Жеңіс Сейдоллаұлы (1962 жылы 14 мамыр)

Жеңіс Сейдоллаұлы (1962 жылы 14 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған) — әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры (2016 жылдан). "Құрмет" орденінің иегері. Қармақшы ауданының Құрметті азаматы (2007).
Жеңіс Сейдоллаұлы 1962 жылы 14 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.
1978 - 1982 жылдары Шымкент музыка колледжінің "Хор дирижері" мамандығы бойынша бітірген.
1983 - 1985 жылдары Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің "Эстрада - вокал" мамандығы бойынша бітірген.
2000 - 2005 жылдары Тараздағы Әулие ата университетінің «Экономика және менеджмент» факультетін бітіріп, экономист мамандығын алған.
2012 жылы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Эстрадалық өнер" факултетінің магситратурасын бітірген. "Өнер шебері" академиялық дәрежесін алған ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық