Қазақша өмірбаян: Ақсұңқарұлы Серік (1950) » ZHARAR © 2016 | серік ақсұңқарұлы өмірбаяны, серик аксункарулы биография на казахском, биография на казахском языке серик аксункарулы, казакша омирбаян серик аксункарулы




  • »

Қазақша өмірбаян: Ақсұңқарұлы Серік (1950)

Қазақша өмірбаян: Ақсұңқарұлы Серік (1950) казакша Қазақша өмірбаян: Ақсұңқарұлы Серік (1950) на казахском языке

Ақсұңқарұлы Серік 1950 жылы 29 наурызда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Қызыларай» ұжымшарында дүниеге келген. Қарағанды педагогикалық институтында, әлФараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде оқыған. Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері», Қарқаралы аудандық «Коммунизм таңы» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы ҚарағандыЖезқазған облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы болып қызмет атқарған. Қазір облыстық «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының әдебиет жөніндегі кеңесшісі. Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры.

Жас ақындардың «Көктем тынысы» («Жазушы», 1975), «Қарлығаш» («Жалын», 1981) жинақтарында бір топ өлеңдері жарық көрген. «ХХ ғасырдың жиырма сәті» поэмапанорамасы («Жалын», 1990), «Ғасыр кардиограммасы» («Жазушы», 1991) кітаптары, «АдамАта – Һауа Ана» («Қазақстан», 2000), «Өмір деген күнді айналу» («Жазушы», 2005), «Төбемнен жауһар жауып тұр» (2005), «Қыпшақ хиссасы» («Қазығұрт», 2008) атты өлеңпоэмалар жинағы жарық көрген. А.Пушкин, А.Ахматова, М.Цветаева, Е.Евтушенко, А.Вознесенский, Р.Рождественский, т.б. шетел ақындарын қазақшаға тәржімалады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Өмірбаяндар жинағы | | 595
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .