Айзада Сатыбалдиева Таңатарқызы

 Айзада Сатыбалдиева Таңатарқызы

Сатыбалдиева Айзада Таңатарқызы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Мәдени ауылында дүниеге келді.
1994-1998жж. Т.Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институты театр факультетінің муздрама бөлімін оқып-бітірді.
1998ж. жолдамамен Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының актерлік құрамына қабылданады.
2007ж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқытушы болды.
2009ж. тамыз айында М.Әуезов драма театрына қабылданды.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық, әлемдік классика мен заманауи драматургияда:
М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында: М. Әуезовтің «Карагөзінде» өсекші әйел (реж. Б.Атабаев), «Қилы заманында» қаражаулықты ана (реж. Ә. Рахимов), Т. Нұрмағанбетовтің «Қожанәсір тірі екенінде» Зүлейха (реж. О. Кенебаев), Д. Исабековтің «Жаужүрегінде» Елизавета, М. Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» кезбе әйел (реж. О. Кенебаев), Ә. Әмзеұлының «Қара кемпірінде» жеңге (реж. Е.Обаев), Ә. Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» Ұзынетек, С. Асылбековтің «Империядағы» кешінде» Нұрсұлу (реж. Ә. Рахимов); Ү. Ғаджыбековтің «Аршын мал аланында» Гүлчахра (реж. Т. әл-Тарази), Н.Гогольдің «Үйленуінде» Арина (реж. В. Захаров), Қ. Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтарында» Михр ханым, Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Ұзынғайша, И. Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?…» реквиемінде Нұрғаным (реж. О. Кенебаев) , Т. Әбдіковтің «Ұлы мен Ұрысында» журналист қыз (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Ағира (реж. А.Кәкішева), А. Сүлейменовтің «Адасқақ» Әпіш (реж. Ә. Рахимов) т.б.
Астана театрында: Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Жібек (реж. Ә. Мәмбетов), «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» Баян (реж. Ә. Мәмбетов), М. Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыландысында» Құртқа (реж. Б. Ұзақов), «Еңлік-Кебегінде» Еңлік, Қ. Шаңғытбаев, Қ. Байсейітовтің «Беу, қыздар-айында!» Жансұлу (реж. Б. Ұзақов), Әнес Сарайдың «Балуан Шолағында» Татьяна (реж. Н. Жұманиязов), Ф. Эрвенің «Түлкі бикешінде» Дениза, С. Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» Нигора, М. Файзидің «Башмағымында» Сәруар т.б.
Астана қаласында қалалық, Президенттік концерттердің жүргізушісі болды.
2006 ж. «Қазақстан» арнасының «Қымызхана» бағдарламасына түскен.
2018 ж. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді