Поэзиялық туындыларда суреттелетін Ғани бейнесі


8 сынып оқушысы Әбдісәмет Қаракөз Ерланқызы

Жетекшісі: Жөлекеш Мирамкүл Жеткербайқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тақырыбы: Поэзиялық туындыларда суреттелетін Ғани бейнесі

Ғылыми жетекшісі: Тоқболат Еңсегенұлы

Қызылорда «Болашақ»университетінің

Тарих және филология кафедрасының

Кафедра меңгерушісі ф. ғ. д. профессор

Секциясы: Әдебиет

Мазмұны:

1. Кіріспе

2. Зерттеу бөлімі

I тарау

Ақын жырларындағы - Ғани өмірі

II тарау

Көркемдегіш құралдар арқылы Ғани бейнесінің сомдалуы

3. Қорытынды бөлім

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

5. Сілтемелер

6. Күнделік

7. Аннотация(үш тілде)

8. Ұсыныс

9. Пікір

10. Қосымша материалдар

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, Шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге белгілі. Ол өз басына дарыған жігер - күш пен ақыл - парасатын шығыс халқының кемел келешегіне бағыттады. Егер сарғайған тарих парақтарына көз салсақ, он бес жасар баланың аласапыран кезеңде мәртебелі де лауазымды ұйымның мүшелігіне қабылдануы тектен - тек болмаса керек. Тұла бойы қайсарлық пен қайратқа, намыс пен жігерге, ойы ақыл мен парасатқа толы Ғани шығыс жастарының кемел келешегі үшін өмірін сарп етті.

Бойында ұйымдастырушылық, шешендік, табандылық, әділдік, адалдық, шыншылдық, әлсіздерге қамқорлық сияқты асыл қасиеттер тоғысқан тұлға өнегесі біз секілді жастарға үлгі болмақ

Жұмыстың мақсаты: Бұл ғылыми жобамда Ғ. Мұратбаев туралы ақындардың өлеңдерінен Ғанидың портретін жасау мақсатын алға қойып сол мақсат барысында зерделеу, іздену, зерттеу, талдау, сараптау жұмыстарын жасадым.

Шығыс шамшырағы атанған Ғани Мұратбаев өмірі кімді болса да қызықтырмауы және ізденуге жетелемеуі мүмкін емес.

Ғылыми жобамның зерттеу бөлімінде

1. Ақын жырларындағы - Ғани өмірі

2. Көркемдегіш құралдар арқылы Ғани бейнесінің сомдалуына тоқталдым. Шығыс жұлдызының өмірін поэзия тілімен жеткізген ақын шығармаларын жинастырып қысқаша өмірбаянын жасап сол арқылы әдеби көркемдегіш құралдарды қолдану тәсілдеріне тоқталдым. Образды сөздер мен көркемдегіш құралдар Ғани бейнесінің бояулары іспеттес яғни ақындар суреттеуіндегі Ғани бейнесі шынайы әрі көркем біртұтас дүние

Жұмыстың деректік негізі: Мен бұл ғылыми жобамды жазу барысында фразеологиялық тіркестермен қатар инверсиялық құбылыстарды, ассонанс, теңеу сөздерді табу арқылы Ғани образын толық ашуға тырыстым. Мен мәліметтер іздедім, жыр сүйер қауымдардың өлеңдерінен Ғани өмір сүрген заманды түсінуге көз алдыма елестетуге тырыстым. Осындай, Ғани заманына ену, арқылы ақындар жырларынан тізбелер жасап, тұтас бір поэзиялық өмірбаянын жасауға бел будым. Өмірі мен өнегесі таңдантыратын ғани Мұратбаев туралы ғылыми жұмысымның барысында ізденіс жұмысым туралы күнделік жаздым.

Биыл Ғани Мұратбаевтың туғанына - 110жыл. Ғани Мұратбаев ауылы қазір ерекше гүлденіп Ғанидай жалындап өзгерістермен абаттануда. Осы дүбірлі мереке қарсаңында Ғани Мұратбаев туралы ізденіс жұмысын жазу мені мақтаныш сезімге орайды. Мен үшін Ғани Мұратбаев 23 жасындағы жалындаған жалынды жас Ғани ретінде! Ғани Мұратбаев – жастардың жалынды жетекшісі, ағартушы педагог, көрнекті қоғам қайраткері, ХХ ғасырдың ұлы тұлғаларының бірі. Оның туған халқының болашағы үшін жауапкершілікпен атқарған ерлік істерін бүгінгі ұрпаққа жеткізу біз үшін парыз деп түсінемін.

Шығыс шамшырағы – Ғанидың өмір жолы кейінгі толқынға өшпес өнеге.

2. Зерттеу бөлімі

I тарау

Ақын жырларындағы - Ғани өмірі

Мен бұл ғылыми жобамда Ғани атамыздың өмірін, қоғамдық қызметтерін ақындардың шығармаларынан, жыр жолдарынан іздеп, зерттеп және зерделеп Шығыс жұлдызының өмірін поэзия тілімен жеткізген ақын шығармаларын жинастырып қысқаша өмірбаянын жасауға тырыстым. Ол үшін ең әуелі төмендегідей жоспар жасадым. Сол бойынша жырларды іріктедім, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс жасадым, кітаптар іздеп, жинастырдым және Ғаниға арнап жыр жазған ақындар тізбесін жасадым.

Поэзиялық жыр - өмірбаян жасауға арналған тірек - сызба

1. Ғанидың шыққан тегі туралы ақындар қалай жырлайды?

Шайхислам Серікбаев"Шамшырағы Шығыстың"атты жырында:

Шежіре, тарих қозғасам,[ 1. 69б]

Әлімнен тарап алты ұл.

Біреуі жақын, бірі алыс

Қарасақал Шіңгірден

Еліне болған қорғаныш

Мұратбаев Ғаниым─бұл жерде Шайхислам Серікбаев Ғанидың Кіші жүз, оның ішінде Әлім, Әлімнің ішінде Қарасақал, Қарасақалдың ішінде Шіңгірден тарағанын, яғни Ғанидың руы Қарасақалдың Шіңгірі екенін айтады.

Ғани Мұратбаевтың ата - тегін келтірейік. Мұны біз ұлағатты ақын, шайыр Қарасақал Ерімбет бабамыз жазып кеткен шежіреде (бабамыз 1911 жылы өмірден өткен).

Кіші жүз Әлімұлы алты руға бөлінеді. Соның біреуі Қарасақал аталады. Қарасақал өз ретінде үш атаға жіктеледі. Олар Сарбас, Шіңгір, Пұсырман. Шіңгір өз ретінде үш атаға бөлінеді. Олар: Бәйбіше, Жарболды, Батан. Батаннан бірнеше атадан кейін Наймантай туады. Наймантайдан алты бала, оның біреуі – Маябақтан алты бала өмірге келеді. Оның біреуі – Қажет. Қажеттен алты бала: Аманбай, Жаманбай, Жақсыбай, Боранқұл, Мұратбай және Салықбай туады. Мұратбай мен Салықбай – кенже балалар. Мұратбайдан – Ғани, Салықбайдан Ағыбай… жарық дүние есігін ашады.

2. Ғанидың туған жері

Файзолла Омаров"Алдыңғы толқын─ағалар":[ 2. 20б]

Түлетті бұл Қазалы сан қыранды

Үнінен әлем бүгін жаңғырады.

Шығыстың Шолпанындай Ғани біздің

"─Халқыма азаттық!"- деп салды ұранды.

Бұл жерде Файзолла Омаров Ғанидың Қазалылық екенін айтады.

3. Қайсар бала

Рүстем Жанай"Қайсар бала"атты балладасында: [ 3. 67б]

Қара көзде жарқылдап ұшқын атып,

Бала кезден бір асау күш тұратын.

Жанып тұрған жалындай қара бала,

Жалт қараса жауыңды ықтыратын.

Рүстем Жанай Ғанидың балалық шағынан көзінде жарқылдаған ұшқын бар екенін, бала кезінен ерекше бала болып өскенін суреттейді.

4. Мінезі

Балтабай Тәжімбетов"Ғани"атты жырында: [ 4. 24б]

Тайсалмай тура салып тасқа терең

Жонынан жауыздықтың таспа тілден

Ардақтап әділдіктің әліппесін

Қақ жарған қара қылды қас батыр ең

Ғани Мұратбаев─әділ, қайсар, өжет екенін Б. Тәжімбетов өз жырына арқау еткен.

Түсіндірілмелі сөздікте"қара қылды қақ жару"- өте әділ, адал деген мағынаны білдіреді делінген.

Ақанжан Келімбетов"Ғани аға - жалын еді жастығың":[ 5. 23б]

Ұлы істерге алда болып үмітің

Жұмыс десе өзіңді де ұмыттың -

А. Келімбетов өз жырында Ғанидың еңбекқорлығын суреттеп кейінгі буынға үлгі етеді

Байназар Өтепов"Шығыстың жарқыраған шолпанындай":[ 6. 20б]

Мейірімді, кішіпейіл, таза жүрек

Жетімді қамқорлыққа алып еді.

Бұл өлең шумақтарында Ғанидың мейірімді, кішіпейіл, таза жүректі екенін айқын бейнелеген.

Жүрсін Ерманов "Ғани туралы ой":[ 7. 27б]

Өзің болып күресем қиындықпен,

Зұлымдықпен сен болып белдесемін - деп Жүрсін ағамыз Ғанидай тұлғаны үлгі етіп, шынайы түрде жеткізген.

Рүстем Жанай "Қайсар бала"балладасы: [ 8. 67б]

Ұнатпайтын біреуге жағынғанды,

Ұнатпайтын біреуге шағынғанды.

Рүстем Жанай Ғанидың нағыз адал адамға тән қасиетін суреттеп тұр.

5. Білім алуы, білімділігі

Сержанқожа Берденұлы"Есімің мәңгі сақталар":[ 9. 43б]

Қазалыда кіндік қаны тамған жер,

Ташкентте үлгі - тәрбие алған жер.

Он сегізге жасы жетпей - ақ

Жасақ құрып, ұйым құрып төккен тер

Сержанқожа Берденұлы Ғанидың Ташкетте оқығанын жеткізеді.

6. Жастарға көмектесуі

Шынберген Меңқорзов"Қамқоршысы халқының":[ 10. 55б]

Күні түскен ел баласын еледің

Мынау жетім, мынау жарлы демедің

Қамқоршысы бола білдің бәрінің

Мәңгі атыңның өшпесіне сенемін

Бұл жерде ақын Ғанидың жетім - жарлыларға көмек бергенін, ешкімді алаламай бәріне көмектескенін айтып тұр.

Ақанжан Келімбетов"Ғани аға─жалын еді жастығың":[ 11. 23б]

Басын құрап тоз - тоз болған жастарды,

Интернатқа ап, панасыз жетім - аштарды

Киім, тамақ, ақыл берген сен едің

Игеруге білім деген асқарды─А. Келімбетов Ғани тоз - тоз болған жастарды, панасы жоқ аштарды интернатқа алып киім, тамақ берумен қоса білім де бергенін айтады.

7. Қайраткерлігі.

Хұсайнбек Әміров"Ғаниды еске алғанда":[ 12. 10б]

Таныстырайын Ғаниды,

Ұраны оның"Алға бас!"

Жұмыскер, жалшы, кедей, жас

Хұсайынбек Әміровтің айтуы бойынша Ғани жұмыскерге де, жалшыға да, кедейге де "Алға бас!"- деп ұрандаған.

Ақанжан Келімбетов"Ғани аға жалын еді жастығың":[ 13. 23б]

Он бесінде - ақ листовкалар таратып

Революция ісіне шын кіріскен

Ғани Мұратбаев жалындап жанған он бес жасында - ақ үгіт - насихат жұмыстарын жүргізіп, революцияға қатысушы немесе түбірлі төңкеріс жасаушы.

Мұқағали Мақатаев"Біздің Ғани":[ 14. 18б]

Жалындаған жастарды

Ұлы Ленин ісіне

Ғани аға басқарды

М. Мақатаев атамыз Ғанидың жалындаған жастарды ұлы Ленин ісіне бастаушы, Ленин ісін жалғастырушы, насихаттаушы екенін айқын суреттеп тұр.

Сержанқожа Берденұлы"Есімің мәңгі сақталар":[ 15. 430б]

Он тоғызда"Жас Алашты"шығарып

Съездерге делегат боп үлгерді

С. Берденұлының айтқаны рас, яғни Ғ. Мұратбаев он тоғыз жасында "Жас Алаш"газетінің алғашқы құрастырушысы, әрі редакторы болған, съездерге делегат болып сайланған.

Сырбай Мәуленов"Ғани Мұратбаев":[ 16. 17б]

Аңыз болды арасында жастардың

Москвада тұрғанда еткен еңбегі

С. Мәуленов Ғанидың Мәскеу қаласында жүріп, қазақтың атын әлемге шығарғаны туралы айтып тұр.

М. Мақатаев"Біздің Ғани": [17. 18б]

Біздің ағай Ғаниды

Жас ұландар бүгінде

Вожатый деп таниды

М. Мақатаевтың айтуы бойынша Ғ. Мұратбаевты бүгінгі жастар вожатый немесе бастаушы деп таниды.

С. Мәуленов"Ғани Мұратбаев":[ 18. 17б]

Верныйдағы бүліншілік шағында

Омырауын тосып оқ пен жалынға

Қара түнде қауіп - қатер кешеді

Дмитрий Фурмановтың жанында

Байназар Өтепов"Шығыстың жарқыраған шолпанындай":[ 19. 20б]

Үшінші съезіне комсомолдың

Шығысты Ғани бастап барған еді

Бұл жерде Б. Өтепов Ғанидың КЖИ атқару комитетінің Шығыс елдері жастары арасындағы жұмыс бөлімінің меңгерушісі болғанын басшылыққа алған.

8. Мерт болуы

І. Жансүгіров"Ғани":[ 20. 8б]

Ауылдан түлеп ұшқан алғыр қыран

"Еңбекші жас, қозғал"- деп салған ұран

Сол қыран"қиылыпты"- деп естідік

Бола ма ойсыратқан өлім мұнан!?

І. Жансүгіров Ғанидың енді бұл өмірде жоқ екенін естігенде қатты күйзелгенін осы бір азалы сөйлеммен білдіріп тұр.

Алмагүл Қаржаубаева"Ваганьков зиратында":[ 21. 40б]

Сан өткелден өзің салған астық тым

Жайсаң аға жалауындай жастықтың

Күллі орыс ортасында жатырсың

Елшісіндей, белгісіндей достықтың

Жетер болсаң ата - баба қасына,

Күтудеміз сол бір күнді асыға

Үрім бұтақ, соңыңа ерген ұрпағың

Құран оқып, тәу етер ек басыңа

А. Қаржаубаева Ғанидың "Ваганьково"зиратындағы күллі орыс ішіндегі жалғыз қазақ екенін айтады. Егер Ғанидың зиратын Қазалыға, яғни кіндік қаны тамған жеріне әкелсек қой. Сол кезде барлығымыз да құран оқып басына тәу етер ек - дейді А. Қаржаубаева.

Еділ Демеуқұлов жазып алған Ғанидың туған апасы Жанет Мұратбаеваның Ғани қаза болғанда айтқан жоқтауы. [ 22. 86б]

Жылаған дұрыс демейді,

Шариғаттың жоспары.

Мен зарланбай қайтейін,

Нақылда да айтпай ма,

Басшысынан айырылған,

Қаңғырады деп бастары.

Айтпасам да белгілі,

Жалғызымның білігі

Қатарынан асқаны - ай.

Адасқандарға ақыл боп,

Жағыма жәрдем бергін деп,

Сиынамыз пірге қасымдай,

Халқың бір келді қайғырып,

Сәлем айтып кетіпті - ау

Айналайын жалғызым.

Жайнап бір жүрген жалғыздың,

Алыстан келген хабары,

Төбеден түскен жасылдай.

Жасылдай демей не дейін,

Отының басын от шалып,

Ойран бір түсті осындай.

9. Ғани ─ мәңгілік тірі.

Рүстем Жанай «Ғани туралы жыр»атты жырында:[ 23. 25б]

Бақыттың бала құсындай

Қиялы кезген әлемді

Мақтаныш етем қысылмай

Ғанидай ұлы бар елді,- деп асқақ биік сезіммен Ғани арқылы мақтаныш сезімін паш етеді

Х. Әміров»Ғаниды еске алғанда»[ 24. 10б]

Көп арман қалды ішінде

Көз жұмды жиырма үшінде

Айбарлы Ғани бейнесін

Қайтейін көрем түсімде.

Х. Әміров өлең жолдары арқылы"Шіркін, Ғани тірі болғанда ғой!"деп, ақындардың жырларына арқау болған Ғани бейнесі мәңгі жасайтытынын жеткізеді.

II тарау

Көркемдегіш құралдар арқылы Ғани бейнесінің сомдалуы

Әдебиеттегі адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жалғыз - ақ жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болуы шарт, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін (портретін) де осы тұрғыдан түсінген жөн. Портрет (французша «бейнеленген» деген мағына береді) – әдеби кейіпкердің сырт - көрінісін, кескін - кейпін, бой, тұлғасын суреттеу. Кейіпкердің мінез - бітімін, характерін неғұрлым толық ашып көрсету үшін оның портретін мүсіндеудің зор мәні бар. Сондықтан кейіпкердің характерін әртүрлі жағдайда, күрес - тартыс үстінде оның басқа адамдармен қарым - қатынасы өзінің әрекет, қимылдары, істеген істері арқылы айқындай отырып, жазушы портреттік сипаттарға көңіл бөледі. Негізгі қаһарманның келбеті, бой, тұлғасын, жүріс - тұрысын, сөйлеу мәнерін есте қаларлықтай етіп әсерлі бейнелеуге мән береді.

Көркемдегіш құралдар арқылы ақындар өз шығармаларында Ғани бейнесін шынайы әрі көркем бейне ретінде қалыптастырып нанымды түрде образды түрде суреттеді. Көркемдегіш құралдар әсіресе фразеологиялық тіркестер әдеби бейнені сомдауда ерекше қызмет атқарады. Фразеологиялық тіркестерді әр ақынның жырларынан алып тізбе жасадым. Тізбедегі мағыналары түсініксіз немесе көмескі сөздерді түсіндірмелі сөздіктегі мағынаға сүйене отырып қолданылу сипатын аштым.

1. Байназар Өтепов - Шығыстың жарқыраған шолпанындай!

Шығыс 1. гогр. Төрт тараптың бірі, күн шығыс жақ[25. 931б]

2. Әнес Нарымбетов - Шығыстың көсем бұлбұлы

3. Әнес Нарымбетов"Шығыстың көсем бұлбұлы"- Күншығыстың дүлдүлі.

Дүлдүл 1. поэт. Жүйрік ат, сәйгүлік, пырақ[26. 209б]

4. Ақанжан Келімбетов"Ғани аға─жалын еді жастығың"- шолпанындай жарқырадың Шығыстың

5. Ақанжан Келімбетов - Ғани аға жалын еді жастығың.

6. Балтабай Тәжімбетов"Ғани"- жарқырап жұлдыз болып тұрсың көктен.

7. Рүстем Жанай"Ғани туралы жыр"- жанары жарық отты адам.

Жанары жарық отты адам ауысп. Күш - қуатты, қажыр - қайратты, жігерлі.[27. 642б]

8. Рүстем Жанай"Ғани туралы жыр"- жарқ ете қалған бір жұлдыз.

9. Жүрсін Ерманов"Ғани туралы ой"- мәңгі алаулап өтуге үлгеріпсің.

10. Нұрмағамбет Мұратбайұлы"Ғани"- Ғани кедей таптың жүйрігі.

Тап 1. Туыстық, нәсілдік, кәсіптік жөнімен оқшауланған белгілі бір топ.[28. 782б]

11. Сержанқожа Берденұлы"Есімің мәңгі сақталар"- Шығыс елін бар әлемге танытқан.

12. Айсара Қожақова - Мәңгі жас боп жүректерде сақталдың.

13. Шайхислам Серікбаев - Шамшырағы Шығыстың.

Шамшырақ 1. Шырағдан.[29. 900б]

14. Жетіскен Мәкенәлі"Мен─Ғанимын" – Шығыстың шынарымын.

Шынар1. Жылы жақта өсетін, жалпақ жапырақты, тіп - тік биік ағаш.[30. 934б]

15. Құдайберген Сейсенәліұлы"Жасын ғұмыр"- жаңа заман жастарының көсемі.

Көсем1. Белгілі - бір әлеуметтік таптың идеялық, саяси жетекшісі.[31. 419б]

16. Сапар Байгүбекұлы"Ғани Мұратбаевқа"- Жас күншығыс ер еді.

17. Алмагүл Қаржаубаева"Ғани ескерткіші алдында"- Жарқырап туған құйрықты жұлдыз секілді.

18. Жангүл Әлмаханова - Ғани - ғасыр елшісі.

Елші1. Мемлекеттер аралығындағы жоғары рангтегі дипломатиялық өкіл[32. 223]

19. Жетіскен Мәкенәлі"Мен─Ғанимын"- Жалынмын лапылдаған.

20. Жетіскен Мәкенәлі"Мен─Ғанимын"- Алаштың ұранымын.

Алаш4.. Қазақ зиялыларының алғашқы саяси партиясы.[33. 39б]

21. Р. Жанай»қайсар бала»- жанып тұрған жалындай

22. І. Жансүгіров «Ғани»- ауылдан түлеп ұшқан алғыр қыран

23. А. Қаржаубаева»Вагоньков зиратында»- жайсаң аға жалауындай жастықтың

24. Ж. Мұратбаева «Жоқтау»- ақ сұңқар құсым

25. Р. Жанай «Ғани туралы жыр»- Бақыттың бала құсындай

Ақындардың поэзиясында теңеудің түрлері бар болмысымен, қиысымен қолданылған.

1. Б. Өтепов – Шығыстың жарқыраған шолпанындай

2. Р. Жанай - Жанып тұрған жалындай

Ақындар өз туындыларында Ғани бейнесін сомдау барысында сөздің айтылу әуезін, мәнін арттырып, бояу мен әсерлілігін күшейту мақсатында ассонансты тиімді қолданды.

Мысалы, Р. Жанай -«Қайсар бала»

Ұнатпайтын біреуге жалынғанды

Ұнатпайтын біреуге шағынғанды

Ж. Мұратбаева «Жоқтау»

Оқып та едің жасыңды - ай

Оқумен өнер тапқан соң

Отының басын от шалып

Ойран бір түсті осындай

Сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып өзгеше тіркестер құратын фигураның бір түрі инверсияны поэзияда да, прозада да қолданылады.

Ғани бейнесін ашуда ақын - жазушылардың қолданған инверсиялық құбылыстар.

1. Ф. Омаров»Алдыңғы толқын ағалар»-

Түлетті бұл Қазалы сан қыранды - сөйлемнің баяндауышы «Түлетті» сөйлемнің басында қолданылып тұр.

2. Р. Жанай»Қайсар бала»

Жалт қараса жауыңды ықтыратын -

3. Б. Тәжімбетов «Ғани»

Ардақтап әділдіктің әліппесін

Қақа жарған қара қылды қас батыр ең

4. А. Келімбетов»Ғани аға жалын еді жастығың»

Басын құрап тоз - тоз болған жастардың

Интернатқа ап панасыз жетім аштарды.

5. А. Қаржаубаева «Вагоньков зиратында»

Жетер болсаң ата - баба қасына.

Шығыстың жұлдызы атанған Ғани туралы танып білу тоқталмайтын жұмыс болуы керек. Мен осы ғылыми жобамды жазу барысында ақын аға - апаларымыздың жырларын өмірбаян негізінде қарастырып Ғанидың поэзиялық жыр - өмірбаянын құрастырдым. Бұл жырды жаттап алып, өз сыныптастарыма жыр тілімен Ғани өмірі мен қоғамдық қызметтерін насихаттап Ғани ағадай жалынды болуға үндеп жүрмін. Және бұл жыр әр ақынның шығармаларынан үзінді болғанымен бір мақсатта тоғысып тұр Ол - Ғани бейнесінің өміршеңдігі.

Ғанидың поэзиялық жыр - өмірбаяны

Шежіре, тарих қозғасам,

Әлімнен тарап алты ұл.

Біреуі жақын, бірі алыс

Қарасақал Шіңгірден

Еліне болған қорғаныш

Түлетті бұл Қазалы сан қыранды

Үнінен әлем бүгін жаңғырады.

Шығыстың Шолпанындай Ғани біздің

"─Халқыма азаттық!"- деп салды ұранды.

Қара көзде жарқылдап ұшқын атып,

Бала кезден бір асау күш тұратын.

Жанып тұрған жалындай қара бала,

Жалт қараса жауыңды ықтыратын.

Тайсалмай тура салып тасқа терең

Жонынан жауыздықтың таспа тілден

Ардақтап әділдіктің әліппесін

Қақ жарған қара қылды қас батыр ең

Ұлы істерге алда болып үмітің

Жұмыс десе өзіңді де ұмыттың -

Мейірімді, кішіпейіл, таза жүрек

Жетімді қамқорлыққа алып еді.

Өзің болып күресем қиындықпен,

Зұлымдықпен сен болып белдесемін

Ұнатпайтын біреуге жағынғанды,

Ұнатпайтын біреуге шағынғанды.

Қазалыда кіндік қаны тамған жер,

Ташкентте үлгі - тәрбие алған жер.

Он сегізге жасы жетпей - ақ

Жасақ құрып, ұйым құрып төккен тер

Күні түскен ел баласын еледің

Мынау жетім, мынау жарлы демедің

Қамқоршысы бола білдің бәрінің

Мәңгі атыңның өшпесіне сенемін

Басын құрап тоз - тоз болған жастарды,

Интернатқа ап, панасыз жетім - аштарды

Киім, тамақ, ақыл берген сен едің

Игеруге білім деген асқарды─

Таныстырайын Ғаниды,

Ұраны оның"Алға бас!"

Жұмыскер, жалшы, кедей, жас

Он бесінде - ақ листовкалар таратып

Революция ісіне шын кіріскен

Жалындаған жастарды

Ұлы Ленин ісіне

Ғани аға басқарды

Он тоғызда"Жас Алашты"шығарып

Съездерге делегат боп үлгерді

Аңыз болды арасында жастардың

Москвада тұрғанда еткен еңбегі

Біздің ағай Ғаниды

Жас ұландар бүгінде

Вожатый деп таниды

Верныйдағы бүліншілік шағында

Омырауын тосып оқ пен жалынға

Қара түнде қауіп - қатер кешеді

Дмитрий Фурмановтың жанында

Үшінші съезіне комсомолдың

Шығысты Ғани бастап барған еді

.............................................................

Ауылдан түлеп ұшқан алғыр қыран

"Еңбекші жас, қозғал"- деп салған ұран

Сол қыран"қиылыпты"- деп естідік

Бола ма ойсыратқан өлім мұнан!?

...................................................................

Сан өткелден өзің салған астық тым

Жайсаң аға жалауындай жастықтың

Күллі орыс ортасында жатырсың

Елшісіндей, белгісіндей достықтың

Жетер болсаң ата - баба қасына,

Күтудеміз сол бір күнді асыға

Үрім бұтақ, соңыңа ерген ұрпағың

Құран оқып, тәу етер ек басыңа

........................................................

Бақыттың бала құсындай

Қиялы кезген әлемді

Мақтаныш етем қысылмай

Ғанидай елі бар елді,-

.........................................................

Көп арман қалды ішінде

Көз жұмды жиырма үшінде

Айбарлы Ғани бейнесін

Қайтейін көрем түсімде.

Қорытынды бөлім

Қазіргі уақытта Ғани Мұратбаевтың туғанына 110 жылдық мерейтойына орай ауданымызда, мектебімізде көптеген іс - шаралар жасалуда

Еліміздің тарихында орны ерекше жаңалықтың жаршысы, жаңа өмірдің белсенді құрылысшысы бола білген біртуар тұлға Ғани Мұратбаевтың есімі ел есінде мәңгі сақталады дегім келеді. Ғани Мұратбаевтың 110 жылдығы біздің және елім, халқым деген азаматтардың рухына рух және ұлттық мақтаныш сезімді қалыптастыруы керек. Өзімнің ғылыми жобамды Ақын Жетіскен Мәкенәлі ақынның

Мен Ғанимын –

Шын сөздің ұстасымын,

Әлихан, Міржақыптың тұтасымын.

Мағжан мен Ахметтің бауырымын,

Жалын жүрек жастардың ұстазымын.

Бақытым – Ұлы халқым – ғаламатым,

Қазақ болып әлемге таралатын.

Мен Ғанимын мәңгілік тірі жүрген,

Алашымның арқалап аманатын! – деп жырлаған жыр жолдарымен қорытқым келеді. Мәңгі жас Ғанидың өмірі біз секілді енді өсіп келе жатырған жас ұрпаққа өнеге өмір. Оны зерттеу, жаңа қырынан білу жалғаса бермек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1."Ғани тағылымы"Алматы 2008 ж

2. Жив наш Гани. Алма - Ата 1975ж

3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы. Т. Жанұзақов"Дайк - Пресс"баспасы,

2008жыл

4."Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж

5. Ш. Өтепов"Ғани Мұратбаев" Алматы 1972 ж

6. Ғаламтор беттері http://www. e - kyzylorda. gov. kz

Сілтемелер

1. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [69бет]

2. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [20бет]

3. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [67бет]

4. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [24бет]

5. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [23бет]

6. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [20бет]

7. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [27бет]

8. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [67бет]

9. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [43бет]

10. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [55бет]

11. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [23бет]

12. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [10бет]

13. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [23бет]

14. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [18бет]

15. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [430бет]

16. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [17бет]

17. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [18бет]

18. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [17бет]

19. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [20бет]

20. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [8бет]

21. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [40бет]

22. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [86бет]

23. "Мен─Ғанимын!". Алматы, Телеарна 2007 ж [25бет]

24. "Мен─Ғанимын!"Алматы. Телеарна 2007 ж[10бет]

25. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы. Т. Жанұзақов"Дайк - Пресс"баспасы. 2008ж [931бет]

26. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы. Т. Жанұзақов"Дайк - Пресс"баспасы. 2008ж [209бет]

27. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы. Т. Жанұзақов"Дайк - Пресс"баспасы. 2008ж [642бет]

28. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы. Т. Жанұзақов"Дайк - Пресс"баспасы. 2008ж [82бет]

29. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы. Т. Жанұзақов"Дайк - Пресс"баспасы. 2008ж [900бет]

30. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы. Т. Жанұзақов"Дайк - Пресс"баспасы. 2008ж [934бет]

31. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы. Т. Жанұзақов"Дайк - Пресс"баспасы. 2008ж [419бет]

32. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы. Т. Жанұзақов"Дайк - Пресс"баспасы. 2008ж [223бет]

33. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы. Т. Жанұзақов"Дайк - Пресс"баспасы. 2008ж [39бет]

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ

Зерттеу тақырыбы: Поэзиялық туындыларда суреттелетін Ғани бейнесі

Оқушының Т. А: Әбдісәмет Қаракөз

Мектеп, сынып: №226 гимназия 8 - А

Ғылыми жетекшінің Жөлекеш Мирамкүл Жеткербайқызы

№ Жұмыс мазмұны Зерттеу әдістері Жетекшінің қолы

АННОТАЦИЯ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Бүгінгі таңда ғылыми жоба жазу, шығармашылыққа ұмтылу - ең алдымен шығармашылық ойлау, ал шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады. Жоба негізінен үш бөлімнен тұрады: І кіріспе бөлімде Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев туралы қысқаша шолу жасаған. ІІ негізгі бөлімде Ақын жырларына арқау болған Ғани бейнесін жыр жолдарынан өмірбаян құру, сол арқылы яғни ақындардың тілдік қолданысы арқылы осы тақырыпты ашу мақсатында тізбе жасап сол негізінде айырмашылығын саралап, анықтап сөздіктермен жұмыс жасалған. Қорытынды бөлімде өзінің жас ерекшелігіне сай ұсыныстар жасай білген.

Жұмыстың көкейтестілігі:

Бұл ғылыми жобада Ғани атамыздың өмірін, қоғамдық қызметтерін ақындардың шығармаларынан, жыр жолдарынан іздеп, зерттеп және зерделеп Шығыс жұлдызының өмірін поэзия тілімен жеткізген ақын шығармаларын жинастырып қысқаша өмірбаянын жасауға тырыстым. Ол үшін ең әуелі төмендегідей жоспар жасадым. Сол бойынша жырларды іріктедім, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс жасадым, кітаптар іздеп, жинастырдым және Ғаниға арнап жыр жазған ақындар тізбесін жасадым.

Жұмыстың жаңалығы:

─Ғылыми жобада ақындардың жырлары арқылы Ғанидың «Поэзиялық жыр - өмірбаяны» жасалды;

─Ғаниды жырлаған ақындар тізбесін жасаған;

─ Ақындардың сөз қолданысын зерделей отырып Ғани бейнесін ашуға қолданған көркемдегіш құралдарды, тірек сөздерді жинастырған.

Зерттеу кезеңдері:

- Ғани Мұратбаев туралы жыр жолдары бар ақындар шығармаларын жинастыру

- Жыр жолдарынан қажетті мәліметтерді іріктеу, саралап, тізбе жасау

- жыр жолдары арқылы сол уақыт өмірімен танысу, көз алдына елестету

- ақындар жырлағын Ғани бейнесінің жасалуындағы көркедегіш құралдарды табу, қолдану сипаттарына талдау жасау және ашу.

