Ветеринария | Сиыр лейкозын балау

 Ветеринария | Сиыр лейкозын балау

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………..................3
1 Әдебиетке шолу…………………………………………………………...........4
1.1 Лейкоз туралы түсінік………………………………………………..............4
1.2 Сиыр лейкозын балау әдістері……………………………………………… 5
1.2.1 Серологиялық балау………………………………………………………..7
1.3 Әдебиетке шолуды қорытындылау………………………………………….9
2 Өзіндік зерттеулер……………………………………………………………....9
2.1 Зерттеу нысандары мен әдістері…………………………………………… .9
2.2 Зерттеу нәтижелері……………………………………………………………9
2.2.1 ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесіне сипаттама...................................…………………………...9
2.2.2 2004-2006 жж. Алматы өңірі бойынша сиыр лейкозын балау нәтижесін талдау…………………………………………………………................………..12
2.2.3 “Адал” АӨК-не сиыр лейкозына індеттанулық талдау………………...14
2.2.3.1 “Адал” АӨК сиырларын лейкозға серологиялық балау………………18
2.3 Экономикалық тиімділікті есептеу………………………………………....20
3 Қорытынды……………………………………………………………….........22
4 Ұсыныс……………………………………………………………………........23
5 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………….24
Еңбекті қорғау……………………………………………………………………25
Қосымша…………………………………………………………………….........26

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1 Лейкоз туралы түсінік

Сиырдың лейкозы (Leucosis bovum, лейкоз крупного рогатого скота) -қатерлі ісік шалу негізінде жетілмеген қан түзу және лимфоидты торшалардың шамадан тыс көбейіп, әртүрлі ағзаларды жайлап алуы және ісікті ұлпалардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру [1].
Ең алғаш лейкозды неміс патоморфологы Р.Вихров 1845 ж 55 жастағы әйел мәйітін сойып зерттегенде анықтаған. Ол талақтың үлкейгенін және жүрек пен қан тамырларда іріңге ұқсас массаның жиналғанын көрген. Микроскоппен қарағанда масса лейкоциттен тұрған [2].
Қоздырушысы ¬– Bovine leucosis oncovirus Retroviridae туыстастығының Oncarnoviridae туыстық тармағына жатады. Құрамында РНҚ бар, көбейгенде
ДНҚ көшірмесі бар провирус түзеді. Провирус иесінің торшасындағы хромосоммен бірігіп, торшаның негізгі қалпын өзгертіп трансформацияға
ұшыратады. Сиыр лейкозының вирусы (СЛВ) онковирустардың С типіне жатады. СЛВ сыртқы ортада төзімсіз. Жоғары температураға сезімтал. Дезинфекциялау үшін күйдіргіш натрий, формальдегид және тағы басқа дезинфектанттар әдеттегі концентрациясында пайдаланылады. СЛВ сиырмен қатар буйвол, қой мен ешкі бейім [1].
Лейкозбен сиыр малының барлық тұқымының қай жастағысы болмасын ауырады. Әйтседе ауру 4-8 жас аралығында жиі байқалады.
Лейкоздың қоздырушысының бастауы ауырған жануарлар. Ауруға шалдыққан сиыр ауру белгісі біліне бастаған мезеттен бастап вирусты сүт пен уыз арқылы бөліп шығарады. СЛВ табиғи жолмен жұққанда сиырлардың
сүті мен уызындағы торшаларда орын тебеді, ал сілекей, танаудан аққан сора, несеп пен шәуеттен вирусты бөліп алу мүмкіндігі дәлелденген жоқ.
Ауру бұқаның шәуетінде СЛВ болмайды, бірақ жыныс жолдарында қабыну процесі болса, шәуетке вирус алып жүретін лимфоциттер өтіп кетеді.
Табиғи жағдайда СЛВ инфекциясы туғанға дейін және туғаннан кейін беріледі. Туғанға дейінгі вирустың гамета арқылы генетикалық немесе хромосомдық трансмиссия, ал бөтен вирион эпигенетикалық немесе экстрахромосомдық трансмиссия жолымен, ал туғаннан кейін сүтпен немесе жанасу арқылы беріледі.

1.2 Сиыр лейкозын балау әдістері

Сиыр лейкозына диагноз індеттанулық деректерді ескере отырып, клиникалық белгілері бойынша қойылады. Клиникалық балаудың басты әдісі - гематологиялық тексеру.
Әдістің негізгі шеткері қандағы лимфоидты қатардағы көп мөлшердегі лейкоциттерді, әлсіз дифференцияланған торшаларды, сонымен қатар полиморфты, тән емес түрдегі қан түзетін мүшелер торшаларын айқындауға негізделген (1 кесте).

