А әрпі туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Жұмбақтар: 4
Тақпақтар: 1
Жаңылтпаштар: 62

Арбасқандарды арашалаттырса,Арашал атқызыңдаршы.
Аршысуға арықтыАршынбар бешпеттіАршын төс ару да барыпты.
Асауды бастықтырайық,Ауыздықтатқызыңызшы,Алқымынан біз басып тұрайық.
Асығын Асан:- Алшы түс, - деп иірді,Асықпай сақасын шиірді.
Ауаннан жүр аулағырақ,Адалдықтан аума бірақ.
Аусарлау аусар,Аусарланса, нені аңсар?
Ауыздықпен алысқан арғымағыАрнасы кең арықтан қарғымады.
Ауылда асық ойнап, қозы бақтым,Ауылдастан тай бәйгеде озып ақтым.
Ауытқыш ауытқушылыққа араша тұра ма?Ауытқушымен тіл тауып жараса тұра ма?
Аңпаңылатып, томпай ойнап жатқанда,Айтақырдағы асықшылар оп-оңай тапқан ба?
Ауан аңқаулау дуанадай ма,Аужайлап бақсыша қуалай ма?
Аша тұяқ аңдар даАялдады аршалы аңғарға.
Ашаң бойлы жасаң АшаханАшамайды қашан жасаған?
Ашқарақтанған ашқарақ он ұрланып,Ашығыңқырағасын ас ішіпті обырланып.
Аюбалдырған шатырланып гүлденіпті,Азықтың собығы түйнектеліп, Айшықты түрге еніпті.
Аяң-табақ араласын аяң сытпаған ағайынАзаматын алалап саяқсытпаған ағайын
Аянкес айлашыл АсанАянкестіктен арылады қашан?
Аяусыз айыпталғанды,Аяғы баңтан тайып ңалғанды,Аяулы адамдар ғана аяйды.
Ала жаздай, бал араларыДала аралады, сай аралады.Шүпілдеп тұрған шаралардағыМысқалдап жиған сары ала балы аппақ па?
Ала тайды - балақай мініп жүр.Ала тай балақайдың мінгенін біліп жүр.
Ат жарыс —Бақ жарыс.СыналарАр-намыс.
Атпақ ек бір-бір құр,Қу екен құр құрғыр.Қалдырмай қырдан қыр,Қайттық біз құрдан-құр.
Ай, ай, Айдарбай,Иір мүйіз сиырдыҮйіңе айдай бар!
Алма базардаАлма алма алар ма?Ақ алма алар ма?Әлде алары анар ма?
Анау арал, қай арал?-Қайыңды арал, талды арал.Ішінде бұзаулы ала марал.