Зерттеу міндеттері:

1. Осы тақырыпты толық жүйелі жоспарға байланысты ашу. Жоспарды толық жүйелі ашу

2. Ақындардың сөздік қолданысын пайымдау және мағыналық талдау жұмыстарын орындау

АННОТАЦИЯ

Общая характеристика работы

Писать научую работу, в данное время считается во – первых творчески мыслить и в резульлтате творческого мышления получаются новые открытия.

Проект состоит в основном из трех частей

В первой части: краткое описание жизни пламенного руководителя молодежи Казахстана и средней Азии, известного общественного деятеля, талантливого организатора молодежи Востока Гани Муратбаева.

Вторая основная часть: состовление биографии Гани Муратбаева, опираясь на стихотвореные произведение поэтов, воспевших в своих строчках о жизни и деятельности Г. Муратбаева

Раскрытия данной темы поэтическим языком, анализ основных различий, составления списка, проведение словарной работы

В итоговой части сделано предложение соответствующее возрасту

Проблемы работы: В своей научной работе я вкратце описала о жизни Г. Муратбаева, и его общественной деятельности, изучая стихотворнные строчки поэтов, искала строчки о легендарном звезде Востока.

Для этого я составила нижеследующий план. По этому плану я разобрала поэзию, работала со словарем, искала книги, сделала перечень поэтов, написавших о Гани.

Новизна работы:

- опираясь на поэтические строчки поэта написала научную работу о жизни Гани

- составлен перечень поэтов, написавших о Гани

- на основе изучения поэтических строк поэтов собраны трек - слова, раскрывающие художественный образ Гани

Исследовательские обязанность

1. Раскрыть тему согласно плану

2. Полностью раскрыть план

3. Рассуждение о примение поэтических строк поэтов провести значительный анализ работ

АННОТАЦИЯ

General characteristics of the research work

Write research work at this time is to - first to think creatively and creative thinking in result obtained new discoveries.

The project consists mainly of three parts

In the first part: a brief description of the life of a fiery young leader of Kazakhstan and Central Asia, the well - known public figure, a talented organizer of the youth of the East Muratbaev Ghani.

The second major part: made Gani Muratbaev’s biography, based on the poem is a work of poets, glorified in his lines on the life and work of G. Muratbaev

Disclosure of the subject poetic language, an analysis of the main differences of the list, holding the dictionary.

In the final part of the proposal made by the appropriate age

Problems of Work: In his scholarly work, I briefly described the life of Mr. Muratbaev, and his public activities, studying lines of poetry poets sought a line of the legendary star of the East.

For this I was following a plan. Under this plan, I make out the poetry, worked with a dictionary, looking for the book, made a list of poets who wrote about Gani.

The novelty of the work:

- Based on the poetic lines of the poet wrote a scientific paper on the life of Gani

- Compiled a list of poets who wrote about Gani

- Based on the study of poetic lines of poets gathered track - words that reveal the artistic image Ghani

Research the duty

A. Develop a theme according to plan

Two. Completely open plan

Three. Applying the reasoning of poetic lines of poets to the analysis of significant works

Ұсыныс

1. Ғани Мұратбаев туралы шет елдердегі жарияланған баспа беттеріндегі мақалалар әлі де жинақталып, зерттелінсе;

2. Ғани Мұратбаев туралы немесе сол туралы жазылған шығармаларды мектепте әдебиет пәнінен оқытылса;

3. Ғани Мұратбаевтың жастарға жасаған жетекшілігі туралы мектеп тәлімгерлері және оқушылар үйінде арнайы үйірме жұмыс жасаса;

Пікір

Бүгінгі таңда білім жолының қыр – сырын толық меңгеріп, атсалысуда жеткіншек жастың алға қойған ұстанымының бірі – ғылыми жоба бойынша өзіндік жұмыс жүргізуі болып табылады. Ғылыми жоба жазу─оқушыны шығармашылық ізденіс пен зерттеу жұмыстың тұңғиығына жеткізіп, жетістік деңгейіне жетелейді. Оқушы өз бетінше жаңалық ашудың көзін қарастырады.

Оқушының бұл зерттеу жұмысы негізінен екі тараудан құралған. Әр тарауға нақты жоспар құрылып, сол жоспардың негізгі мағынасын ашуға жүйелі ой - пікірін тұжырымдаған.

І тарауда Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев туралы қысқаша шолу жасаған және ақын жырларына арқау болған Ғани бейнесін жыр жолдарынан өмірбаян құру, сол арқылы яғни ақындардың тілдік қолданысы арқылы тақырыпты ашуға тырысқан.

ІІ тарауда оқушы ақындардың сөздік қолданысындағы көркемдегіш құралдарды зерделеп, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс жасаған. Осы тақырыпты зерттегенде оқушы жас ерекшелігіне сай ғылыми тұрғыдан қарап, ақындардың еңбегіне сүйеніп, өз жұмысының барысында нақты ұсыныстарды орынды қолдана білген.

Жалпы оқушының ғылыми жобасы құнды ой мен зерттеу нақтылығы бар жұмыс деп бағалаймын.

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу