Спорт туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 6
Жұмбақтар: 51
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 3
Нақыл сөздер: 18
Құттықтау, тілектер: 2
Әңгімелер: 2
Шығармалар: 4
Эсселер: 1

Сенген екеу күшіне,Итерісіп жатадыКіріп шеңбер ішіне.(Сумошы)
Айдын суда жалтыр,Құлаштап жүзіп малтыр.(Жүзгіш)
Шеберлік көрсетіп жүргендер,Ағаш атқа мінгендер.(Гимнастшы)
Қарсылас екі топ,Суда ойнап жүр доп.(Ватерполшы)
Мініп алып арғымақ,Кедергілерден қарғымақ.(Ат спортшысы)
Допты алып қолға,Дәл түсірген торға.(Баскетболшы)
Ұзын сырық қолында,Секірер биік жолында.(Сырықпен секіруші)
Қырық екі шақырым қашықтанЖүгіріп өтіп машыққан.(Марафоншы)
Жүз метрге жүгірген,Желаяқты кім білген?(Спринтер)
Адамдар бар ұшса,Қалықтар көкте құсша.(Дельтопланшы)
Ат үстінде алысқан,Белуардан шешініпБір - бірімен сайысқан.
(Аударыспақ)
Қарсы шапқан бұқаны,Кімдер түйреп ұтады?(Тореадор)
Жүйрік болсаң, шауып көр
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда.
Белдессең – бекем бол.
Спорт – бейбітшілік елшісі.
Спорт – оптимистік мәдениетті, сергектік мәдениетін қалыптастыру. 
©  Анатолий Луначарский
Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойына жәрдем ететін нәрсе. 
©  Ғабит Мүсірепов
Гимнастика адамның жастық шағын ұзартады.
©  Джон Локк
Шынықсаң – шымыр боласың.
Жүзден - жүйрік,
Мыңнан - тұлпар.