Мұхамеджан Тазабек Оразбайұлы (1975 жылы 3 шілде)

Мұхамеджан Оразбайұлы Тазабек (1975 жылы 3 шілде, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан ауылы) — айтыскер ақын, Асыл арна телеарнасының негізін салушысы әрі директоры.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектепті үздік бітірген. 1992-1996 ж.ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін «филолог, орта оқу орнының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» біліктілігі бойынша үздік тәмамдаған. «Әдебиеттану» мамандығы бойынша 1998 жылы магистр, 2000 жылы аспирант дәрежесін алған. Шетел тілдері мен іскерлік карьера университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша түлегі (2011). Мұхамеджан Оразбайұлы қазақтың төл өнері айтыс сахнасына 1987-88 жылдары оқушы кезінен шыға бастады. Айтыс өнеріне баулыған ұстазы Айтмұханбет Исақов. Алғаш рет ақындар айтысына түсіп 1990 жылы үшінші орынды жеңіп алған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық