Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары

Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары

«№ 6 жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернатпен» КММ
Тоқанова Г.М. тарих пәнінің мұғалімі

Құрылымы:

Мұғалім туралы мәлімет __________________________________________1
І бөлім. Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында
істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері__________________2-4
ІІ бөлім. Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесінің моделі_________4
ІІІ бөлім. Дарынды оқушылардың банкі_____________________________5
ІV бөлім. Бағыттары бойынша жұмыс жоспары_______________________6-7
V бөлім. Жоспар бойынша тапсырмалар түрлері______________________8-9
VІ бөлім. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары_________________10
VІІ бөлім. Дарындылық туралы ой-пікірлер_________________________11-18
VIII бөлім. Жетістіктер__________________________________________19-20

Мұғалім туралы мәлімет
Тегі, аты, әкесінің аты Тоқанова Гүлсовет Масанқызы
Туған күні, жылы 25.02.1963 ж.
Қызметі Тарих пәнінің мұғалімі
Білімі Жоғары
Қандай оқу орының бітірген, жылы Алматы Қыздар педагогика институты, 1989 жыл
Мамандығы Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі
Санаты жоғары
Педагогикалық өтілі 31 жыл
Осы мектептегі өтілі 17 жыл
Осы мектепте нешінші жылдан бастап жұмыс істейді 1997 жылдан
Неше жыл ҰБТ-ға қатысқан 2004 – 2014 ж
Әдістемелік тақырыбы Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдердің мұғалімдер тәжірибесіне ықпалы
Қай жылдан бастап осы тақырыппен жұмыс істейді 2014 ж
Қолданатын инновациялық технологиялар түрлері Модулдік

І бөлім.
Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері (негіздеме).

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызғаөзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.
Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеттері ретінде:
• Оқу –тәрбие үрдісіне диаагностикалық талдау жасау
• Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру
• Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру
Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойдық.

Алынған мәліметтер бойынша туындаған проблемалар:
• Мұғалімдердің жоғары білім алуына және ғылыми ізденіспен шұғылдануына жағдай жасау;
• Білім, біліктілігін арттыру;
• еңбектерін әділ бағалай отырып, құрметтеу;
• мұғалімнің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, көмек көрсету;

Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.
Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық.
Біздің оқушыға қойған талабымыз:
• қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
• ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
• алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
• өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру;
• басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
• қоршаған ортада өз орныңды , жеке рөліңді анықтай білу;
Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек. Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.
Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.
Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.
“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.
Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.
Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
• оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
• Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
• Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
• Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
• Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
• Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
• Ата- аналармен ынтымақтастық құру;
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
• өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
• оқушы дарындылығының моделін білу;
• қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.
Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:
дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
• оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.
Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.
Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Мақсаты : Қоғамдық омірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру
Еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейге көтеретін ұрпақ тәрбиелеу

Міндеті : Оқыту үрдісін жеке тұлғаның өзіндік дамуына ықпал етуші тәрбие мен білім беруді ұштастыру

ІІ бөлім. Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесінің моделі.
Жұмыстың бағыттары:
• Диагностика – оқушыны тұлға ретінде байқау.
• Қабілеті жоғары және дарынды оқушылармен физика сабағында жұмыс істеу;
• Сабақтан және сыныптан тыс жұмыстары.
Жұмыстың әдістері:
• Анкета, сұрақтар қою;
• Әңгімелесу;
• Тестілеу;
• Әдебиеттерді қарастыру;
• Шығармашылық жұмыстар;
• Жобалау әдісі;
• Алдын-алу әдісі;
• Мәселе шешу әдісі;
• синквейн.
Жұмыс түрлері:
• сабақ жүзіндеқиындығы жоғары тапсырмаларды пайдалану;
• факультатив;
• үйірме жұмысы;
• уақытша топтарды жасау;
• өз-өзіннің білімін көтеру;
• пән апталықтарын өткізу;
• ғылыми-практикалық конференциялар;
• олимпиадалар;
• интеллектуалдық марафон.
Бағдарламаның мазмұны
1. Оқушыларға диагностика өткізу – жалпы дарындылығын бағалау, жұмыс бағыттарына бөлу (ІІІ бөлім)
2. Бағыттары бойынша жұмыс жоспарын жасау (IV бөлім)
3. География сабағында дарынды оқушылармен жұмыс – қиындығы жоғары тапсырмалардың кең спектрі жасалған, балалармен жұмыс істеген таңдау жасауға мүмкіндік береді. (V бөлім)
4. Оқушылардың шығармашылық жұмысы – ізденіс, зерттеу нәтижесінде жасалған жұмыстары. (VІ бөлім)
Жұмыстың негізгі принципі – «байыту» принципі
Программаның ресуртық қамтамасыз ету:
• Оқу кабинеті;
• Кітапхана фонды – география мәселелері бойынша әдебиеттердің бар болуы.
Басқару, байланыс:
Басқару - директор, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, математика мұғалімі.
Басқа ұйымдармен байланыс:
• ҚМПИ, Жаратылыстану – математика факультеті
Тиімділігінің белгілері:
1. Пәнге деген қызығушылығының жоғары деңгейі.
2. Пән бойынша үлгірмейтін оқушылардың жоқ болуы.

