Жеңіс Сейдоллаұлы (1962 жылы 14 мамыр)

 Жеңіс Сейдоллаұлы (1962 жылы 14 мамыр)

Жеңіс Сейдоллаұлы (1962 жылы 14 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған) — әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры (2016 жылдан). "Құрмет" орденінің иегері. Қармақшы ауданының Құрметті азаматы (2007).
Жеңіс Сейдоллаұлы 1962 жылы 14 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.
1978 - 1982 жылдары Шымкент музыка колледжінің "Хор дирижері" мамандығы бойынша бітірген.
1983 - 1985 жылдары Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің "Эстрада - вокал" мамандығы бойынша бітірген.
2000 - 2005 жылдары Тараздағы Әулие ата университетінің «Экономика және менеджмент» факультетін бітіріп, экономист мамандығын алған.
2012 жылы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Эстрадалық өнер" факултетінің магситратурасын бітірген. "Өнер шебері" академиялық дәрежесін алған.
Еңбек жолы
1984 - 1987 жылдары Гүлдер ансамбльінің оркестор солисті;
1989 - 1994 жылдары Сүйенбай атындағы Алматы облыстық филармониясының "Арқас" ансамблінің солисті;
1994 - 1997 жылдары Гүлдер ансамбльінің бас дирижері;
1998 - 2004 жылдары Сүйенбай атындағы Алматы облыстық филармониясының солисті;
2005 - 2006 жылдары Гүлдер ансамбльінің жетекші әншісі;
2006 - 2013 жылдары Гүлдер ансамбльінің директоры;
2013 -2014 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясының про-ректоры;
2014 -2016 жылдары Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің директоры
2016 жылдан Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры.
Марапаттары
2006 жылы 8 желтоқсанда елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған.
2007 жылы Қармақшы ауданының Құрметті азаматы
2010 жылы Қазақстанның "Еңбек ардагері" медалі
2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
2015 жылдың 3 желтоқсанындағы елбасының жарлығымен Құрмет ордені мен марапатталды.
2015 жылы "Қазақстан конститутциясына 20 жыл" медалі
2015 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданының құрметті азаматы атағы
2015 жылы "Қазақ хандығына 550 жыл" алтын медалі
2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
ҚР Президентінің жеке алғыс хатымен марапатталған.
Сейдоллаұлы Жеңіс қазіргі таңда Гүлдер ансамблінің жетекшісі. «Гүлдер» ансамблінің құрылғанына 40 жыл толды. Халқымызға кеңінен танымал бұл ансамбльді Гүлжиһан Галиева құрғанды. Ансамбльдің бірінші топ әншілері — Серік Елеусізов, Сара Тыныштығұлова, Гүлжан Талпақова, Лұқпан Есенов, Сара Қабиғожина, Сұлтанғали Шүкіров, Рахым Тәжібаев сияқты бел гілі дарын иелері. Кейінірек «Гүлдер» ансамбліне Қайрат Байбосынов, Қапаш Құлышева, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Ақжол Мейірбеков, Бақтияр Тайлақбаев, Айжан Нұрмағамбетовалар келіп қосылды. «Гүлдер» мемлекеттік ансамблі алғашқы концертін Лермонтов атындағы орыс драма театрында көпшілік қауымға ұсынды. Бұл өнер ұжымы қазақ сахнасында ә-деген кезден-ақ пайда болған қазақ мәдениеті саласында тың құбылысқа айналды. «Гүлдер» ансамблінің жиһанда бармаған тауы, баспаған жері қалмады. Ансамблдің ірге тасын қалаған Қазақстанның халық әртісі Гүлжиһан Қалиқызы Галиева туралы айтып өтсек. Ол 1938 жылы Тұрар Рысқұловтың көмегімен Мәскеудегі мемлекеттік театр өнері институтының актерлік студиясын бітірді. Кейін Қазақ драма театрына әртістікке орналасты. Одан әрі Жамбыл атындағы Қазақтың мемлекеттік филармониясында, «Қазақконцерт» бірлестігінде өнерін өрбітті. Ал 1965 — 78 жылдары осы ұжым жанындағы Республикалық эстрада-цирк студиясының директоры және көркемдік жетекшісі болып .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Мұхтар
    Мұхтар 10.05.2022 01:53
    0 + 0 -
    Жеңiс Сейдоллаұлының туылған күні 14 мамыр емес 9 мамыр ұлы жеңiс күнімен қатар осыны дұрыстаңыздар.