Youtube туралы қызықты 18 дерек » ZHARAR © 2016 | youtube, google, NBC, ABC, PayPal, youtube туралы мәлімет, youtube туралы, Youtube, пайызы, видео, интернет, салынған, видеоларды, жұмыс, болады, бастап, тіркелген, жылдың, Google, YouTube, видеолар, қатысты, қазіргі, келер, берсе, трафигі, істеулеріне




  • »

Youtube туралы қызықты 18 дерек

Youtube туралы қызықты 18 дерек казакша Youtube туралы қызықты 18 дерек на казахском языке

1. Youtube видеохостингінің негізін салушылар (Steve Chen, Chad Hurley, Jawed Karim) өз жобасын бастар алдында Paypal компаниясында жұмыс істеген.
2. Youtube домені 2005 жылы 15 ақпанда тіркелген.
3. Youtube-қа тіркелгендердің 70 пайызы АҚШ азаматтары, ал 50 пайызы жасы жиырмаға толмағандар.
4. Егер Youtube Голливуд кинокомпаниясы болғанда оның аптасына 60 мың жаңа фильм шығаруға материалы жетер еді.
5. Егер Youtube-қа соңғы екі ай көлемінде салынған видеоларды дайындау үшін оларды NBC, ABC, CBS (АҚШ) телеарналарына берсе, 1948 жылдан бастап демалыссыз жұмыс істеулеріне тура келер еді.
6. Youtube-тің қазіргі интернет трафигі 2000 жылғы бүкіләлемдік интернет трафигімен бірдей.
7. Youtube видеохостингіндегі барлық видеоларды көріп шығу үшін сізге 1000 жыл қажет болады. Ал оған дейін видеолар саны миллиардтан асып кететіні сөзсіз.
8. Youtube-тағы ең әйгілі айдар – Музыка. Ол хостингтің 20 пайызын қамтып отыр.
9. АҚШ Youtube-қа видео салу бойынша көш бастап тұр. Екінші болып тізгінді Ұлыбритания алған. Ең көп көрілімдер бойынша да АҚШ, сосын Жапония елі бірінші.
10. Youtube тарихындағы алғашқы салынған видео "Мен хайуанаттар бағындамын" деп аталады. Ол 2005 жылы 23 сәуірде салынған.
11. Youtube арқылы күн сайын көрілетін видеолар саны 2 миллиардтан асады.
12. Google Youtube компаниясын 2006 жылы 1,65 миллиард АҚШ долларына сатып алды.
13. Youtube-қа түскен алғашқы орыс тілді видео 2007 жылы тіркелген. Ол Петр Наличтің "Гитар" әніне түсірілген бейнетаспа болатын.
14. 2007 жылдың 13 наурызында «Viacom» компаниясы Youtube-тағы авторлық құқықтардың бұзылып жатқандығына қатысты Google компаниясын сотқа береді. Нью-Йорк штаты Оңтүстік округінің федералды соты арызды толықтай дұрыс деп табады. Соңыра Google Youtube-қа қатысты жеке ақпараттарды ұсынып отыруға міндетті болады.
15. Youtube-та жұлдыз болған адамдар ғаламтордан тыс әлемде де жұлдызға айналды. Мысалы, канадалық Джастин Бибер өзінің видеолары арқасында дыбыс жазушы компаниямен қымбат келісім шартқа қол жеткізеді. Оның ән айтқан видеоларын Youtube-қа анасы салған екен.
16. 2014 жылдың сәуір айына қатысты статистикалық ақпаратқа орай, Youtube-қа әр минутта 35 сағаттық видео жүктеледі екен. Ал күніне 50 400 сағаттық.
17. "Өшірілген" деп көрсетілген видеолар, шын мәнінде, өшпеген болады. Deleted YouTube Video Viewer деген атауға ие қосымша арқылы өшірілген видеоларды көруге болады.
18. 2009 жылдың наурызында Қытай өкіметі өз территориясында YouTube видеохостингін жауып тастады. Оған YouTube-қа жарияланып кеткен Қытай әскерлерінің тибеттік монахтар мен өзге Тибет тұрғындардың ұрып жатқан видеосы себеп болған.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев, дереккөзі


Санат: KZ портал | | 1 434
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .