпараттық функциясы дамуда. Осы орайда еліміздің электронды бұқаралық ақпарат құралдары да жұмыла еңбек етуде, олардың елдің соңғы жаңалықтарына деген сұранысын өтеу жолындағы қажырлы жұмыстары бүгінгі күнде жақсы деңгейден бағалана бастады. Мемлекеттік телерадиоарналардағы ақпарат берудегі өзіндік ұстанымдары, саясаты көбіне ресми бағытта, әрі қатаң қалыптағы сипатта болса, тәуелсіз электронды ақпарат құралдарында тақырып таңдаудағы еркіндік пен оқиғаға қатысты сын пікірлердің орын алуы қалыпты жағдайға айналып келеді.
Зерттеу жұмысын «31-телеарнадағы» «Информбюро» ақпараттық бағдарламаға арнауымыз да осы жоғарыда айтылған ойды нақты тұжырымдар арқылы дәлелдеу.
«31-арнаның» ақпараттар берудегі ұстанатын бағыты жайлы «Информбюро» қазақ бөлімінің бас редакторы Серік Сарыбаев өзінің ойын былайша білдіреді:
«Президент те, базарда арба итеріп, күнін көріп жүрген шиборбай перзент те халықтың баласы. Демек, екеуінің де парызы еліне адал қызмет ету. Журналист те сол халқының, ұлтының аманатын
арқалаушы. Ал, аманатқа қиянат жүрмейді. Өкінішке қарай біздегі
БАҚ осы түсініктен жаңылысты. Ақпарат құралдарымыз кез келген
шенеуніктің сөзін іліп алып, жарапазан айтқандай жұрт құлағын шуылдатып жатады. Әсіресе, бір айтылған жолдауды бір жыл талдап, жағы ауыратын мемлекеттік БАҚ-тың жағдайы мүшкіл. Ал негізінде БАҚ халықтың үнін, талабын билікке жеткізуші және сол талаптың қалай қабылданғанын қадағалап отырушы болуы керек. Яғни, екі арадағы дәнекер.
Сондықтан «Информбюрода» біз әуелі халықтың мұң-зарын, жай-күйін бірінші кезекке қоямыз. «Билік жылап жүргендердің көз жасынан қорықса екен» деп Шаңырақ, Бақай оқиғасын талмай қозғап келе жатқандығымызды көрермен қауым біледі. Ал, Астанада айтылған сөзді «ләббайлап» қағып алып, «алақайлап» жатқандар бізсіз де жетеді. «Бұл біз ресми жаңалықтардан мүлдем безінеді» деген сөз емес. Аса маңызды дегендері «Информбюро» шығарылымында күнделікті беріліп жатқанын жұрт жақсы біледі».
Міне, бұл жерден арнаның ақпарат берудегі мақсатын айқын аңғаруға болады. Яғни, зерттеу жұмысының мақсатының өзі «Информбюро» бағдарламасын жан-жақты қарастыру.
Зерттеу барысында төмендегідей міндеттерді алға қойдық:
1. «31-арнадағы» берілген ақпараттық бағдарламалар және олардың ерекшелігі;
2. Телеарнаның ақпарат берудегі негізгі ұстанымдары қандай?
3. «Информбюро» ақпарат беру өзіндік әдіс-тәсілдері қандай?
4. Негізгі көтерілетін тақырыптар қандай?
5. Аймақтағы жаңалықтар қалай беріледі?
6. Шетел ақпараттары қалай дайындалады?
7. Тілшілердің жұмыс істеу әдіс-тәсілдерінің ерекшелігі неде?
8. Көрерменнің ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыру
дәрежесі қандай?
Зерттеу жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші тарау «31-телеарна
және ақпараттық бағдарламалар» деген тақырыппен зерттелген. Бұл тарауда жалпы «31-телеарнаның» ақпараттар беру ұстанымы және олардың түрлері теориялық және тәжірибелік тұрғыдан сөз етілді. Телеарнаның елімізде болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттарды жан-жақты беру және талдау жолдары «Тұжырым», «Состояние.KZ» «Точки над Ы» хабарлары арқылы көрсетілді. «Информбюро ақпараттық бағдарламасы: ақпарат әзірлеудегі өзіндік ұстанымдар мен хабарлар дайындаудағы ерекшеліктер» деген екінші тарауда «Информбюро» жаңалықтар топтамасының ақпараттарды жинап-даярлау және ұсыну бағыттары сөз болып, жаңалық жүргізушісіне қойылатын талаптар жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, телеарнаның еліміздің аймақтарынан хабарлар беретін тілшілері жайлы және шетелдік ақпараттардың әзірлену барысы туралы тұжырымдар жасалды. Қорытындыда «Информбюро» жаңалықтар топтамасының ақпарат әзірлеудегі және оны ұсынудағы өзіндік ерекшеліктері мен олқы тұстары бірнеше бағытта тұжырымдалып, көрсетілді.

«31-телеарна» және ақпараттық бағдарламалар
Түрлі ақпараттық, сараптамалық, әлеуметтік және саяси бағдарламаларымен ерекшеленетін телевидениенің бірі - «31- арна». Бұл арнаның тарихына келетін болсақ, 1992 жылы қазанның 24-інде Арманжан Байтасовтың жетекшілігімен “31-арна” телерадиокомпаниясы құрылды. Алғаш рет ұжым құрамында бар-жоғы 4 адам болған. Телерадиокомпанияның эфирдегі тұсауы 1993 жылдың 12 ақпанында кесілді. Сол кездің өзінде-ақ арна жұмысының басты жобасы анықталған. Эфирге жаңадан шыға бастаған арнаның бірнеше жеке хабары болды. Сондай-ақ танымал фильмдер тікелей (трансляция) көрсетілді.
“31-арна” деп аталуы арнаға бөлінген жиілік нөміріне сәйкестендірілген. Осыған орай, компания өзінің дәстүрлі даму үрдісі негізінде саяси, экономика құрылымы жөнінде шынайы, әділ ақпарат беруді алдыңғы кезекке қойып келеді.
Бүгінгі “31-арнаның” эфирін 3 бөлікке бөліп қарауға болады. Мысалы, жаңалықтар, сериалдар мен фильмдер және кең аудиторияға арналған бағдарламалар. Олар орыс және қазақ тілдерінде тарайды/1/.
2003 жылдың шілде айынан бастап “31-арна” Intelsat 904 серігі арқылы сапалы жаңа сандық арнаға ауысты. Жалпы “31-арна” толқынының қабылдау аумағына Қазақстаннан басқа Ресейдің орталық аймақтары, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстанды есептемегенде, Орталық Азияның өзге де мемлекеттері енеді. Қазіргі кезде осы елдердің телерадиокомпанияларымен “31-арнаны” ретрансляциалау мүмкіндіктері қарастырылуда. Оның таралу жүйесі ашық болғандықтан, бағдарламаларды Қазақстанның кез келген өңірлерімен жоғарыда аталған шетмемлекеттердекөругеболады.
2004 жылдың ақпан айында жаңа студиялық кешен пайдалануға
берілді. Қазіргі заманғы телевизиялық құрал-жабдықтар күрделі
бағдарламаларды жасауға жол ашты. Арнаның түсіру тобы (оператор бөлмесі), бағдарлама бөлмесі мен эфир студиясы жаңа сандық қондырғылармен жабдықталған. Бұл жеке бағдарламалар жұмысының жоғары сапада дайындалуына ықпал етеді. Осылайша, “Информбюро" студиясы халықаралық талаптарға толық жауап беретін дизайн мен жарық түсіру ерекшелегінен жаңа сипатқа ие болды.
Ақпарат кеңістігінде 11 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан “31-арнада” ешқашан кері кету болған жоқ. Компанияда тек алға жылжу қарқыны анық байқалады. Әрі ол күннен-күнге кәсіби, техника және қаржы жағынан нығайып келеді. Бүгінде кәсіпорындағы қызметкерлердің саны 850-ге жетті. Компанияның аймақтық таралу жүйесі Орта Азия мен Қазақстанда алдыңғы орындардың бірінде. Демек, “31-арна” республиканың барлық өңірлері мен жақын шет мемлекеттерде көрсетіледі. Компанияның өкілдері Қазақстаның барлық ірі қалаларында жұмыс істейді.
1993ж. 12 сәуір- бірнеше жеке хабары бар “31-арна” эфирге шықты. Бастапқыда арна танымал фильмдерді көрсетумен шектелді.
