Балта туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 11
Жұмбақтар: 6
Өлеңдер: 7
Жаңылтпаштар: 2
Туындылар: 1
Ертегілер: 2

Қаламмен жазылған нәрсені балтамен кесе алмайсың.
Балта: балтамен ағаш кесу—ғашықтықтың тұзағына түсу және істелген қателігі үшін кешірім сұрау. Сабы жоқ балта болса, отбасындағы көңілсіздік. Балта..
©  Түс жору
БАЛТА ТУРАЛЫ БАЛЛАДА
Кең далада өсіпті бір көк орман,Қысы жазы жас жапырақ оранған.Әр бұтақта сайрапты бір әнші құс,Әннен өзге ол байғұста жоқ арман.Сол орманның..
©  Сағи Жиенбаев
БАТЫРАШТЫҢ БАЛТАСЫ
Құлагердей, дүние-ай, ат қалмады,Соны ойлаудан сабыр мен дәт қалмады.Әлі күнге жатқандай толастамай,Арғымақтың арқырап аққан қаны.Шырмауына шомылып..
©  Серік Тұрғынбеков
Босап қапты балта сап,Балта сапты қайта саптап,Балта шап.
©  Ескен Елубаев
Қайрат қайрақ қайрап отыр,Қайрақпен балта қайрап отыр.
©  Ескен Елубаев
УАҚЫТТЫҢ ҚАРА БАЛТАСЫ
Талайдың басын жалмаған,Дүниені кім бар барлаған?Семсерді тасқа ұрғандай,Махамбетті қайда салмаған.Салды оны бітпес дауға да,Сілтеді тасқа, тауға..
©  Рафаэль Ниязбек
БАЛТАНЫҢ САБЫНА ҒАНА ЖАРАҒАН
Балталауға,жаңқалауғакөнбегесін ақырыСексеуілді сексеуілге ұрып сындырған. Ар-намыс боп бұлқынғанСардар елдің жолынаКөлденеңдеп кім тұрған?Жын атқан..
©  Рафаэль Ниязбек
Егер балта күнә жасаса, балта сабы да күнә жасайды.
Шаруа мен балта
Ұста бірде Балтасына жекірді,Ашуланды болмаған соң өтімді:Өзі әр нәрсе шабады,Балтаға айып тағады:«Оңбағансың! Тап бүгіннен, – деді әрі, –Сенің ісің..
©  Абдрахман Асылбек
Балта киеді, балта кигізеді.
Балташы балтамен ойлайды.
Балта
Алғаусыз жүзің даттанып,Мұқалғанбысың, мәрт темір?Қып-қызыл отқа қақталып,Қунамайсың ба, қарт темір?Жасамыс темір жүйеңдіЖиденің шоғы..
©  Кеңшілік Мырзабеков
Қотыр тауық пен балта
 (Мысал)Күлге аунады қотыр тауық,Қатқан әбден сілесі.Дүр сілкінді тыраңдап,Басы айналды бұл несі?!Бірте-бірте кірді есі,Күлге қанша аунады.Бит..
©  Сүлеймен Баязитов
Корольдер, мәткелер мен балталар
Қағаздан қиып, желімдеп, қандай ғажап ойыншықтар жасап алуға болады десеңші! Бірде қиып, желімдеп ойыншық қорған жасалынды; оның үлкендігі сондай бір..
©  Ханс Кристиан Андерсен
Жүніне қарай матасы,Теміріне қарай балтасы.
Алтын балта
Ертеде бай мен кедей көрші болады. Кедей диірменге барса, байдын балтасын сұрап алады. Бір күні кедей диірменге барып балтасын ағып жатқан диірменге..
©  Балаларға арналған ертегісі
Жас ағаш
Орманға балтасымен келді Мұжық,Аралап ағаш таңдап жүрді кезіп.«Апырмай, аман қалсақ жарар ед», - деп,Жанынан көрген Ағаш тұрды..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Жүзімен жарамын,
Шүйдесімен қағамын.

Жауабы: Балта
Жүзімен шабады,
Шүйдесімен соғады.

Жауабы: Балта
Жалпақ желке, сопақ бетті
Орманымды отап кетті.

Жауабы: Балта
Ә дегенше тап береді,
Тап бергеннен қақ бөледі.

Жауабы: Балта
Тоғайға барса ауылға қараған,
Ауылға қайтса тоғайға қараған.

Жауабы: Балта
Жансыз жарады,
Жанды ұрады.

Жауабы: Балта
Ағаштың жемісін жеймін десең,
Түбіне балта шаппа.