Сымбат Нұртазақызы

Сымбат Нұртазақызы – ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған қазақ тіліндегі дамытушы мультфильмдер құрастырған жас маман. Аудармашы, психолог.

Сымбат 2008 жылы парсы тілі бойынша Орта Азиялық олимпиадада І-орын алған. «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік журналының редакция алқасының мүшесі. Сымбат тілінде мүкістігі бар балаларға арналған бірнеше мультфильмдердің авторы. Мәселен, «Дыбыстарды машықтандыру», «Көңілді түстер» деп аталса, «Логоритмика» әдістемелік құралы сондай-ақ «Компьютерлік психодиагностика» атты жасөспірімдер арасындағы психологиялық өзгерістерді анықтауға арналған жобаның авторы. «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) жобасының координаторы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әсел Далиева

Әсел Далиева – тоғызқұмалақшы

Ұлт мәдениетінің қалыптасып, жетілу барысындағы зияткерлік ойындардың орны айрықша. Олар - ғасырлар бойы үздіктерді анықтайтын спорттық бәсеке, жарыс түрі ғана емес, өскелең ұрпақ тәрбиесінде, ұлттардың интеллектуалдық әлеуетін көтеруде маңызды феномен. Тарихы сан мың жылдық тоғызқұмалақ ойыны – қазақ ұлтының әлемдік өркениетке қосқан жарқын үлесінің бірі. Қазақтың ұлттық зияткерлік спортының қазіргі жарық жұлдызы – тоғызқұмалақтан әлемнің 7 дүркін чемпионы 27 жасар Әсел Далиева.

Ол – тоғызқұмалақтан Қазақстан еңбек сіңірген спорт шебері атанған жалғыз әрі ұлттық спорт түрлері арасында осы атақты иеленген тұңғыш спортшы. Тоғызқұмалақты тоғыз жасында ойнай бастаған Әсел Далиева он екі жасында - еліміздің ең жас спорт шебері, ал он алты жасында - халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған ең жас спортшы атанады. Жиырма жасына дейін жастар арасында республикалық тоғызқұмалақ жарыстарының 6 дүркін жеңімпазы болды. Ал ересектер арасындағы республикалық додаларда 11 мәрте чемпион атанып, көптеген халықарлық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріледі. 2013 жылы Әселге Азияда ойындарының алауын жағу мәртебесі берілді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Александр Николаевич Подольских

Александр Николаевич Подольских – Қазақстандағы танымал ғалым-селекционер, ауыл шаруашылық ғылымдардың докторы, Қазақ күрі өсіру ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері.

Оренбург ауыл шаруашылық нститутының түлегі, кейінненКраснодар қаласындағы Бүкілодақтық күріш ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында күндізгі оқу бөлімінде оқыды. 11 жыл бойы ҚазР ҒЗИ іріктеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. Будандастыру көлемін он есе ұлғайтуға мүмкіндік беретін, селекция процесінің нәтижесін ұлғайтатын генетика мен селекцияның заманауи әдістерін қолдана отырып, күріш сорттарын таңдау тиімділігін арттыру мақсатында өзіндік әдісті жасап шығарды. Жаңа әдіс арқасында күріш өсіруде тиімді пайдаланылатын «Арал 202», «Ару», «Арал 69», «Арал 318», «Арал 4», «Арал 6» күріш сорттары өсірілді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Айдос Сайлығараев

Еңбек жолын 18 жасында даяршы болып бастаған Айдос Сайлығараев бүгінде «Браунис Казахстан» ЖШС-ның директоры болып отыр.

Айдос Мирамбекұлы өзін іскер, ұйымдастыру қабілеті жоғары, күрделі мәселелерді заманауи тәсілдермен шеше білетін білікті басшы ретінде көрсетіп келеді. Өзінің алғырлығымен түрлі қиындықтардың шешімін тауып, бизнес саласында жоғары нәтижелерге жетіп, алға өрлеуде. Кәсіпкерлер палатасының түрлі іс-шараларына белсенді түрде қатысып, нормативті-құқықтық актілерді талқылауда өз ұсыныстарын жеткізіп, жаңа ұтымды ойларымен жастарға жол сілтеп жүр. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Болатбек Баймаханов

Болатбек Бимендіұлы Баймаханов - медицина ғылымдарының докторы, профессор
Ол 1962 жылы 3 қыркүйек күні Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Болатбек Бимендіұлы Алматы медицина институтының емдеу факультетін (1986) хирург мамандығы бойынша бітірген. Ал 2006 жылы Т. Рысқүлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика факультетін экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1986 жылы Қызылорда облыстық ауруханасының дәрігер-хирургі болып бастады.
1987 жылдан - эндоскопист-дәрігері;
1990 жылдан - А.Н. Сызғанов атындағы Клиникалық және сынақтық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері;
1991 жылдан -хирургия бөлімінің ғылыми қызметкері;....
Өмірбаяндар (биография)
Толық