Жеңіс Ысқақова Ермағанбетқызы (1966 жылы 9 мамыр)

 Жеңіс Ысқақова Ермағанбетқызы (1966 жылы 9 мамыр)

Жеңіс Ермағанбетқызы Ысқақова (1966 жылы 9 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзекте туған) — эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005).

Жеңіс Ермағанбетқызы 1966 жылы 9 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзекте дүниеге келген.
1982 жылы Сырдария ауданындағы орта мектепті бітірген. Мектептің іс-шараларына ол белсенді түрде қатысып отырған. Облыстық, аудандық әншілер байқауларына қатысқан.
1984 жылы Сырдария ауданыдық мәдениет үйінің автоклуб меңгерушісі әрі композитор Рамазан Тайманов құрған ансамбль солисті болып алғашқы еңбек жолын бастаған.
1985 - 1987 жылдары (бұрынғы Алматы эстрада-цирк училишесі) қазіргі Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің "эстрада" мамандығы бойынша Қазақ КСР халық артисі, мемлекеттік сыйлық иегері, профессор Лаки Константинович Кесоглудың классын бітірген.
1987 жылдан Гүлдер ансамбльінде өнер көрсетті.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Орталық Ансамблінің солисті.
Нұрғиса Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрінің солисті.
Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің солисті.

Шығармашылығы
Жеңіс Ысқақова 1987 жылдан Республика жұртщылығына кеңінен таныла бастады.
1992 жылы әншінің алғашқы дебюттік "Мен білмеймін" әні шықты. 1994 жылы Бұл ән "Жылдың үздік әні" атанды. "Аяла сен мені", "Түңгі жаңбыр" (1995), "Ғажап ертегім" (1999), "Сыр сұлуы" (2000), "Сен ғана" (2000), "Сыңсу" (2001), "Тылсым сезім" (2004) және т.б көптеген хит әндері республика жұртшылығына кеңінен таралған.
2000 жылы қазақ вальсінің карольі атанған Шәмші Қалдаяқовтың еске алу кешінде алғаш рет "Сыр сұлуы" әнін орындады. Бұл ән әншінің репертуарынан ойып тұрып орын алды. Бүгінгі күнде әншіні "Сыр сұлуы" деп атап кеткен.
Жеңіс Ысқақова композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеевпен тығыз шығармашылық байланыста.

Жеке концерттері
2001 жылы "Сыр сұлуы" деп аталатын әншінің алғашқы ән кеші Республика Сарайында жоғарғы деңгейде өтті.
2005 жылы "Әнім Сен Едің" деп аталған мюзикл бағытындағы екінші ән кешін Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында жоғарғы деңгейде өткізді. Бұл кештің жүргізушісі танымал актер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Азамат Сатыбалды болды.
2008 жылы Мәскеуде үшінші жеке концертті өткізді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі