Айтбай Жұмағұлов Ботпайұлы (1975 жылы)

 Айтбай Жұмағұлов Ботпайұлы (1975 жылы)

Айтбай Ботпайұлы Жұмағұлов (1975 жылы, Қарақұдық ауылы, Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы) - айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент[1].
Атбай Ботпайұлы 1992 жылы Қарақұдық ауылы Амангелді орта мектебін бітірген. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің түлегі (1995-1999). Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастайды(1999-2000), Кейін Қазақстан-Ресей қазіргі заманғы университетінде оқытушы болып қызмет атқарған (2000-2001). 2001 жылдан бері академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы болып қызымет етіп келеді. 2012 оқу жылынан бастап университет доценті. Аталмыш университеттің аспирантурасында күндізгі бөлімінде білім алған (2002-2005). 2007 жылы академик Рымғали Нұрғалидың жетекшілігімен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кандидаттық диссертация қорғаған. 2005 жылдан бері Қарағанды облысы Мәдениет басқармасы Халық шығармашылығы орталығында «Арқа» айтыс ақындар мектебінде жетекшілік етіп қызмет атқарады.
Зерттеулер
Айтбай Ботпайұлы - 50-ден аса ғылыми мақалалардың, 1 монографияның авторы. Доцент Жұмағұловтың зерттеулері қазақ әдебиетін дәуірлеуға қатысты. Айтбай Жұмағұловтың шәкірттері көбіне Халық ауыз әдебиеті мен Хандық дәуір әдебиеті бойынша дипломдық жұмыстарын қорғаған. 2012 жылы ғалымның «Қазақ әдебиетін дәуірлеу тарихы» атты ғылыми монографиясы жарық көрді.
Марапаттары
Бірнеше облыстық, аймақтық, Республикалық айтыстардың жүлдегері.
2005 ж. - «Елбасының жолдауы елдіктің арқауы» атты республикалық айтыста жүлделі 1 орын (Атырау);
2006 ж. - Қостанай облысының 70 жылдығына арналған Республикалық айтыста ІІІ орын;
2008 ж. - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында өткен Бұқар жырау Қалқаманұлының 340 жылығына арналған Республикалық айтыста Бас жүлде;
2008 ж. - Алматы облысы Бақанас ауданының 80 жылдығына арналған Республикалық айтыста жүлделі ІІІ орын;
2009 ж. - Ақмола облысының 70 жылдық мерейтойына және Қөкшетау қаласының 185 жылдық құрметіне арналған Республикалық айтыста ІІІ орын;
2011 ж. - Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына арналған «Сүйем сені, туған ел…» атты Республикалық айтыста ІІІ орын иеленді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?