Ұлы Дала Дарасы - Қожа Ахмет Яссауи

 Ұлы Дала Дарасы - Қожа Ахмет Яссауи

Ф.ҚОЗЫБАҚОВА, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих және археология, этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, ғылыми жоба жетекшісі. Рахымбердиева Аружан, филология және әлем тілдері факультетінің студенті.

Орта ғасырлық мәдениет пен ғылымның аса көрнекті өкілі Қожа Ахмет Иассауи болып табылады. Ол исламдағы сопылық бағыттың негізін салушы, ойшыл әрі ақын ретінде бүкіл түркі әлеміне мәшһүр болды. А. Иасауидің ең басты еңбегі «Диуани хикмет» (Ақыл кітабы) деп аталады. Қожа Ахмет Иасауи түрлі мәліметтер бойынша 75 жыл, 85 жыл, 125 жыл, 133 жыл өмір сүрген. Оның тек қайтыс болған жылы ғана нақты белгілі - 1166 жыл. Толық аты-жөні: Құл Қожа Ахмет ибн Ибраһим ибн Махмүд ибн Ифтихар Иасауи. Иасауи сөзі Иассы (Түркістан) қаласының атынан шыққан. Ахмет Иасауи көптеген атақтарға ие болған, соның ішінде анағұрлым жиі кездесетіні «Түркістан тұрғындарының тәрбиешісі», «Құдаймен бірлікте болуға қол жеткізгендерге жәрдем көрсетуші, ақиқатты таныған шапағатты (нұр жауған) сұлтан». Ол ғасырда Орта Азиядағы ислам ғылымы мен мәдениетінің орталығына айналған Испиджаб (Сайрам) қаласында туған. Оның ұстазы Арыстан Баб болды. Аңыз бойынша, ол Ахмет Иасауиге Мұхаммед пайғамбардан мұраға қалған қасиетті құрманы берген екен.
Ахмет Йасауи түркі халқының сопысы ретінде оның атақ даңқы Түркістан аймағында ғана емес, Мауераннахр, Хорасан, Еділ бойы, Әзірбайжан, Ана-долы аймағына, яғни түркі-мұсылмандары тұратын аудандарға да кең тарады. Ол түркілік мұсылмандар бауырластығы - иасауишылдықтың негізін салды. Ахмет Иасауи сопылық тәжірибені терең меңгеріп, ислам ғылымын, араб және парсы әдебиеттерін де жетік білді. Ахмет Иасауи түркілік көшпелі тұрмыстың ықпалымен еркектер мен әйелдердің намаз оқуын бірге өткізгені туралы аңыз сақталған. Оның діни уағыздары тусінікті әрі тез еске сақталынатын өлең түрінде болды. Ал өлеңдері қарапайымдылығымен, табиғилығымен, халық ауыз әдебиетіне жақындығымен ерекшеленеді. Мәселен, «Диуани хикметте» (Даналық кітабы) адамның мәңгі құндылықтары туралы былай жазады:
Пайдасыз базар тарқап, менің ұйқым
Ашылған сәтте, Бұрақ пайда болар;
Ал дүние пайдасыз базарға, бұрса мойын,
Құдайдың құлдары жолынан жаңылар.
Қатып басым, ағып жасым, қаным менің тамшылар;
Атым менің - Ахмет, елім менің -Түркістан.
Бұл өлең жолдарында Ахмет Иасауидың «пайдасыз базар» дегені, ол дүниенің әуре-сарсаңы деп түсінетінін, ал Бұлақ - аңыз бойынша Мұхаммед пайғамбарды көкке көтерген мифтік жануар болатын. Оған қоса, автор 4 ұстанымды, атап айтқанда, шариатты, тарихатты, хакихатты, мағрифатты түсіндіруге ерекше мән береді. "Шариат" -ислам дінінің заңдары, дәстүрі, салт-дәстүрі, "Тарихат" - суфизм идеясы, "Хакихат" -құдайға құлшылық ету, бірігу. "Мағрифат" -дінді танып-білу. Яссауидің пікірінше, шариатсыз, тарихатсыз, мағрифатсыз хакихат жоқ. Ол
«Хикметт» Алланың атын түріктер бұрын өзінің құдайы санаған Тәңір атымен жиі алмастырып отырған.
А. Иасауидің «Диуани хикметі" түркі тілінің қыпшақ диалектісінде жазылған. Әртүрлі жорамалдар бойынша, Ахмет Иасауидің ата тегі Мұхаммед пайғамбар ұрпақтарынан таралады. Ахмет Иасауи мен оның ізбасарлары ислам дінінің идеологиясын түркі халықтарының Тәңірі-шамандық дүниетанымымен үйлестіріп, көпшілік санасына жеткізе алды. Олардың уағыздайтын әділеттік,адамның жанын тазарту және жетілдіру идеялары түркі халқының жүрегінен орын тапты. XIV-XV ғасырлар тоғысында Әмір Темірдің жарлығы бойынша Ахмет Иасауидің құрметіне Түркістанда «Әзірет сұлтан» кесенесі салынды. Ол мұсылмандардың тәуап ететін орнына айналып, «екінші Мекке» деп аталып кетті. Сондай-ақ, бұл кесене орта ғасырлық сәулет өнерінің үздік үлгілерінің бірі болып табылады.
Қорытындылай келе, яссаулилік ілім зор рөл атқарды, ол әділдікті, рухани тазалықты және адамның рухани дамуын жетілдіруді насихаттады, ал мұндай игі қадам түркі халықтарының көңіліне қонды. Егер рухани күш болмаса, құдайға шын көңілмен сенбесе, тіпті соған орай өзін-өзі құрбан етуге дейін бармаса, адамның өзін-өзі тануы мүмкін емес,-деген қағиданы ұстанған Ахмет Яссауи өзінің барлық ғұмыры мен қызметін тап осындай идеялық-өнегелік жолға арнады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі