Зүлфия Чиншанло Салахарқызы (25 шілде 1993 жылы)

 Зүлфия Чиншанло Салахарқызы (25 шілде 1993 жылы)

Зүлфия Салахарқызы Чиншанло (25 шілде 1993 жыл; Алматы, Қазақстан / Қытай деректері бойынша шын есімі Жао Чаң Лиң және Қытайдың Хунань провинциясында туған) — қазақстандық ауыр атлет, 2009, 2011 және 2014 жылдары әлем чемпионы, 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ұлты — дүнген. Әкесі — Чиншанло Салахар, дүнген және орыс тілдерін білетін кәсіпкер.
Жетістіктері
Пошта маркасы, 2013 жыл
2008 жылдан — ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 53 кг дәрежесінде қос сайыстан 219 кг жиынтығын жинаған әлемнің ең жас чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009). XVI Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009).
2011 жыл Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында әлем 53 кг салмақ дәрежесінде 227 кг (97+130) нәтижемен әйелдер арасында жаңа әлем рекордын тіркеп алтын алды.
2012 жылы 29 шілдеде Лондонда өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындары 2012-де 53 кг салмақ дәрежесінде қос сайыс бойынша 229 кг нәтижемен жаңа әлем рекордын орнатты.
Марапаттары
Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (2009);
Құрмет ордені (2009);
2-ші дәрежелі Барыс ордені (2012).
Қытай БАҚ-ры
Қытайдың Xinhua News ресми ақпараттық агенттігі мәліметтерінде «Зүлфия шын мәнісінде Қытайдың Хунан (湖南|Húnán) провинциясында туған, шын есімі Чжао Чаньлин (Жао Чаң Лиң) және орыс тіліне қарағанда қытай тілін жетік біледі» делінеді. 2008 жылы Майя Манезамен бірге Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған деген ақпараттар бар
2012 жылы қазанның 23-і күні қытайлық sohu.com сайтында «Қазақстанға кеткен Қытай қызы қайтып оралды және 2016 жылғы олимпиадаға Қытай атынан қатысады» деген мақала жарияланған болатын. Онда Зүлфияның Қытай азаматтығын алғаны туралы жазылған. Ал Қазақстан ауыр атлетика федерациясы өкілдері бұл ақпаратқа таңырқағандарын айтып, Зүлфияның Қытайға тек қыдыруға ғана кеткен және жақын арада орылуы тиіс деген мәлімдеме берді. 27-ші қазан күні Зүлфия Қытайдан Қазақстанға оралды. Оны Алматы әуежайынан жеке жаттықтырушысы Виктор Ни күтіп алды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі