Мұхамеджан Тазабек Оразбайұлы (1975 жылы 3 шілде)

 Мұхамеджан Тазабек Оразбайұлы (1975 жылы 3 шілде)

Мұхамеджан Оразбайұлы Тазабек (1975 жылы 3 шілде, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан ауылы) — айтыскер ақын, Асыл арна телеарнасының негізін салушысы әрі директоры.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектепті үздік бітірген. 1992-1996 ж.ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін «филолог, орта оқу орнының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» біліктілігі бойынша үздік тәмамдаған. «Әдебиеттану» мамандығы бойынша 1998 жылы магистр, 2000 жылы аспирант дәрежесін алған. Шетел тілдері мен іскерлік карьера университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша түлегі (2011). Мұхамеджан Оразбайұлы қазақтың төл өнері айтыс сахнасына 1987-88 жылдары оқушы кезінен шыға бастады. Айтыс өнеріне баулыған ұстазы Айтмұханбет Исақов. Алғаш рет ақындар айтысына түсіп 1990 жылы үшінші орынды жеңіп алған. Coл жылы Кенен Әзірбаевқа арналған айтыста екінші орынға ие болады. Тазабек өнер сайысында есімдері елге танымал талай ақындармен айтысқа түскен. Тың тақырыпты таңдау мен терең мағыналы теңеулермен бейнелі сөйлеуден алдына жан салмаған ол аудандық, облыстық, аймақтық, республикалық және халықаралық айтыстардың жүлдегері. Исатай батырдың 200 жылдығында, Қазақстан тәуелсіздігінің бір жылдығында, сондай-ақ, Дүние жүзі қазақтарының құрылтайында, Абайдың 150 жылдық мерекесіне арналған айтысында бас бәйгені жеңіп алды. «Ордабасыдағы «Қазақтың үш биіне» арналған, Қарасай батырдың 400 жылдық, Бөгенбай батырдың 300, Сыпатай батырдың 210, Т.Рысқұлов пен М.Жұмабаевтың 100 жылдықтарына, Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына, Жамбыл облысының 60 жылдығына орай өткен халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы. Жамбылдың 150 жылдық мерекесіндегі халықаралық айтыста 1 орынға ие болды. Қарасай батырдың 400 жылдығына арналған республикалық айтыста бас жүлдені еншіледі. Орта Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан) мемлекеттерінің ақындары арасында өткен халықаралық дүбірлі айтыстың бас жүлдесін иеленген. 1996-1997 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақындар мектебінің жетекшісі, 1997-2003 жылдар аралығында ҚР ұлттық «Ұлан» гвардиясының құрама бөлімшесінде «Президенттік оркестр орындаушысы», 2005-2006 жылдары ««Ақ Орда» республикалық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің рухани жобаларын үйлестіруші қызметтерін атқарған. 2007-2009 жылдары «Асыл арна» ислами-ағартушылық телестудиясының, 2009 жылдан кабельдік, спутниктік және «Отау ТV«» ұлттық желісі арқылы тарайтын, ТМД елдері арасындағы тұңғыш ислами-ағартушылық «Асыл арна» телеарнасының бас директоры. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында жарық көрген «Жұмадағы жүздесу» (2001-2002 ж.ж.), «Ораза қабыл болсын» (2008), «Иман нұры» рухани-мәдени хабарларының, «Қазақ радиосынан» эфирге шыққан «Құбыла» (2003-2008) жобасының авторы және жүргізушісі. Әр жылдардағы айтыстары топтастырылған «Айтыстар» (2006), балаларға арналған «Иман бақшасы» (2009), «Қазақ радиосының рухани бұлағынан» (2010) атты публицистикалық жинақтардың авторы. Мақалалары мен сұқбаттары мерзімдік және электронды баспасөзде жиі жарияланып тұрады. Мұхамеджан Тазабек айтыскер ретінде ғана емес, ұлттық айтыс өнерін насихаттаушы және айтыскерлердің жаңа буынын тәрбиелеуші тұлға ретінде де төл өнерге қомақты үлес қосып келеді. 2005 жылдан бері республикалық деңгейдегі ондаған айтыстардың («Төртеу түгел болса», «Отанды сүю – иманнан», «Елбасы жолдауы – елдіктің арқауы», т.б) ұйымдастырушысы.
2013 жылдан бастап, «Нұр Отан» партиясы қамқорлыққа алған республикалық (Кіл жүйрікте кім жүйрік?», «Бір халық, бір ел, бір тағдыр», «Береке басы бірлікте», «Отбасым – тірегім, Отаным – жүрегім») айтыстардың ұйымдастыру-үйлестіру тобының, қазылар алқасының мүшесі. «Ақындық өнердің қыр-сыры», «Ақын айтатын сөз», «Ақын деген кім?» және бірнеше тақырыпта шеберлік тренингтерінің авторы және лекторы.
1996 жылы «Жамбылдың жастық шағы» фильмінде Жамбылдың образын шебер сомдап шыққан М. Тазабек ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы «Нұр Отан» партиясы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен түсірген, ұлттық ойын көкпар спортын насихаттауды көздейтін «Дода» толықметражды фильмінің бас продюсері (2013).
Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (1996). Президент стипендиясының иегері (1997 - 98). "Дарын мемлекеттік сыйлығының" иегері (1998). «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағының (2014) иегері. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ақылдастар алқасының, Жас журналистер клубының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің ақпараттық насихат және сарапшылар тобының мүшесі.
Отбасылы, бір ұл, төрт қызы бар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?