Б әрпі туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 1
Жаңылтпаштар: 36

Балға құмар балалар араларды қуар,Балға құмар аралар балаларды қуар.
©  Жәди Шәкенұлы
Бұқалар бұқараларға жүгірді,Бұқаралар бұқаларға жүгірді.Бұқалар мен бұқараларға бір қара нар жүгірді.
©  Жәди Шәкенұлы
Байпақ Байтаққа тиді ме,Байтақ байпақ киді ме?
©  Жәди Шәкенұлы
Балқаш
Б дегенім – Балқашым,Мыс пен мырыш – байлығы.Бурабайдың әр тасынАймалайды Ай – Күнім.Байқоңырдан ғарышқа,Ұшты алып кемелер.Ұшсам кейін Марсқа,Ерлік..
©  Нұртан Төлепбергенұлы
Бұл ұңғылар бұрғыланылған ба,Бұрынғылар бұрғыланылған ба?Біл, бұл бірыңғай бұлыңғыр ұңғыларБұрғыланыңқыралмаған екен.
©  Көмек Ыбрайұлы
Бiлетiн бар кiм?«Б» əрпiн,Қайсы мақұлықАйта алар айқын?(Бақа, бақылдап)
©  Ескен Елубаев
Балда бар,Қантта жоқ,Байда бар,Халықта жоқ.(Б)
©  Ескен Елубаев
«Б»
Бөлек бөлмеде бөбектiБесiгiне берiк бөлептi.
©  Ескен Елубаев
Б-дан бастасаң – Борсық. Т-дан бастасаң не?(Торсық)
Б әрпі: Қазақша – орысша – ағылшынша сөздік
БАҒА (НАРЫҚ) цена cost, priceмұнайдың ~-сы / ~ на нефть oil [petroleum] price сатып алу ~-сы / закупочная ~ procurement price саудада ұсынылған ~..
©  МҰНАЙ МЕН ГАЗ: ҚАЗАҚША-ОРЫСША-АҒЫЛШЫНША СӨЗДІК
Байтан тай таңдады,Таңдаған тайы тайтаңдады.Бұған кейіген Байтан тағыТайтаңдамайтын тай таңдады.
Бал аралар, бар араларБалалармен бірге бау аралар.Бар балалар арамен ағаш аралар.
Баласы шашын жібітіп отыр,Атасы насыбайын үгітіп отыр.Апасы түбітін түте алмай,Ұрысып отыр.
БалтабайМал таба алмай жүр.Баласы тал таба алмай жүр,Ағасы бал таба алмай жүр,Балтабай әлі мал таба алмай жүр.
Барсакелмес - барсакелмейтін,Келсе бармайтын жер емес.Барып-келіп жүргендер де,Барғысы келіп жүргендер де жоқ емес.
Барша шырша — жасыл шырша.Жасыл шырша — асыл шырша.
Бидай көжеСөк көжеЕкеуі деТоқ көже.Көзден ұшқан,Жоқ көже.
Бөкпен жегенБөпем екен.Бөпем бекпенТөккен екен.
Бұзау бұлқынып,Мойыншағын үзе ме?Мойыншағын үзген соң,Ол біреуді сүзбей ме, сүзе ме?
Біздің бағланБапкер бағлан.Бағы бітік,Бақ бағынан.
Бір ағаПрагаға кетті.Бұл аға ПрагағаНегізгі Құрамада кетті.
Байқап-байқап тал арала,Тал ішінде талар ара.Араласаң, қала арала,Таппай сені қалар ара.
Батырға қай көлік сай көлік?Батырға сайгүлік сай көлік.
Бұлаң, бұлаң еткен бұл аң,Бұлаң десем, екен қылаң.
Беріп тай, лақты,Алдым тайлақты.Беріп тайлақты,Алдым тай, лақты.