Кесте 1 - Лейкозға сау, күдікті және ауру сиырдың 1мм3 қанындағы лейкоциттер мен лимфоциттер саны

Малдың жасы Сау кездегі лейкоциттер Лимфоциттер
ауруға күдікті Ауру
2-4
12000-ға дейін
8000-10000
100000 артық

4-6
12000-ға дейін
6500-9000
9000 артық

6-дан жоғары 9000-ға дейін 5500-8000 8000 артық

Егер жануардағы лейкоциттер саны кестеде көрсетілген көрсеткіштен
төмен болса, нәтиже теріс деп саналады.
Егер лейкоциттер саны кестеде көрсетілген көрсеткіш деңгейінде болса, нәтижені күдікті деп санайды, егер кестедегі ең аз көрсеткіштен төмен болса, нәтижені теріс деп санайды. Егер 1см3 қандағы лимфоциттер саны кестедегі көрсеткіштен көп болса, нәтижені оң деп бағалайды.
Лейкозға күдікті жануарларды екі-үш рет, арасына 30 күн салып, зерттейді. Егер 2-ші және 3-ші қосымша зерттеулер кезінде теріс нәтижелер алынса, мұндай жануарларды теріс деп таниды, ал қанда күдіктілерге тән өзгерістер анықталса, оларды ауру деп санайды.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Энзоотиялық лейкоздың екі патологиялық-анатомиялық түрі болады. Біріншісі лимфоциттердің қан түзу ағзаларына шоғырланып, дерттің сүйек майына шабуымен сипатталады. Мұндай лейкоз қан торшаларының басым түрлеріне байланысты лимфоидты, миелеоидты, шала түрленген (гемоцитобластоз), түрленбеген (дифференцияланбаған) деп аталады. Екінші түрі лимфосаркома, ретикулосаркома, лимфогранулеметоз түрінде сөл түйіндерін, көк бауырды және басқа да лимфоидты ұлпаларды зақымдайды. Өлексені сойғанда қан түзу мүшелерінде, сірі қабықтарда, ішекте, жүректе, бауырда, бүйректе, жатырда және басқа ағзаларда ошақты немесе шашыранды пролиферация (азғындаған) торшалардың шоғырлануы байқалады. Көк бауыр ісінеді, пульпаның консистенциясы жұмсақ, қызыл түсті (1-сурет).

Сурет 1- Сиыр талағы: 1- ауырған малдан, 2- сау малдан
Лимфа түйіндері ісініп, пульра болбыр, кесіп көргенде сұр түсті қан құйылу болады (2-сурет).


Сурет 2- Сиыр ұшасының лимфа түйіндеріндегі ісіну

Лейкозбен ауырған сиырда клиникалық белгілер аса байқалмайды. Сондықтан, нақты диагноз қою үшін серологилық әдіс қолданылады.

1.2.1 Серологиялық балау

Лейкозды балау үшін диффуздық преципитация реакциясы, иммунды флуоресценция реакциясының тура және тура емес нұсқалары, латексагглютинация реакциясы, радиоиммундық талдау қолданылады [3].
Иммунды флуоресценция реакциясы (ИФР). Алғаш бұл әдісті Tolle мен Gillette cиыр лейкозы әлі табылмай тұрып қолданған. ИФР-ң тұра емес нұсқасы флуоресцинмен коньюгацияланған адам комплементіне қарсы антиденені пайдаланғанда өте сезімтал.
Комплемент байланыстыру реакциясы (КБР). СЛ анықтау үшін КБР-ын J.M. Miller ұсынған [4]. КБР-ын малдың гематологиялық көрсеткіштерімен салыстырғанда, лейкозбен ауырған малдың қан сарысуындағы титры жоғары, лимфоцитоз жоғарылаған сайын антидене титрі көбейеді. КБР-на қатысатын антиденелер 4 структуралы белокқа қарсы бағытталған: gp 51, gp 35, p 24, p 15. КБР-ң белгілі бір артықшылығына қарамастан, бұл әдістің ИДР-ға қарағанда сезімталдығы әлсіздеу.
Иммуноферментті талдау (ИФТ). Ең алғаш Engvall мен Perlmann ұсынған. ИФА вирусқа қарсы антиденені анықтайтын серологиялық әдістің бірі. 1978 ж. Ressang ИФТ-ы СЛВ антиденесін анықтау үшін қолдануды ұсынылды [5].
ИФТ-ң телімділігін арттыру үшін Todd қан сарысуын тексеру үшін вирустық антигенмен қатар бақылау антигенін қолдануды ұсынды. Бақылау қан сарысуын дайындағанда ауру жұқпаған қой эмбриоының бүйрек торшасын пайдаланған ИФТ-да фосфотаза қолданады. Авторлар пікірінше, ИФТ-ң сезімталдығы ИДР gp 51-ге қарағанда 100 есе жоғары деп есептейді.
Иммунодиффузды реакция (ИДР) 1972 ж. J.M. Miller мен J.F. Ferrer СЛВ-ын анықтау үшін ИДР-ын лейкозбен ауырған сиырдың қан сарысуынмен вирион тұнбасынан немесе залданған торшаны эфирмен өңдеп жасалған препаратты қолданып қойды. Эфирмен өңдегенде бөлініп шыққан антиген молекулалық массасы 24 кД ішкі протеид болып табылады.
1975 ж. M. Onuma CЛВ-ң гликопротеидті антигеніне қарсы антиденені анықтау үшін ИДР-і қолданғаны жайында хабарлады. J.M. Miller мен M.J. van der Maaten СЛВ гликопротейдті антигенін FLK торша өсінділерінен бөліп алу әдістерін сипаттаған. Бөлініп алынған антигенді препаратты 30% (NH4)2 SO4 ерітіндісімен преципитацияланған соң gp 51 және p24 антигенінің екеуі де болған. Алғашқы зерттеулер gp 51 ИДР-ға оң нәтиже берген қансарысуы p24 ИДР-ға теріс нәтиже бергенін көрсетті. Осыған байланысты гликопротеидті антигені бар ИДР-ң сезімталдығы p24 ИДР-ға қарағанда жоғары деген тұжырым жасалды.


1.3 Әдебиетке шолуды қорытындылау

Сиырдың лейкозы- қатерлі ісік шалу негізінде жетілмеген қан түзу және лимфоидты торшалардың шамадан тыс көбейіп, әртүрлі ағзаларды жайлап алуы және ісікті ұлпалардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Сиыр лейкозына диагноз індеттанулық деректерді ескере отырып, клиникалық белгілері бойынша қойылады. Клиникалық балаудың басты әдісі - гематологиялық тексеру. Патологиялық-анатомиялық әдістің жұқпалы лейкозға диагноз қою үшін көмегі зор. Лейкозға тән өзгерістер қан түзу мүшелерінде, сірлі қабықтарда, ішекте, жүректе, бауырда, бүйректе, жатырда және басқа ағзаларда ошақты немесе шашыранды пролиферация торшалардың шоғырлануы байқалады. Көк бауыр ісінеді, пульпаның консистенциясы жұмсақ, қызыл түсті болады. Бірақ лейкоз кезінде клиникалық белгілері біліне бермейді. Сондықтан нақты диагноз қою үшін серологиялық әдіс қолданылады. Оған диффуздық преципитация реакциясы, иммунды флуоресценция реакциясының тура және тура емес нұсқалары, латексагглютинация реакциясы, радиоиммундық талдау, иммуноферментті талдау, комплемент байланыстыру реакциясы қолданылады. Осы реакциялардың ішінде қазіргі кезде ДПР-ы ең арзан, қойылуы оңай, сезімталдығы жоғары. Сондықтан сиыр лейкозын осы әдіспен анықтайды. Әдістің мәні жануардың қан сарысуында иммунодиффузия реакциясы көмегімен ірі қара малдың онковирусын С түріндегі антигендерге қарсы преципитирлеуші антиденелерін анықтауға негізделген.

.
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР

2.1 Зерттеу нысандары мен әдістері

Зерттеулер Алматы қаласы “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚҚ Алматы өңірлік бөлімшесінде жүргізілді. Зертхананың құрлымы анықталды, ондағы сиыр лейкозын балау жұмыстарына талдау жасалды. 2004-2006жж. зертханалық есебі пайдаланылды. ДПР СЛ балау әдісін меңгердік. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Адал” АӨК СЛ-на індеттанулық талдау жасалды.


2.2 Зерттеу нәтижелері

2.2.1 ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесіне сипаттама

ҚР АШМ (індеттанулық саулықты қамтамасыз ету) бағдарламасының 018 101-ші малдардың ауруын балаудың под программасымен ауданның материалдарын тексереді.
Зертхана Алматы қаласы, Райымбек даңғылы 199 үйде орналасқан. Жалпы көламі 200 шаршы метр. Ол жерде әкімшілік корпус, зертханалық корпус, виварии, сойып зерттеу корпусы, қойма бар. Зертханалық корпус екі қабат ғимарат. Жалпы өңірлік бөлімшесіне 2003-2007 ж. ремонт жүргізілуде. Еден, қабырғалары кафельмен қапталған. Зертхана толығымен соңғы талаптарға сай жабдықталған Зертханада 5 бөлім бар: cерологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, ветеринарлық-санитарлық сараптау, стандарттау-сертификаттау бөлімі.
Зертханада 90% жоғары білімді мамандар қызмет етеді. Жыл сайын білімдерін жетілдіруге басқа қалаларға барып тұрады (2-кесте).

Кесте 2 – Алматы өңірлік филиалының қызметкерлерінің көрсеткіштері

Зертхана бөлімінің мамандары Саны Оқу бітірген орны, жылы Еңбек өтілі Білімін жетілдірілген орны,жылы
Серология бөлімі
Врач-серолог 3 АЗВИ, 1995 15 жыл Астана, 2004
Тараз, 2005
Ленинград, 2006
АЗВИ, 1995 18 жыл Тараз, 2005
Ленинград, 2006
ҚазҰАУ, 2006 1 жыл
Лаборант 2 КазҰАУ, 2006 1 жыл
КазҰАУ, 2004 3 жыл
Вирусология бөлімі
Врач-вирусолог 2 ЦСХИ, 1984 21 жыл Астана, 2004
Тараз, 2005
АЗВИ, 1990 9 жыл РВЛ, Астана, 2004
Тараз, 2005
Ленинград, 2006
Бас маман 1 АЗВИ, 1972 4 жыл
Лаборант 1 КазҰАУ, 2005 1 жыл
Бактериология бөлімі
Врач-бактериолог 1 АЗВИ, 1996 8 жыл Тараз, 2005
Лаборант 1 КазҰАУ, 2003 2 жыл
Вет - сан сараптау бөлімі
Врач 3 АЗВИ, 1993
АЗВИ, 1998
КазҰАУ, 2002 10 жыл
8 жыл
4 жыл Тараз, 2005
Астана, 2004
Лаборант 1 КазҰАУ, 2003 2 жыл
Cтандартау – сертификаттау бөлімі
Врач 2 АЗВИ, 1987
АЗВИ, 1995 13 жыл
6 жыл
Лаборант 1 АЗВИ, 1998 4 жыл


Серология бөлімінде қан қабылдайтын, реакция жүргізілетін, пробирка жуатын бөлме, бокс, асхана, құжат толтыратын бөлме бар. Реакция жүргізетін бөлмеде 2 термостат, су моншасы, тоңазытқыш бар. Серология бөлімінде бруцелез, лептоспироз, маңқа, листериозға қан сарысуын тексереді.
Бактериология бөлімінде паталогиялық материал қабылдайтын, реакция қоятын бөлме бар. Аулада сойып зерттеу бөлмесі бөлек орналасқан.
Вирусология бөлімінде құтырық, лейкоз, аусыл, жылқы анемиясы, Ньюкасл ауруы, құс тұмауы, жылқы ринопневманиясына материал тексеріледі. Вирусология бөлімінде ИФА зертхана, бокс, реакция жүргізетін, құжат толтыратын бөлме бар.


2.2.2 2004-2006 жж. Алматы өңірі бойынша сиыр лейкозын балау нәтижесін талдау

Зертханада жылына екі рет жүйелі түрде Алматы өңірі шаруашылықтарының малдарының қаны лейкозға тексеріліп отырады.
2004-2006 жылдар аралығында Жамбыл ауданынан 2053 қан тексеріліп, теріс нәтиже алынған. Қарасай ауданынан 2394 қан тексеріліп онда да теріс нәтиже алынған (3-кесте).



Кесте 3 - Алматы өңірі бойынша 2004-2006 жж. сиыр лейкозына қойылған ИДР нәтижелері

Аудан аты ИДР оң нәтижесі
2004 2005 2006 барлығы
с.с. Н. с.с. н. с.с. н. с.с. н.
Еңбекшіқазақ 1200 280 1600 375 2000 520 4800 1175
Жамбыл 820 653 580 2053
Қарасай 625 1024 700 2394
Іле 570 14 450 37 597 58 1617 109
Талғар 687 70 594 38 705 86 2056 194
Қапшағай қ. 745 35 694 7 379 19 1818 61
Барлығы 4627 399 6615 457 4961 683 14738 1539

Ескерту: с.с. – сынама саны; н. - нәтиже.

