Сымбат Нұртазақызы

 Сымбат Нұртазақызы

Сымбат Нұртазақызы – ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған қазақ тіліндегі дамытушы мультфильмдер құрастырған жас маман. Аудармашы, психолог.

Сымбат 2008 жылы парсы тілі бойынша Орта Азиялық олимпиадада І-орын алған. «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік журналының редакция алқасының мүшесі. Сымбат тілінде мүкістігі бар балаларға арналған бірнеше мультфильмдердің авторы. Мәселен, «Дыбыстарды машықтандыру», «Көңілді түстер» деп аталса, «Логоритмика» әдістемелік құралы сондай-ақ «Компьютерлік психодиагностика» атты жасөспірімдер арасындағы психологиялық өзгерістерді анықтауға арналған жобаның авторы. «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) жобасының координаторы.

Сымбат Нұртазақызы 1988 жылы 10 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар мен Әлем тілдер университетінде 2005-2009 жылы «филология» мамандығы бойынша, 2007 жылы Иран мемлекетінің «Таботабои» университетінде арнайы біліктілік арттыру курсында білім алды. 2007-2009 жылдары Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінде аудармашы қызметін атқарды. 2009-2011 жылдары «ілеспе аудармашы» мамандығы бойынша магистратурада білімін шыңдады. 2012 жылдан бастап Қызылорда облысының білім басқармасы жанындағы облыстық оқу орталығында «Әлеуметтік педагогикалық қызмет» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.

2016 жылы Испания мемлекеті, Овьедо қаласында өткізілген 16-шы "Суицид және суицидалды әрекет" тақырыбында Европалық симпозиумында "Қазақстандағы кәмелетке толмағандар арасында суицидтердің алдын-алу: Қызылорда облысының тәжірибесі" тақырыбында Қазақстаннан тұңғыш баяндама жасап, өз тәжірибесін әлем сарапшыларымен бөлісті.

Сымбат Абдрахманова ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған дамытушы мультфильмдер құрастырады. Және ол баланың ақыл-ойын дамытуға арналған мультипликациялық өнімдердің қазақ тілінде дайындалуына күш салып отыр. Бүгінде арнайы дайындалған мульфильмдерді кез-келген тұрғын облыстық білім басқармасының Ютуб каналына өту арқылы жүктеп, қолдана алады.
«Әрбір шығармашылыққа жаны құмар адам, өз туындысын дайындағанда, сол туынды пайдаға жараса, қолданысқа ие болса деп тілейді. Себебі, әр туындыны жасауда, алдымен басқа идея, ол идея баста пісіп-жетіліп, іске асамын дегенше қаншама уақыт, ізденіс, жүйке жүйесі кетеді, оған барлық жүрегінді, ойынды, сезіміңді арнайсың. Қазіргі күні, жасаған жобаларымның пайдаланылып жатырғанын көрген кезде, еңбегім ақталыпты, жоба өз мақсатына жетіпті деп қуанамын. Себебі, еңбек етсең, оның нәтижесіболары хақ», дейді Сымбат.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?