![]() |
|
![]() |
Айқас

Гонг сыңғыр ете қалды. Айқас басталды. Екеуінде де аянатын пиғыл жоқ.
Алғашқы бір-екі минут үсті-үстіне қойғыласумен өтті. Әуелгіде Мұрат Садыққа қарағанда сергек, пысық еді. Енді ол тағы да тез алқынып, біраздан соң шаршағандығы білініп қалады. Ал Садық болса әлі тың. Тығыршықтай денесі түйіліп алған күйінен айныр емес. Мұрат шабуылға шыққан сайын, зілдей қолдарымен оны қарсы төпеп, ұрып-ұрып жібереді де, түк сезбегендей болып, мойнын алқымына тыға түсіп, тағы да аңдыса қалады.
Біраздан соң Мұратты тер басып, бүкіл денесі еріп кеткендей, былғалаңдай бастады, шаршады. Қолдары өзіне бағынудан қалды. Енді Садық шабуылдай бастады. Мұрат досының жеңілейін дегені Шәкірге де батып барады. Бірақ амалы жоқ, не істейді? Нендей жәрдем көрсете алады? Стоп! -деп, команда берді ол. (115 сөз)

(Б.Сокпақбаев)
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
kz | Диктанттар
Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022
Ілмектер: қазақ тілі Айқас диктант по казахскому языку казак тили, қазақ тілі диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктант жазу, диктанты по казахскому языку, диктанты на казахском языке, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Айқас