Рамазан Стамғазиев Өмірәліұлы (1967 жылы 3 мамыр)

 Рамазан Стамғазиев Өмірәліұлы (1967 жылы 3 мамыр)

Рамазан Өмірәліұлы Стамғазиев (1967 жылы 3 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Көкпияз ауылында туған) — қазақтың халық әндері мен дәстүрлі әндерін кеңінен насихаттап жүрген әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). "Құрмет" орденінің иегері.

Рамазан Өмірәліұлы 1967 жылы 3 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Көкпияз ауылында дүниеге келген.
1987 - 1989 жылдары Алматы эстрада-цирк училищесін (Қайрат Байбосыновтың класы бойынша) бітірген.
1991 - 1995 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіның музыка бөлімінің "домбыра" мамандығы бойынша бітірген.
2012 - 2014 жылдары Өнер магистрі ғылым атағы берілген.

Еңбек жолы
1989 - 2005 жылдары Қазақконцерт өнер бірлестігінде әнші.
2006 - 2009 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқытушы.
2009 - 2012 жылдары Республикалық эстрада - цирк колледжінде оқытушы.
2012 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясының "дәстүрлі ән музыкасы" кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі лауазымын атқарады.

Марапаттары
1992 жылы Ә.Қашаубаев атындағы әншілер байқауының жеңімпазы.
1997 жылы Халықаралық ән байқауының жеңімпазы (Самарқанд қаласы);
1998 жылы 22 қазанда елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағы берілді.
2001 жылы "ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
2011 жылы елбасының жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталды.
2011 жылы Әлихан Бөкеханов атындағы алтын медалі
2013 жылы Моңғолия Республикасының Құрмет ордені
2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі.[1]
2017 жылы Алматы облысы Райымбек ауданының құрметті азаматы атағымен марапатталды.
2017 жылы 29 қарашада "ҚР Ұлттық Қауіпсіздігі Комитетінің 20 жылдығы" медалі

Отбасы
Үйленген. жары: әнші, "Құрмет" орденінің иегері Ұлту Қабаева.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!