ІІІ бөлім. Дарынды оқушылардың банкі.

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР ТІЗІМІ
8 сынып
№ Оқушының аты-жөні:
Олимпиада Мектепшілік Қалалық
ұпай орны ұпай орны
1 Бизақов Ермахан + 100 І
2 Зейнова Әдемі
3 Ахметбеков Сағымбек
4 Кеңесханова Әйгерім

8 сынып
№ Оқушының аты-жөні:
Аймақтық
Олимпиада
«Елім - ай» Облыстық
"Тұлпар" Республикалық
Қашықтық олимпиада Қалалық
Сертификат ұпай орны
1 Амангельдинов Нұрсұлтан
2 Бизақов Ермұхан 3 +
3 Сәлиев Дәурен 3 +
4 Зейінова Әдемі 3 3 +
5 Алпысбаева Венера 3

10 сынып
№ Оқушының аты-жөні:
Республикалық
Қашықтық олимпиада
Сертификат Мектепшілік Қалалық
ұпай орны ұпай орны
1 Тұрсынова Лиза +
2 Тегінбаева Аружан +
3 Төлегенова Назерке "Үздік нәтиже"

10- 11 сынып
№ Оқушының аты-жөні:
Аймақтық
Олимпиада
«Елім - ай» Мектепшілік Аудандық
ұпай орны ұпай орны
1 Өскенбаева Жансая
2 86 1 24 2
2 Джаспаев Ербол 100 1



8 сынып
№ Оқушының аты-жөні:
Бағыт
Олимпиада ОҒҚ Сайыстар
мектепшілік Аудандық
1 Ахметбеков Сағымбек 1 орын "Менің көшемнің тарихы"
2 Зейнова Әдемі "Алаш оқулары "
ІV бөлім. Бағыттары бойынша жұмыс жоспары.
8-11 сынып оқушыларымен жеке жұмыс

ЖОСПАРЫ
Ай Апта Бағыт
Олимпиада ОҒҚ Сайыстар
Қыркүйек 1-2 Дарынды оқушыларды байқап, жұмыстың бағытын анықтау
3-4 Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын анықтау Оқушылардың ғылымға деген қабілетін анықтау Республикалық қашықтық олимпиада
Қазан 1-2 Олимпиадаға қойылатын талаптармен таныстыру Ғылыми жобаға қойылатын талаптармен таныстыру
3-4 Тарихи тапсырмаларды жазбаша түрде орындау Ғылыми жоба туралы жалпы мәлімет
Қараша 1-2 Кітапханаға барып қосымша тарихтан мәліметтер жинау Ғылыми жоба түрлері Мектепішілік олимпиада
3-4 Мектепшілік олимпиадаларға қатысу Жоба мәтіннің құрылымы
Желтоқсан 1-2 Аудандық олимпиадаларға қатысу Ғылыми жұмыстарының тақырыптарын таңдау Аудандық олимпиада
3-4 Тарихи тапсырмаларды жазбаша түрде орындау Тақырыбына сай ғылыми жұмыстың жоспарын құру
Қаңтар 1-2 Кітапханаға барып қосымша тарихтан мәліметтер жинау Әдебиеттермен жұмыс
3-4 Тесттер Деректерді жинау, тәжірибе жоспарын құрастыру
Ақпан 1-2 Хрестоматиялармен жұмыс Тәжірибе жасау, зерттеу ұйымдастыру «Тарих ата » интеллектуалдық сайысы
3-4 Тарихи тапсырмаларды жазбаша түрде орындау Зерттеу жасау
Наурыз 1-2 Тесттер Ғылыми жұмысын жазу
3-4 Қосымша әдебиеттермен жұмыс Зерттеу нәтижелерін анықтау
Сәуір 1-2 Тесттер Аудандық ғылыми жоба сайысына сұраныс Құқық пәнінен қашықтық олимпиада
3-4 Тесттер Аудандық ғылыми жоба сайысына қатысу
Мамыр 1-2
3-4 Тесттер Нәтижесін күту

