Әсел Далиева

 Әсел Далиева

Әсел Далиева – тоғызқұмалақшы

Ұлт мәдениетінің қалыптасып, жетілу барысындағы зияткерлік ойындардың орны айрықша. Олар - ғасырлар бойы үздіктерді анықтайтын спорттық бәсеке, жарыс түрі ғана емес, өскелең ұрпақ тәрбиесінде, ұлттардың интеллектуалдық әлеуетін көтеруде маңызды феномен. Тарихы сан мың жылдық тоғызқұмалақ ойыны – қазақ ұлтының әлемдік өркениетке қосқан жарқын үлесінің бірі. Қазақтың ұлттық зияткерлік спортының қазіргі жарық жұлдызы – тоғызқұмалақтан әлемнің 7 дүркін чемпионы 27 жасар Әсел Далиева.

Ол – тоғызқұмалақтан Қазақстан еңбек сіңірген спорт шебері атанған жалғыз әрі ұлттық спорт түрлері арасында осы атақты иеленген тұңғыш спортшы. Тоғызқұмалақты тоғыз жасында ойнай бастаған Әсел Далиева он екі жасында - еліміздің ең жас спорт шебері, ал он алты жасында - халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған ең жас спортшы атанады. Жиырма жасына дейін жастар арасында республикалық тоғызқұмалақ жарыстарының 6 дүркін жеңімпазы болды. Ал ересектер арасындағы республикалық додаларда 11 мәрте чемпион атанып, көптеген халықарлық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріледі. 2013 жылы Әселге Азияда ойындарының алауын жағу мәртебесі берілді.

Шебер спортшы өзі жетістіктерге жетіп қоймай, ұлттық ойынымыздан әлемдік сайыстарға түсетін шәкірттер дайындап үлгерді. Биыл Астанада өтіп жатқан 4-ші Әлем Чемпионатына оқушысы Лина Каримова ( ересектер арасындағы ҚР-ның 2-дүркін Чемпионы) қатысып, әлем чемпионы атанды. Ол - 2015 жылдан бері тоғызқұмалақтан жаттықтырушы. Сонымен бірге Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы спортшыларының жетекшісі қызметін атқаруда. Әсел Далиева - үнемі ізденіс үстіндегі, кәсіби білігімен қоса білімін үздіксіз ұштап отыратын талапты әрі еңбекқор жас. Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік универстетінің «Дене шынықтыру және спорт мамандығының» бакалавры және Көлік және коммуникациялар академиясының магистрі атағын алған. Ол қазақ тілінен өзге орыс, ағылшын, түрік тілдерін еркін меңгерген. Бос уақытында кітап оқып, теннис ойнап, суда жүзеді. Қазақтың шебер ойыншысының жетістіктері бағаланып, оған Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалі және Қызылорда облысының спорт басқармасының 60 жылдық медалі, ТМД Парламентаралық Кеңесінің «Денешынықтыру, спорт және туризмді дамытудағы ерен еңбегі үшін» белгісі берілген.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?