1994 ж. 5 қазан- 103.5 FM әуе толқыны арқылы “Радио31” халыққа хабар тарата бастады.
1995 ж. 12 маусым - “31- арна” ТРК “Internews Network Қазақстан” халықаралық компаниясымен серіктестік байланыс құрып, бірлесіп жұмыс істей бастады.
1995ж. 25 желтоқсан - “31-арнаның” бастамасымен үздік теле және радиохабарға арналған қазақстандық “Алтын жұлдыз” байқауы алғаш рет ұйымдастырылды.
1997ж. 18 ақпан – “31-арна” ТРК тендерді ұтып алып, Алматы қаласы мен облысына жедел хабар тарату лицензиясының құқығына ие болды.


1997ж. 1 маусым- “Музыкалық 31-арна” жастар бағдарламасы өз
жұмысын бастады.
1997ж. 3 қыркүйек- қазақ және орыс тіліндегі “Информбюро” ақпараттық бағдарламасы алғаш эфирге шығып, көрермендер жүрегіне жол тапты.
1998ж. “Сезон” журналы, арада аз уақыт өткеннен кейін “Сезон ДМ” журналы жарық көрді.
1998ж 7 наурыз - А.М. Байтасовтың “Центр внимания” авторлық сараптамалық бағдарламасы шықты.
2000ж. 5 тамыз- жаңалықтар бөлімі негізінде радиодан “Информбюро – Радио31” ақпараттық бағдарламасы шықты.
2000ж. 7 қараша- “Мегаполис” қоғамдық-саяси апталық басылымы жарық көрді.
2000ж. 22 желтоқсан- Қазақстан Телерадиохабар таратушылар Ұлттық қауымдастығы құрылды. Ол республикадағы қырыққа тарта мемлекеттік және жекеменшік телерадиокомпанияның кәсіби бірлестігі болды. “31- арна” Қазақстан Телерадиохабар таратушылар ұлттық қауымдастығын құрушылардың бірі болды. Оның алғашқы президенті медиа-холдингтың басшысы А. Байтасов бұл қызметті 2004 жылдың ақпан айына дейін атқарды.
2001ж. 1 ақпан - Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Ақтөбе, Теміртау, Өскемен, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Лисаковск, Екібастұз, Орал қалаларында тәулік бойы көрсететін арнаның жалпы ұлттық тележүйесі іскеа сырылды.
2001ж. 7 ақпан- “Мегаполис-Недвижимость” басылымының алғашқы саны жарық көрді.
2001ж 7 наурыз – “31-арна – Астана” телекомпаниясы алғаш рет
көрсетілді.
2001ж. 25 шілде - “31-арнаның" эфиріне “Тор-20 Қазақстан” жаңа
музыкалық жоба көрсетілді.
2002ж. 9 наурыз - “Мисс 31-арна - Қазақстан” Ұлттық телевизиялық арулар байқауы бірінші рет өтті .
2002ж. 15 сәуір - Б. Уәлидің “Еркін сөз” авторлық бағдарламасы қазақ тілінде шықты. Хабар қазақ қоғамының мәселелеріне арналды.
2002ж. 16 қыркүйек - “31-арна” медиа-холдингтың құрамына “Таң” телекомпаниясы кірді.
2002ж. 28 қараша – автожүргізушілерге арналған “Мегаполис за рулем” газетінің алғашқы нөмірі жарыққа шықты.
2003 ж. шілде -Intelsat 904 серіктік жүйесі арқылы сандық форматта таралды. Бұл хабар тарату ауқымының Ресей, Орталық Азия елдеріне жетуіне көмектесті. Серіктіктің күші шағын антенаның көмегімен-ақ жиілікті ұстай алды. Осылайша оның аумағы Қазақстан мен Ресей өңіріне ғана емес, сонымен қатар Орта Азия (Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан) елдеріне де таратылып, “31-арна” көрсетіле бастады.
2003 ж. 7 қыркүйек –“Состояние.kz” авторлық сараптамалық бағдарламасы эфирге шықты.
2004 ж. сәуір – Күрделі хабарларды түсіруге мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі телевизиялық жабдықтармен жасақталған жаңа студиялық кешен іске қосылды.
2004 ж. қазан – “Радио 31” өзінің 10 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтті. “Астана” алаңында өткен концертте Қазақстан мен шетелдердің эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Мерекелік шараны тамалашауға келген көрермендердің саны 70 мыңға жетті.
2005 ж. 8 ақпан- “Тұжырым” ақпараттық-сараптамалық бағдарлама эфирге алғаш рет шықты. Тікелей эфирде өтетін хабардың мақсаты
саяси, әлеуметтік, ұлттық мәселелерді кеңінен талқылап, белгілі бір
қорытынды жасау болып табылады /2/.
Телеарнадағы ақпараттық бағдарламаларға келетін болсақ, олар
«Информбюро», «Деловые новости», «Тұжырым» және “Состояние.kz” ақпараттық-сараптамалық бағдарламалары бар.
«Состояние.KZ» бағдарламасының жүргізушісі және атқарушы продюсері – Евгений Грюнберг. Бұл бағдарлама жайында өзі былай дейді: «Осындай хабар ашу идеясы менің және әріптесім Виктор Климовтың ойына хабар ашылғаннан 3 жыл бұрын келген. Оны қалай жасаймыз деген сұраққа талай рет жауап іздестірдік. Басында жобаны “Достояние республики” деп атап, халыққа билік жайында, ал билікке халықтың жағдайын жеткізбек болғанбыз. Ақырында бағдарламаның аты “Состояние.kz” болады деген ортақ тоқтамға келдік. Ал оның бағыты саяси да, сараптамалық та болмайтын болды. Біз тек қана бүгінгі таңның келбетін әр қырынан көрсетуді мақсат етіп қойдық. Бұл бағдарлама қоғамның айнасы десек артық айтқандық емес»/3/. Бұл бағдарламадағы журналистер: Дарья Бублик, Евгения Николенко, Қайрат Балтабаев, Галина Рыжкина, Светлана Британова, Мұрат Нұрбаев. “Состояние. KZ” -тің бұрынғы журналисі Мұрат Нұрбаевтың ақпараттық бағдарламалардың қоғамдағы маңыздылығы туралы пікірі мынадай: «Эфирге дайындаған материалдардың әр түрлі тақырыпта болғанын айта кету керек. Соның ішінде қорғауда “31-арнада” жасаған материалдардың өзектісін таңдап алып көрсеттім. Оның бірі Жамбыл облысында болған жойқын зілзала. Жер дүмпуінен кейінгі табиғат апатынан зардап шеккен халықтың әлеуметтік тұрмысы. Мен шағын аудиторияда отырған мұғалімдер мен курстастарымның толғанып кеткенін байқадым. Міне, теледидардың тылсым күші мен мүмкіндігі осы шығар деген байламға келдім. Журналист толық бере алмаған ақпаратты бейнетаспа көрсетіп,
сюжетті аша түседі екен. Телеарнада ақпаратты жеткізуде
бейнетаспа мен журналистік тәжірибенің айрықша үлес қосары
анық»/4/. Өмірде жағдайлар әр түрлі болады: қуанышты, қайғылы,
қауіпті, көңілді, әділетсіз де. Авторлардың айтуынша, ең бастысы “Состояние KZ” хабары бұлыңғыр болмау қажет. Олар мемлекетімізде болып жатқан оқиғаларды, жаңалықтарды қызықты, дәйекті, шынайы, жан түршігерліктей етіп береді. Бағдарлама әрбір көрерменді елітіп, көкейінен шығатын жағдайды ұсынады. Кім біледі, бүгін “Состояние KZ” хабарының авторлары қозғаған оқиғалар ертең біздің және мемлекетіміздің ортақ тарихы болуы да ғажап емес.
«31-арнадағы» келесі ақпараттық бағдарлама ол – сұхбат түрінде көрініс табатын «Тұжырым» бағдарламасы. Авторы, әрі жетекшісі – Серік Әбікенұлы Сарыбаев. Жүргізушілері – Досымбек Қонысбекұлы және Досан Қызайбекұлы. «Дәл қазіргі мемлекеттің дамып, көптеген келелі мәселелердің көтеріліп, кейбірінің шешуін таппай жатқан кезеңде журналист үшін жұмыс жоқ деудің өзі күлкілі. Кез келген мәселенің екі жағын да байыптап қарасаңыз проблемасыз, жайма-шуақ күн кешіп жатпағанына көз жеткізесіз. Міне, біздің бағдарламаның басты мақсаты қоғамның бүлкілдеген тамырын дөп басып, анығын айтып, ТҰЖЫРЫМ жасау. Оның сыртында ұлттық мәселелерге, мемлекеттік тілге көбірек көңіл бөлу. Бағдарлама сейсенбі және бейсенбі күндері эфирге шығатындықтан, біз сол күнгі жаңалыққа ден қойып, белгілі бір мәселенің төңірегінде әңгіме қозғауға тырысамыз. Студияға екі қонақ шақыратынымыздың да басты себебі осы. Яғни, белгілі бір өткір мәселеге жан-жақтан талдау жасап, тақырыпты мейлінше аша түсу. Қоғамды толғандыратын саяси, әлеуметтік, ұлттық т.б мәселелер талқысына кіріспе есебінде әуелде жаңалықтарда ауқымды бейнематериал беріледі. Ал жаңалықтар аяқталысымен эфирге “Тұжырым” бағдарламасы шығып, студияға
шақырылған екі қонаққа мәселеге терең үңілуге мүмкіндік жасалады.
Бағдарлама тікелей эфирде жүретіндіктен, оның көрерменге әсері де
ерекше болуы тиіс деп ойлаймын» -дейді бағдарлама авторы /5/.
«31-телеарнада» заметка, сұхбат, репортаж сияқты ақпараттық жанрлар көптеп пайдаланылады.
Телеақпарат – ең басты жанр, әрі ол экран кестесінің көп бөлігін алатын «Таңғы», «Күндізгі», «Түскі», «Кешкі», «Қорытынды» жаңалықтар екі тілде көлемі 20-30 минуттан беріліп жатады. Жанжалдық хроника, саяси, экономикалық, әлеуметтік, спорт хабарламалары жаңалықтардың көп бөлігін құрайды. Жаңалықтардың молдығынан көрермендердің көпшілігі бүгінде хабардың алдына берілетін қысқаша «лидке» көңіл аударып, сол арқылы өзіне керекті деген тұстарға ғана назар салады. Бүгінде уақыт талабына сай ұлттық және тәуелсіз телеарналар жаңалық хабарларына аса мүдделілік танытуда. Іскерлік және саяси бағытты ұстанған телеарналар жаңалықты беру кезінде шыншыл, әділ, бейтарап бағдарды ұстанады. Зерттеушілер ақпараттық публицистика жанрларына заметка (бейнесюжет), телесұхбат, телерепортаж, телеесеп, сөз сөйлеуді жатқызған/6/.
Заметка – журналистиканың ақпараттық жанры. Ең қарапайым, ең жеңіл жазылатын түрі. Ол мән-маңызы бар факті, оқиға немесе құбылыс туралы хабарлауды ғана, қоғамға мағлұмат беруді ғана мақсат етеді. Бұл жанр телевидениеге де, радиоға да, баспасөзге де ортақ. Заметканы кейде хроникалық хабарлау деп те атайды. Себебі хроника – «chronos» грек тілінен аударғанда уақыт деген мағынаны. Ал, журналистикадағы хроника фактінің қысқаша хабарлануы.
Телевидениеде заметка жанры ауызша хабарлау түрінде және видеозаметка түрінде көрініс табады. Көп жағдайда заметка ақпаратты бейнесіз ауызша хабарлау түрінде орын табады. Жаңалықтар эфирге шықпастан екі-үш минут бұрын келіп түскен өте маңызды ақпарат болса, я болмаса түсіру мүмкіндігі жоқ кезде, оның бейнематериалы тапшы кезде заметканың ауызша түрі кеңінен қолданылады/7/. Мысалы, «31-телеарнада» берілген төмендегі ақпаратты алып көрейік. «Шығыс Қазақстан облысында 11 автомектеп жабылды. Бұған мекемелердің тиісті талаптарға сәйкес келмеуі себеп болған. Полиция дерегі бойынша, Өскеменде жүргізушілер дайындайтын 30 автомектеп тіркелген. Тексеру кезінде соның бесеуі жабылып, алтауы өздеріне жүктелген міндетті атқара алмағандықтан өз еріктерімен жұмысын тоқтатқан. Бүгінде жүргізушілерді дайындауға қатаң талап қойылуда. Ал, ол талаптарды орындамаған мектептер бірден жабылады. Былтырғы жылы Өскемен бойынша 296 көлік апаты тіркеліпті. 74 адам қаза тапқан. Бұған көбінесе жүргізушілердің кәсіби деңгейінің төмендігі себеп болып отыр, -дейді мамандар/8/.
Аз жол, санаулы сөзбен басты ақпаратты кім, не, қашан, қайда болғанын толық хабарлайды. Ең қажетті, ең маңызды фактілер алынғаны абзал. Бірақ, бұл жанр неге? қалай? деген сұрақтарға автор жауап бермейді. Егер берілетін ақпарат талдауды немесе пікір білдіруді қажет етсе, ол үшін басқа жанрлар қолданылады. Эфирге заметка жанрымен шығатын ақпарат іріктелініп алу керек. Яғни, ол өте маңызды ақпарат болу керек. Кейде ол тақырыбы жағынан ұқсас екі ақпаратты қосып хабарлайды/9/. «Кеше ОҚО Қазығұрт ауданы Қақпақ полигонында тағы да жарылыс болды. Бұл оқыс оқиғадан 1972 және 1977 жылы туылған екі жігіт ауыр жарақат алып, аудандық ауруханаға түскен. Ал, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында болған қақтығыстан қаза тапқандар саны 5 адамға жетті. Жанжал кезінде жарақат алған 1969 жылы және 1956 жылы туылған 2 азамат ауруханада көз жұмды. Марқұмдар Есік қаласындағы аудандық ауруханада жатқан еді. Ал, төбелесті бастағандардың біріне халықаралық іздеу жарияланды. Ішкі істер министрілігінің
хабарлауынша, Тахир Махмахановқа «қасақана адам өлтірді» -деген айып тағылған. Қазіргі уақытта оның отбасы ҚазАтКом ауылынан
көшірілді. Естеріңізге сала кетейік, наурыздың 17-сінде осы елді-
мекенде үлкен қақтығыс болған еді. Бүгінде осы қайғылы оқиғаға байланысты 4 қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр»/10/.
Ақпаратты хабарламаның яғни, видеозаметканың екі түрі бар. Біріншісі, ресми, дәстүрлі жаңалықтар. Оған заң шығарушы орындар, пресс-конференциялар да жатады. Мұндай сюжетті түсіру барысындағы сьемкада оператор журналистің нұсқауына жүгінбейді. Себебі бұл – кәдуілгі оператордың да, журналистің де дағдыланған тақырыбы. Монтажда да залдың, отырыстың жалпы планы, сөйлеушінің ірі планы, тыңдаушыларды көрсететін бірнеше кадр және басқосуға қатысушыларың (депутаттардың немесе журналистердің) планы. Бұл ең қарапайым, қалыпты сюжет болып саналады.
Заметканың екінші түрі авторлық немесе сценарлық деп аталады. Мұнда ақпарат берудің сапасына тікелей журналистің шығармашылық ізденісінің қатысын байқауға болады. Авторлық сюжетті дайындау барысындағы журналистің қызметі мынандай этаптардан тұрады: тақырыпты таңдау және бекіту, түсірілетін объектіні жан-жақты білу, сценарлық жоспар құру съемкаға, монтажға және мәтінін жазу. Мәтінге қойылатын талаптарға тоқталсақ, мәтіні нақты және қысқа, ойды ықшам қайырып жеткізе білу керек. Бірақ, көрермендердің зердесінде туған сұрақтарға жауап беру керек. Бұл жерде маңыздысы, мәтін бейнені қайталамау керек, яғни мәтінді бейнекөрініспен жарыстырмау керек. Мысалы, «мінберге шығып келе жатыр», «көрермендер қол шапалақтады» деген сөздер болмау керек. Себебі ол экранда сөзсіз-ақ бейнекөрініспен анық көрініп тұр. Мәтінге қойылатын тағы бір талап, кей ресми жаңалықтарды тірілту. Көрермендерге оны түсінікті етіп жеткізу. Асылы, бұл жанр ғылыми терминдерді, орағытып алыстан басталған ұзақ ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!