V бөлім. Жоспар бойынша тапсырмалар түрлері.
Мазмұны Берілетін тапсырмалар сағат
Логикалық ойлау қабілетін дамыту
1 Тесттермен жұмыс Интеллектуалдық сайыстардың тестерін шешу 2
2 Сөзжұмбақтар жасаттыру 1.Қазақтың ұлттық киімдері –сөзжұмбақ
2.Аягөз өңірінің би-шешендері, батырлары–сөзжұмбақ 2
3 Белгілі бір саяси лидерлерге мінездеме беру Тұғыры биік тұлғалар тақырыбында –хандар, би-шешендер, батырлар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлеріне мінездеме, қызметіне баға беру 2
4 Тақырыптарға қорытынды жасатқызу Оқулық бойынша тарауларға қорытынды.Термин, тарихи оғиғалар, атаулы даталармен жұмыс 2
5 Ғылыми зерттеушілік жұмыстар жүргізу 1.Қасқа керей Демесін болыс
2.Таңдау тақырыптары бойынша 2
Шешендік өнерге баулу
1 Көпшілік алдында сөйлеуге даярлау «Дебат» пікір сайысы қалай пайда болды 1
2 Жарыссөз ережелерін меңгерту «Дебат» пікір сайысы ережелерін үйрену 1
3 Батырлар, лиро-эпостық жырлар, термелерден үзінді жаттау 1.Жергілікті ақындар өлеңдеріндегі өсиеттер
2.Қозы-Көрпеш-Баян сұлу жырынан үзінді 2
4 Мектепішілік кештер, КВН, т.б. қатыстыру Кештерге, сайыстар қатысу
5 Қызықты тапсырмалар Оқушыларға арнайы тапсырмалар беру 3
Шығармашылық қабілетін жетілдіру
1 Саяси тақырыптарға баяндама жаздыру 1.Азамат соғысы кезіндегі Аягөз
2. Таңдау тақырыптары бойынша 3
2 Тақырыптарға тірек сызбалар жасату Тірек сызбалар жасау 2
Тарихи деректермен жұмыс
1 Өлкетану материалдарын жинау Аягөз қаласының тарихы, тарихи тұлғалары туралы деректер жинау.Өлкеміздегі репрессия, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, қоғам қайраткерлеріне байланысты деректермен жұмыс, іздендіру 2
2 Бағдарлама бойынша тақырыптарға арналған тарихи деректерді жинау Кітапханамен байланыс жасау, қызықты деректермен танысу 2
Интернетке хабарлау:

VІ бөлім

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары

№ Оқушының аты-жөні Сынып Тақырып Нәтиже
1 Баратова Альфия
2009- 2010 9 «А» «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу көне архитектуралық жәдігер» Мектепішілік - 1орын, Аудандық- алғыс,
2 Ахатов Жандос 9 «А» «Алаш оқулары» Диплом

VІІ бөлім.

Дарындылық туралы ой-пікірлер
Оқушының ерекше қабілетін ашу жолдары
Психологиялық диагностика жүргізу
Тарих пәні бойынша оқу үлгерімін тест бойынша анықтаймын
Оқушының жеке өзінің ынтасы, қызығушылығы, сұранысына байланысты таңдаймын
Ата – анасының өтініші бойынша оқушыны аламын

VIIІ бөлім. Жетістіктер

Оқушылардың ғылыми қоғамы
Жылы Деңгей Атаулар Нәтиже
2009 мектепішілік «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу көне архитектуралық жәдігер» 1 орын
2010 Аудандық ішкі саясат бөлімі «Алаш оқулары» Аудан әкімі «Диплом»
2010 аудандық «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу көне архитектуралық жәдігер» Алғыс
Олимпиада жетістіктері
Жылы Деңгей Сынып Нәтиже
2011 Аудандық 8 сынып
2 орын
2011 Аймақтық «Елім -ай»
8 сынып
11 сынып
1,2, 3 орын
2 орын
2012 Республикалық қашықтық олимпиада 11 сынып - 2
6 сынып - 2 Сертификат
Сертфикат


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу

Ілмектер: дарынды оқушылармен жұмыс жоспары, дарынды оқушылармен жұмыс жоспары 1 сынып, дарынды оқушылармен жұмыс жоспары 2 сынып, дарынды оқушылармен жұмыс жоспары 3 сынып, дарынды оқушылармен жұмыс жоспары 4 сынып, дарынды оқушылармен жұмыс жоспары 5 сынып, дарынды оқушылармен жұмыс жоспары 6 сынып, дарынды оқушылармен жұмыс жоспары 7 сынып, дарынды оқушылармен жұмыс жоспары 8 сынып, дарынды оқушылармен жұмыс жоспары 9 сынып, дарынды оқушылармен жұмыс жоспары 10 сынып, дарынды оқушылармен жұмыс жоспары 11 сынып, дарынды окушылармен жумыс жоспары 1 класс, дарынды окушылармен жумыс жоспары 2 класс, дарынды окушылармен жумыс жоспары 3 класс, дарынды окушылармен жумыс жоспары 4 класс, дарынды окушылармен жумыс жоспары 5 класс, дарынды окушылармен жумыс жоспары 6 класс, дарынды окушылармен жумыс жоспары 7 класс, дарынды окушылармен жумыс жоспары 8 класс, дарынды окушылармен жумыс жоспары 9 класс, дарынды окушылармен жумыс жоспары 10 класс, дарынды окушылармен жумыс жоспары 11 класс, плановая работа с одаренными детьми на казахском, дарынды окушылармен жумыс жоспары, дарынды оқушылармен жұмыс жоспары тарих пәнінен, дарынды окушылармен жумыс жоспары тарих