2004 ж. Іле ауданынан 570 қан сарысуы тексеріліп, 14-і оң нәтиже берді. 2005 ж. 450 қан сарысуы өткізіліп, оның 37 оң нәтиже берді. 2006 ж. 597 қан сарысуы тексеріліп, 58-і оң нәтиже берген. Яғни, 3 жылдың ішінде 1617 мал басы лейкозға тексеріліп, 109-ы (6,7%) оң реакция берген. Талғар ауданында 2004ж. 687 малдың 70-і, 2005ж. 594 малдың 38-і, ал 2006ж. 705 малдың 86-ы лейкозға оң нәтиже берген. 3 жылда 2056 малдың 194-і (9,4%) лейкозға шалдыққан. Қапшағай қаласында 2004ж. 745 малдың 35-і, 2005ж. 694 малдың 7-і, 2006ж. 379 малдың 19-ы оң реакция берген. 3 жылда 1818 бастың 61-і (3,3%) лейкозға оң нәтиже берген. Еңбекшіқазақ ауданынан 2004ж. 1200 бастың 280-і , 2005ж. 1600 бастың 375-і, 2006ж. 2000 бастың 520-ы лейкозға оң нәтиже берген. 3 жыл ішінде 4800 сиыр қан сарысуының 1175-і (24% ) оң нәтиже берген. Барлық Алматы өңірі бойынша 2004ж. 4627 малдың 399-ы (8,6%), 2005ж. 6615 малдың 457-і (6,9%), 2006ж. 4961 малдың 683-і (13%) лейкозға шалдыққан.
Ең көп оң нәтиже берген Еңбекшіқазақ ауданының сиырлары (24%).
Еңбекшіқазақ ауданында бірнеше ферма бар. Атап айтсақ, Есік қаласында “Фуд Мастер”, Космос елді мекенінде орналасқан “Адал” АӨК. және т.б.
Осыған байланысты “Адал” АӨК сиыр лейкозына індеттанулық талдау жасадық.
2.2.3 “Адал” АӨК-де сиыр лейкозына індеттанулық талдау

1. “Адал” АӨК Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласынан 31 км, Алматы-Көкпек-Көктал трассасынан 15 км қашықтықта, жазық жерде орналасқан. Кеңес одағы кезінде “Асыл” колхозы болған. Сүт бағытындағы сиырларды өсіреді.
2. Шаруашылық 3 базадан тұрады. Бірінші база Космос елді мекенінде орналасқан (3-сурет).


Сурет 3 - Космос елді мекеніндегі №1 база

Ол жерде АӨК-ң кеңсесі, ферманың төменгі жағында сүт зауыты бар. Сауын сиыр саны 753 бас, ал жаңа тұған бұзау саны 250. Космос ауылының солтүстік шығысында орналасқан Жаңашар елді мекеніндегі 2-ші базаға 4 айдан асқан құнажындар жіберіледі. Бұл фермада құнажындарды жасанды жолмен ұрықтандырып, буаздықтың 5-ші айында Космос ауылының оңтүстігінде орналасқан Базаргелді ауылындағы 3- ші базаға ауыстырады (4 - кесте).

Кесте 4- Шаруашылықтағы малдың саны

“Адал” АӨК ферма аты Мал түрі Саны
Космос Сауынсиыр 753

Бұзау 250
Жанашар 4-айдан асқан құнажын 525
Базаргелді Буаз сиыр 650
Барлығы 2178

3. Малдың қора жайы. Сиыр қораларында көп қатарлы мал орындары қолданылған. Бір қатарда жиырма орыннан бар. Әрбір секциядан серуендету алаңына ыңғайлылығы қамтамасыз етілген. Қора бір қабатты етіп салынған. Еден бетондалып, резина төсеніш төселген. Мал тұратын орынның әрбір қатарының ішкі жағында оттықтар орналасқан. Қораның төбесінен су өтіп, көгерген. Қораның оңтүстік жағында серуендету алаңы бар. Қора табиғи жолмен желдетіледі.
Фермада жаңа тұған бұзау үшін профилакторийлер бар. Профилакторийда бұзау жеке клеткада ұсталады. Профилакторийдың әрбір секциясы жаңа тұған (айырмашылығы 3-4 күндік) бұзаулармен....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі